Қазақстанның, экономикалық егеменділігін және де бестігін қамтамасыз етуде баға белгілеу маңызды роль атқарады. Бағаны нарық экономикасына сай қайта құру туралы айтқайда тек экономикалық емес, әлеуметтік саяси мәселелер де сөз болады. Өйткені баға — экономиканың ең сезімтал, түйінді желісі, онда бүкіл халықтың, ұжымдардың және жеке адамдардың мүдделері ұштасып жатыр,
Қазіргі кезде баға төңірегінде жүріп жатқан пікір таластарға ғалымдармен, мамандармен бірге бүкіл жұртшылық та қатысуда. Бірақ соңғы кезде үкімет тарапынан жүзеге асырылған бағаны реттеу оны жоғарылатуға әкеліп отыр.
Ал экономикалық реформаның принциптеріне сәйкес халықшаруашьшығынқаржыжағынансауықтыру бағдарламасын жүзеге асыру, оның ішінде бюджет қаржы-несие жүйесінде, банктердің қызметінде тәртіп орнату жеделдетіліп, бүкілхалықтық талқылаудан кейін барыпбағабелгілеуреформасынжүргізу,көтерме сауда, сатып алу және бөлшек сауда бағаларын қайта құру көзделген болатынды. Ең бастысы — бағаны өзгертілуі адамның тұрмыс дәрежесінеешқандай нұқсан келтірмеуге тиісті.
Баға саясатын жүргізу үшін көптеген теориялық проблемаларды, соның ішінде қоғамның өсуіне байланысты өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар диалектикасын, тауар-ақша қатынасының қолданылуын жәнеэкономикалық заңдылықтардыңәсерінебайланысты мәселелерді шешу керек.
Халық шаруашылығында ақша-тауар қатынасын пайдалану экономикалық басқару тетіктері: ақша, баға, өзіндік құн, пайда, салық, сауда арқылы жүзеге асырылады. Соның ішінде ең негізгі тетігі баға болып табылады. Баға арқылы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың даму қарқыны, бөлінуі, сонымен қатар өндірістің, кәсіпорынның, бірлестіктің тиімділіктері анықталады. Баға ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін өндіріске енгізуді ынталандырып, үнемді пайдалануға және экономикалық әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға тікелей әсер етеді. Бағаны тиімді пайдалану үшін оның экономикалық мәні мен атқарар міндеттерін, экономикада қалыптасу заңдылығын, олардың құрылымына әсер ететін негізгі себептерді толық түсіндіру міндет.
Баға дегеніміз — құнның ақшалай көрінісі. Құнның өзі жеке тауарға кеткен шығынымен емес, қоғамдық қажетті еңбек уақытының мөлшерімен ғана анықталады. Тауардың бағасын (құнын) анықтайтын қоғамдық қажетті еңбек оны өндірушілердің сол тауардағы затқа айналған, өндірістің сол салалардағы орташа, қоғамдық еңбегі.
Қоғамдық қажетті еңбекке сай анықталған баға өндіріс тиімділігін арттырып, пайданы көбейтуге тікелей әсер етеді. Кәсіпорындардың жекелей шығындарының қоғамдық қажетті еңбектің деңгейінен төмендеуі экономикалық ынталандыру қорын молайтуға мүмкіндік туғызады.
Көптеген кәсіпорындарда шығарылған әрбір заттың шығыны қоғамдық қажетті еңбек мөлшері ретінде алынып жүр. Бұл жағдай затты өндіруге жұмсалған еңбек мөлшеріне сай келтіруде кәсіпорнындарды ынталандырмайды, керісінше ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін өндіріске енгізу баға деңгейін өсіре түсті. Мұндай тәсілдермен баға деңгейін өсіру кеңінен орын алып, нарықтық экономикаға өтуге байланысты барлық баға деңгейін ондаған, жүздеген есе өсіруге мәжбүр болып отырмыз.
Жаңа өнімдерге баға белгіленгенде құн заңының тұжырымы көп жағдайда ескеріле бермеді. Әрбір жаңалық бұрын екі сағатта шығаратын өнімді бір сағатта шығаруға мүмкіндік түғызып, барлық сондай өнімдердің бағасын төмендетуге себепші болады. Бәсеке екі сағаттық құны бар өнімді бір сағаттық өнім бағасымен сатуға мәжбүр етеді. Ол құнды өндіруге кеткен еңбек уақытына және анықталу заңына сәйкес істеледі. Жұмыс уақытының құнының өлшемі ретінде алынуына байланысты тек қана базарға шығарған тауардың құны кемімей, одан басқа өндіріс құралдарының да құны кемуге тиіс. Нарықтық экономикада бұл тұжырымды әр уақыт естен шығармауымыз керек.
Заттың құнының мөлшері қоғамдық қажетті еңбек уақытыменанықталатынынатапкөрсеткен.Халық шаруашылығында көптеген бағалар мен тарифтер жүйесі қалыптасқан. Өндіргіш күштер өсіп, өндірістерді жаңа салалары пайда болып, шығарылатын заттар мен көрсетілетін қызметтердің түр-түрі көбеюіне байланысты белгіленетін бағаның түрлері мен саны да өсе түсті.
Халық шаруашылығында баға жүйесінің мынада түрлері бар: көтерме сауда бағасы, сатып алу бағасы, құрылыс өнімдерінің бағасы және еркін баға. Кәсіпорындар мен мекемелер алыс-беріс өнімдері үшін бір бірімен немесе делдал ұйымдармен көтерме сауда бағасыарқылы есеп айырысады. Көтерме сауда бағасымен кейбір ауыл шаруашылық өнімдері дайындалып, өңдейтін мекемелерге және сауда орындарына өткізіледі.
Сатып алу бағасын мемлекеттік және жеке мекемелер пайдаланады, олар бұл баға бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін қабылдайды. Құрылыс өнімдеріне қойылатын сметалық құн, прейскуранттық және шарттық бағалар баға жүйесінің ерекше бір түрі болып табылады. Бағаның түрі — көрсетілген қызмет үшін төленетін ақылардың нарықтары, олар әр түрлі өндірістік емес қызметтер үшін көлікте, коммуналдық және тұрмыс қажетін өтеу орындарында, байланыс салаларында қолданылады.
Бөлешек сауда бағасымен халық сауда орындарындағы, базардағы заттарды сатып алады. Бұл бағалар халық тұтынатын тауарлардың ең соңғы бағасы болып табылады.
Комиссиялық сауда бағасы — халықтан сатып алған заттарға тұтыну кооперациясының қоятын бағасы. Сыртқы сауда бағасы дүниежүзілік базардың жағдайына байланысты анықталады.
Мемлекет халық шаруашылығын басқарған кезде көптеген өнімдерді өндіруде, бөлуде және оның қорын жасауда бағаны кеңінен қолданады. Мұндай қызметтерді атқарғанда баға жоспарлы есептеу, ынталандыру, бөлу және қайта бөлу, сұраным мен ұсыным қызметі арқылы жүзеге асырылып келеді. Жоспарлы есептеу қызметі бағаның негізгі мазмұнынан шығып, халық шаруашылығының барлық салаларындағы жұмсалған қоғамдық еңбек шығындарын есептейді, сол арқылы жеке шығындардың қоғамдық қажетті еңбектің шығындарымен сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Бағаның бұл қызметі іске қосылғанда, халық шаруашылығы көлемдік көрсеткіштерін, өндірілген өнімдерді молайтып немесе тежеп отыру мүмкіндігі туады.
Қоғамдық қажетті еңбек шығындарының мөлшері ретінде олар шаруашылық есептегі кәсіпорындарды өздерінің жекелей шығындарын азайту, еңбек, материалдық және табиғи қорларын үнемдеу, өндіріске жаңа техниканы енгізу арқылы негізгі қорларды тиімді пайдалануға, өндіріс тиімділігін арттырып, өнімнің сапасын жоғарылатуға мәжбүр етеді. Бағаның ынталандыру қызметі жаңа техниканы өндіріске енгізуге батыл бет бұрған кәсіпорындардың өндірген әр түрлі өнімдерінің сапасын арттыруға, сұраным мен ұсынымның теңелуіне ықпал жасайды. Бағамен ынталандыру үш өрісте қолданылады: оның біріншісі — өндіргіш күштерін ұтымды орналастыру; екіншісі — ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін өндіріске кеңінен енгізу; үшіншісі -тиімді тұтыным құрылымын ынталандыру. Өндіргіш күштерін республика территориясында ұтымды орналастыру үшін түрлі аймақтық бағалар, есеп бағасының жүйесі, жіберілетін затқа ақысын төлеу үшін қойылатын бағалар қолданылып келеді. Жоспарлы бағалар қоғамдық қажетті еңбектің көрсеткіші ретінде өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы эквиваленттік қатынастың болуын қамтамасыз етіп отырады. Сонымен қатар, ол жұмсалған еңбектің мөлшерін анықтау мен бақылау қызметін де атқарады. Бұл жағдай қоғамның негізгі экономикалық заңы -еңбекке қарай бөлудің және басқа экономикалық заңдардың жүзеге асырылуына мүмкіндік туғызады. Қоғамдық қажетті еңбек шығындарын бағаға сәйкестеуге мүмкіндік беріп, ондағы кейбір қайшылықтарды жойып,олардыңшаруашылықтыбасқарудыңнегізгі құралына айналуына жағдай жасайды.
Жаңа нарық тетіктерінің енгізілу жағдайында баға жүйесі еңбек шығындары мен шаруашылық қызмет нәтижелерінің объективті өлшеміне, халық шаруашылығының дамуына прогресті пропорцияларды, халықтың төлем қабілеті бар сұранымы құрылымын қалыптастырудың және оның нақты табысын арттырудың маңызды факторына айналуға тиіс.
Соңғы кезде ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін өндіріске енгізуді баға арқылы ынталандыру кеңінен пайдаланылып келеді. Мұның өзі әр түрлі тәсілдер арқылы жүзеге асырылып отырды. Мәселен, жаңа техника мен технологияны жасап, өндіріске енгізуде,өнімнің әр алуан тауар жинағын жасауда, өндіріс қорларын (шикізат, материал, жанармай, қуат, еңбек қорлары) үнемдеуде шаруашылықты тиімді жүргізу үшін шекті және сатылы бағалар, жеңілдік беру және қосымшалар жүйесі, тиімділік деңгейінің дифференциясы және сапа категориясына байланысты.
Сондай-ақ тұтынушыларды тауардың тиімді құрылымымен қамтамасыз ету үшін түрлі баға қою белгіленді.
Ұлттық табысты баға арқылы бөлу әрбір өндіріс орны мен аймақта мүмкін емес. Ал, оны қайта бөлу әрбір өндірістің және облыстардың, аудандардың дамуына қажет жоспарлы ақшалай қорлар мен қаржылар жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Баға белгілеу жүйесінің түбегейлі реформасын жүзеге асыру халық шаруашылығында натуралды-заттық және құндық пропорционалды теңестіруді, басы артық қайта бөлу процестері мен дотацияның ақталмайтын ауқымын қысқарту үшін экономикалық алғышарт жасалуын талап етеді. Республикалардың экономикалық егеменділік алуына байланысты бұл қойылған шарттың дұрыс орындалуының зор мәні бар.
Бағаның деңгейін арттыру арқылы сұраным мен ұсынымның деңгейін тексеруге толық мүмкіндік туады. Баға белгілегенде әрбір тауардың сұранымы мен ұсынымы және басқа да төлем қабылеттері толық ескерілуі қажет. Қазіргі кезде бұл міндет шартты бағалар, аса сәнді бұйымдарға уақытша бағалар қою, арзандатылған бағамен тауарлар сату арқылы жалпы тауарларды көбейту және азайту, еркін бағалар негізінде жүзеге асырылуда. Әйтсе де бағаның бұл міндеттері халық шаруашылығының көптеген салаларында толық жүзеге асырыла қойған жоқ. Соның әсерінен тауарлармен көрсетілген тұрмыстық қызмет саласында сұраным мен ұсынымның арасында сәйкессіздіктер туып, кейбір тауарлар тапшылығы қолдан жасалып, екіншісіне сұранымды азайтып, бірқатар басқа тауарларды шектен тыс жоғары бағамен өткізу етек алды. Мұның өзі айналым алу мүмкіндігі төмендеуін туғызып отыр.
Мемлекеттік қоғамдық меншікке, өндірісті жоспарлауға, өнімдерді айырбастау мен бөлуге сүйене отырып, бағаның деңгейі мен оның құрамын анықтауға мүмкіндігі болады. Баға белгілеуді ұйымдастыру болашақ және күнделікті бағаны жоспарлаудан тұрады. Жоспарлы түрде баға қозғалысын басқару төмендегі тәсілдермен жүзеге асырылады:
— бағажүйесініңжәнеолардыңқұрамының болашақта өзгеруін болжау;
— күнделікті қысқа мерзімге баға белгілеу.
Нарықтық экономикаға өтуге байланысты дамыған елдер қолданылып келе жатқан индикативтік және басқа да жоспарлау түрлері қолданылады. Он-он бес жылға арналған бағаны жоспарлау көтерме, сатып алу, бөлшек, сыртқы сауда бағалары мен нарықтардың даму тенденциясы, олардың өзара қатынастары арқылы анықталады. Мұндай жорамалдар ірі өнімдердің түр-түрі бойынша жасалып, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық даму бағдарына негізделеді.
Халық шаруашылығының дамуын бағдарламалар дайындау кезінде бағалардың деңгейін және олардың қатынастарын жаңа баға белгілеу тәсілдеріне байланысты жетілдіріп, оны қайта қарап, мерзімінде өзгертіп отыруды қажет етті.
Бағаны жоспарлаудың баеты көрсеткіштері — индексі жорамалданған баға деңгейінің арақатынасы болып табылады. Олар өндіріс салалары, әр түрлі өнімдер бойынша есептеліп, бағаның өзгеру бағыты мен олардың деңгейін көтереді.
Бөлшек сауда бағасы мен көрсетілген қызметтердің нарқы көтерілуіне байланысты халықтың тұрмыс жағдайын төмендетпеу үшін өкімет тарапынан бағалар индексі жасалып, оның өсуіне орай елдің ақшалай табыстары мен қаржылары қайта қаралуы керек. Болашақ бағалар келешекте қолданылатын біркелкі заттар тобы және біркелкі өнімдер бойынша анықталады. Өнімнің түрлері мен шығындарының өзгеруіне байланысты әр уақытта бағаларды қайта қарап, өзгеріс енгізіп, олардың тұрақтылығын қамтамасыз етіп отыруға тура келеді.
Бұрынғы Одақта баға белгілеуде шығындық тәсілдер кеңінен қолданылып, заттың бағасы өнімнің өзіндік құны, пайда, айналым салығы және жабдықтау мен сауда қосымшаларының қосындысы ретінде анықталып келді. Заттың құны жеке бөлшектерге бөлінеді, бірақ олардыңқосындысыІемес.Біздіңэкономикамыздың баяу дамуының себебі осы қағиданы ескермегендіктен.
Баға белгілеудің мөлшерлік тәсілдері жұмсалған, мөлшерлеген шығындар мен өнімнің өзіндік құнынан және мөлшерленген пайдадан тұрады. Мөлшерленген шығындар пайыздық шикізатқа, материалға, құраушы бөлшектер, еңбек ақы мен басқа да мөлшерге негізделеді, солар арқылы есептелген өзіндік құн, өнімге кеткен нақты шығындар халық шаруашыльіқ шығынының тұрақты көрсеткіші ретінде алынады. Баға белгілеудің бұл тәсілінің кемшілігі сол, әлі де болса ғылыми негізделген мөлшерлеудің жетіспеушілігінен бағаның негізіне қоғамның қажетті еңбек мөлшеріне сәйкес келмейтін шамалар алынып, бұл көп жағдайда баға деңгейінің өсуіне әкеліп соқты.
Баға белгілеу тәжірбиесінде параметрлік тәсілдер де қолданылады. Бұл тәсілдер көбінесе өзара айырбасталатын біркелкі жаңа затқа баға белгілегенде қолданылады, яғни өзінің негізгі параметріне байланысты баға белгіленеді. Әрбір өнімнің және олардың түрлерінің техникалық-экономикалық, тұтынушылық қасиеттері іріктеліп, олардың көрсеткішінің қорытындысы арқылы жеке заттың бағасы анықталады. Бұл тәсілдің басты кемшілігі — тауардың сапасы мен олардың параметрлерінің баға деңгейіне тигізетін әсерін анықтауда кейбір субъективтік көзқарастың орын алатындығында. Мұның өзі жаңа өнім шығарушылардың бағаны өсіруіне жағдай туғызды.
Қазіргі кезде мөлшерлік және параметрлік тәсілдерді біріктіре отырып, баға деңгейін анықтау жүзеге асырылуда. Бұл тәсіл бойынша әрбір затқа баға мөлшерленген шығындар мен таза табысқа қоса, осы өнімнің сапасын көрсететін техникалық-экономикалық параметрлер арқылы белгіленеді. Аталған баға белгілеу тәсілі тұрмысқа қажетті өнім дайындаушыларды жаңа заттарды кёп шығарып, олардың түр-түрін көбейтуге ынталандыру ұшін қолданады.
Базарлы экономикаға өтуге байланысты өндіріс техникаға арналған, халық тұтыну мен қызметтерге қалыптастыру еркін бағалар мен нарықтарды қолдануда ерекшеліктер енгізілді.
Өнімдер мен тауарларға, қызметтерге еркін көтерме бағасы өнімнің өзіндік құнын, қорларға қаржы бөлуді, пайданы және қосымша құнға салықты есептеп анықтады.
Өнеркәсіп өнімдеріне белгіленетін баға барлық бағалар жүйесінің негізгісі болып табылады. Бұл бағаларымен жалпы қоғамдық өнімнің алпыстан астам пайызы өткізіледі.
Ауыр өнеркәсіп өнімдеріне қойылатын көтерме сауда бағасы, шартты бағалар отын, электр қуаты, шикізат, материалдар шығарғанда қоғамдық қажетгі еңбек шығындарына сәйкестеліп, материалды, табиғат қорғауға мүмкіндік туғызады.
Кәсіпорынның көтерме сауда бағасы республиканың экономикалық және әлеуметтік дамуына жоспарлау және негізгі бағыттарын анықтау кезінде басты құрал ретінде шаруашылық шешімдерінің тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар көтерме бағасы бірлестіктер мен кәсіпорындардың жұмыс нәтижелерін олардың шығындармен салыстыруға, ынталандыру қорын жасауға, табиғат, еңбек және материалдық қорларды үнемдеуге, жаңа техниканы шығарып, ескісін айырбастауға қолайлы жағдай туғызады.
Базар нарқын анықтауда ғылыми-техникалық жетістіктердің әсеріне көңіл аудару керек. Ол ұлғаймалы өндіріс үлгісіне талдау жасау арқылы көрсетілді. Техникалық прогрестің — белгісі өзгермелі капиталдың тұрақты капиталға қатынасы бірте-бірте азая беруді, сол қатынастың өзгеруі арқылы тауардың бағасының да азаюы керектігіне үлкен мән берген жөн.