Оқу жылы бойында математикадан әр алуан тапсырмалар орындалып келді. Олардың қайсысының болмасын өзіне тән белгілері бар. Тіпті біреуінің ұқсастығын ескеріп топтауға да болады, содан әрі топтың өзіндік мәнді белгілерінің тағайындалуы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда оқулықтар беріліп отырған тапсырмаларды үш топқа бөлген жөн. Олар: жаттығулар, мысалдар, есептер. Осы сөздерді және сәйкес ұғымдарды орынды пайдалану, жалпы алғанда, сауаттылықтың және математикалық, мәдениеттіліктің көрнісі деп түсінген жөн.
Атап айтқанда, оқушының сөздік қорында мынадай сөз-ң болуы тиіс; есеп, есептің шарты, есептің сұрағы,есептің шешуі, есептің жауабы, бір амалмен шығарылатын есеп, кері есеп, өзара кері есептер.Ал басқадай әдістемелік тұрғыдағы сөздердіәрі білу, айту, қолдану оқушылардан талап етілмейді, мәселен есептің түрге бөлінуі (қалдықты және қосындыны табуға берілген бірнеше бірлікке артық немесе кем санды табумен байланысты,айырмалық салыстыруға берілген), жай есеп және т.б.
Қорытынды нәтижесі- «есеп» сөзін өзіндік мәнді белгілері болатынын білу және оларды бір-бірнен ажырату: есептің сұрағына жауап беру үшін қосу мен азайту амалдарының бірін саналы түрде анықтау: есептің шешуін жазудың және жауабын бөліп көрсетудің қажеттілігін сезіну.
Жалпы алғанда, қосындыны және қалдықты табумен байланысты есептер өзара кері есептердің мысалдары бола алмайды. Мұндай есептері сәйкес амалдарды анықтаудың негзіне алынатын сөздер қарама- қарсы ұғымды білдіреді, мәселен келді- кетті, алды- берді, ұшып келді-ұшып кетті, болды- болады және т.б
Ал өзара кері есептердің бірінің сұрағына екіншісінде белгілі дерек ретінде және керісінше, бірінің белгілі деректері екіншісінің сұрағы ретінде беріледі. Сонда есептің шартындағы белгілі екі дерек пен оның сұрағындағы ізделінеді, яғни, белгісіз мәселе алмастырды да ,кері есептер құрастырады. Өзара кері есептердің мысалы ретінде «бірнеше бірлікке артық санды табуға», «бірнеше бірлікке кем сандарды табуға», «бірнеше бірлікке кем сандарды табуға», «айырмашылық салыстыруға» берілген есептерді айтуға болады.