Ауылшаруашылығын инновациялық дамытудың экономикалық тиімділігі

Қазіргі кезеңдегі ұлттық экономиканы дамытудың басты мәселелерінің бірі – экономиканың агроөнеркәсіп саласын тұрақтандыру және дамыту барысында индустриалды-инновациялық дамуға үлкен мән беру болып табылады. Осыған байланысты агроөнеркәсіп кешенін инновациялық дамыту, оның ішінде мақта саласының экономикалық тиімділігін арттыру жолдарын іздестіруге арналған зерттеулер ерекше маңызға ие. Инновациялық экономиканы алға жылжытушы күш – бұл инновацияны жаңартпашыл ой-пікірден тауарға және тұтынушыға дейін жеткізеді, бұл күштің қайнар көзі бәсеке болып табылады. Бәсеке кәсіпкерлерді және менеджментті жаңа өнім шығаруға қызықтырады, осындай жолмен инновацияға және инновациялық өнімге сұраныс пайда болады, рынокта жаңа тауашалар иеленеді, пайданы арттырады. Еркін бәсеке жаңа білімге, инновацияға және инновациялық өнімге қызықтырушы қуатты құрал.

Инновациялық жүйенің және дамыған елдердің экономикалық моделінің артықшылықтарын Қазақстанда қолдану мүмкіндігін қарастыру, оны беруші және таратушы механизмдерін жарату маңызды мәселе. Елімізде 2015 жылға қарай: ІЖӨ-нің құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін кемінде 12,5%, ал инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесін 10% жеткізу көзделген.

Инновациялық экономиканың сипаттамалары мынадай:

  • адами капиталдың жоғары деңгейі және сапасы, оны дамытуға инвестицияның жоғарылығы;
  • өмір сүру сапасының деңгейі;
  • экономикалық еркіндік және адами әлеуеттің даму индекстерінің өсімі;
  • іргелі және қолданбалы ғылымдардың даму деңгейінің жоғарылығы;
  • елде қуатты зияткерлік орталықтардың: технологиялық даму – технопарктердің болуы, дамыған және тиімді, мемлекет қолдайтын инновациялық жүйенің болуы;
  • кәсіпкерлікке қолайлы ортаны қалыптастыру, инвестициялық тартымды жағдайдың және жоғарғы инвестициялық рейтинг;
  • экономиканың және өнеркәсіптің әртараптануы;
  • әлемдік технологиялық рыноктарда бәсекеге қабілетті өнімнің болуы;
  • экономиканы және елдің дамуын тиімді мемлекеттік реттеу механизмдерінің болуы;
  • трансұлттық корпорациялардың және олардың бәсекеге қабілетті технологиялық ғылыми дамуын қамтамасыз ету.

Қазақстанның экономиканы индустриальды-инновациялық даму бағдарламасында агроөнеркәсіп саласында еңбек өнімділігін екі есеге, ал саланың экспорттық әлеуетін 8% жеткізу көзделген. Осы орайда оңтүстік өңірге мамандандырылған мақта кешенін осы талаптарға сай дамыту жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің шикізат базасын нығайтып, бастапқы қайта және терең өңдеуді дамытып, қосылған құны жоғары өнімді рынокқа ұсыну әлеуеті жоғары.

Ұлттық шаруашылық жүйесінде инновациялар мен инновациялық қызметтерді игерудің негізгі теориялық және методологиялық аспектілері шетел ғалымдары Л.Абалкин, Н.Кандратьев, Б.Санто, Б.Твисс, Р.Фатхудинов, Х.Фримен, И.Шевченко, Й.Шумпетер, М.Хучек, Ю.Яковц және басқалардың еңбектерінде қарастырылған.

Индустриалды–инновациялық қызметтердің өндірістің тиімділігі мен өнімнің бəсеке қабілеттілігін арттырудың пəрменді тəсіліне айналуы инновация сферасындағы меншік қатынастарын жүзеге асыру, инновациялық үрдістерді мемлекеттік реттеуде жетілдіру мəселелеріне дұрыс қарауды талап етеді. Ауыл шаруашылығы өндірісіне инновациялық жаңалықтарды ендіруде қаржылық қолдау көрсету ауыл шаруашылық өндірістің экономикалық тетіктерін реттеуде ғылыми негіздеуді қажет етеді. Тек инновациялық инвестициялау ғана ауыл шаруашылық аумақта сапалы жаңа деңгейді қамтамасыз етеді. Ол үшін инвестицияның құйылуына қолайлы жағдай жасау талап етіледі, бұл саладағы инвестициялық климатты жақсарту есебінен жүзеге асады. Дүние жүзінде жаһандану үрдісінің күрделенуіне байланысты бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруда әрбір мемлекет өзінің ұлттық инновациялық жүйесі мен инновациялық инфрақұрылымынын дамытуға басымдық беріп отыр. Өйткені ұлттық экономикасы қалыптасқан және дамыған елдердің тәжірибелеріне сүйенсек, олардың жеткен жоғары жетістіктерінеинновациялық инфрақұрылымның оңды әсер еткенін байқаймыз. Олардың әлемдік нарықтағы үлесі де қомақты. Сондықтан да, дамыған елдердің қатарына кіруге талпыныс білдіріп отырған Қазақстанның өзінің мүмкіндіктері мен стратегиялық мақсаттарына сай ұлттық инновациялық жүйесі мен инфрақұрылымын дамыту өзекті мәселе болып отыр[1].

Сурет 1 – Инновациялық инфрақұрылым элементтері

Әлемдік экономиканың қарқындап дамуы – адами және интеллектуалдық ресурстардың нәтижелі еңбегінің жемісі екені белгілі. Қазіргі заман талабына сай дамыған елдерде тиімді әзірлемелер жүйесі және түрлі қызмет сфераларына жаңа технологиялық шешімдерді енгізуге негізделген инновациялық экономикаға өту үрдісі байқалады. Сонымен бірге, табиғи ресурстардың молдығын пайдалану маңызды болған дәуір өтіп барады, оның орнына экономиканың технологиялық тұрғыдан дамуын тездету, үдету мақсатында тиімді тетіктерді қолдану мүмкіншілігі үлкен мәнге ие болып отыр. Арзан, сапасы төмен еңбекке негізделген өндіріс кезеңі аяқталуда. Дәл қазіргі қоғам – адамның интеллектуалдық ресурстарына, оның инновацияларды қабылдауы мен жүзеге асыру қабілетіне негізделген қоғам болып қалыптасуда[2].

Бұл проблеманы оңтайлы шешу үшін мақта кешеніне инновациялық қызметтерді, ғылым мен техниканың жетістіктерін ендіру керектігі белгілі мәселе. Сонымен қатар егістік жерлерді әртараптандыру, қазіргі заманғы технологияларға қызықтыру механизмін ендірген дұрыс, бүгінгі күні бұлар тек орта және ірі шаруашылықтарға қол жетімді, сондықтан Елбасы Н.Ә. Назарбаев шаруашылықтарды ірілендіруді зерттеп шешуді, әзірлеуді тиісті орталық органдарға тапсырды [3].

Осы айтылған проблема мақта саласына тікелей қатысы бар, бұл салада жұмыс ісьтейтін шаруа қожалықтарының 80% — ның егістік көлемі ұсақ-шашыраңқы болып қалыптасқан.

Саланың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық дамуының маңызды факторларының бірі – инновациялық үдеріс, бұл үдерістің мәні экономикалық жаңартулар және жоғары тиімділікті инновациялық технологияларды ендіру.

Бұл жаңартпашылықты ендіруге қолайлы экономикалық жағдай туындатылып, өндіріс пен ғылымның интеграциялану формаларын табу, инновациялық жүйенің элементтерін бір-бірімен бірлестіретін ұйымдық құрылымды ұйымдастыру және жетілдіру қажет. Осы мақсатта ғылыми-зерттеу ұйымдары мен өндірісті (ірілендірілген агроқұрылым мен қайта өңдеу кәсіпорындары және т.б.) байланыстыратын инновациялық кіші және орта кәсіпорындар ұйымдастырып оларды мемлекет тарапынан қолдау қажет. Бұл ұйымдардың негізгі мақсаты қолданбалы ғылыми зерттеу нәтижелерін өндіріске ендіру және тарату.

Экономикалық әдебиеттерде ауыл шаруашылығын дамытудың инновациялық жолының өзара байланыстағы үш бағыты анықталған: адами факторға инновация, биологиялық факторға инновация және технологиялық сипаттағы инновациялар. Осы бағыттардың барлығы мақта саласын тиісті, алайда саланың және өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып толықтырулар енгізу қажеттілігі бар. Ол ерекшеліктерге мыналар жатады: жылдан-жылға ағын су тапшылығының артуы, су жүйелерінің ПӘК төмендігі, едәуір ирригациялық-мелиоративтік қордың бар болуы, мақта өсіру мен жинаудың көпоперациялығы (85-90) және олардың еңбексыйымдылығының жоғарылығы (900-1000 адам/сағат). Осы шығындардың жартысынан артығы ақтық операция – мақтаны қолмен жинауға жұмсалады.

Қазақстандағы мақта саласы мақта шикізатының өндірісі кезінде агротехникаларды қолданудың төмен деңгейімен, шаруа қожалықтарын кооперациялаудың, интеграциялаудың төмен дәрежесімен сипатталады. Мақта тазалаушы зауыттардың қалыптасқан монополиясы мақта қожалықтарының және де басқа да кәсіпорындардың мақта нарығының қатысушыларымен тиімді интеграциясын жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді[4].

Тігіндік-тоқма кәсіпорындардың жеткіліксіз қуаттылығы ел ішінде мақта шикізатын терең қайта өңдеу процесін тиімді ұйымдастыру үшін мәселе тудырады. Сонымен бірге АЭА «Оңтүстік» пен мақта-текстилі кластерінің ары қарай дамуыда маңызды мәселе күйінде қалып отыр.

Осы айтылған мәселелердің теориялық тұстары мен тәжірибелік және аймақтық мәндері, нарықтық жағдайда ауыл шаруашылығы саласының индустриалды-инновациялық дамуын және олардың тиімділігін арттыру мәселелері қазақстандық ғалымдар: С.Байзақов, Г.Калиев, А.Кошанов, Б. Серіков, И.Үмбетаев, М.Мамыров, Б.Мырзалиев, Т.Нурымбетов, М.Өскенов, О.Сабден, А.Сатыбалдин, Т.Есболов, Ж.С. Белгібаев және т.б. еңбектерінде қарастырған.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауылшаруашылығын инновациялық дамытудың негізгі бағыттарын атап көрсетті[5].

Қазақстандағы мақта-тоқма өнеркәсіптің шикізаттық базасы мақта болып табылады. 2012 жылы мақта шикізатының өнімділігі 379,7 мың тоннаны құрады (сурет 2).

Сурет 2Мақта шикізатының жалпы жиынтығы (мың тонна)

Дереккөз: ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері

Жоғарыдағы суреттен мақтаның өнімділігі Қазақстанда 2004 жылдан бастап құлдырап, 2011 жылы қайта өсе бастағанын байқаймыз. Бірақ соның өзінде 2012 жылы 2004 жылға қарағанда 86 мың тоннаға жуық кеміп кеткен. Қазақстанда мақта Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында өсіріледі, өйткені бұл аймақтарда оған қажетті климаттық жағдайлар, құнарлы суармалы жер, еңбек ресурстары бар. Сонымен бірге мақта өндірісінің рентабельділігі басқа кейбір дақылдарға қарағанда жоғары екендігін атап көрсетуге болады (сурет 3).

Сурет 3 – Мақта шикізатының өнімділігі 1 гектардан алынатын центнер

Дереккөз: ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері

Мақта шикізатының өнімділігі 2003 пен 2012 жылдар кезеңінде гектардан алынатын центнер бойынша 20,5 деңгейінен 26,2 ұлғайғанын көреміз[6].

Қорыта айтқанда мақта шаруашылығында далалық жұмыстардың инновациялық және сапалы жүргізілуі жоспарланған мақта шикізатының көлемін алуға және суарылатын жерлерді тиімді қолдануға мүмкіндік беретін ең негізгі міндет. Кейбір ірі ауылшаруашылық бірлестіктерінің жаңа техникамен жабдықталуы мақта шикізатын өсірудің бастапқы өндірістік процестерін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Соған қарамастан шаруашылықтың көп бөлігі өндірістік процесті толық механизациялауға қажетті технология мен жабдықтардың кешенімен қамтылмаған. Ұсақ шаруа қожалықтарында машиналар мен техникалар ескірген және өнімділігі төмен. Ал мақта жинау тұтастай қолмен жүргізіледі.

Сондықтан келешекте жаңа техниканы сатып алумен бірге мерзімінде агротехникалық жұмыстарды жүзеге асыратын машина-технологиялық станциялар желісін құруды да қарастыру керек. Машина-технологиялық станцияларды қазіргі заманғы жаңа техникамен жабдықтау және мақта шикізатын өндірісі мен өткізудің соңғы технологияларын игерген мамандармен қамтамасыз ету қажет. Мақта жинауды механизациялаудың жыл сайынғы нақты жоспарын 2016 жылға қарай 50 пайызға жеткізуді бекіту керек. Бұл үшін мемлекеттік жергілікті әкімшіліктердің, «Оңтүстік» АЭА, индустриальды кәсіпорындардың тиімді экономикалық, қаржылық және ұйымдастырушылық көмегі қажет болады.

Мақта саласының өнімділігін арттыру, саладағы еңбек өнімін арттырумен тығыз байланысты, бұл бағыттағы жұмыстар тауарды дифференциациялау арқылы өндірісте озық технологиялық ғылыми жаңалықтарды енгізу арқылы қол жеткізіледі, мақта саласының маркетингтік жүйесін басқаруда, білікті мамандарды тарту және ғалымдардың еңбектерін өндіріске енгізуді қаржыландыру шараларын қолға алу қажет[7].

Мақта кешенінің өнімінің бәсекеге қабілеттілігі өнімдердің нарық талабына, оның сапалық, техникалық, эстетикалық сипаттамаларына, өнімдерді өткізуде тұтынушылардың талабына сай болуы қажет.

Мақта өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі кәсіпорындар, мақта өнімдері, өнім сапасы және мақтаны өндіретін елдер деңгейінде қарастыруға болады.

Бәсекеге қабілеттіліктің мақсаты нарықта өткізу келешегімен, көлемімін, өнімнің бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін анықтау және оның деңгейін көтерудегі атқарылатын жұмыстар және мақта өніміне қойылатын тұтынушылардың сұранысы мен талаптары жайлы әр-түрлі ақпараттарды жинап талдау барысында белгіленеді.

Сонымен бірге мақта саласында инновациялық процестерді бейімдеу аумақтың табиғи, өндірістік және ғылыми-техникалық әлеуеттерін үйлесімді пайдалану факторларын есепке ала отырып жүргізілуі қажет.

Резюме

В статье показаны предпосылки инновационного развытия сельского хозяства Казахстана и индустриально-инновационного развития хлопковой отрасли. Предложены мероприятий по углубленной переработке хлопкового-сырца на иннавационной основе. Разработаны пути повышения эффективности производства хлопковой промышленности в условиях индустриално-инновационной стратегии.

Summary

In the article describes the prerequisites of industrial-innovative development of the cotton industry in Kazakhstan. Proposed measures for deep processing of raw cotton. Developed ways to increase the efficiency of the cotton industry in factories and innovation strategy.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. ҚР-ның 2010-2014 ж.ж. жеңіл өнеркәсібін дамыту бағдарламасы // Алматы – 2010 ж.
  2. Хан В.А. Инновации в повышении конкурентоспособности // Экономика и статистика, №5, 2004.
  3. Панорама. Благодаря создания ТС и принятым мером государственной поддержки в легкой промышленности впервые за последние десятилетия наметилась тенденция к стабилизации // №2, 20 января 2012 г.
  4. ҚР-ның 2010-2014 ж.ж. үдемелі индустриальды-инновациялық даму бағдарламасы // Егемен Қазақстан, 29 қаңтар 2011 ж.
  5. Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.Астана, Ақорда. Егемен Қазақстан. № 828-831 (27902) 15 желтоқсан 2012.
  6. ҚР Статистика агенттігі www.stat.kz
  7. Серіков Б. Бәсекелестікке қабілеттілікті арттырудың теориясы мен тәжірибесі, Алматы // almaprints – 2012 – 330 б.