Шағын комплектілі мектепте ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері

1.Шағын комплектілі бастауыш мектепте,мектеп босағасын жаңа аттаған жас жеткіншектердің тілін дамыту,сөздік қорын молайтып,ауызекі және жазбаша тілдерін дамытуда байланыстырып сөйлеу жұмысының маңызы зор. Бұл жұмысты дұрыс ұйымдастыра алсақ,оқу сапасы артады,оқушының ойлау қабілеті мен дүниетанымы кеңейіп,басқалармен қарым-қатынас кезінде өзін еркін ұстауға үйренеді.

Шағын комплектілі бастауыш мектепте байланыстырып сөйлеу жұмысы ауызша және жазбаша болып екіге бөлінеді. Оқушылар тіл заңдылықтарын қолдана білуге,ауызекі сөйлеу,ойын жазбаша бере білу біліктерін,каллиграфиялық дағдыларын тиімді меңгеруге үйренеді.Сөздің құдіретін, сөйлеудегі керемет сезім тіршілігін сезініп,ана тілінің жұмбақ сырларын біліп,сөйлеу өнерін игеруге талпынады.

2.Шағын комплектілі бастауыш мектепте“Байланыстырып сөйлеуді”ұйымдастырудың жолдары,әдістері.

  1. Оқушыларға кейбір сөздерді қалдырылып кеткен мәтін беріледі.Сол сөздерді мағынасы бойынша тауып,орнына қойып,жазу керек.
  2. Тыныс белгілері қойылмаған мәтін даярлап,оқушыларға ұсынылады. Олар сөйлем жігін ажыратып,тыныс белгілерін қояды.Мәтіндер әртүрлі жанрда болады.(қара сөз,өлең,мақал-мәтел т.б.)
  3. Бір шумақ өлеңнің жолдарын ауыстырып қойылады.Мазмұнына қарай әр жолды орнына қойып,өлеңді дұрыс құрастыру керек.
  4. Бір тақырыпқа байланысты белгілі сұрақтар қойылады.Сол сұрақтарға жауап беру арқылы әңгіме құрастырады және ат қояды.
  5. Тиісті тақырыпқа байланысты әңгіменің 2-3 сөйлемін бастап жазып қояды. Сол әңгімені жалғастырып,аяқтау керек.
  6. Мәтін беріледі.Сол мәтіннің жанрын айыртып,басты кейіпкерлерді тауып,мінездеме беруге,жоспар құруға үйрету.
  7. Тақтаға әріптердің орындары ауыстырылып берілген сөздер жазылады.Олардан мағыналы сөздер құрастыру керек.Мысалы: Тано-Отан,қақаз-қазақ, Атанас-Астана,т.б.
  8. Буын ұйқасын тап:

Қа-қа-алтын сақа

Ра-ра-шашыңды тара

У-у-көгілдір ту

Са-са-қара маса т.б.

  1. Сөз ұйқасы бойынша өлең құрастыру:

————————жайнаймыз,

————————ойнаймыз

————————сайраймыз

————————қалмаймыз.

  1. “Қос буыны бар бір сөз” әдісі бойынша 1 сөздің қайталануынан жасалған сөздерді атау:Мысалы:сеңсең,бұлбұл,зәмзәм,баба,т.б.

11.”Диалог-ертегі”.Бұл әдісте мұғалім ертегінің немесе әңгіменің бірінші сөйлемін бастап береді.Әр оқушы 1 сөйлемнен қосып отырып,сыныптағы оқушы санына сәйкес сөйлемнен тұратын ертегі құрастырады.

  1. “Сұрақ-жауап” әдісі.Бұл әдіс бойынша оқушылардың мақал-мәтелдерді қалай игергенін тексеруге болады.Мысалы:1.Әдепті бала қандай бала?2. Кімнің ертеңі бітпес? т.б.
  2. “ Мағынасы қандай?” Айтылуы бірдей сөздердің мағыналарын түсіндірту.

Тұр уылжып жемістер,

Еңбек қызды егісте.

Күз-береке,күз-ырыс,

Тер сіңіріп жеміс тер.

  1. “ Сөз құрау”. Берілген ұзын сөзден мағыналы бірнеше сөздер құрастыру.Мысалы: қолшатыр-қол,от,шар,шал,шатыр,шақ,шыт,лақ т.б.

15.”Баспалдақтан түсу”.Бұл әдісте берілген сөзден бір әріп ала отырып,(немесе қоса отырып)жаңа мағыналы сөздер жасау.Мысалы:

шатақорақсу

атақораасу

тақортасу

ақатасу

  1. Оқушылардың сауатты,қатесіз жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақта орфографиялық үлестірмелермен жұмыс істеу жолға қойылған.Үлестірмелерде сөздің дұрыс жазылуының бірнеше нұсқасы беріледі.Оқушылар дұрысын таңдап алып, жазу керек. Мысалы: шоф(о\е)р, тұ(йа/я)қ, аспа(з/с)шы, ж(ый/и)налыс, клу(п/б), т.б.

Жоғарыда баяндалған дидиактикалық тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар ізденгіштікке, тапқырлыққа, қысқасы, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады. Оқушылардың болашақта жан-жақты дамыған, іскер, білімді, мәдениетті, еңбексүйгіш азамат болып дамуына ең басты жауапкершілік мұғалімге жүктеледі.Сондықтан осы міндетті дұрыстапатқару жолында маңдай терін аямай төгу-әр ұстаздың міндеті.