1.Ғ. Мүсірепов – қазақ әдеби тілінің зергері.Оның тілі ,қазақ тілінің үнділігі мен нәрлілігін өз орнына қолдана білуі кез келген оқырманды таң қалдырады.Мүсреповтің шығармаларында оның 30-40 жылдары жазған “”Ашынған ана ”,”Ананың анансы”,”Ер ана”,”Ақлима ”,”Ананың арашасы”сияқты аналар жөніндегі новеллалар топтамасы елеулі орын алады.
1993 жылы жазушы М.Горькийдің “Адамның тууы ” және “Италия туралы ертегілер ” әңгімелерінің еркін аудармасын жасады.Аудармашы олардың стилінің романтикалық көтеріңкілігін сақтай отырып әңгімелердің көлемін біраз қысқартты және кейбір психологиялық сәттерді баса көрсетті.атауларын да өзгертті.Қазақ оқырманы “Адамның тууын””Ананың анасы ” деген атпен оқыды. Орысша түпнұсқасында адамның дүниеге келуіне басты назар аударылса,аударманың қазақшасында ананың бейнесіне,қасиетті аналық сезімге басты орын берілді.
Горькийдің әңгімелері Мүсіреповті аналар туралы новеллалар топтамасын жазуға итермеледі. Дегенмен де “Ана”, “Ашынған ана”, “Ер ана”, “Ақлима” — өзінің тамырларымен ұлттық топырақтан шыққан шығармалар. Горькийдің ықпалы жазушының өз дарынының ерекшеліктерін көрсетуге көмектесті.
- Кейбір ақын-жазушылардың өнер-білімге іздену сапары, сол жолдағы көрген қиын-қыспақ кездері мен табыстары, тіпті олардың өмірбаяны да балаларды қатты қызықтырады. Өз өмірлеріне үлгі, өнеге етеді.
Іздену сапарындағы көргені мен білгені көп, тәжірибесі мол жазушылардың шығармалары өмір оқулығындай сұрыпталатыны бар. Көргені мен білгені аз, өмір тәжірибесі кем жастар үшін ақын-жазуылардың қызықты шығармалары өмір мектебіндей көрінеді. Ақыл-есінің тез жетілуіне жәрдемдеседі.Оларға өмір сүру, білім алу жолдарын танытады.Жақсы өмір сүрудің жақсы жолдарынайтады. Талаптану, үздіксіз іздену, ойлаған мақсатқа жету қиын-қыстау кездеріне қарсы тұрып, төзе білу жолдарын үйретеді.
Балаларды қызықтыратын осындай ерекшеліктер, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларынан да, өзінің өмірбаянынан да көп кездеседі. Орталық партия комитетінің органы Правда газеті 1940 жылы 21 июнь айындағы шыққан 171-нөмірінде қазақ әдебиеті жайында жазған мақаласында-Сұлтанмахмұт Торайғыровты зор ақылды, өмір баяны өте қызық, тамаша жазушы деп атап өткен бдолатын. Адамның ақылдылығы мен парасаттылығы оның еңбегінен, істеген ісінен танылатыны да сөзсіз. Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 октябрьде Омбы уезінің Шағырай болысында Қарауыл Шабар аулында (қазіргі Көкшетау облысының Қызыл ту ауданында) туған. Өзі кедей шаруаның баласы.Бір жасында шешесі өліп, жетімдік пен жоқшылықтың қасіретін көп көреді.Сұлтанмахмұт алты жасар күнінде әкесінен әкесінен оқып, хат таниды. Бұдан кейін ол әуелі ауылдағы молдадан оқып, хат таниды.Бұдщан кейін ол әуелі ауылдағы молдадан оқып, бертін келе Тройцк, Семей, Томск қалаларына білім іздеп сапар шегеді. Ауыр азап пен көп қиыншылықтарға төзген, тұрмыс өгейлігін көп көрген болашақ жас ақын ауру-сырқаулы да болады. Бірақ Сұлтанмахмұт мұның бәріне де мойымады, тұрмыстың жарқын болашағын аңсап, соны көруге үміттенеді.
Кім не нәрсені ардақтай білсе, сол нәрсенің қадіріне жетіп, оны қолдай да алады, жақсысын асыра біледі. Сауат ашу, хат тану барысында Сұлтанмахмұт алдымен өзінің ана тілін қадірледі, соның барлық ерекшеліктерін тани білді.Ана тілінің асыл мұрасын бойына сіңіріп, жақсылығын мақтан етті.
Сүйемін туған тілді, анам тілін
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Сол тілмен шешем мені әлдилеген,
Еркелеткен «құлыным, жаным» деген.
Еңбірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.
Ол өзінің ақыл-парасатының қандай дәрежеде екенін осындай дана пікірлерімен-ақ таныта алған.Ана тілін құрметтеп, сол тілдей сөйлей алу, хат тану, сауат ашу, жазу-сызуды үйренудің бәрі де соған, тек қана соған байланысты екенін бойға сіңіріп айта алу, оқушыға түсіндіру ақындық қасиеттің ең жоғарғы сатысы, дарындылығы деп айтуға болар еді.
СҰЛТАНМАХМҰТ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЖАҢА БАҒЫТ
Қазақ балалар әдебиетіне жаңа бағыт, жаға идея тудыруда жас өспірімдер арасында Сұлтанмахмұт шығармалары ерекше роль атқарады. Біріншіден, ол-жас өспірімдерді өнер-білімге, оқуға шақыруда балалар әдебиетін жалынды күрес майданына айналдврвп жіберді. Екішіден, Сұлтанмахмұт өз шығармалары арқылы өнер-білімге, жаңа типті оқудың іске асуына қарсы болған және ұлт араздығын тудыруға күш жұмсап келген алдамшы, ел бүлдіргіш сұмдарға, діни схоластикаға ашықтан-ашық аяусыз күрес жүргізді. Оның зиянды жақтарын әшкере етушілердің алдыңғы қатарында болды. Үшіншіден, ұлы орыс халқының өнер-білімін, мәдениетін игеруге, тілін үиренуге, география, история пәндерін білуге шақырады. Төртіншіден, оқып білім алудың түп мақсаты-ел үшін, халық үшін еңбек етуге жұмсалуға тиіс деп, Сұлтанмахмұт жас өспірімдер арасына ұран тастады. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ балалар әдебиеиінің дамуындағы жаңа идея, жаңа бағыт осылай өріс алған еді. «Оқып жүрген жастарға » деген өлеңінде:
Үмітпенен жоқ қуған,
Талабы алда баламыз.
Басқалар жоғын тапқанда,
Біздер қайтіп қаламыз?
Тәуеклге бел бусақ,
Көрдегіні аламыз.
Жеткізбей кетер жүйрік жоқ,
Қусақ бірін шаламыз.
Іс істейік бір болып,
Ашылмасын санамыз!-деп, өзі сияқты кедей шаруалардан шыққан жас өспірімдерге қажырлы қайрат бере жырлайды. Оларды ынтымаққа, бірлікке, өнер-бюілімге шақырады. Сұлтанмахмұт «Талаптыларға», «Шығармын тірі болсам адам болып », «Шәкірт ойы» сияқты өлеңдерінд де өнер-білім, оқу жайын көп мадақтайды. «Ақтармын оқып шығып адам атын» деп өзіне -өзі үлкен сенім білдіру арқылы,басқаларды да еліктіреді.Сұлтанмахмұттыңбұл өлеңдері балаларды білім алу, іздену жолында қажырлылыққа, төзімді болуға, қиындықты жеңе білуге үйретеді,оларды халық алдына қызмет етуге міндеттейді.Ол кезде қарапайым шаруа балаларының жаңа типті мектептерде оқуына жол бермей келген, оларға көп кесірін тигізген ислам діні екенін Сұлтанмахмұт ашық айтқан. Діни басшылары жаңа типті мектептерде оқылатын піндердің ролін, ғылымның, техниканың табыстарын жоққа шығарғысы келетінін әшкере еткен. Сұлтанмахмұт тұрмыстың ауыр халін, жоқшылықты айтып, оқудың, білім алудың қиындығын суреттеп қана қойған жоқ. Сары уайымға түсіп, «біткен жерім осы» деп отырмады. Тұрмыстың ауыр жағдайларын шебер суреттеп отырып, оған қарсы күресуге, қиындықты жеңе білуге шақырады. Жалыну, жалбарыну күн көріс емес, соған қарсы күресу ғана ойлаған мақсатқа жеткізеді деп жас өспірімдерді жігерлендіреді. Әркім өзінің қайратына, күшіне, алған бағытына сенсе ғана, ол барлық қиындықарға төзе жүріп, сол жолдағы еңбегінің жемісін көрсете алады деген идеяны уағыздады. Болашақ жас өспірімдікі, олар қазірдің өзінде-ақ бнлсенді жасампаз күш екенін Сұлтанмахмұт өз ісімен көрсете алды.
Балалар әдебиетінен орын алатын Сұлтанмахмұт өлеңдерінің тәрбиелік жакқтары мен мазмұндылығы, көркемдігі жәнә жаңа бағыты осы дәрежеде, бұл – үлкен пргресс. «Прогресс ақылдың дамуына тікелей байланысты. Тұрмыстың қай саласында озат білім тәжірибесі қолданылса, сол саласында прогрестің болатыны даусыз » бейді Н. Г Чернышевский. Жас өспірімдердің тәрбиелеудегі балалар әдебиетінің прогрестік қасиеті де дәл осындай.