Қазақстанда білім экономикасының қалыптасу алғышарттары

Аннотация: білім экономикасының индексі мен білім экономикасын қалыптастырудың алғышарттары талданып зерттелген. Талдаулар нәтижесінде Қазақстанда білім экономикасын қалыптастырудың алғышарттары ұсынылған.

Атаулы сөздер: білім индексі, білім экономикасы индексі, білім экономикасы индексінің субиндекстері: «Экономикалық ынталандыру және институционалды жүйе», «білім және біліктілік», «Ақпараттық инфрақұрылым», «Инновация индексі».

Әлеуметтік-экономикалық жүйенің дамуының қазіргі сатысы постиндустриалды, ақпараттық қоғамға немесе білімге негізделген экономикаға өтумен сипатталады. Осы тұрғыдан зерттеуде Қазақстандық мәліметтер қолданылған, яғни Қазақстандағы инновациялық және білім экономикасының қалыптасу алғышарттары қарастырылған.

Зерттеуде отандық және шетелдік ғалымдардың теориялық пен методологиялық зерттеулері, сонымен бірге статистикалық және монографиялық зерттеу әдістері қолданылған. Алынған нәтижелер мен ұсынымдар шаруашылық органдарында, «Экономика және құқық» кафедрасында талқыланып оң қорытынды жасалынған.

Білім экономикасы мен инновацияның дамуы Батыстың дамыған елдерінде он сегізінші ғасырда бастау алған. Осы орайда білім экономикасы мен инновациялық теорияның дамуына А.Смит, Й.Шумпетер Ф.Бродель, Г. Менша, С.Кузнец, Н. Кондратьев, П.Сорокин, Р. Солоу, И.Фишер, Р. Лукас, Ф.Махлуп, Д. Белл және басқалар өз үлестерін қосты.

Экономика өсімінің саласында зерттеу жүргізген ғалымдар адамзат дамуының барлық кезеңінде дамудың негізгі қозғаушы күші инновациялар болғанын бөліп көрсетті. Адам Смит өзінің 1776 жылы басылған «The Wealth of Nations» монографиясында капитализмнің ұйымдастырушылық механизмі ретінде нарықтық жүйе ғана қызмет етпейді, сонымен бірге, ұлғаймалы қажеттіліктерді сапаны жақсарту мен бағаны төмендету арқылы жай қанағаттандырумен ғана емес, оны жаңа технологияларға өту көмегімен ең тиімді әдіс арқылы, яғни, инновациялар көмегімен жүзеге асатын бәсекелестік атқаратынын атап көрсетті. Бұл постулат уақыт өте келе кең және маңызды мағынаға ие болды. Ақпараттық технологиялар қазіргі өндіріс пен тұтынудың материалдық негізіне деген көзқарасты өзгертті. Еңбек пен капиталдың өнімділігі ғылым мен техниканың ақпарат жүйесінің жетістіктерін өндірісте пайдалану деңгейіне тәуелді. А. Смит экономикалық пайдалы біліммен байланысты мамандықтар арқылы білімнің экономикалық дамудағы ролін айқындаған болатын [1].

Экономикалық өсудің қазіргі кездегі модельдерінде ғылыми жетістіктер мен технологиялар экономиканың орнықты өсуінің басты факторы ретінде қарастырылады.

«Білім экономикасы» терминін айналымға ең алғаш рет 1962 жылы австро-американдық экономист Фриц Махлуп енгізді. Ол оны экономиканың жай секторы ретінде қарастырды. Қазір бұл термин білім шешуші рөль ойнайтын, ал білім өндірісі өсімнің негізі көзі болып табылатын экономика типін анықтау үшін қолданылады.

Американдық социолог Д. Белл 1973 жылы жарыққа шыққан монографиясында негізгі құрылымдық элементтері ретінде ақпарат пен білімді бөліп көрсеткен постиндустриалды қоғамның тұжырымдамасын айқындады. Оның ойынша, постиндустриалды қоғам құнның еңбектік теориясымен емес, білімге негізделген құн теориясымен сипатталады. Инновация факторы ретінде білімді жүйелеу болады. Д. Белл өзінің монографиясында статистикалық ақпараттың кең көлемін талдайды және қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістерді көрсетеді.

Ф. Махлуп пен Д. Белл еңбектерінде статистика қоғамдық дамудың жаңа тенденцияларын анықтау көзі болды, яғни жаңа тұжырымдамалардың (білім экономикасы) пайда болуына алып келді.

Білім кез келген қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ, білім экономикасындағы айырмашылық білім сипатының өзгеруімен байланысты. Кез келген қызмет саласында (экономикалық, саяси, әлеуметтік) шешім қабылдауда және өзгерістерді басқаруда негізгі ретінде теориялық білімнің басымдылығы бола бастады. Шешім қабылдау үшін тек қана ақпарат қажет емес, сонымен бірге ақпарат белгілі бір жүйеге ретке келтірілген болуы қажет.

Дүниежүзілік Банк қызметкерлерінің берген анықтамасы бойынша «Білім экономикасы — бәсекеге қабілеттілікті арттыру мен өзін-өзі дамытуды жеделдету үшін білімді құрайтын, оны тарататын және пайдаланатын экономика» болып табылады.

Білім экономикасы – бұл білімге және инновацияларға, сонымен бірге жаңа идеяларды, жаңа машиналарды, жаңа жүйелер мен технологияларды қабылдауға, оларды практикада адам қызметінің барлық сфераларында ендіруге әзірлікке негізделген экономика. Білім экономикасының қозғаушы күшіғылымизерттеулер мен зерттемелер болып табылады. Білім экономикасы өсудің жаңа көздері арқылы еңбек өнімділігінің артуын қамтамасыз етеді, өсудің жаңа факторларын және ұлттық экономиканың барлық секторларында бәсекеге қабілетті артықшылықтарды іс жүзіне асыру үшін негіз құрайды.

Қазіргі кезде негізгі қорлардағы салымдарға қарағанда білім саласындағы инвестициялар жоғары қарқынмен өсуде. Адамзат иелігіндегі барлық жинақталған білімнің 90%-ы соңғы 30 жылда алынған. Ал бұл табиғи ресурстарға негізделген экономиканың білімге негізделген экономикаға өтуінің жарқын дәлелі.

Бірақ, білім экономикасы аграрлық және индустриалдық дәуірдің орнына келген қоғамдық дамудың жаңа кезеңі ме деген мәселе пікірталас күйінде қалып отыр. Кейбір эксперттер білім экономикасы байлықтың жинақталуы материалды активтермен байланысты болған индустриалды экономика типінен маңызды айырмашылыққа ие деп есептесе, басқаларының ойынша бұл индустриалды дәуірдің келесі фазасы ғана, әл-ауқат бұрынғыдай өндірістік процеспен анықталады, ал материалдық емес активтер бәсекеге қабілеттілікті арттырады ғана деп есептейді.

Берклидегі Калифорния университетінің профессоры, социолог-экономист М. Кастельстің ойынша, постиндустриальды қоғамның классикалық моделі жеңілдетілген сипатқа ие, өйткені ол оның келесідей негізгі құраушыларын: өсім мен өнімділік көзі білімде; тауарлар өндірісінен қызметтер экономикасына өту; білім мен ақпаратпен жоғары қамтылған мамандықтардың өсуін бөліп көрсетеді.

М. Кастельс бірінші құраушыны талдай отырып «мұндай бөліну индустриалды мен постиндустриалды экономикалардың арасында емес, өнеркәсіптік пен ауылшаруашылық өндірісі және қызмет көрсету өндірісіндегі білімге негізделген екі форманың арасында болады». Осының салдарынан қоғам ақпараттандырылған болып әлеуметтік құрылымның нақты моделін бейнелейтінімен емес, ақпараттандырылған экономиканың таратылуы және дамуы арқылы өнімділік біліміне негізделген, максимизациялау принципіне байланысты өзінің өндірістік жүйесін қалай ұйымдастыруымен анықталады» деп атап көрсетті.

М. Кастельстің ойынша ақпарат пен білім дамудың барлық әдісінде маңызды болып табылады, бірақ дамудың ақпараттандырылған әдісінде өнімділіктің негізгі көзі ретінде білімнің білімге әсер етуі тән болып табылады деп есептейді. Оның даму әдістерінің тұжырымдамасы көп жағдайда К.Маркстің өндірістік жүйелер мен өндірістік революциялар идеясының жалғасы екенін байқауға болады.
М. Кастельс нарықты қайта реттеу мен жекешелендіру дамытушы механизм болып табылмайтынын сенімді дәлелдейді. Ол «нарықтық механизмдердің қалыбына толықтай берілген елдер, әсіресе қаржылық ағындардың өзгерісіне нашар сезімтал және технологиялық тәуелділік тұрғысынан әлсіз». Мұндай елдерде либерализациялаудан болатын қысқа мерзімді ұтымдар нақты экономикада сіңіп кеткеннен кейін, әдетте тұтынушылық құбылыстан кейін шоктык сілкініс болады» деп көрсетті.

Әлемде білімге негізделген экономика дамуының деңгейін сипаттайтын кешенді көрсеткіш ретінде білім экономикасының Индексі қолданылады. Ол 2004 жылы Дүнижүзілікбанк тобымен елдердің білімді жасау, қабылдау және тарату қабілетін бағалай үшін «Даму үшін білім» арнайы бағдарламасы шеңберінде жасалды. Оның құраушылары төмендегідей (сурет 1).

– роялти және лицензиялық төлемдер;

– патенттер;

– ғылыми мақалалар

 

– білім беру деңгейі;

– орта біліммен қамту;

– жоғары біліммен қамту

Сурет 1. – Білім индекстерінің құрылымы (KEI, KI)

Индекстің есептеу негізіне Дүниежүзілікбанктің ұсынған «Білімді бағалау әдістемесі» жатады. Ол 109 құрылымдық және сапалық көрсеткіштердің кешенінен құралып, негізгі 4 топқа біріктірілген

Білімді бағалау әдістемесі екі негізгі индексті ұсынады – Білім экономикасының индексі (The Knowledge Economy Index — KEI) және Білім индексі (The Knowledge Index — KI):

  1. Білім экономикасының индексі –экономикалық және қоғамдық даму мақсатында елдің білімді қолдануының тиімділігін бағалау үшін қолданылатын кешенді көрсеткіш. Ол белгілі бір елдің білім экономикасына қатысты даму деңгейін сипаттайды. Бұл индекс төрт субиндекстің орташа мәні болып табылады.
  2. Білім индексі – елдің білімді тарату, қабылдау мен жасау қабілеттіліктерін бағалау үшін қолданылатын кешенді экономикалық көрсеткіш. Ол елдің білімге қатысты әлеуетін сипаттайды [3].

Үш субиндекстердің орташа шамасы ретінде есептеледі.

Негізгі субиндекстер келесілер:

  1. Экономикалық және институциональдық режим индексі – тұтастай қоғам мен экономика дамитын шарттар, экономикалық және құқықтық орта, реттеу сапасы, бизнестің дамуы, қоғам мен оның институттарының жаңа білімді жасау мен оны тиімді қолдану қабілеттілігі.
  2. Білім беру индексі – тұрғындардың білімділік деңгейі және білімді жасау, қолдану мен тарату икемділіктерінің болуы. Ересек тұрғындардың сауаттылық көрсеткіштері және басқалар.
  3. Инновация индексі – құрамына мамандандырылған бірлестіктер, университеттер, зерттеу орталықтары, компаниялар енетін ұлттық инновациялық жүйенің даму деңгейі. Ғылыми зерттеулер саласындағы ғылыми қызметкерлер саны, ғылыми журналдар саны және тағы басқалар.
  4. Ақпараттық және коммуникативтік технологиялар индексі (АКТ) – ақпаратты қайта жасау мен тиімді таратуға мүмкіндік беретін ақпараттық және коммуникативтік инфрақұрылымның даму деңгейі.

Көрсеткіштердің әрбір тобы бойынша елдерге 1 ден 10 арасында балл қойылады. Балл жоғары болған сайын, ел берілген критерий бойынша жоғары бағаланады. Есептеуде Жалпы ішкі өнім мен Адами даму индексі енетін жалпы экономикалық және әлеуметтік индикаторлар да ескеріледі [4].

2012 жылы Дүниежүзілікбанктің зерттеулері 146 мемлекеттер мен аймақтарды қамтыды. (Кесте-1).

Кесте 1 – 2012 жылы Дүниежүзілікбанк әдістемесі бойынша есептелген Білім экономикасының индекстері

Дәреже Елдер Индекстер Субиндекстер
KEI KI экономикалық режим Инновациялар білім АКТ
1   Швеция 9.43 9.38 9.58 9.74 8.92 9.49
2 +6 Финляндия 9.33 9.22 9.65 9.66 8.77 9.22
3   Дания 9.16 9.00 9.63 9.49 8.63 8.88
10 -5 Швейцария 8.87 8.65 9.54 9.86 6.90 9.20
55 +9 Ресей 5.78 6.96 2.23 6.93 6.79 7.16
73 +5 Қазақстан 5.04 5.40 3.96 3.97 6.91 5.32
 

Дереккөз: http://info.worldbank.org

2012 жылғы зерттеулер бойынша Қазақстан Білім экономикасының индексі бойынша 73 орынға тұрақтаған, экономикалық және институциональдық режим корсеткіштерінің тобы аясында төмен көрсеткіштерге ие, сонымен бірге инновациялық даму деңгейі де жеткіліксіз дәрежеде.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік модернизациялау саясаты нақты еңбек өнімділігі негізінде жүзеге асырылу қажет екенін атап көрсетті, сондай-ақ Президент инновациялық экономиканың ірге тасын құрауға ерекше мән берген. Олар: экономикалық және әлеуметтік модернизацияның біртұтас, қатар жүргізілуі; жаңа өндірістер, білім мен ғылымның жаңа жүйелерін жасақтау; қоғамдағы орташа тапты қалыптастыру; әлеуметтік қорғау стратегиясы бағытынан әлеуметтік прогресс стратегиясына бетбұрыс жасау [7].

2000 мен 2009-шы жылдар аралығында Қазақстан Білім мен АКТ субиндекстері бойынша оң динамиканы көрсетсе, ал инновациялар субиндексі бойынша төмендеп кеткен (кесте 2).

Кесте 2. – 2000-2012 жылдардағы КЕІ, КІ индекстері мен жекелеген субиндекстер бойынша Қазақтан рейтингісі

Көрсеткіш 2012 2009 2000
Дәреже Мәні Дәреже Мәні Дәреже Мәні
KEI индексі 73 5.04 72 5,05 76 4,79
KI индексі 64 5.40 70 5,48 66 5,37
Экономикалық режим 91 3.96 70 4,70 104 3,06
Инновациялар 91 3.97 92 3,68 69 4,82
Білім 41 6.91 39 7,07 43 7,10
АКТ 68 5.32 79 4,76 91 4,19
Дереккөз: Knowledge Economy Index (КЕІ) 2009, 2012 Rankings URL: http://info.worldbank.org

 

2012 жылғы нәтижесі бойынша КЕІ индексі 2009 жылға қарағанда бір сатыға төмендеген, ал 2011 жылға қарағанда өсім +5 сатыны құраған. Қазақстандағы «білім экономикасының» даму деңгейі мен динамикасын келесі кестеден көруге болады (кесте 3)

Кесте 3 Білім экономикасы индексіндегі Қазақстан динамикасы (1995-2012)

  Индекс тізімі KEI KI Экономикалық және институционалдық режим Инновациялар Білім АКТ
2012 73 5,04 5,4 3,96 3,97 6,91 5,32
2000 78 4,58 5,10 3,03 3,92 7,20 4,17
1995 79 4,93 5,93 1,95 4,03 7,26 6,48

Дүниежүзілікбанк мәліметтері негізінде:

http://info.worldbank.org/etools/kam2/KAM_

Кестеден көретініміздей Қазақстан 1995-2012 жылдар аралығында индекс тізімінде шамалы жетістікке ие. 1995 жылы 79-шы орында болса, 2000 жылы 78-ші орын, ал 2012 жылы 73-ші орынға тұрақтаған.

Қорыта айтқанда, жүргізілген талдаулар нәтижесінде білімге негізделген экономика әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жаңа типін көрсетеді деп айтуға болады. Білімнің жинақталуы мен қолданылуы экономикалық дамудың негізгі факторлары және жаһандық экономика шеңберінде елдердің бәсекелестік артықшылығы сипатында үлкен мәнге ие болып қалуда.

«Білім экономикасы» дамуының құраушы факторларына жүргізілген талдау Қазақстанда ғылыми-зерттеушілік инновациялық орталықтарды қалыптастыру мен білім саласын күшейтілген түрде дамыту қажеттігін көрсетті.

Елімізде білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, сонымен бірге өндіріс бойынша «Өнімділік-2020», Қазақстан-2050 стратегиялық бағдарламалары қабылданған. Алдағы кезеңде осы бағдарламалардың орындалуын қатаң бақылау жүргізу қажет. Сәйкесінше, Қазақстанның бәсекеге қабілеттігін қалыптастыру мен бәсекеге қабілетті отыз елдің құрамына ену мақсатына жетуде ғылыми зерттеу мен инновациялық қызметті жеделдете дамыту өте маңызды. Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру білім экономикасына өтудің маңызды көрсеткіші, ал ол өз кезегінде елдің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың негізгі бағыты.

Сонымен бірге, Кастельс моделін де ескергеніміз жөн. Ғылым өнеркәсіп өндірісінің тұтас бөлігі және тікелей өндіргіш күшке айналғанда ғана инновациялық экономика оңды нәтижеге жеткізеді. Инновациялар өндірістік және интеллектуалдық ресурстарды қатар пайдалану арқылы жаңа тауарлар өндіру мен қызмет көрсетудің жолдарын және жаңа технологиялардың өндіріске кеңінен қолдануына жол ашады. Экономика тек қызмет көрсету саласына ғана бейімделмей, «білім-өндіріс» процесін жандандыру қажет. Еліміз индустриалды-аграрлы мемлекет болғандықтан инновацияларды ауылшаруашылығына, жеңіл өнеркәсіпке бағыттау маңызды.

Мұндай бағыт интеллектуалдық өнімділікті көтеріп, ғылыми-техникалық жетістіктерді, ресурстарды өндіріс факторларына айналдыруға мүмкіндік береді.

Резюме

В статье рассмотрен один из комплексных подходов к измерению экономики, основанной на знаниях. Показан расчет сводных показателей, таких как Индекс знаний (KI) и Индекс экономики знаний (KEI). Дано экономическое обоснование субиндексов KEI. Дана сравнительная характеристика показателей развития экономики знаний в Казахстане в сравнении со среднемировыми значениями. А также представлены условия и предпосылки формирования экономики знания в Казахстане.

Summary

In the article discusses one of the integrated approaches to measuring an economy based on knowledge. Shows the calculation of summary measures such as the Index of Knowledge (KI) and the Knowledge Economy Index (KEI). Given the economic justification subindexes KEI. The comparative performance characteristics of the knowledge economy in Kazakhstan compared to the global average. And also describes the conditions and prerequisites for the formation of the knowledge economy in Kazakhstan.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Иродова Е. Е. Экономика знаний: попытка системно-структурного анализа. Материалы международной научной конференции «Современное образование и основы формирования «умной экономики». Актобе.2008. Стр.25.
  2. World Bank. URL: http://www.worldbank.org
  3. Л.Г. Батракова. Методы и показатели измерения экономики знаний // Материалы научно-практической конференции «Статистика – регионам: состояние, проблемы, перспективы». Росстат. Ярославль. — 2011

4.Стюарт, Т. Кузьмин, Е. И. ЮНЕСКО и общества знаний для всех / Е. И. Кузьмин, В.Р.Фирсов // Российский комитет программы ЮНЕСКО [Электронный ресурс]. 2008.

5.Разнодежина Э. Н. Человеческие ресурсы: их роль и значение. Журнал: Управление экономическими системами. № 1, 2011. Стр.17.

  1. В.Л.Макаров. Экономика знаний: уроки для России // Вестник Российской академии наук. – Том 73. — №5. – 2003.
  2. 7. Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.Астана, Ақорда. Егемен Қазақстан. № 828-831 (27902) 15 желтоқсан 2012.
  3. А.Джумабеков. Элементы оценки знаний. // Элемент. – 2010. URL: http://elementmag.kz..