Дамыту ойындары арқылы танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру

5-6 жасар балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша құзіреттілікті меңгерту. Болашақ ұрпақтың танымдылық белсенділігін дамыту ақыл – ой тәрбиесінің бір міндеті ретінде күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей келеді[1]. Ақыл – ой тәрбиесінің бұл аспектісі баланың ойлау операциясының, танымдық процестерінің және қабілетінің дамуына тікелей байланысты. 6 — 7 жастағы баланы оқу – тәрбие процесінде дамыту мәселесінде басты ролді ең алдымен баланың өздігімен әрекеті және танымдық белсенділігі атқарады[2]. Ғалымдар С. Л. Рубинштейн, Д. П. Годовикова, Т. А. Куликова, А. И. Сорокинаның еңбектерінде 6 — 7 жастағы балалардың білуге құштарлығының, танымдық қызығушылығының, комуникативтік сұрақтары, түрткісінің дамуы танымдық белсенділігінің көрсеткіштері ретінде атаған[3]. А.П.Усова өзінің «Балабақшадағы оқыту» атты еңбегінде мектепке дейін балалардың оқу әрекетіндегі танымдық белсенділігіне байланысты үш деңгейге бөлген теориясын басшылыққа алуды ұсынады[4].

6-7 жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамыту балабақшадағы педагогтардың үлесіне тиіп, ұйымдастыру шеберлігімен тікелей байланысты. Сондықтан бүгінгі күні тәрбиеші- педагог мамандарына түпкілікті білімм берумен қатар, кәсіби іс-әрекеттің ғылыми негіздерін практикада қолдануға, практикалық біліктілікпен дағдыны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуде. Ең басты талап баланың бақыты мен тағдырына жауапкершілікпен қарап, дене, физиологиялық, психологиялық даму заңдылықтарын түсіну. Балабақша педагогы өзін жай ғана тәрбиешімін деп қарамай, жалпы мәдениетін және кәсіби біліктілігі мен даярлығын жетілдіру қажет. 6-7 жастағы балалардың психологиялық ерекшелігі қоршаған ортадағы дүниені танып білсем деген қызығушылығы басым болып келеді.Баланың өзіндік ішкі позициясы қалыптасып және екі қажеттілігі; екінші белгілі бір әлеуметтік қатынасқа байланысты қажеттілігі.

Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, сабақта педагог-тәрбиешімін, ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас кезінде танып біледі. Осындай жетістіктерге жету үшін тәрбиеші педагог алдында тұрған ертеңгі мектеп оқушшысы деп қарап, баланың мінез-құлқын, сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі, қабылдауы, ес ойлау, сөйлеу, зейіннің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әрі дамытып отыруы керек. Сондықтан осындай ерекшелігін ескере отырып,оқу-тәрбие процесін жүргізу қажет. Тәрбиеші-педагог мектеп алды жастағы балалардың танымдық, белсенділігін қалыптастыруда, оның көзін ашуға басты тұлға. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру мәселесі жоғары деңгейде шешіліп, оқытудың жаңа технологиялары енгізіліп, сапалы нәтижелері байқалып отыр.

Сонымен бірге, оқушылардың танып, білуге, қабілетін дамытуға, өз пікірін еркін айтуға шығармашылығын дамыту арқылы іске асыралады.

Сыныптан тыс жұмыстарды көптеп қатыстыруға, ойландыруға мүмкіндік туады. Оқушылар мен студенттердің танымдық ойындар қолданудың маңызы зор.

Ойын дегеніміз-жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін,ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бірі. Сондықтан ойынды сабақтан тыс уақытты пайдалану-үлкен нәтиже берері анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын-тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т.б ғана тәрбиелеп қоймайды, оның ақыл–ойының толысуына, жан дүниенің қалыптасуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық, қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.

3-5 жастағы балаларға арналған дамытушы ойындар

3-5 жастағы баланың ағзасындағы болып жатқан өзгерістер 1-ден 3-ке дейінгі жастағыға қарағанда барлық процесстер баяу жүреді. Ми өседі, ми қабығы күн сайын мидың жаңа иірімдері пайда болады. Баланың басқа мүшелеріне қарағанда миы тезірек дамиды. 5-6 жаста ми 90% қалыптасқан болады. 2 жасқа дейінгі шыққан сүт тістері 4-5 жаста түсе бастайды, ал нақты тістері 6 жастан кейін қалыптаса бастайды. Сүйек құрылымы да дамиды, бұлшық еттерінің өсуіне байланысты баланың салмағы да өседі. Бала іс-әрекеттің қиын түрлерін үйрене бастайды: велосипед, шаңғы, коньки тебу, доп ойнау. Бұл уақытта спорттық түрлі секцияларда жаттығуларды бастауға болады. Осы жасқа келгенде балалар өздеріне қызмет ете алады: өз бетімен тамақ ішу, жуыну, киіну, түймесін ағыту, бауын байлау, есік тұтқасын бұрап ашу. Олар түзу сызық, шеңбер сыза алады, сюжеттік суреттер сала алады, үлгі бойынша қайшымен қия алады. Бұл жаста баланың ұсақ моторикасы дамиды. 3-тен 6 жасқа дейінгі уақытта ол бірте-бірте дамиды. 3-6 жаста аралығындағы баланың ойлау қабілетінің және эмоционалды дамуының өтпелі кезеңі. 3 жасқа дейінгі балалар ойдан шығарылған обьектілерді шындықтан қиындықпен ажыратады. Себебі, балалар ертегі кейіпкерлерінің көбін рас өмір сүреді деп ойлайды. Өмірінің 4 жылында бала практикалық іс-әрекеттерде негізгі дағды қалыптастырады. Ол абстракциялық схемаларды қолдана бастайды,заттарды біріктіреді.Бұл жастағы балаларға заттар арасындағы түсініктермен қарым-қатынастарды, олардың қасиеттерін ойын барысында түсіну үшін қажетті ойындармен жаттығуларды.

Резюме

Организовывая действия детей младших классов мщжно рассмотреть развивающую и воспитательную роль и обязанность позиавательных игры.

Summary

Organizing actions of children of junior classes may be considered the developmental and educational rele and responsibility of cognitive games.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.С. Ұзақбаева. Тамыры терең тәрбие. – Аламаты: Білім, 1995ж.

2.А.К. Меңжанова. Балаларды көркем шығармалар арқылы адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу (монография). –Алматы: Рауан, 1991ж.

3.В.С. Мухина. Алты жастағылар мектепте. –Алматы: Мектеп, 1989ж.

4.Ә.С. Әмірова Балаларды көркем әдебиет арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. –Алматы, Рауан, 1998ж.