ҚР этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы

  1. Ж. Наурызбаевтың бастауымен ғалымдар тобы „Қазақстан Республикасындаығ мәдени- этикалық білім беру тұжырымдамасын“ жасады. Онда этникалық білім берудің негізгі міндеттері былай көрсетілген:

-жан- жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу;

-тұлғаның өзіндік төл мәдениетке сай болуына және өзге мәдениеттерді игеруіне жағдай жасау, мәдениеттер алмасуына, олардың бірін- бірі байытуына бағдар беру;

-ана тілінде еркін ұғынысуға қабілетті азаматтарды тәрбиелеу.

„Тұжырымдамада“ мәдени- этикалық білімнің мынадай төрт функцияны атқаратындығына назар аударылған:

  • ұлттық сананы қалыптасыруда және дамытады;
  • этникалық- ұлттық қоғамдыстықтың тұтастығының жаңғыруымен қамтамасыз етеді;
  • адамның, этникалық топтардың ұлттқы мәдени қажеттігін айқындайды;
  • мәдениеттердің өзара бірлігін, кірігуін, байытуын, жеке тұлғаның әлемдік және ұлттық мәдениет жүйесіне енуін қамтамыз етеді.

Сондай – ақ тұжырымдамада ұлттық біілм идеясын жүзеег асырудың негізгі шарттары былай анықталған:

  • білім беру мен мектептің ұлттық бастауларын дамыту және нығайту;
  • жеке тұлға үшін ана тілі мен төл мәдениеттің сөзсіз басымдылығын тану және оны қамтамасыз еті;
  • білім беруді демократияландыру;
  • жеке адам мен қоғамның мәдени- этникалық қажеттілігін іске асыруға —бағытталған білім беру қызметінің үздіксіздігі
  • мемлкеттік біртұтас бағдарлама негізінде аталған проблема бойыеша халықтың этникалық құрамының ерекшеліктері ескерілген аймақтық бағдарламалардың болуы.

Сонымен, бұл тұжырымдаманың мақсаты- мектепте ұлт тілін, ұлт тарихын, ұлт мәдениетін, ұлттық салт- дәстүрлерді жүйелі оқыту арқылы ұлттық санаысн дамыту және қалыптастыру.

Қазақстанда мәдени этникалық білім жүйесін қалыптастыруға қажетті алғы шарттар бұл үшін қолайлы жағдай жасау, яғни мәдени этникалық білім кеңістігін құру болып табылады. ПАл мәдени- этникалық білім кеңістігінің- отбасы, ана тәрбиесі, мектепке дейінгі балалар мекемесі, мектеп, ЖОО, ұлттық мәдени орталықтар, үйірмелер мен курстар.

  1. Атамекен“ Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі оқу- тәрбие процестерінің өзіндік ұлттық, айшық ерекшеліктерін анықтайтын қазақ халқы педагогикасының тәлім –тәрбиелік ұстанымдарына негізделген ғылыми педагогикалық және метадологиялық бағдарлама.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – ұлттық өзіндік ерекшеліктерді ескере отырып, оқу – тәрбие жұмыстарының жаңа үлгісіндегі жұмысын жасау, балалар мен ересктерді біріктіретін ауылдық, аудандық, қалалық, облстық, аймақтық „Атамекен“ ордасын /штабын/ құру. „Елім -ай“ атты ұлттық этнографиялық іскерлік, шығармашылық көріністік ойындарын өткізу, өз туын, ел таңбасын, төсбелгісін, ұлттық киім үлгісі және өзге рәсімдік-рәміздік белгілерді иелену, әрбір мектепте тарихи ұлттық этнографиялық мұражайлар ашу.

Қызметі: „Атамекен“ негізгі 30 шығармашылық бағыттан құралған. Ондағы халықтың салт-дәстүрлері, әдет –ғұрыптары, этномәдениеті, этностық тілдері, рухани игіліктерін қолдана отырып, барлық ағарту процестері кешенді түрде қарастырылған. Шығармашылық бағыттардың толығымен жүзеге асыру үшін мектептерде , мектептен тыс мекемелерде, педагогикалық ЖОО мен учелишилерде және өзге құлшыныс танытқан орындарда, іс-әрекет етуші „Атаменкн“ ордасы құрылды. Орда төреғасы: 3 бірлестіктің жетекшілері І-ІҮ сынып „Балдырғандар ата –баба елінде“ Ү-ҮІІ сынып „Мұрагер“ және ҮІІ-ІХ-Х сыныптар „Мирас “ бірлестіктерін құрып толық шығармашылық жұмыстарын жүргізеді. Әр бір бірлестік өздерінің жас ерекшеліктеріне қарай өз тілектеріне орай бағыттарын белгід\лейді. Олар белгілі бір мерзімдер бойынша бірлестіктерге тапсырылып салтанатты түрде және дәстүрлі түрде жалғастырып отырады. Қоғамдық пікірлер арқылы өзгертіліп және толықтырылып отырады. Әрбір шығармашылық бағыт өзінің ұлттық рәміздік ел таңбасын иеленеді.

Қазақ халқы «Отан отбасынан басталады» дейді. Олай болса отбасы тәлім тәрбиенің негізгі көзі, түп қазынасы. Қанша заман өтсе де бабаларымыздың мол тәжірибесіне, тағлымы мен дәстүрлеріне және отбасы тәрбиесінің негіздеріне сүйене отырып әке мен ана, ата мен әже ұрпақтың шын азамат болып өсуіне қамқорлық жасаған.

3.Отбасы тәрбиесінде әдет – ғұрыптар мен салт – дәстүрлер.

Қазақстан Республикасының «білім беру туралы» Заңында ұлттық және жалпы адамзаттық азыналар негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдай жасау туралы айтылған.

Отбасы тәрбиесінде толып жатқан ұлттық үдемелі дәстүрлерге тоқтаған жөн. Олардың бірі — еңбек және имандылық тәрбиесі.

Еңбек тәрбиесі – ескі заманнан келе жатқан халықтың қажеттігін қанағаттандырудың көзі. Осыған орайбалаларды еңбекке тәрбиелеу ата – аналардың парызы болған. Халық еңбекті адам үшін табиғаттың өте құнды таратуы деп атаған. Сондықтан да еңбекті және еңбек адамын құрметтеуді дәріптеген.

Қазақ және басқа да Шығыс халықтары еңбек тәрбиесіне үлкен мән берген. Әрбір қазақ отбасында баланы жастайынан еңбек етуге үйретіп, дағдыландарған. Баланы жастайынан кәсіптік жұмысқа үйрету ата – аналардың мақсатты ісі болған.

Халықтың еңбекке және еңбек тәрбиесіне көзқарасы қазіргі кезде педагогикалық принциптерге жуық. Бұл жөнінде атақты педагог ғалымдардың ойларын еске түсірген жөн.

Н.К.Крупская өзінің педагогикалық шығармаларында Кеңес өкіметінің лағашқы жалдарынан бастап, еңбек тәрбиесіне қойылатын бағдарламалық талаптарды қалыптастырады. Оқуды өнімді еңбекпен байланыстырудың қажет екендігін айтады.

А.С.Макаренко отбасында еңбек тәрбиесінің маңызын айта келіп мынадайц құнды пікірлерді ұсынды.

  1. Адамға әртүрлі еңбек қасиеттерін табиғат бермейді, олар оның бүкіл өмірінде, әсіресе жас кезеңдерінде тәрбиеленеді.
  2. Ескі заманда таптық теңсіздік жағдайында адам еріксіз жұмыс күші есебінде еңбек етті. Біздің елімізде әрбір адамды еңбекке үйретіп дағдыландыру — тәрбиешілердің ерекше міндеті.
  3. Баланың еңбек ету барысында басқа адамдарға дұрыс қатынасы тәрбиеленеді, — бұл енді адамгершілікке дайындық.
  4. Еңбек тәрбиесінде баланың бұлшық еттері, көру мүшесі, сезім, түйсігі, саусақтары т.б дамып қана қоймайды, еңбек тәрбиесі әсіресе, адамның рухани және психикалық дамуына зор әсер етеді.
  5. еңбектің қоғам — өндірістік маңызымен бірге, жеке адамның өмірінде де маңызы зор. Еңбекшіл адамның әр нәрсені орындау қолынан келеді, қызғылықты бақытты өмір сүреді.

В.А. Сухамлинскийдің пікірі бойынша еңбек тәрбиесін баланы күнделікті еңбек дағдыларына дарытудан бастау қажет. Оның анықтамасы бойынша «Еңбек тәрбиесі бұл, бейнелеп айтсақ үш ұғымның үйлесушілігі, керек, қиын және тамаша». Бұл үш ұғым отбасы және мектеп өмірінің негізі болуы тиіс.

Имандылық тәрбиесі — бұл халық педагогикасында дәстүрге, әдет – ғұрыпқа, байсалды мінез – құлыққа айналып адам баласының өмір заңдылығы, жарғысы болып қалыптасқан. Имандылық тәрбиесі адам бойындаға адамгершілік қасиеттердің жиынтығы.

Адам бойындағы ұнамды және қымбатты қасиеттердің бірі – достық.

Достық дегеніміз татулықтың, сенімділіктің, көзқарастың бірлігі, бір – біріне қайырымдылық, қамқорлық жасау, рухани және моральдық көмек көрсету.

Қазақ халқының ертегілерінде, ақын – жырауларының шығармаларында көптеген достық туралы мақал – мәтелдерді, өлеңдерді еске түсіруге болады:

«Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық» т.б.

Имандылық тәрбиесі жеке адам бойындағы қасиеттердің жиынтығы. Жағымды қасиеттердің адамның рухани, психикалық дамуына болымды әсер ететіні белгілі. Солардың ішінде өз Отанын сүюшілік оны жан – тәнімен қорғау, халқына берілгендік – адамның өмірінде өшпейтін, имандылық қасиеттердің бірі.