- Эстетикалық тәрбие — ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі. Әдепті, иманды халқымыз ұрпағына жан – жақты эстетикалық тәрбие беріп отырған. Тұрмыстағы, мінездегі әсемдікті өмірлік дағдыға айналдыруды тәрбиенің басты құралына жатқызған.
Үлт өмірінде қалыптасқан кісілік, қайырымдылық, меймандостық дәстүрлер — ұлттық мәдениетті көрсететін көркем құбылыстар.
Әдеп барлық халықта бар, ал қазақ халқында ол эстетикалық тәрбиенің өзегіне айналған. Өйткені “Әдеп” сөзі “мәдениет” деген сөздің баламасындай естіледі. Сондықтан, әдеп ұлттық мәдениетімізге сіңіп, қалыптасқан үрдіс.
Эстетикалық жағынан жетілу қажеттілігі адамгершілікпен тығыз байланысты екені сөзсіз.Біз адамның мінез — құлқына тек мейірім мен қаталдық тұрғысынан ғана баға бермейміз сонымен бірге оның әрекетті қалай жасағанын сұраймыз.
Бәлки, жақсылық пен әсемдіктің терең тамырлы өзара байланысы осында жатқан болар. Тарихи тұрғыдан алғанда сұлулық сезімі еңбек қызметі процесінде пайда болады.
Ертедегі адам белгілі бірқұралды жасағанда оныњ түзу, жұмысқа ыңғайлы, берік болуымен қатар сыртқы түрінің әсемдігін де ескерген. Соның нәтижесінде сұлулықты сезіну, адамның абстрактылы ойлауының жетілуіне қарай әдемілік пен сүйкімсіздік үғымдары шықты. Бара – бара әдемі заттар сұлулық заңы бойынша дүниеге келе бастады. Қазіргі қоғамда адам тіршілігінің барлық саласының эстетикалық жағына баса назар аударылады. Эстетикалық талғам мен оған мұқтаждықтың дамуына, әсіресе өнер қатты әсер етеді.
- Біздің қазақтың көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаев “Сұлулық сезімдері” жайлы жаратылыстың искуствоныњ сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады деді. Үбіреген гүл, күңіренген орман, сылдыраған су, былдыраған бұлақ, шексіз – шетсіз қара көк теңіз, түрлі шөптермен толқынданған дала, бұлтпен бел алысқан биік тау, күннің ойыншыл алтын сәулері, еоке сұлу ай, жұлдызды түн , міне осылар сықылды жаратылыстыњ сұлу заттары көріністері яки искуствоның тылсымды жанды билеп алып кететін ән, күй, сиқырлы сөз, сұлу сурет, сықырлы, әсерлі адам жанында бір ләззат, бір сұлулық толқынын оятып, туғызбай, архитектура, сұлу сурет(живопись, скульптура) сықылды пластика искуствосын адамныњ көру сезімін сиқырлап барып, жанда сұлулық толқындарын туғызады.
Ал енді музыка, ән, поэзия сықылды тон икуствосы есту сезімін сиқырлап барып, жанда сұлулық толқындарын туғызады.
Сұлулық сезімдлері адамның дұрыс, сұлу, ләззат ізденуіне, сұлу нәрсені сүюіне ,керексіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тиылуына көп көмек көрсетеді. Содықтын баланы сұлулық сезімдері жақсы тәрбие қылынуға тиісті.
Сұлулық сезімдерін тәрбие қылу
- 3. Әр адамның сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудің музыкадан, біреудің сұлу суреттен, біреудің поэзиядан, искусствоның әйтеуір бір түрінен ләззат алмайтын, біреуіне құмар болмайтын адам болмайды. Тәрбиенің міндеті балада искусствоның қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, сол түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету. Өркендету жолдарынан төмендегі жолдарды көрсетуге болады: 1. Балаға жаратылыс сұлулығынан ләззат алғызу. Жаратылыста сұлулықтың неше түрініњ бєрі бар. Бала бұлақтыњ балдырын, судың сылдырын, жапырақтың сыбдырын, орманның күңіренгенін, теңіздің күрілдегенін естісін; жымыњдаған жұлдыздар себілген көк шатыр көркі, түрлі түсті кемпірқосағын, буыны жоқ бұрањдаған қойыњды көрсін. Жаратылысынан сұлу жаратылыстың құшағында болсын, балада сұлулық сеземдері еріксіз оянады. Тәрбиені жаратылыстағы түрлі сұлулықтарға баланың назарын аудара білу керек.
Баланың маңайындағы нәрсенің бәрі жинақты,ретті таза болсын.Таза деген сөзді қымбат деп ұғу қате. Тегінде қымбаттың бәрі сұлу деп ұғу қате ғой. Баланың мањайындағы нәрсе қымбат болмасын. Таза, ретті, тєртіпті болсын. Үйдің іші киім-кешек, ыдыс-аяқ бәрі таза болуға тиісті. Баланыњ үсті-басы, денесі, беті –қолы, бәрі таза ұсталуға тиісті. Баланың маңайында жүрген адамдар ретті, тәртіпті таза болуға міндетті. Үяда не көрсењ, ұшқанда соны іледі.Тазалыққа үйренген бала таза болады. Былыққа үйренген бала, былық болады. Баланың маңайында сөйленетін сөздер де әдепті болуға тиісті. Жєне баланың мањайындағы адамдардың жүріс тұрыстары да әдепті, сұлу болуға тиісті. Сұлу дене, сұлу қозғалысты қозғалысты көріп өскен баланың денесі де, қозғалысы да сұлу болады.
- 4. Семьядағы эстетикалық тәрбиеде үй – ішімен серуенге шығу, табиғаттың әсем өњірлері мен таза ауасында тынығып дем алу сияқты шараларды жүзеге асырудыњ да маңызы зор. Мұндай серуен, саяхат жасау арқылы семьяның әрбір мүшесі еліміздің әдемі, әсем жерлерімен, жануарлар дүниесімен танысады жєнеоларға ұқыпты қарауға тәрбиеленеді.
Эстетикалық тәрбиеде семья мүшелерінің тұрмыстағы тазалығы, жинақтылығы да елеулі роль атқарады. Өзінің тұрған үйінің тазалығын сақтау арқылы әрбір адам өзі тұрған селосы мен қаласының тазалығын сақтауға әрекеттенеді. Сондықтан семьяда әркім өзінің жұмыс істеп, тынығар бөлмесін немесе сондай бұрышын ұқыпты таза ұстауға, үй ішінде де таза , жинақы жүруге, киім – кешегін және өзінің жеке басына қажетті бұйымдарды қажетіне қарай алып, орнымен пайдалануға дағдылануы тиіс. Мәдениетті адам болу үшін алдымен таза жүріп жинақы болуға тырысу керек. Тұрмыстағы салақтыққа да немқұрайлы қарауға болмайды. Сондықтан талғам жағынан ерлі – зайыптылар бір-біріне жақсы ықпал етіп, әсер жасап, өзара бір- бірін иєрбиелей жүрсе, онда тұрмыста эстетикалық мәдениетті қалыптастыруға, оны семьялық дәстүрге айналдыруға қолайлы жағдай жасалады. Семья мүшелерінің ынталы еңбек етуіне, тынығып дем алуына қолайлы жағдай жасалып, табысына қарай сұраным болып, уақытымен сапалы тамақтанып, заманға сай сәнімен киініп, үй ішінде жинақылық пен тазалық орнап, ағайын – туыс, дос – жарандарымен, көрші-қолақмен сыйлас болып, қоршаған ортасына ұқыпты қараса, онда семья өмірінің мәдениеті жоғары, рухы берік келеді.
- Біздің бүгінгі тіршілігімізді көркем әдебиетсіз, поэзиясыз, мүзейлерсіз, кино,концерт залдарынсыз, театрларсыз көзге елестетудің өзі қиын. Өнердің адам санасына әсерінің өзіндік ерекшелігі – оның еркіндік сипатында, ешқандай пайдақұмарлық ой туғызбайтынтығында. Эстетикалық жағынан дамыған адам өнер туындысына немесе батып бара жатқан күн шапағына қарап одан ләззат алады, рахат табады. Осынау тамаша сезім оның бойындағы бұғып жатқан күш-қуатќқ жол ашады, творчествоға, жақсылық жасауға ұмтылдырып, қастерлі борышты сезіндіреді, болашаққа сенімді Қазақтың халық педагогикасы баланың пайымдауын қалыптастырып, ойлау жүйесін дамытып, үлгі -өнегелі іс-әрекеттерді үйретіп, кісілігін кемелдендіру арқылы ақыл-ой тәрбиесін іске асырады. Ол үшін халық марал-мәтелдерді, өнегелі өсиет сөздерді, даналық уағыздарды, шешендіксөздерді пайдаланады.“Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады”, “Кітап-білім бұлағы”, “Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп”, деп халық, марал-мәтелдер арқылы ғылым-білімді зерттеп, ақыл –ойдың негізгі пайымдауда екендігін ұрпаққа ұғындырып отырады.
Бүкіләлемдік тіршіліктің төрт негізі бар . Олар: Күн-ана, Жер ана, ауа мен су. Адамзат күнделікті тіршілігінде осы төрт құдіретке сүйенеді.Егер осы төрт негіздің біреуі болмаса, тіршілік тоқтайды.Сондықтан адамзат Күнді жерді анадай ардақтайды, жер мен судың әулиелігін қастерлеп, әрекет жасап, қызығын көреді.
- Күн- барлық тіршіліктің құдіретті тірегі. Ертеде адамзат Күнді жаратқанның жаратушысы деп табынып сиынып, барлық тіршілікте Күннің құдіретіне сүйенген. Шын мәнінде мынау жарық дүниенің өзі күннің сәулесі менжалылығынан қуат алып тұр.Сондықтан да халқымыз Күн тұрған аспан әлемін қасиеттеп: “Аспанға қарап түкірме, аспанға тас лақтырма”деп, ырым-тыйым жасайды. Күннің нұры-сәулесі, құдіреттікүші-от. Әлемдегі барлық тіршілік оттың күшімен қозғалысқа түсіп, адам өмірін өркендетіп тұр. Отты халық қастерлеп, “Отты баспа”, “отпен ойнама”, “отқа түкірме” деп, ырым тыйымжасап, кесір-қырсықты от пен “аластап”, отқа табынған. Отбасы,отағасы,отау деген сөздер оттың құдіретін қастерлеуден шыққан. Найзағайдың жарқылы, мотордың оталуы, оқтыңатылуы-бәрі де оттың әсері. Тек сол оттың әулиелігін қадірлеп отты дұрыс пайдалана білу адамның ақыл –біліміне байланысты.
Қазіргі заманда Күннің құдіретін бөгеп, аспандағы азон қабатын ыдыратқан техникалық зардаптарға қарсы күрес жүргізілуде. Қазақ “отбасың аман болсың”, “шырағың сөнбесін” деп, отбасынан бастап бүкіл адамзаттың барлық тіршіліктің анасы-Күннің амандығын тілейді.
Жер-ана барлық тіршілікке нәр беріп, анамыздай асырап жатыр. Адам баласы ғасырлар бойы жер бетіне таласып, қан-төгіп, қырғынға ұшырады. Бірақ жер-ананы аялау, оны бүлдірмеу үшін, әр қилы әрекет жасауды соңғы ғасырда ғана қолға ала бастады. Қазақ халқы жер-ананы әулие тұтады. “Батпағанға -жер жомарт”, “Жері байдың-елі бай”, “Туған жердің топырағы да ыстық”, “Туған жер-алштын бесік”деп, халық жер –ананыаялайды, баптайды, құдірет тұтады. Халық “топырақ шашып ойнама”, “жерді жамандама” деп, ырым жасап, жер ананы қастерлеуді уағыздайды. Жер тоздыру, өрісті тарылты , бар жерді пайдаланбау, он баптамау-әрі айып, әрі қылмыс.
Жер –жаһандағы тіршіліктің нәрін сіңіріп, өмір сүрудің тірегі болып тұрған құдірет су .Өсімдік, Жан- жануар, құрт-құмырсқа, адамзат сусыз өмір сүре алмайды. Өмірге ең қымбат, ең қажетті нәрсе болғандықтан, халық суды да іулие тұтып, судың шығып жатқан жерін “әулие бұлақ”, “әулие көл” дейді. “Судың да сұрауы бар” деп, суды ысырап жасамау керек екенін халық өз ұрпақтарына ескеріп отырған. “Сулы жер-нулы жер”, “Өзен бар жерде өмір бар ”, “Бұлақ көрсең көзін аш”, “Судай таза, сүтте ақ бол” деп халық өмір тұрмыстың жақсы болуы суға байланысты екенін, сондықтан арна жасай білуді уағызқдайды, “суды улама” деп,судың тазалығын сақтауды талап етеді. Суды дұрыс пайдалана білмегендіктен , Арал теңізінің тартылуы, өзен-көлдердің улануы халықты қатты күйзелтті. Өзен-көлдерден құстар мен аңдардың кете бастауы-қасірет. Ел еңбектеніп,ұрпақтарын табиғат апатына қарсы күреске тәрбиелейді.
Жанды дүниенің өмір ырғағын жасап тұрған құдіретті нәрсе – ауа. “Ауа-өмір тынысы дейді халық”. Тыныс алу тоқтаса, өмір де тоқтайды. “Асар таудың ауасы-аурудың дауаса”, “Ауаны былғама, алланың демі” деп, халық кең ауаны, таза самалды қасиет тұтқан. Ауаны былғау қылмыс деп. есептеген. Ең қымбатты, қажетті нәрсені “ауадай қажет” деп,халық ауаны қымбаттың қымбаты деп. бағалайды. “Желдеткішті жаппа”, “Ауаны қылышпен кеспе”деп, ырым жасап, әулиенің әулиесіндей көреді. Ауаны азарту үшін, көгалдандыру, орман-тоғай өсіру, қорықтарды қорғау ісіне ел ерекше көңіл бөледі. Тіршіліктің төрт тірегін қастерлеу-халық салты, өмір заңы.
Ата бабамыз жыл қайыруды, күн ауыруды ұрпақтарына үйретіп, әрбір жылдың, айдың, күннің ерекшеліктерін айқын білі, айтып отырған. Жыл қайыруда мүшел жылын ерекше атап, мүмкіндігінше мүшел той әрбір он үшінші жылы (13,25,37) аталып, өтіледі, мүшел жасы қасиетті жс ретінде тойланып, ол жасқа дейін ерекше, елеулі өзгерістер болғаны айтылады.
Жыл қайырудағы жыл реттері: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан,жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Халық хайуанаттарды “еті адал”, “еті арам” деп, екі топқа бөледі. Жыл реттеріндегі 12 жыл атауында бірі арам, бірі адал – 6 жұп атаулары бар. Он екі жыл өткен соң, он үшінші мүшел жылы болып, алғашқы атау қайталанып отырады. Әрбір адамның “Мүшел жылы” — өзінің туған жылы (егер барыс жылында тусаңыз, барс жылы қайталанған сайын) мүшел той аталады. Ғасырлар бойы табиғат сырын, хайуанаттардың таңғажайып ерекшеліктерін зерлеп, зерттей білген ата – бабаларымыз, бүкіл өркениетті адамзат қауымы әрбір жылдың өз айырымдарына байланысты атау қойған. Тышқан жылы ел тірлігі мол болады, бірлігі жақсы ел берекелі, мерекелі өмір сүреді. Сиыр жылында еңбек еткен адамның бақыты мол болады. Барыс жылы – сәтті жыл, әркім алдына қойған мақсаттарына жетеді, іс — әрекет құтты болады. қоян жылы да құтты жыл , бірақ кейде бұл жылда жит болуы мүмкін. Ұлу жылында әрекет берекетке жетеді. Жылан жылында табиғат құбылысы құрғақшылыққа ұшырауы мүмкін. Жылқы жылы – мархабатты жыл. Бұл жылда отау тігуді (үйленуді) арман еткен жастар мақсатын орындайды. Қой жылы төлдің басы көп болады, молшылық халықты мерейлендіреді. Мешін жылында тыныштық, жарасым, келісім, татулық халықты қуанышқа бөлейді. Тауық жылы – арманды жыл. Әркім іс ретін тауып, шаруаны білсе, арманына жетеді. Ит жылында қиыншылық көп болады, қиындыққа қымсынбай, он жеңе білу керек. Доңыз жылында тыныштық пен достық үстем болып, жақсы мінезді жайсаң адамдар өмір қызығын көбірек көреді. Тарихта халықтың осы тұжырымдары негізінен нақты келіп, өмір тәжірибесінің айқын көріністерін байқатты.