- Жалпы педагогика ғылымының негізі халық педагогикасында жатыр. Халық педагогикасының бұл саласын этнопедагогиканың және жалпы педагогиканың барлық салаларында ғылыми,іс -әрекеттік негізде пайдалануға болады. Ал халықтың мақал –мәтелдері педагогикамен қатар филолсофиялықдәрістердің де түсініктемелеріне арқау болады.
Бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, тақпақ, жырлар мен ертегілер, аңыз әңгімелер бәрі де тілді, ойды дамытып, тәлім-тәрбие беріп, дүние танытатын этнопедагогикалық ғаламат туындылар. Бұл –халық педагогикасының үлкен бір саласы.
Ауыз әдебиеті қасиетті, киелі дәстүр.Бесік жырының тәрбиелік мәні. Тұрмыс – салт әуендерімен айтылатын бесік жыры бөбекті жұбату үшін және оған тілек айту үшін ғана шығарылған емес. Ең әуелі ырғағы бесіктің тербелісіне сәйкес келетін сабырлы екпінде айтылатын қоңыржай әуен бөбектің сезім мүшелері арқылы оған сүйкімді, сүйсінерлік әсер етіп, жан –жүйесін жадыратады, яғни ұнамды, ұнасымды әсермен бөбекті жұбатады. Екіншіден баланың келешегіне үміт артып, тілек айта отырып, оны жұбатушы ана болашақтың шамшырағы мен нұрсәулесінен қуат алғандай әсерленеді. Үшіншіден, ата –ана жатқа айтқан тілектерді тілі шыққан балдырғандарда жаттап, әрі тілі дамиды, әрі сол сөздерден тәлім алады.
Бесік жырларын мазмұнына қарай: шілдехана жыры, бесікке бөлеу жыры, жұбату және тілек айту жыры деп топтауға болады.
Бесікке бөлеу жыры нәрестені нәрестені бесікке салғанда, қуаныш тілек ретінде, көбінесе көңілді, әуезді әуенімен айтылады:
Мойнымдағы маржаным,
Қорадағы мал –жаным:
Бесігіңе жата ғой,
Тәтті ұйқығы жата ғой
…… құтты болсын есімің,
Құтты болсын бесігің.
Мұның психологиялық, медициналық мәні де зор. Әуен бөбек жанына дем береді.
Үміт тілек:
- Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарың майсып,
Түрлі ою ойысып
Ұста болар ма екенсің?
Бата тілек:
Ала биең құлындап,
Алатауға сыймасын!
Қара биең құлындап,
Қара тауға сыймасын …
Ақылыңмен батыл бол,
Ағайынмен тату бол.
Бағаналы таудай бол,
Жағалалы көлдей бол!
Халық педагогикасының бұл саласы ғасырлар бойы бала тәрбиесіне өз өрнектерімен әсер етіп, қазіргі көркем әдебиет нұсқаларымен дамып келеді.
- Бөбектің отыруы. «Бөбек бес айда белгілі отырады, алты айда анық отырады» дейді халық. Баланың әке –шешесін, жақындарын анық танып, күлу, ренжу әрекеттерін көрсете бастауы, оның өздігінше қимыл әрекеттерін жасаумен ұштасады да,отыруға ыңғайлануы байқала бастайды.
Тұсау кесу. Бөбеук туғаннан кейін жеті –сегіз айдан соң, әуелі еңбектеп содан кейінірек қаз –қаз тұрып, жүре бастайды. Бала тәй –тәй басып жүре бастаған кезде, тұсау кесу рәсімі жасалып, тұсау кесу жыры айтылады.
Тұсаукесер жырлары. Тұсау кесу — әдет –ғұрыптық, ырым –рәсімдік қуаныш мәжілісінде айтылатын жыр. Көбінесе бір жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіріп, оның ата –анасы қуанышқа ортақ жақын адамдарды жинайды да, сыйлы адамға балбөбектің тұсауын кестіреді. Баланың тұсауы ала жіппен немесе қойдың тоқ ішегімен байланады да, тұсау кескен соң тұсау кесушіге сый –сыяпат көрсетіліп, сыйлық беріледі. Тұсау кесілген соң баланы ақ жайма үстімен немесе қалың кілем үстімен жүргізіп:
Қаз –қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Тағы –тағы баса ғой,
Тақымыңды жаз, балам.
Қаз баса ғой қарағым,
Құтты болсын қадамың:
Алға қарай баса бер,
Асулардан аса бер! –
деп ата –ана қуаныш білдіріп, арманг тілегін айтады.
Тұсау кесу жырының бір түрі «тәй – тәй» деп аталады:
Тәй –тәй балам, тәй балғын,
Жүре қойшы жәй балғын.
Қарыс сүйем қаз бастың
Қадамыңнан айналдым.
Тәй- тәй –тәй!
Жүре ғой жәй!
Жаңылтпаш — тіл ширату тәсілі. Халық баланың тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған.
Балбөбектің тілі шығып, балдырған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде, кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала айтады. Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін, қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі –жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса, сөйлегенде де мүдірмей, өз ойын толық жеткізетін болады. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың бала ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой –қиялы дамиды, тәлім алады.
Жаңылтпаштарды халық бала психологиясы мен тілінде болатын мүкістерге сәйкес шығарған.
Халық педагогикасының бұл саласын қазақ ақындары дамыта түсті. Олардың бір ерекшеліктері, ол жаңылтпаштар көбіне әрі тіл ширату, әрі дүниеге таныту, әрі білім беру, тәрбиелеу.
Мысалы:
Тілалғыш Бек
— Тіл алғыш — деп
Мақтасақ біз
Біл алғыс деп, —
білімділікке тәрбиелеп, бүлдіршінге сүйіспеншілік білдірсе:
Бөдене бедене
Көбелек көдене
Бедені – беде де,
Көдені –көде де, —
деген жаңылтпаш арқылы әрі «б», «к», «д» дыбыстарын айқын айтуға жаттықтырса «бөдене» «беде» «көбелек» «көде» деген сөздердің мағынасын жақсы ұғындыруды мақсат тұтады.
Кеспе, өссін тал,
Өссе өсімтал,
Өссе өсін тал
Кеспе, өссін тал, —
деген жаңыльпаш баланы табиғатты қорғауға тәрбиелейді, әрі «с» «т» дыбыстарын айқын айтуға жаттықтырып, баланың тілін ширатады.
- Санамақтың тәрбиелік мәні. Санамақтарды халық, негізінен жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтардың түрлері көп, оның үстіне жаңадан қосыла береді.
- Атау ұйқастырып санау арқылы бала әрі сан үйренеді, оның үстіне санға аты ұйқасқан заттарды танып біледі:
Бір дегенің – білеу,
Екі дегенің – егеу,
Үш дегенің – үскі,
Төрт дегенің – төсек,
Бес дегенің — бесік,
Алты дегенің – асық,
Жеті дегенің –желке,
Сегіз дегенің – серке,
Тоғыз дегенің – торқа,
Он дегенің – оймақ
Он бір қара жұмбақ.
- Саусақ санау ойыны баланы сан үйренуге ынталандырады, көңілдендіреді.
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлық бес ешкі,
Қос –қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге ойлап қой.
- Санамақ айтыста бала санға ұйқас сөз табу арқылы, ақындық қабілетін басқайды. Егер ол ұйқас таба алмаса, айтыста жеңілген болып табылады.
- Бір !
- Бетің кір.
- Екі!
- Маңдайынан шекі.
- Үш!
- Мені жеңбек күш.
- Төрт!
- Төнбесін өрт.
- Бес!
- Белгілі жерден кес.
- Алты!
- Ата – ананың салты.
- Жеті!
- Жемтік қойдың еті.
- Сегіз!
- Қойың тапсын егіз.
- Тоғыз!
- Топас хайуан доңыз.
- Он!
- Оның кигені тон.
- Жаңылтпаш, жұмбақ санамақты айту арқылы бала әрі сан үйренеді, әрі жұмбақтың шешуін тауып, ойын дамытады, тілін ширатады.
Құрық – қырық,
Сырық – қырық.
Қанша болды
Құрық, сырық?
- Ойын санамақтарын балалар «Тоқтышақ», «Жасырынбақ» ойындары үшін пайдаланып, сан жобасын, тақ пен жұп белгілерін ажыратуды үйренеді.
Бірім – бірім,
Екім – екім,
Үшім – үшім,
Төртім – төртім,
Бесім –бесім,
Алтым – алтым,
Алты малтам,
Алтын балтам,
Сары ала қыз,
Саңқылдауық,
Қырмантауық-
Қырқылдауық
Сен тұр –
Сен шық!
Отбасында санамақтың әр бір түрін балаға жаттатып олармен бірге ойнай отырып, ойын дамыту – ата –ананың борышы.
Мазақтаманың негізгі мақсаты – баланың мінін көрсетіп, сынау, оны тәрбиелеу.
- Өтірік өлеңдердің балаларды ой – қиялға тәрбиелеуі.
Өтірік өлеңді дарынды ақындар қиыннан киыстырып, қиялмен әсерлендіріп, қисынды қызықтарға құрып шығарған. Өзгеше әсерлік өтірік өлеңдерді хаолық ықылас қоя жаттап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізді. Авторы белгісіз болғанмен халық аузынан жиналған өтірік өлеңдердің көркемдігі биік, мағынасы терең.
Өтірік өлеңдерді тәрбие ісіне пайдаланудың да тәсілдерін білу керек. Біріншіден: өтірік өлеңдерді көркемдеп оқудың мәнін оқушыларға терең ұғындырып, көркем оқуды ұйымдастыру.
Екіншіден: өтірік өлеңдерді жаттап оны сахнада айтуды ұйымдастырудың тәрбиелік мәні зор.
Үшіншіден: өтірік өлеңді өнер жарыс ретінде екі оқушының кезектесіп айтуын ұйымдастырып, оны сахнада орындаты – оқушының актерлік бейімділігін, өнерпаздығын, ақындық нышанын дамытып, абыройын, білімін арттырады.
Қазақтың халық педагогикасында ойын өлеңдері қызықты ойындардың эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең –жырға деген ықыласын, бейімділігін артырады.
Отбасында ойын өлеңдерін, әсіресе, айтыс ойын олеңдерін балаға айтқызып, олардың тәрбиелік мәнін пайдалана білу – ата –ананың борышы. Ойын баласы ойын өлеңдерін өздерінше де ықыластана жаттапалады, тек олардың ойын сабақтап, үлгі көрсетуді, үлкендер ұмытпау керек.
Мақалдар – нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой түйіндері, сөз мәйегі. Мақалдар, көбінесе өлеңдік өрнекпен, сабырлы, салмақты ырғақпен айтылады, қара сөзбен, яғни шекшендікпен айтылатын мақалдар да бар.
Мәтелдер, негізінен, тұжырым тұспалы өлеңде сыңар тармақты, қара сөзде нұсқалы сөз ретінде айтылады «Өлең — сөздің патшасы», «Қызым, саған айтам, келінім , сен тыңда» т.б. Мәтелде де тура мағынада «Қадіріңді білгенге жұмса» деп және ауыспалы мағынада «Тікен гүлін қорғайды» деп айтылады.
Қазақтың мақал -мәтелдерінің көбірек қамтитын тақырыптары: елдік, ынтымақ, бірлік туралы мақал –мәтелдер.
Өз елім — өлең төсегім.
Батырлық, ерлік туралы мақал –мәтелдер:
Өжет адам — өлімді жеңеді.
Қару күшті емес – қару ұстаған күшті.
Өнер, білім туралы мақал –мәиелдер:
Өнерлі өрге жүзеді.
Төрт түлікке байланысты мақал –мәтелдер:
Қойдың сүті – қорғасын,
Қойды соққан оңбасын.
Егіншілікке байланысты мақал –мәтелдер:
Жері байдың – елі бай.
Адамгершілікке байланысты мақал –мәтелдер:
Жақсыда кек жоқ,
Кектіде тек жоқ.
Әлсіз ат сүріншек,
Ақылсыз адам еріншек.
Мектеп ауыз әдебиеті туралы бағдарламалық материалдарды оқыту оқушыладыфң мақал – мәел жинап, оқулық пен хрестоматиядағы материалдарды толықтыра түсіруіне бьасшалақ етеді. Әдебиет бөлесінің жарнамаларына “кітап – білім бұлағы, білім — өмір шырағы”, “Бьілімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез” , “өнерлі өрге шығар” сияқты мақал – мәтелдер жазылып, ілінеді. Бірінші сыныптан бастап мақал – мәтелдер бірте – бірте үйретіліп, оқушылардың тілі мен ойын дамытудың негізгі бір тәсілі — мақал – мәтелдерді жаттау, мақал – мәтелдерді ел аузынан жинау, оларды түрлі сынып сағаттары мен кештерде, өнер жырыстарында, баспасөзде, радиода қолдана білуге оқушыны бейімдеу мұғалімдердің, әсіресе әдебиет пәні мұғалімдерінің мсіндеті болып табылады.
- Ойын өлеңдері балалардың өлең – жырға деген ықыласын, бейімділігін арттырады.
Қазақтың халық педагогикасындаойынөлеңдеріқызықтыойындардыңэстетикалықәсерінарттырып , балалардыңөлең-жырға дегенықыласын ,бейімділігінарттырады.
Қуырмашойыныәрі баланыңкөңілінкөтеруүшін ,әрі еңбекке тәрбиелеп ,дүниетанымынарттыруүшінжүргізіледі.
Қуыр-қуыр қуырмаш ,
Бидай қуыр , қуырмаш .
Тауықтарға тары шаш
Бас бармақ ,
Балан үйркек,
Ортантерек ,
Шылдыр шүмек
Кішкенебөбек ,—
депқуырмашайтушыбалдырғанныңсаусақтарынсанамалап , жүдырыққа түиеді де,одансоңәрбірсаусаққақызметберіпіске жұмсап , балдырғанның жұдырығынжазады:
Сен тұр — қойыңабар !
Сентұр – жылқыңа бар !
Сен тұр — түйеңебар!
Сен тұр — сиырыңабар !
деп , төртсаусақты түлікмалға жұмсайдыда, ең кішкене саусақтыжалқау , жатыпішер деп :
Ал сен алаңдамай
Қазанның түбін жалап,
Үйдежат!-
дейдіде, оныжатқызыпқойып , ойыншықолбойынан қызықіздейді.
Мына жерде қант бар ,
Мынажерде жент бар ,
Мына жердеқатық бар,
Мына жердеқытық бар !-
депқытықтап ,балдырғандыеріксізкүлдіреді .
Кімкерексиақты қалмақөлеңді.Ақсерек ,көк серек . ойыны үшіншығарылған :
Ақ серекпен көк серек
Шауып алдым бәйтерек .
Бізгесұлуқыз керек ,
Қыз ішінде сізкерек !
Бізге күшті ер керек !
Өзіңе керек -Еркөқбек !
Ойындағыжекеойыншылардыңбейнелікерекшеліктерінеқарайбалаларбұлөлеңді құбылтып , әрлендіріп ,әртүрліетіп айта береді.
Ұшты – ұштыойынықызықтыөтуүшінұйқассөздерді тез тауып ,оны да бірнешетүрлендіріпайтып , ойынбасшысы өзініңақындықауқымыарқылыойыншыларды көңілдендіре біледі:
-Ұшты – ұшты ,сұңқарұшты!
— Ұшты – ұшты , тұлпарұшты !
— Ұшты – ұшты , қарғаұшты !
— Ұшты -ұшты , арбаұшты !
-Ұшты – ұшты , тарғақ ұшты !
-Ұшты –ұшты , жарғақ ұшты !
- Ұшты- ұшты , дауыл ұшты !
- Ұшты — ұшты , қауын ұшты !
- Ұшты –ұшты , үйрек ұшты !
- Ұшты –ұшты , бүйрек ұшты !
- Ұшты –ұшты , қыран ұшты !
- Ұшты –ұшты, жылан ұшты !
- Ұшты –ұшты, қызғыш ұшты !
- Ұшты –ұшты , сызғыш ұшты !
- Ұшты – ұшты , ұзақ ұшты !
- Ұшты – ұшты , түзақ ұшты !