- 1.Қазақ педагогикасының мақсаттары мен міндері:
“сегіз қырлы, бір сырлы”, жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу.
2.Мазмұны:ұлттық салт- дәстүрлер арқылы балаға ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік, дене, денсаулық, еңбек тәрбиелерінберу, мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру.
3.Әдістер:Әңгімелесу, кеңесу, түсіндіру, сендіру, талап ету, кеңес беру, үйрету, көртесу, үлгі көрсету, өтіну, бұйыру, қарғау, сөгу, кінәлау, айыптау, жазалау т.б.
- Түрлері:ойындар, тойлар, еңбек мерекелері, ойын-сауықтар.
- Құралдары:санамақ, жаңылтпаш, өлең-жыр, тақпақ, ертегі- аңыздар, жұмбақтар, айтыстар, сабақтар мен үйірмелер.
- Нәтижесі:“сегіз қырлы, бір сырлы”, жаны таза, тәні сау адам.
- Тәрбиеге себепші күштер: табиғат, еңбек, тұрмыс, салт-дәстүр, өнеркәсіптер, дін, ана тілі, ұлттық ойындар.
- Тәрбие ортасы:отбасы, ауыл-аймақтар, ру, қауым, тайпа, ұлт, мектеп, медресе.
9.Тәрбие объектісі:Бала.
10.Халық тәрбиешілері:Әке- шешесі, атасы мен әжесі, апа, ағалары, ауыл үлкендері, өнер иелері.
- Қазақстандықтардың ұлттық салт- дәстүрлердің марапаттаудың
әлеуметтік мәні.
Тілі басқа, тілегі бір халықтардың салт- дәстүрлер үндестігі.
А) Үйлену және ұй болумен байланысты салт-дәстүрлер үндестігі.
Отбасы – қоғамның бір бөлгшегі. Үйлену өз алдына отау тігіп, түтін түтету ғасырдан- ғасырға жалғасып келе жатқан салт, қоғамдық құбылыс. Қалындық таңдау, құда түсу, үйленумен байланысты салт- дәстүрлер барлық халықтарда бар және мазмұны жағынан бір- біріне ұқсас рәсімдер.
Неміс халқында көп тараған үйлену дәстүрінің бірі қалындық пен күйеуді қонаққа шақырып алғаш танысқанда әр үй үстелге кесек нан қояды. Жас жұбайлар одан ауыз тиіп, қалған нанды себетке салып әкетеді де, одан ертеңгілік көже жасайды. Тойға келген хылық шіркеуге неке тойына барар алдында сол көжеден ауыз тиіп, табаққа күміс ақша салады. Ол ырызықтарың мол болсын, бар, бай болыңдар деген тілекті білдіру рәсімі болып саналады.
Мазақтаманы халық балалардың бірін –бірі мінеуі, сынауы, шенеуі, әжуалауы үшін шығарған:
«Асан жақсы баласың,
Айтқан тілді аласың;
Айтқан тілді алмасаң,
Арам қатып қаласың» , —
деп мазақтама айтушы екінші баланың кемшілігін көзіне айтып,ызаландырып, қажырын қайрайды.
Баланың табиғи кемшілігін айтып, тәрбиелеудің орнына, оның сүйегін жасытатын, тәрбиелік мәні керісінше болатын мазақтамаларда бар, соларды қолданудан сақ болу керек.
Қазақ халық педагогикасындағы аса бай мұра – батырлық жырлар. Батырлық жырларда ел қорғау, басқыншыларға қарсы күресу кезінде көрсеткен батырлардың ерліктері жырланады, батырлардың от басына, еліне,Отанына деген сүйіспеншілігі — шынайы патриоттығы дәріптеледі.
Батырлықжырлардыњ дүниетанымдық және тєрбиелік мєні.
Қандай шығарма болса да, оныњ негізгі мақсаты – тәрбие. Ауыз әдебиеті — халықтың ой-санасы мен мінез – құлқын қалыптастыратын тарихи мектебі. Батырлық жырлар – сол мектептің маңызды құралы.
Батырлық жырлар эмоциялық әсермен тыңдаушының ынтасын арттырып, көріктілігімен көкейге қонады: ол шаттандырады, ондағы трагедиялық және қуанышты жайларды тыңдаушы өміріне, тебірене сезініп, ыстық жаспен, ынталы ықыласпен қабылдайды. Сондықтан ақын болмаса да, асыл жырларды жаттап алушылар кµп болған. Жаттампаздық құрғақ жаттау емес, жадына жақсыны сақап, өнегелі өмірге пайдалана білуді халық әрқашан да мақсат еткен. Ел Ер Тарғындай ер болуды, Қобыландыдай батыр болуды, Қамбардай қамқоршы болуды ұрпақтарына үлгі еткен.
Қара түнекті, қайғылы, қасіретті заманда эпостық шығармалар халықтың көңілін сергітті , ерлікке құлшындырды, ойын өрістетті , келешекке сенімін арттырып, намысын қозғады. Жарқын жырлардағы парасатты ой сәулелері жалпы жұрттың жанын жадыратты. Ондай шығармаларды жұрт жалықпай тыңдап, жан азығы етті.
“ Сөз сүйектен өтеді ” деген халық, сөз өнерін тәрбиенің күшті қаруы етіп, өмірге пайдалана білді. Өмірдіњ өзі түсіндіретін халық философиясы ауыз әдебиеті болды.
“Қара қылды қақ жаратын ” әділдік, арды, намысты аяққа басқан зұлымдық, ел сүйіндірген ерлік, дарқан ойлы даналық, қояннан жаман қорқақтық эпостық жырларда айқын сарапталып, ақылмен екшеленіп, ерекше әсерлерімен тыңдаушыларын баурап отырды.
- Қаршадайынан халықтың ауыз әдебиетін сүйе тыңдап өскен әрбір қоғам мүшесі еліне пайда тигізетін ер болуды армандады. Жеке адамдардыњ жетесіне жеткен қара бастың қамын ойлайтын психологияға эпостық жырлардағы халықтық ойлар қарсы қойылып отырды. Халық ер мен езді, ақылды мен ақымақты, еңбекшіл мен тірліксізді айқын бағалап, ұрпақтарына жақсыны үйретті, жаманнан жирентті.
Тәрбие мүддесіне сай, халық эпостық шығармаларға тыңдаушы сезінетіндей етіп, эмоциялық әсері күшті сюжеттер ендірді, мінездеу мен кульминация неғұрлым әсерлі болуын қарастырды, жеке образдар көркем де шебер жасалынып, есте мәңгі қалатындай әсерлі болды, ой түйіндері өнегелі өрнекпен құрылды.
Ғашықтық жырларда мөлдір махаббат қастерлене жырланады. Әйелдерде зорлық неке мен қорлауға қалың малға сатуға /әйелдің шашы ұзын –ақылы қысқа/ деп кемітуге қарсы, махаббат беріктік, адалдық жырланады. Онда ескілікке қарсы күресіп, махаббат еркіндігін, әйелдіњ бас бостандығын аңсаған жалынды жастар бейнесі суреттелінеді. Олар ескіліктің шырмауын бұзып, жаңаша өмір сүруді армандайды, сол арманға жету үшін аямай күреседі, күрес үстінде махаббат құдіреті ,ерлік салтанаты, жан қиарлық достық көрінеді, заман ағымына байланысты, олар қаншы күрессе де, көпінесе өз мақсаттарына жете алмай мерт болады.
Ғашықтық жырлардың трагедиямен аяқталуына да халықтық азатшылдық арман – мүддесі бар.
Мөлдір махаббат иелері Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу.
Батырлық жырлар мен ғашықтық жырлар – эпостық шығармалар деп аталады. Халық эпостық шығармаларды тәрбие ісінің аса маңызды құралдары деп қарайды, ол жырларды қастерлеп, жаттап алып, ұрпақтан –ұрпаққа мұра етеді.