- Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының, фольклорлық шығармаларының шығу тарихы мен тәлімдік мәнін тұңғыш зерттеп, ғылыми еңбек жазған, қазақ мәдениетінің орыс, батыс, ғалымдарының тануда ерекше еңбек еткен ғалым Шоқан Уәлиханов (1835-1865) болды.
Кадет корпусында оқып, шығыс халықтарының әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілігі мен тілін, дінін жақсы білетін осы саясатты іске асыруға қолайлы кеді. Шоқан Уәлихановтың батыс-сібір генерал губернаторының тапсырмасымен 1856-1857 жылдары ұлы жүз қазақтары мен қырғыздар арасында, қыайдың Жонғария даласына бару сапары да осы саясаттың жалғасы еді. Ол өз халқының тарихына, мәдениетіне, ауыз әдебиетіне,діни көзқарасына терең көз жібере зерттеп, он орыс, батыс зиялыларына таныстыруды мақсат етті.
Шоқанның қазақтың салт-дәстүрлері мен Діни наным-сенімдерін зерттеу еңбектерінің құндылығы: біріншіден, ғылыми ауқымының кеңдігімен көзге түсті. Ол XII-XIXғ.ғ. арасында өмір сүріп, бүкіл Шығыс халықтарының мәдени мұралары туралы еңбек жазып, пікірайтқан: Марко Поло, Бабыр, Рашиди, Махмуд Хайдари, Мейндорф, А. Левшин, т.б. батыс, шығыс ғалымдарының еңбектерін оқып, салыстыра отырып тарифи шындықтың бетін ашуга тырысқан. Екіншіден, Шоқан қазақ мәдениетін көрші өзбек, қырғыз, турікмен, қарақалпақ, монғол, қытай, татар мәдениетімен байланыстыра қарастырып, олардың бір-біріне тигізетін игі әсерін жан-жақты сөз еткен.Қай халықтың болмасын, жалғыз өзіне ғана тән салт-дәстүрінің болмайтынын, шаруашылық кәсібі мен мәдени тұрмыс-тіршілігі аралас елдердің бір –біріне тигізер әсерінің сөзсіз болатынын мұқият ескерген. Үшіншіден, Шоқан көне тарихи мұраларға сын көзімен арап бағалаған, сал-дәстүрлердің озық үлгілерін тозығымен ажырата талдаған. Шоқан еңбектерінің тағы бір құндылығы салт-дәстүрлер мен фольклорлық шығармалардың тәлімдік мәніне баса көңіл бөліп, он халыққа білім-беру ісімен байланыстыра зерттеген.
Әсіресе, қазақ халқының төрт түлік малды киелі жануарлар ретінде қасиеттейтініне, соның ішінде жылқы малын жеті қазынанаң бірі деп танып өте-мөте қадірлей тіліне сүйене арап, ұрпаққа беретін ұлттық тәрбиенің осы бір қасиетті бөлімін қастерлей білуді уағыздайды. Тіпті, мал сатқан қазақтың өз малының “ сілекейін сүртіп алып қалуы” малды сүю ғана емес, он киелі деп. есептеп мал. күту шаруашылығына келешок ұрпақты тәрбиелеудің белгілері деп. көрсетеді. Сон дай-ақ “аққуды атпа” , “үкіні үркітпе” “көк қарғаның ұясын бұзба”, “құстың жұмыртқасын жарма”деген тыйымдардың зор экологиялық-патриоттық тәрбиелік мәні бар екенін жастарға үлгі өнеге тұтады.
Шоқан Уәлиханов ел ішіндегі діни наным сенімдердің күшті кезінде өмір сүргеніне қарамастан, қараңғылық пен надандыққа қасты күрес ашты, қай халықтың болмасын салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарындағы озық үлгілерін ортақ мұра етюді мақсат тұтты. Ол мәдениет пен ғылымды бүкіл адам баласының бәріне бірдей ортақ рухани байлықтың қайнар бұлағы деп қарады. Ол бодандықтан құтылу жолдарын халыққа білім беру ісінен, ұлттық мәдениетті дамытудан іздеді. “Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп, тез сөнген ” қазақ ғалымы өз халқының болашағына сеніммен қарап, әсіресе, қазақ халқының ауыз әдебиеті мен игі дәстүрлерін бағалай біліп, ұлттың ұлы қасиеттерін дамыта беру қажет екендігін дәйекті материалдар арқылы дәлелдеп берді.
Ы.Алтынсариннің тәлімгерлік мұралары.
Қазақ халқының Әл Фарабиден кейінгі ұлы педагогы қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы ұстаз, ақын жазушы Ыбырай Алтынсарин 1850-1857 жылдары Орынбор шекаралық комиссиясында оқып, ол оқуды үздік бітірді де, қазақ даласындағы ағарту жұмысын қолға алуға бел байлады.
Жаңашыл педагог батыс, шығыс әдебиеті мен мәдениетін жан-жақты зерттеп, оны қазақ халқы үшін пайдаланды. 1860 жылы ол қазақ балалары үшін мектеп ашуга (Торғайда) рұқсат алды. Ол: “ Мен қазақ жастарының классикалық гимназияларында ауыл шаруашылық академияларында оқып, білім алуын өз халқына қызмет етуін, жаңалықты іс жүзіаңалықты іс жүзіін жоғары мұрат деп білемін” деп. жазды.
Ұлы педагог мұғалім болу үшін әрбір ұстаз ұстаздық қасиеттерін қалыптастыра білу керек екендігін өнеге етуді. “Мұғалім баланы тәрбиелеуші, оның қамқоршысы, егер бала бір нәрсені білей галса, ол баланың кінәсі емес, оған кінәлі балаға түсіндіре алмаған ұстаздың өзі. Ұстаз балаға сыбырмен, салмақты қысқа сөйлеу керек, ол әрбір пәнді балаға түсіндіргенде ықыласымен қарапайым тімен, бос сөзін нақты түсіндіруге тиіс”- дейді.
Ы.Алтынсарин қазақ әліппесін ұлттық ерекшеліктерге сәйкес құрып, қалыптастыруды арман етті. Ұстаз- ақын, жазушы бала оқыту мен тәрбиелеуде ауыз әдебиетін жалғастырытын балалар әдебиетінің негізін қалады.
“Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы”деген еңбегінде тәжірибелі ұстаз тіл үйренудің нақтылай әдістемесін түзді.
Ы.Алтынсарин өзінің біраз еңбектерін қазақ халқының салт-дәстүрлеррінің ерекшеліктерін зерттеп, этнографиялық очерктер жазуға арнады. Ол 1870 жылы Ресей георграфия қоғамының “Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлу және оған ас беру дәстүрлерінің очеркі” мен “ Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очерктері” атты екі еңбегін жазып тапсырды. Бұл еңбектер орыс зиялы қауымына қазақ қоғамының әр алуан тұрмыс-салт ерекшеліктері туралы түсінік берген тұңғыш жазба еңбектері еді.
Сондай-ақ бұл еңбектерінде ас беру де ат жарысы, палуан күресі, көкпар т.б. ойындар болатыны, ас беру рәсімі 63 жастан (пайғамбар жасынан) асып өлген атақты, бай адамдар құрметіне жасалатыны, ал, ас тартар кезде, үй иесінің жылына арналған тұл ат сойылып, қаралы белгілер алынып, ауыл бұрынғы қалпына келтірілетіні, өлген адамның ұстаған заттары(ертұрман, сауыт-сайманы, сәнді-киімдері) құда –құдағилар мен құрбы-құрдастарына таратылып берілетіні, бұл өлген адамның жақсы қасиеттері көпшілік жұртқа тарасын деген ырымнан шыққаны баяндалады. Сондай-ақ, қызды өте шастай күйеуге беру немесе он жасар ұлды, әменгерлік заңымен, күйеуі өлген ағайынның өзінен екі-үш есе үлкен балалы әйеліне де үйлендіре беретін әдеттерін сынайды. Өлген адамның жас інісі болмаса күйеуінің алпыс-жетпістегі шал ағайынына тиюге тиіс болғанын, “жесір ерден кетсе де, елден кетпейді” деген әмеңгерлік заңға бағынып келгенін әшкерелейді. Ал жас жесір әйел бас бостандығы үшін күресуге талпыныс жасап, өз сүйген жігітімен қашып кетсе, оның аяғы дау-жанжал төбелес, шабысқа, тіпті кісі өліміне дейін баратын болған. Сондай – ақ әйелі өлген шалдар немесе бала көру үшін тоқал алатын байлар жас қыздың өмірін ойыншыққа айналдырып, қызды еріксіз қалың малға сатып ала беретінін айыптайды.
Ыбырайдың қазақ халқының сал –дәстүрлерін зерттеудегі мақсаты дәстүрдің озығы мен тозығын ғылыми түрде талап өзінің көзқарасын білдіре отырып, мән- мағынасын ашу, озық дәстүрді тәрбиенің құралы ету еді.
Халқы үшін жар құлағы жастыққа тимей, оқу азарту жолында аянбай еңбек еткен Ы. Алтынсариннің ғылыми және әдеби мұраларының бүгінгі жастарға берер ғибраты мол, асыл мұра екені даусыз.
Қазақ халқының жазу әдебиетінің негізін қалаушы ұлы ақын Абай халықтың азарту ісін өркендету үшін шығыс және батыс мәдениетін Жан-жақты зерттеп, сол мәдениет негіздерін өз халқына үлгі-өнеге етіп көрсете білді.
Абай Шығыс мәдениетінен ақындық пен шешендік өнерін, мұсылмандық ғақлияларды танып, он халыққа ұсына білді.
Абай Батыс мәдениетінен ғылым негіздерін, көркем әдебиетті үйренуді уағыздады. Абай өлеңдерінің эстетикалық тәрбиелік мәні зор. Абай шығармаларындағы табиғат лирикаларында табиғат пен адамның бейнесі, іс-қимылын ақын үйлестіре жырлап, әрі табиғат көркемдігіне оқушы мен тыңдаушыны қызықтырады, әрі сол кездергі адам бейнесін суреттеп көркемдікті, адамгершілікті сезіндіре, әсерлендіре тәрбиелейді.
Абай өлеңдері еңбекке, ғылым, өнер үйренуге, адамгершілікке тәрбиелейді.
2.Қазақ этнопедагогикасын зерттеп дамытудағы А.Құнанбаевтың ролі.
Ұлы Абайдың қара сөздері қазақтың ұлттық педагогикасына асыл арна болып қосылған педагогикалық (тәлім-тәрбиелік) тұжырымдар. Данышпан ақын көсем сөз арқылы да өзінің дүниетанымдық, тәрбиелік ойларын оқушыларына қарапайым баяндап, әсіресе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, іршіліктен іс-әрекеттік кемшіліктерді кесіп айтып, елді түзеп, ерді тәрбиелеуге терең ой жұмсаған. Бірінші сөзінде ойшыл адам отты ойларын қағаз бетіне түсірсе, ол да тәрбие десе, екінші сөзінде халықтың қасіретсіз өмір сүруі үшін басқа халықтардан үлгі алып, ұрпағын еңбекке тәрбиелеуін уағыздайды. Абай үшінші сөзінде қазақ халқының “бірінің –біріне қаскүнем болатынын, бірінің тілеуін бірі тілдеспейтінін, рас сөзі аз болатынын, қызметке таласқыш, өздерінің жалқау болатындарының себебі не” деп оның ұлттық кемшіліктерін атап көрсетеді, мұның бәрі тек малды ойлап, малға бейімделіп бара жатқан халықтың достықты ойлап, бірлікке бейімделіп, еңбекке дағдыланып, жағымпаздық пен жалқаулықтан аулақ болу керек екенін уағыздайды.
Абай қазақтың салт-дәстүрін сөз қылғанда белгілі мақсат көздеген дәстүрдің озығын дәріптеп, дәурені өткен тозығын үнемі айыптап отырған. Мысалы, “Аса, тойға баратұғын” деген он ауыз өлең жолында қазақтың қыз айттыруы, ел шетіне жау шапты дегенде ел намысын қорғауға аттанған ердің қапыда жау қолынан қаза табу, оң жақта отырған қалыңдықтың зар еңіреп жесір қалуы, адал махабаттың иесін арудың сүйген жарының қазынасына шыдай алмай өлуі жырланады. Ақын осы арқылы жастарды елді, жерді сүюге тәрбиелеуді, шынайы махаббат жолында жанын пида еткен жастарды өзгеге үлгі-өнеге етуді мақсат тұтады.
Бұл Абайдың, біріншіден, ақындық шеберлігін білдірсе, екінші-халық дәстүрін дәріптеп, ел жақсысының жақсылығын кейінгі ұрпаққа өнеге-үлгі етіп ұсынуының айғағы.
Белгілі қоғам қайраткері, ғұлама түрколог, жазушы, публист, ағартушы – педагог А. Байтұрсыновтың өмір жолы Қостанай облысында басталды.
1882 – 1884 жылдары ауыл мектебінде, 1891 жылы Торғайдағы орыс – қазақ училищесін, Орынбор мұғалімдік мектебін бітірген. 1895 – 1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде мұғалімдік қызмет атқарады.
1913 – 1917 жылдары “Қазақ” газетінің редакторы, 1918 – 1919 жылдары Алашорда қатарында, 1919 жылдан қазақ өлкесін басқаратын әскері – революциялық комитеттің мүшесі, 1922 – 1925 жылдары Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы Ғылыми әдеби комиссияның төрағасы, халық ағарту комиссары, Қазақ АССР Орталық атқару комитетінің мүшесі, 1925 – 1929 жылдары Қазақ Халық ағарту институтында (Ташкент) және КазПи- де оқытушылық қызмет атқарады. 1938 жылы халық жауы ретінде ұсталып, өлім жазасына кесілді.1988 жылы ел –жұрт алдында ешқандай кінәсі жоқ екендігі анықталып, толық ақталды.
А. Байтұрсынов барлық саналы өмірін қазақ қоғамында білім – ғылымның дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. А.Байтұрсыновтың алғаш ағартушылық ой – пікірлеріне 1913 – 1917 жылдары Орынборда шықан “Қазақ” газетінде жариаланған мақалаларынан айқын көріне бастады.
- А.Байтұрсыновтың мұғалім кадрларын даярлауға қосқан үлесі.
А.Байтұрсынов туған халқының ғылым – білімге ұмтылуын, әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады. А. Б айтұрсынов “Қазақ”газетінің 1914 жылғы 62 – санында “Мектеп керектері” деген мақаласында Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, әдістемеден хабардар оқыта білетін мұғалім.
Екінші – оқыту ісіне керек құралдар қолайлы болуы.
Үшінші – мектепке керегі белгіленген бағдарлама.
А.Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына да көп күш жұмсады. 1902 жылдан бастап ашылған үш жылдық бастауыш мектептерде шәкірттер сауатты алдымен орыс тілінде ашатын. 1912 жылы А.Байтұрсынов қазақша оқу құралы әліппені жазды.
А.Байтұрсынов 1926 жылы “Әліпбидің ” жаңа түрін осы күнгідей суреттермен берілген әліппе кітабын жазды. 1912 жылы мектеп балаларына сауаттандыратын “Оқу құралын” жазғаннан кейін көп ұзамай мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1- ші бөлімі “Тіл құралы” деген атпен 1915 жылы жарық көрді. Осы кітаптың морфологияға арналған 2 – ші бөлімі 1914 жылы, синтаксиске арналған 3 – ші бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше рет қайта басылып, пайдаланылып келді.“Тіл құралы” қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс.
Оқулықтың тағы бір құндылығы қазақ тілінің грамматикалық басты салалары – фонетика – дыбыс туралы ғылым, морфология – сөз құрамын зерттеу, ал синтаксис – сөйлем құрылысын зерттеу т.б. деп саралап тұңғыш ғылыми жол салуында болып отыр. А.Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы. Ол қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Осы салада бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда “Баяншы” деген атпен әдістемелік кітапша шығарды. Ол алдымен қазақша сауат аштыруды көздеп “Оқу құралды” жазды, онан соң қазақ тілінің ғылыми грамматикасы “Тіл құралын” ұсынды, тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін көздеп “Тіл жұмсарын”, 4 – ші сауат аштыру, тілді оқытудың әдістемесі “Баяншыны” жазды.
- “Әдебиет танытқышының” өзінде ғана психологияға қатысты ой – пікірлер баршылық. Мұндағы “Көрнек өнері”, “Сөз толғау”, “Лұғат әуезділігі”, “Жан жақтау”,“Жан қоштау”, “Көріктеу”, “Ес ұғымы”, “Іс ұғымы”,“Зейіндеме”, атаулар мен ұғым – түсініктерде, жұмбақ, жаңылтпаш, айтыс, толғау, терме, тақпақ, жарамазан, бата, мақал т.б. әдебиеттану ғылымына қатысты пікірлерінде халықтың психологиялық көзқарастарымол.
А.Байтұрсыновтың психология ғылымының төңірегінде ой қозғаған пікірлері “Әліппе – таңбалар жұмбағы” – дейтін еңбегінде елеулі орын алған.
А.Байтұрсынов адамда жазу дағдысының қалыптасу жолында психологиялық тұрғыдан түсіндіреді.
Сталиндік зұлмат пен тоқырау жылдарында ұлт саясатының бұрмалануы қазақ тарихын баяндауға да кері әсерін тигізіп келгені анық.Соңғы 60-70 жыл бойы “келешектің нұрлы сарайы- коммунизмді орнатамыз, бірыңғай тіл, бірыңғай мәдениет болады” деген коммунистік қағиданы басшылыққа алған тарихшы, педагог ғалымдарымыз кең-байтақ дала халқының елдік тарихын бұрмалап, “қазақ халқы ғасырлар бойы қараңғы, надан, көшпелі, мешеу дәуірді бастан кешірген, олардың қазан төңкерісіне дейін екі-ақ проценті сауатты болған, осынау көшпелі, надан халықты Октябрь шұғыласы, коммунист партиясы ғана құлдықтан құтқарды”-деп, тек жалаң жамандаумен болды.
Кеңестік дәуірдегі Коммунистік партияның ұлт саясатында үздіксіз марапатталып келген ұлы орысшылдық пен тоталитаризм идеясынан адам психологиясында әбден қалыптасқан, бірінші сортты “ұлы халық”, екінші сортты “кіші халық” деген жаңсақ пікірдің түп тамыры бұдан 270 жыл бұрын қазақ даласына орнай бастаған орыс патшасының отаршылдық саясатының әсерінде жатқанын айқын аңғаруға болады.
Олар қазақтарды “үйренері жоқ, тағы халық”- деп үнемі кемсітіп, қорлап келді. Мәселен , патша үкіметі қолдаған осындай жексұрын саясаттың мәнін бұлтартпай әшкерелейтін бізге жеткен түпнұсқа құжаттардың бірінде жоғары мәртебелі бір шенеуніктің орыс патшасына жазған хатында былай делінген: “Мен қырғыздарға, жағдай туғызып, көзін ашып, оларды Еуропа халықтары көтерілген деңгейге жеткізу қажет дейтін кейбір филантроптардың ниетінен аулақпын. Менің барынша тілейтінім- қырғыздардың, мәңгі- бақи көшіп жүретін малшылар болып қалуы, олардың ешуақытта егін екпеуін, ғылымды ғана емес, қолөнерді де білмеіун шын ниетіммен тілеймін …”,- дейді.
Н.Ильминский ұсынған оқу құралында оқудың білімдік мәнінен гөрі, діни насихат жағы басым болды. Ильминский өзінің миссионерлік пиғылын жақтас-шәкірттері арқылы жасырын насихаттап отырды. Оған бір мысал Ильминскийдің бұрынғы шәкірті, Орскідегі мұғалімдер курсының директоры А.Г.Бессеновтың үстінен Ы.Алтынсариннің 1889ж. 20 ақпанда Орынбор шекара комиссиясының председателі профессор В.В.Катаринскийге жазған шағым хатында былай делінген:
“Сізге өте бір қайғылы хабар білдіруіме тура келіп отыр. Бақсам, ол оқытушылар мектебінің 3-ші және 4-ші кластарында оқушылардың қарсылығына қарамастан, бір ай бойы інжіл мен оның парыздарын уағыздай бастапты. Осының нәтижесінде, бір жағынан ол оқушыларға өшігіп, қатал қарай бастапты да, екінші жағынан оқушылар оқудан бас тартыпты. Тіпті ол шәкірттерін залым деу сияқты сөздермен сөгіп, оларды кластан желкелеп шығуға дейін барыпты. Мұндай іспен орыс-қазақ мектептерінің келешегін мүлде бүлдіріп алуымыз мүмкін ғой.
А.Г.Бессоновты масқара жанжал көтеріліп кетпей тұрып басқа жерге аударуды, орнына басқа біреуді тағайындаудың жәйін қарастыруыңызды өтінемін”.
- ХІХ ғ. екінші жартысында қазақ даласы саяси сенімсіз адамдардың жер ауып келген екінші отанына айналды.А.Герцен,Б.Белинский, Н.Чернышевский,Н.Добролюбов сияқты орыстың революционер-демократтарының ықпалында болған Т.Г.Шевченко, Ф.М.Достоевский, В.Н.Майков, С.Ф.Дуров, Е.П.Михаелис, т.б. орыс, украин халқының демократ ұлдары қазақ даласында айдауда болып, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин,А.Құнанбаевтардың ағартушылық демократиялық көзқарастарынң қалыптасуына игі әсер етті. Орыстың алдыңғы қатарлы демократ-ағартушы зиялы қауымы қазақ мәдениетіне шынайы достық көзқараста болды. Мәселен, орыстың М.Вяткин сияқты атақты тарихшылары қазақтар туралы осындай үстірт пікірдің шындыққа сай келмейтін айта келіп, “Дұрысын айтсақ, қазақ халқының мәдениеті Қазақстанның тереңіне әкетеді”.
Батыс ғалымдарының ішінде бұдан жеті ғасыр бұрын қазақтар туралы ең алғаш қалам тартып, жылы лебіз білдіргендердің бірі жазушы, әрі саяхатшы Италия ғалымы Морко Поло (1245-1324) болды. Ол өзінің “0 разнообразии мира” деген кітабында дүние жүзіндегі әр түрлі халықтардың тұрмыс- тіршілігін, салт- дәстүрлерін әңгімелей келіп, қазақтардың бие сүтінен қымыз ашытатынын, ұзақ жолға жарақтыат мініп, жол азық алмай ет асыпжейтін шөңкесі мен баспана шатырын алып, “Ер азығы мен бөрі азығы жолда” деген тәуекелмен жүре беретінін, атына жіне өзіне қажетті азықты жол-жөнекей тауып жейтінін, малға ен, таңба салатынын, жоғалса немесе ұрланса, сол белгілер арқылы тауып алып, ұрланған адамға жеті қамшыдан үш жүз қамшыға дейін дүре соғу айыбын кесетінін сөз етеді.
Ұлт ойындары қоғамның өзгеруімен байланысты әлеуметтік- ‘экономикалық жағдайдың негізінде дамып ,жаңарып , жетіліп отырған . МәселенҚазақстан жерінде алғашқы қауымдық құрылыста: аң аулау , таяқ жүгірту ,садақ ату , қақпатас , қара тас ойындары пайда болса, келесі дәуірде қайталау – жаттығу нәтижесінде0 бұл ойындар аң аулау , бүркіт салу , құс салу , садақ тарту , жамбы ату , карачие- найза лақтыру , қақпан – тұзақ құру т.б. спорттық ойындардың аттары өзгеріп , мазмұны байый түскен .
Неміс ғалымы Александр Гумбольд 1829 жылы орыс өкіметінен арнайы рұхсат алып Каспий теңізінің бойына, Орал мен Алтай, Орынбор ,Семей, Өскемен қалаларына саяхат жасайды. А . Гумбольд қазақ жерінде жүріп , көшпелі халықтың өмірі жайындағы ойға түйгенін , Канкрин мен Шеллерге жазған хатында: « Мен қазақ ауылында болған кезімді аса құрметті кезең деп есептеймін . Мен өмірімде осындай қысқа уақыт ішінде мұндай үлкен тарихтан осыншама мол материал жинап көрген емес едім . Бірақ бұл кең дүниенің ортасында болғандықтан да солай болу керек » дейді .
Француздың атақты жазушысы А. Дюма «Из Парижа в Астрахань» деген еңбегінде ұлына жазған хатында «Қымбатты ұлым , сенің хатың мені Астраханьда қуып жетті . Менің саяхаттағы өмірімнен мағлұмат алғың келсе , алдымен қолыңа Россияның картасын ал, Астрахань қаласын тап. Біздер мұнда келгеннен кейін Каспий теңізінің жағасында аң ауладық, құс салдық. Бұл күндері мен үлкен тойдың, ойын- сауықтың куәсі болдым. Келген қонаққа сый көрсетумен мұндай ойындар өткізуді әзірше мен көрген елде, жүрген жерде кездестірмедім. Мұндай ойын-сауықтың өтуіне себепші болғандықтан, маған қаракөлден тігілген тон кигізді» дейді.
Ал ұлты француз, өзі Ресей Ғылым академиясының мүшесі П.С.Палластың «Ресей империясының түрлі аймақтарына саяхат» атты кітабында жалпы қазақ тұрмысына көз салып, оның ішінде бақсы балгерлерді әр жікке бөле қарастырса, венгер ғалымы А.Вамберидің «Орта Азия очерктері», «Орта Азияға Саяхат» деген еңбектерінде Бұқар хандығындағы қазақтарға байланысты ой қозғалады.
«Ел кезген сапарларымда,- деп жазады А. Вамбери ,-олардың тұрақ –мекендерін кездестірдім, халқының сан мөлшері туралы сауалыма үнемі «әуелі даладағы құмды, сонан соң ғана қазақтарды сана »-деп күле жауап береді.
Француз ғалымы Элизе Рекло (1830-1905) “Арал-Каспий көлбеуін мекендеуші халықтар” атты еңбегінде қазақтар туралы жоғарыда айтылған пікірлерді қуаттай отырып, ол: “… бүкіл Ресейдің көлеміндей жерді , Еділ жағалауынан Алатауға дейін, Амударияның ағымынан Ертіске дейінгі өңірді алып жатқан екі миллиондай адамы бар (халық саны ол кезде 4 миллионнан астам болатын.-СҚ) Қазақ ұлты Азияның көшпелі нәсілінің ішіндегі ең өсіп өнген ел, бірақ бөлшектенуі де шексіз: қазақтар өздерін қанша жел ұшырса да мұрты сынбайтын теңіз құмына теңейді. Белгілі шығыстанушы ғалым Г.клапорт 1825 жылы желтоқсанда Париждегі “Азия журналы” бетінде француз тілінде жарық көрген “Қазақ тілі жайлы” деген мақаласында қазақтарды манғол тегіне жатқызуға байланысты жаңсақ пікірге ғылыми тойтарыс беру мақсатын көздесе , Р. Карутстың “Маңғышлақ түрікмендері мен қазақтардың арасында” атты кітабы сол кездегі қазақ тұрмысын біршама байыпты қарастырылған