XVIII ғ. жас ұрпақты тапқырлыққа, шешендік өнерге тәрбиелеудегі билердің ерекше ролі.

1.Қазақ ұлтының даму мен қалыптасуына зор үлес қосқан хандар мен сұлтандар, билер мен жыраулар, батырлар мен ақындар: Жәнібек, Керей, Асан Қайғы, Мұхаммед-Хайдар Дулати,Қадырғали Жалайыри, Қасым, Есім, Хақназар, Тәуекел, Тәуке , Қазтуған, Ақтанберді, Шал, Әнет, Төле, Қазыбек, Әйтеке, Әбілқайыр, Абылай, Бұқар, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек, Сырым т.б. көптеген адамдар болды. Аузы дуалы ақылгөй жыраулар мен шешен билер жалпы жұртқа өнегелі сөздерімен,өлең –жыр толғауларымен зор ықпал етіп,халықты ел боуға,берек елі бірлікке шақырып, қоғамдық өмір сахнасына шыға бастады.

Қазақ жырауларының толғау тебіреністері, қанатты сөздері өзінің тәлімдік шарапаты жағынан ғана емес, сонымен бірге рухани, эстетикалық, отаншылдық мәні жағынан да аса маңызды болды. Жыраулар жауынгерлік заманда хандар мен бектердің, қолбасшы батырлардың ақылгөй кеңесшісі болып, жорыққа бірге аттанды, ру –тайпаларына басшылық етті, сұрапыл қанды майдан көріністерін жырға қосты, ерлікті мадақтады, шепіт болған батырларды жоқтап, ел қайғысын бөлісті.

XV-XVII ғасырлардағы жыраулар шоғырынан өздерінің тәлімдік идеяларыменАсан Қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар жырау секілді дала философтары ерекше көзге түскен еді. Халқының қамын жеп , оның береке-бірлігін, келешегі бағытын, көгерер күнін аңсаған Асанқайғы өз отандастарының алғағы тағдыры не болмақ деген толғаныспен күн кешті. Содан да болар, ел аузында оның есіміне “қайғы” деген ат қосылып аңызға айналды.

Қазақтың халық педагогикасының ең алғашқы іргетасының қалана бастауына негіз болған Асан Қайғының, Мұхаммед-Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайри, Қазтуған, Шалкиіз, Үмбетай, Сыпыра, Доспамбет, Бұқар, Жиембет, Марғасқа т.б. көптеген ақын-жыраулардың шығармаларын атап өткен жөн.

XV-XVII ғасырларда өмір сүрген қазақ ақын-жырауларының поэзиясынан ғасырлар сырын, халықтың салт-ддәтүрін, ой-арманы мен тілек мақсатын айқын аңғарамыз. Өйткені, жыраулар толғауларынан халықтың небір нәзік сырлары, мұң-мұқтажы, ой-толғанысы, қуаныш-сүеніші, келер ұрпаққа аймар өнегелі өсиеті өзекті орын алған. Яғни олар халықтың тәлім-тәрбие мектебінің ұлағатты ұстаздарының ролін атқарды.

Қазақтың тәрбие мектебі –ақын жазушылар мен билердің өсиеттері, ғибраттары және халық марал-мәтелдері, тыйым сөздері мен ұлттық салт-дәстүрлері, әдет-ғұрпы десек артық болмайды. Халақтық осы қағидалар шын мәнісінде жас ұрпақ түгілі ересек адамдарға да алкен әсерін тигізді, ұлттың сана –сезімін оятты, тәлімдік-тәрбиелік, танымдық мектебіне айналды. Жалпы XV-XIXғ.ғ. ақын жыраулар поэзиясын сөз еткенде олардың халық үшін еткен еңбегіне, ой қиял өрістеу өресіне, қимыл, әрекет-ісіне қарай үш топқа бөліп жауынгер жыраулар:(Доспанбет, Жиенбет, Ақтанберді, Махамбеттер); мәмілегер (Асан Қайғы, Сыпыра жырау, Үмбетей, Бұқар); тәлімгер (Шал, Базар, Майлықожа) жыраулар депшартты түрде жіктеуге болады. Ақын жыраулар өлең –жырларымен де, өнегелі ісімен де халыққа белсене қызмет етіп ел ұйытқысы, тәлім-тәрбие мектебінің ұстазы бола білді.

Қазақ ауыз әдебиетіндегі шешендік сөздерді мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау деп үш топқа бөлуге болады.

Арнау шешендік сөздер: әзіл, сықақ, сын, бата, алғыс, естірту, көңіл айту.

Шешендік толғау: Өсиет, насихат. Шешендік дау: жер дауы, жесір дауы, мал дауы, ар дауы.

Жиын – тойда, мәжілісте, бас қосу рәсімдерінде сөз жүйесіне шешендік сөздерді арқау етіп сөйлеу – қазақ қарияларының дәстүріне айналған құбылыс.

Қазақтың халық педагогикасында ақыл –ой тәрбиесі термелер, ертегілер мен аңыз әңгімелер арқылы да іске асырылады.

Жастарды өнерге, адамгершілікке тәрбиелеудегі терменің рөлі.

Жырдың үлгі -өнеге, насихат ретінде айтылатын түрі – терме деп аталады. Термеде жырау өмір –тәжірибесінен алынған философиялық ой шешімдерін айтады: адамгершілік қарым –қатынасты, өмірдің философиялық мәнін түсінуді, адамгершілік пен әділетті, әсемділік пен әуездікті уағыздайды.

Терме – жастарды өнерге баулудың , адамгершілікке тәрбиелеудің қуаитты құралы.

Ертегілердің тәрбиелік мәні. Алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиесміне ерекше әсер ететін ертегілерді ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні зор. Қазақ ертегілері сан алуан. Оларды: хайуанаттар туралы ертегілер (ақ қасқыр, шопан ата, Шек- шек ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба т.б.), қиял – ғажайып ертегілер (Ұшқыш кілем), тұрмыс –салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер («Күн астындағы күнекей қыз», «Ер төстік», «Керқұла атты Кендебай»), күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады.

Ертегі, аңыз әңгіменің тәрбиелік мәні.

Аңыз әңгіменің тәрбиелік мәні. Халық өз ұрпағының ұлағатты, білгір, батыр, батыл, ойшыл, еңбекқор, еңбекқор болып өсуі үшін, оған үлгі -өнеге етіп аңыз әңгілерді де бардан құрап, сары алтындай сақтап келеді.

Аңыз әңгімелер: 1. Аспан әлемі, жан –жануар, жер,су, мекен аттары туралы. 2. Ру, тайпалардың шығу тегінебайланысты. 3. Діни мистикаға. 4. Әлеуметтік утопияға. 5. Тарихи хаһармандық туралы құрылады.

Қанатты сөздер мен даналық сөздер –даналар мен шешендердің ел аузында жатталып өсиет, өнеге, аңыз ретінде айтылатын сөздер.

Қарлығаш жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады; шілде қойыз көп шырылдаса, құрғақшылық болады; мезгілсіз сиыр мөңіреп, ит ұлыса, жер сілкінеді т.б. халық тәжірибесінен түйінделіп айтылған сөздер баланың дүниетанымдылығын арттырады.

Көркемдікке, өнерге тәрбиелеу. «Өнер — өрге бастырады» деп халық көркем өнерді жоғары бағалайды да, «ақын – елдің еркесі», «шебердің- қолы ортақ», «күйші – қиялды, биші -зиялы» — деп, өнер адамдарын ардақтайды.

Тұрмыс – салт жырларының тәрбиелік мәні. Қазақ хаолқының өзінің тұрмыс –тіршілігіне, әдет –ғұрпына, салт –санасына байланысты тұрмыс –салт жырларын шығарып, жер өрнектерін өмір өзегіне пайдаланып, сол арқылы жастарды ұлттық әдет –ғұрып, дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелейді.