- Құқықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады.
- Құқықтық межелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетінің ауқымын қамтиды.
- Тұлғалық, педагогикалық және психологиялық мәніне қарау.
Мемлекет және қоғам өмірінің құқықтық негізін бекіту процесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет етеді.
— заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру;
— заңның орындалуын бекіту;
— қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азамат, бүкіл халық қатысуы қажет.
— Жеке адамның, бүкіл жұртшылықтың мәдениетін көтеруі.
— Заң қызметкерінің сөзбен ісінің бірлігі тұрғысынан кіршіксіз таза болуы.
Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арсында тығыз байланыс бар. Құқықтық мәдениет мазмұны жалпы адамзаттық рухани мәдениет мазмұнына енеді, бірақ өзіндік ерекшеліктерін сақтайды. Сондықтан да құқық тәрбиесі адам тәрбиелеу теориясының құрамды бөлігі ретінде қарастырамыз.
Құқық бүкіл қоғам және сол қоғамның әрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтып жатады. Ал құқықтық мәдениеті нашар дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған жағдайына ғана дейін аударады да, ал құқықтық талаптары мойындамаған көп жағдайларды байқамайды. Мектеп оқушысының өзін қоршаған орта мен қарым-қатынасының түрі көп. Ал сол қарым-қатынастарының құқықтық негізі бар екенін біле ме? Мысалы, оқушы сатушыдан балмұздақ сатып алу үшін тиісті теңгесін берді. Сатушы балмұздақтын ақысы төленседе бермей қойды. Әділдік пе? әлде Жәбірлеу ме? осындай кінәлаудың бірнеше түрлерін келтіруге болады. Құқықтық мәдениеті дұрыс қалыптасқан оқушы қалай ойлар еді? Ал сатушының бұл қылығы құқықтық тәртіпті бұзу деп түсінер еді.
Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттін ереуіл кемшілігі. Қоғам өмірінде қабылданған заңдарда хабардар болу құқықты ұғынудың жоғары деңгейі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершілігінен құтқармайды. Ал, заң оны оқушы біле ме, білмей ме оған тәуелсіз қызметін атқара береді. Ал құқықтық мәдениет оқушыдан жан-жақты құқықтық білімдер талап етеді.
Мысалы, оқушыға мұғалім ауланы тазарту жөнінде тапсырма береді. Тапсырманы орындауға қажетті құрал жоқ. Оқушы мектептің қоймасынан керекті құралдарынан пайдаланды, рұқсатсыз. Уақыт өткен соң шаруашылық қызметкері оқушыны айыптайды. Мұнда кімдікі дұрыс ?
- А.М.Горкийдің эстетика дегеніміз- болашақтың этикасы деген тұжырым жасаған. Біздің кезімізде эстетика қоғамдық, ең алдымен, адамгершілік қарым-қатынастарға молырақ еніп келеді..
Эстетикалық тәрбие берудің мазмұны көркемдік талғамды жетілдірумен, оқушыларды өнерге тартып таныстыру мен ғана шектелмейді.
Өнердегі, өмірдегі және табиғаттағы әсемдікті көре білу, сезіну және ұғыну сәбилік шақта пайда болады. Мектепте мұның бәрі онан әрі дамиды, оның болмысқа деген эстетикалық көзқарастары қаланады.
Эстетикалық білімнің негізі -оқу пәндері. Бастауыш сынып оқушылары әртүрлі пәндерді оқудың нәтижесінде табиғаттың еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Олар әдемі жазуға мәнерлеп оқуға, және айтуға үйренеді. Ал бұл мәдениетті сөйлеуге, көркемдік танымын қалыптастыруға, қиялын дамытуға әсер етеді.
Ана тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамыта отырып, мұғалім суретке қарап әңгеме құрауды, әсер алған уақиғаларды айтып беруді, қиялында жаңа белгілерді жасауға үйретеді. Көркемдікті сезінуге талғамы пайда болып, олардың рухани күші дамиды.
Музыка сабақтары өте әсерлі сезімдерді оятып, музыка мұраттарын қалыптастырып, бала тәртібіне ықпал етеді. Музыканы тыңдау, ән салу балалар үшін өнегелік -әсемдік мәні бар, себебі көтеріңкі көңіл, ержүректік сезімдерден ортақ әсер алу оларды рухани өрлеу үстінде біріктіреді және топтастырады. Сондықтан саналы тәртіп пен мінез-құлықтық тәрбиені күшейту үшін музыка пәні бағдарламасында халық әндерін игеруге үлкен мән берілген .
Музыка пәнінін ән салу және жазылып алынған музыкалық шығармаларды тыңдау негізінде оқушылардың есту қабілетін дамытуды көздейді. Бастауыш мектеп мұғалімі музыка сабағын өзі жүргізетіндей даярлығы болуы керек немесе музыка сабақтарына тікелей қатынасып, ол пәнді жүргізушімен тығыз байланыста отырып, басқа сабақтарда, сыныптан тыс жұмыстар да музыканын адам өміріндегі алатын орны туралы әңгімелер өткізуі керек.
Бейнелеу өнер сабақтарының да балалардың эстетикалық көзқарасын тәрбилеуде ықпалы мол. Кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер, сәулет өнерлері құралдарымен өмір, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі. Бейнелеу өнері шығармалары әсемдік үшін күреске шақырады, адамдар мұраттарына, күнделікті өмірдегі тәртібіне үлкен ықпал жасайды.
Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзік сезіну, алған әсерін бейнелеу өнері құралдары мен шамасына сай беру, сызықтық сурет салу сауатын меңгеру, жеке балаларды кескін, мүсін, сызықтық суреттерде әсемдікті жасау қабілеті, олардың өзіндік іс-әрекеті бейнелеу өнерін тану барысында қалыптаса бастайды.
3.Төменгі және ортаңғы сынып оқушыларының көптеген еңбек істерін октябряттар жұлдызшалары, пионер звенолары мен отряттарының каолективтері жүзеге асырады.
Оқушылардың еңбектегі іс-әрекетін ұйымдастырудың мынадай жалпылық формаларын таратуға болады. Олар: құстар күні, бау-бақша апталығы, орман айлығы, сенбіліктер т.б.
Мектеп оқушыларын жалпы еңбек мәдениетіне тәрбиелеудің зор маңызы бар -жұмысты жоспарлай білу және соған дағдылану, материалды үнемді пайдалану, жұмыс орнын тәртіпті ұстау, жеке бас игиенасы мен еңбек корғау ережелерін сақтау, жұмысты мүқият орындау, жүмыс уақытын тиімді пайдалану қасиеттерін қалыптастырудың зор мәні бар.
Әр жас топтарындағы окушылардың коғамдық пайдалы еңбегінің мазмұны.
- Өзінне-өзі қызмет көрсету
- Мектеп үшін істейтін жұмыстар.
- Өнімді еңбекке қатысты.
- Табиғатты қорғау.
- Көркейту жөніндегі жұмыс.
- Қалдық шикі заттарды жинау.
Эканомикалык тәрбие-мектепте берілетін адамгершілік тәрбиесінін құрамдас бөлігі. Эканомикалык тәрбие-қоғам мүшелерінің білімін, қабілетін және дағдысын, қажеттілігі мен мүддесін, ойлау стилін қалыптастыру мақсатында жүйелі, мақсатты бағытта ықпал ету, деп түсінілді.
Сонымен қатар, эканомикалық тәрбие «қоғамның адамға оның ойлау жүйесін және әрекетін қалыптастыру үшін жүйелі, мақсатты бағытта ықпал ету» (2) эканомикалық даму заңдылықтарын тану негізінде адамды белсенді қоғамдық-пайдалы әрекетке дайындау үрдісі. (3) деп те анықталды.
- Бастауыш сынып оқушыларына ертегілер арқылы эканомикалық тәрбие беруге болады. Мысалы: Буратина өзінің ақшасын талдың түбіне көміп қояды. Сол жерден ағаш пен бірге ақша өседі деп күтіп жүрді. Ақша қайда өседі. Ақшаны қайда салу керек еді? -банке салу керек еді. Яғни оқушы банк деген сөзбен таныс болды. Осы секілді үнемділі -үнемсіздікке байланысты мақал мәтелдерді жинау. Мысалы: Тамшыдан тама берсе, дария болар. Үзіп жеген үнемділікке жатпайды..
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи фактрлар жатады.
Қазақтың ұлттық ойындары: Көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу т.б.
Қазақ халқынын ұлттық ойындары елдің өмірі мен тығыз байланысты. Оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Сондықтан, оның тәбиелік маңызы аса жоғары әрі құнды. Қазақтын ұлттық ойындары дер кезінде қағаз бетіне түсіп үлгермегендіктен ұмыт болған. Дер кезінде қағаз бетіне түспей жинаушылардың көзінен таса қалған ойындар әлі де көп кездеседі. Мысалы: Сары құлан, ақ аю, жылман, топай ойындары.
Бастауыш мектептердегі балалардың дене тәрбиесі барысында қозғалмалы ойындарға жетекші роль беріледі. Дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен әдістерінің бірі ретінде көп қозғалысты ойындар сауықтыру және тәрбие білім беру мүмкіндіктерін шешеді.
Ойын барысында балалардың қозғалғыш ширақтығы бүкіл организмде жігерлі жағдай туғызады, алмасу процестерін күшейтеді.
Қимыл -қозғалыс ойындары өзінің мазмұны мен формасы жағынан эстетикалық әрекет болып табылады. Балалардың бұрын игерген қимыл дағдыларын тірек ететін әр алуан қимыл ойындары оларға қолайлы дәлдікпен қалыптылықтан, ептіліктен, ерекше мәнерліктен көрінеді. Ойындардың әсіресе, халық ойындарының эстетикалық сипаты ойын бастауымен, әңгімелесуімен, санамақпен, байи түседі.
Балаларға музыка ерекше эстетикалық ықпал жасайды: Ол балаларды жігерлендіреді, олардың көңіл күйін біріктіреді, қимылға эстетикалық сипат береді.
Ойындар мазмұны жағынан екіге бөлінеді: сюжетті және сюжеттсіз. Сюжетті қимыл қозғалыс ойындары шартты формада өмірлік немесе ертегі оқиғасын бейнелейді. Балаларды ойында шығармашылық пен көрінетін ойын бейнелері қызықтырады. Мысалы: Мысық пен тышқан, қасқыр мен қақпан.
Сюжетті қимыл-қозғалыс ойындары балаларды өздеріне түсінікті мақсатқа жетуге жетелейді. Олар өз кезегінде ойындардың тоқтап жүгіру, ұстап алу және осы сияқты үлгілеріне бөлінеді.
Халық ойындарын тәрбие жұмысында пайдалану мектеп келесі шарттарды орындаған жағдайда нәтиже береді:
-сынып жетекшілері, тәрбиешілер және тағы басқалар халық ойындарына жауапты қарап кез келгенде ғана емес, жоспарлы және күнделікті пайдалану.
-оқу жылы басында тәрбие жұмысынын жалпы мектептік жоспарын, башылыққа алып, сынып жетекшілері және пән мұғалімдері өздерінің жоспарларына міндетті түрде халық ойындарын енгізу.
-тәрбие ісін меңгеруші халық ойындарын тәрбие жұмысы жоспарларына кіруін бақылау.
-оқушылардың ойынға қызығуын көтеру үшін оларды ұйымдастырушылар мазмұны мен ретін біліп қана қоймай, оларды өткізуге өздеріде қатысу.
-халық ойындары сабақтарда, тәрбие сағаттарында, кештермен ертеңгіліктерде қолдану мектептің кәсіптік бағдар жұмысының мазмұнына енгізу. Экалогиялық тәрбиенің негізгі мақсаттары:
- Экологиялық нормалардың, ережелердің қажеттілігін оқушылардың мінез құлқына тәрбиелеу қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу.
- Жастардың бойында экологиялық мәдениетін қалыптастыру: (А) тұлғаның мінез-құлқында;
(Ә) қоғамдық пайдалы еңбекке және еңбек тәрбиесі арқылы айналадағы табиғатты қорғауда, күтуде және жақсартуда;
(Б) экологиялық білімді насихаттауда;
(В) ең алғашкы кәсіби еңбекте. Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты. Өйткені өндірістік іс-әрекеттің барысында адам қоршаған ортаға тікелей әсер етеді.
Бастауыш сынып оқушылары табиғат байлығына ауыл шаруашылығында пайдалану жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім-кешек, тағам. Тағы басқа. Жасайтын табиғат заттарын қалай пайдаланумен танысады.
Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасы оқушыларды төмендегі іскерлікті, дағдыны қалыптастыруға бағытталған; өсімдіктердің даму кезеңіне фенология лық бақылау жүргізу; метеппен және қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күту, тұрмыста электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану. Оқушылардың негізгі экологиялық жұмыстарының түрлері.
-көшет материялдарын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды өрттен қорғау, орман тоғайдағы зиянды жәндіктермен күресу.
-пайдалы хайуандарды қорғау олардың есебін алу.
Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:
- Өмірде және нақты еңбек іс- әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу.
- Табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке косу.
- Әрбір мектепте экологиялық білім және тәрбие қоғамын ұйымдастыру.
- Қоғам мүшелері мектептегі жастар ұйымымен ынтымақтасып, тұрғылықты жерде экологиялық штабтар құрады, жорықтар, саяхаттар ұйымдастырады
Жас ұрпақтың құлық тәрбиесінде ұлттық тәртіп пен мінез ерекшеліктерінін алатын орны зор. Ұлттық қадір -қасиет дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ұрпақтан -ұрпаққа жалғасып, біздің заманымызға жетіп отыр. Тәртіп пен мінез ерекшеліктері өзгеріп отырады. Олар халқымыздың өмір сүру жағдайына, әлеуметтік экономикалық және географиялық ортасынын шарттарына байланысты қалыптасады.
Халқымыздың рухани бейнесін бір жағынан әдебиет, өнер, ғылым, екінші жағынан мінез-құлық, ұлттық сезім, әдет-ғұрыптар т.б. бейнелейді. Ұлттық мінез-құлық ерекшеліктері адамдардың біріккен өмірі мен күресінде, әлеуметтік, табиғи географиялық материалдық мәдени жағдайының шарттарына лайықты қалыптасты. Соның әсерінен әрбір адамға ұлттық мінез- құлық, саналы тәртіп, болымды қылықтар сезім көріністері, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары пайда болды.
Қазақ халқының мінез- құлқында орын алған өзара көмектесу, әсіресе басқа түскен қуаныш пен қайғыда бір-біріне риясыз көмектесу, баға жетпес моральдық сүйемелдеу кезінде байқалады. Адам баласының өмір тәжірибесінде қалыптасқан үлкендерге құрмет көрсету өшпес дәстүрге айналған.
Өскелең ұрпақты өмірге және еңбекке даярлау үшін халқымыздын тарихи тәжірибесіне сүйеніп, мұғалім оқушылардың іскерлігін дағдысын, құлықтық қасиеттерін қалыптастыруға тырысады: ізгі ниеттілік, адалдық, кішіпейілдік, ілтипаттылық, орындағыштық, жауапкершілік т.б. Құлық тәрбиесінін міндеттері.
-оқушыларды қоғамның моральдық нормасына орындауда қатыстыру
-оқушылардың тәртіп және мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру: балалардың санасына және мінезіне педагогикалық ықпал жасаудын бірлігін қамтамасыз ету :
— Отанға, халқымызға, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеу .
Бұл міндеттерді жүзеге асыру: біріншіден, тәрбие процесінің объективті және субъективті жақтарының бірлігіне, яғни оқушыларға қойылатын педагогикалық талаптарға -бұл объективті жағына: ал, жеке адамның қоғамдық норманы меңгеруі, -бұл тәртіп пен мінез-қүлық тәрбиесінің субъективті жағына байланысты: екіншіден, тәрбие шараларының мазмұнына, идеялық деңгейіне байланысты.
Құлық тәрбиесі балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкес жүргізіледі.