Әлеуметтік педагогтың басқа да жұмыс бағыттары

1.Дарынды және ерекше қабілетті балаларды оқытып, тәрбиелеу қазіргі күні өзекті мәселелердің бірі болып отыр.Бұл- мектепте мұғалімді, отбасында ата- аеаеы және дарындыы баланың баланың өзін мазалайтын ерекшелік.Мұндай болуының себебі алдымен оны дер кезінде жыға тану қиын, өйткені баланың қабілеті екенін барлық адам бірден байқамайды. Ал егер оны таныған күнде одан соң сол дарынның орнын тауып дамыту, қоғамның керегіне, баланыңөзіінң бас пайдавсына жаратуына жағдай жасау маңызды. Іштен “қозғап”, түрткі беріп тұрған психикалық ерекшеліктің не нәрсеге жетелеп, қайда апарып соқтыратынг ешкім дөп басып айта алмайды.

Қабілет белгілі бір іс- әрекет түрінде нақты байқалуы тұлғаның жеке ерекшеліггі болыып табылады.Қабілеттілік бір ғана бағытта емес көп қырлы болуы мүмкін, сол себепті “егер адам бір нәрсеге қаабілетті болса, барлығына қабілетті” деген сөз бар. Ондай адамдар көп жағдайда кез келген істі табысты атқарып игіліке жету мүмкіндгіне ие. Олар кәсіпті жақсы меңгеруді, білімі мықты, еңбегі нәтижелі болады.Олардың көп қырлы қабілеті істің “көзін табуға”, кез- келген ахуалдан шығармашылықпен жол табуға, болжауға және іс жүзіндетабысқа жетуіне көмектеседі.

Зерттееуші психолог Б.М. Теплов “жалпы қабілеттілік дарындылыққаалып келетін аса маңызды сапаларға жатады”деегн. Мысалы, белгілі жазушылар, ақындар,музыкантар, суретшілер жан- жақты дамыған, әр нәрсеге қаабілетті адамдар болған. Айталық, Әбу Насыр әл- Фараьи- музыкант, аспап жасаушы ұста, ақын,философ, математик, Абай Құнанбаев- ақын-философ, музыкант,ұстаз.Мұндай мысалдарды шексіз келтіруге болады. Адамның жекедарынының өсуіне жалпы қабілеттерінің дамуы негіз болады. Ал ата- анадан тек арқылы берілетінтуабіткен нышандарды арнайы дамытпаса, ол белгілі бір жас кезеңінен кейін мүлде тоқтап немесе жойылып, кетеді, Мысалы, әкесі не шешесі әнші, суретші болса баланы музыкаға, сурет салуға, ән айтуға үйретсе нышандары дамып, дарыны арта түседі, ал үййретпеген жағдайда, оның дамуы тоқтап қалады. Демек, қаабілет іс- әрекет арқылы дамиды. Бұл адамды ең жоғары дәрежеде кәсәпқой болуға, үлкен игіліктерге қол жеткізуге, сый- құрметке кенелуіне алып келеді.

Тұлғаның туа біткен ерекшеліктері дами келе, белгілі бір іс- әрекет түрінде байқаса оны “дарын” дейді. Баланың дарынды екенін белгілі бір іске қабілетін дамуына, соған байланысты білім, білік, дағдыларды табысты меңгеруіне қарап анықтауға болады.

Көп жағдайда дарын кіші жастан байқалады. Егер сол кезден ждамыса, ол игіліктерге алып келетіні белгілі. Алайда кешеуілдеп дамитын дарындар да болады., мысалы, композитор А. Хачатурян 19 жасында музыкалықсауатын ашқан. Кейдебаланың бойындабарнышандар даму таппай жойылып кетеді. Оның себептері өте көп Сондықтан, көптеген дарынды адамдардың әр түрлі тұрмыс ахуалдары меншарттардың ықпалымен қаабілетін дамыта ад\лмай қалғына да кездеседі.

Қабілеттілік, зейінділк, даналық, дарын- қабілет дамуының ең жоғары дәрежедегі көрсеткіші. Әлеуметтік қаабілет, мектепте, отбасында ешқандай қолайсыздыық туындатпайды.

Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша дарынды балалар да, ақылы кем балалар секілді қауіпті, “тәуекелді топқа”жатады. Себебі психикасыынң ееркшелігі оларды оқыту мен тәрбиелеуге ерекше қарап, басқаша ұйымдасыруды, әрқайсысына жеке жуықтауды талап етеді. Оларды арнайы тәрбиешігі тәрбиелетіп, ерекше көңіл бөліп, жекеше оқу бағдарламасымен оқыту керек. Тәжірибелі және көп жасалған мектептерде оқуы керек. Дарынды балалар оқитын арнайы мектепке оқу- тәрбие ісін олардың дарын түрі, қабілет ерекшеліктеріне қарай ұйымдастыру талабы қойылды.

Психикалық ерекшеліктеріне байланысты кейбір дарынды балалар өзінің дарынды екенін білмейді, не мінезінің тұйықтылығынан байқалады. Олардың ішінде ұялшақ, қарапайым, дарынын білдіргісі келмейтіндері де кездеседі.Олар білгенін, өз ойын айтпайды, өзіне сенімі жетпейді. Мұндай балаларды дер кезінде танып, қабілет дарын көзін ашып, көмектесу, дамыту болашаққа жақсы маман иелерін тәрбиелеуге көмектеседі.Осындай ерекше балалар қатарына фанатиктер жатады, мысалы, компьютерге қатысты қызығу оның мектептегі оқуына кедергі болады. Осындай дарынды, қабілетті адамдар арасында психопат да кездеседі. Олар қоршаған ортаға, жақын адамдарына, кейде ұстаздарына риза болмай қарама- қайшылықтар туындатып, назары болып, отбасында, оқу орнында шатақ шығарып жүреді. Оның да себебі дарын мен қабілеттілігі болуы мүмкін, сондықтан оларды дер кезінде танып, өз уақытындажол көрсетіп, ата-анасына, мұғалімдеріне, тәрбиешілерге әлеуметтік педагог көмектесуі керек.

  1. Әлеуметтік педагогтың дарынды балармен жұмысы. Дарынды балы, әрине, атаана, отбасының мақтанышы. Егер барлық балы, мысалы, отбасындағы бес-алты бала түгелімен жақсы оқып, әр нәрсеге қызығып, бір-бірінен сұрап, өз ара көмектесіп оқыса олардың барлығы қабілетті болып өседі. Атааналардың көпшілігіегер баласы қарапайым қатардағы оқушы ретінде үлгеріп оқыса, қатарынан озып шықпаса, соған да риза. Ал кейбіреулері оқуға қабілеті жетпейтін баланы зорлықпен қинап, сүйрелеп оқытып, ешқандай қызығуыболмаса да күштеп сабақ үйретуге әрекеттенеді. Ондай баланың дарыны не қабілеті болмаса, ешнәрсе өнбейтіні белгілі. Керісінше, денсаулығы нашарлап, атаанасынан да, оқудан да көңілі қалып, өзіне де риза болмай білімге, кейдетіпті өмірге де қызығуы болмай қалады. Осындай балаларды дарынды, қабілетті балаларға жеткізем деп бұзып алғандар да баршылық.

Белгілі ғалым Н.И Пирогов «Школа и жизнь» деген мақаласында «мектепте көптеген балалар түсінігі нашыр, зейінсіз адам секілді болып оқиды, ал кейін келе солардың ішінен кейбірлеріжоғары нәтижеге жетіп, ұстаздарынан асыптүседі» деген. Мысалыға, Энштейн мектепте математиканы мүлде нашар меңгерген, ал кейін ол әлемді аузына қаратқан физик математик болып шыққан. Дарынды И. Ньютон мектепте де, жоғары оқу орнында да қабілетсіз оқушы болған, ал менделеев орташа оқыған, Н. Гоголь мектепте шығарманы «3» деген бағадан артық жазбаған. Мұндай мысалдарөмірде көптеп кездеседі. Бұл мектептегі оқыту жүйесі мен ұстаздарға ойлану керек екенін, әлеуметтік педагогтарға ерекше іскер болу керекдеген талаптарды қояды. Қазірге біз пайдаланыпжүрген шығармашылықты алғаш жасаған Эдиссон «дарын – бұл бір пайыз қабілет, тосан тоғыз пайыз еңбек» деген екен. Демеек, дарын – бұл армай-талмай, шаршамай, жалықпай еңбек етудің нәтижесі. Белгі физиолог И.П. Павлов жұмыс істегенде тамақтануды да ұмытып. Күн мен түнді ажыратпай, отырған жерінде бір сәт «мызығп» алып, қайтадан жігерленіп істейді екен.

Қазақстан Республикасының білім туралы заңында дарында және қабілетті оқушыларға арнай жағдай жасау туралы айтылған.

Қазіргі кезде Қазақстанда білім беретін мкетептерден басқа, нимназия, лицей, колледж, тереңдетіп оқыту мектептері, авторлық мектептер, «балабақша-мектеп», , «мектеп-ЖОО» дегенкешенді және бесқа дажеке меншік мектептер де бар. бұдардағы мұғалімдер жаңа, даралап оқыту бағдарламасы және оқу жоспарымен жұмыс істей бастады. Олар ізгілік, демократия, дифференциалды, вариативтіоқыту ұстанымдарын қолданумен балаға бағытталған оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын игілікті жүргізуде.

Сара Назарбаеваның қолдауымен Қазақстан «Бөбек» қоры және соның аясында арнайы мектеп ашылып, онда «өзінтану» бағытында жұмыс істеуде. Мұнда жетім балалармен қоса, жалпы дарынды, қабілетті балаларға, жас буындаға көңіл бөлу, оларды оқытып-тәрбиелеу қарастырылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі – жас дарындарды ашу, әлемдегі балалармен байланыс орнату, әлем елдерінің өнері, шығармашылығы, мәдениетімен таныстыру, соған демеуші болу.