Бала құқың қорғаудың әлеуметтік педагогикалық технологиялары

Үлкендер үшін ең алдымен педагогикалық әлеуметтік статусын анықтау, қандай аурумен ауырғаны, травмалық жарақат алғаны туралы мілімет керек.

Ержеткен кездегі мүгедекті психологиялықжарақаттары ол өмірін, қарым- қатынас ортасын, қоршаған ортадан бөлектеу, еңбек әрекетін өзгерту арқылы, моральды және материалды түрде зиян келді.

Интеллектуалды нормаға сай, еңбек қабілеттерін, мүмкіндіктеріне сәйкес түлектерге мамандық таңдау да бағыт бағдар беріледі, орта және жоғары мамандандырылған орындарда қажетті таңдаған мамандық бойынша маман таңдайды.

Мүгедек жасөспірімдерге психологиялық кеңес берудің негізгі принциптері:

Гуманизм- адам мүмкіндігіне үмітті;

Шынайылық – шынайы мүмкіндікті және жақғдайларды есепке алу;

Жүйелілік- адамды сау, дамушы субьек ретінде қарастыру:

Баламалық –кеңес беруге, тапсырысқа, кеңес алушының субьективті қатынасына болжанады. Мүгедек жасөспірім өзінің өмірінің субьектісі ретінде өзінің қайталанбайтын ішкі дүнйесінің дамуына бейімделуге және өзіндік ұйымдасуға бағытталған. Ол шектеулі мүмкіндік болғандықтан өзінің өміріне жауапкершілігін алады. Субьективті қарым-қатынасымен мүгедектерге психологиялық кеңес беру басқа кеңес беру категорияларынан ерекшеленеді.

Инфантилдылық мүгедек жасөспірімдердің кең таралған шекарасы болғандықтан, консультация кезінде арнайы іс-әрекет түрлері қажет,яғни, олар- белсенділікті талабына сай орындау және кеңес берушінің жауапкершілігі: айқындалған бағыт, өзінің мүмкіндігіне деген сенімділігінің күшеюі, қателіктерді шешу, консультациялық ерекшелік жасқа, ауру сипатына және кансультацияға тапсырыс берумен негізделеді. Консультция мазмұны сұрақтардың сипатына байланысты анықталады. Мүгедек жасөспірімінің жұмыс тәжірибесіне талдау жүргізе отырып, И. В. Кузенцова сұрақтың 3түрлі типін бөліп көрсетеді:

  1. Өзара қарым-қатынас сұрағы- дос, әріптес іздеу, өмірлік серігін табу, маңыздылығы бар адамдардан ақпарат алу;
  2. Өмірлік келешекпен байланысты сұрақтар-оқу, өмірлік қызметінің және іс-әрекетінің мүмкіндіктері, мамандық таңдау, оқудағы қиындықтарға төсеп беру, танымдық қызметті дамыту;
  3. Өзін-өзі тану, өз-өзіне қарым-қтынасы, өзін-өзі бағыттау сұрақтары : өзін өзі бағыттаудағы дағдыларды өңдеу, ренішке төтеп беру, қобалжу,қатесін сезіну, жалғыздық, т.б. Консультация қызметпен бірге тіркесушілік сипаттамада жүреді, мүгедек жасөспірімнің қиындығын қалыптастыратын мақсатқа жету бағыттары. Ол 3 маңызды бағыттан тұрады.
  4. Кеңес алушы қызметіндегі жеке қиындықтарды психологиялық жолмен шешу;
  5. Клиенттің қиындығын бөліп көрсетуде консультанттың қызметі және оған маңызды өмірлік тапсырмаларды шешуде көмек көрмету,
  6. Мүгедектің өміріндегі жаңаша білімнің қалыптасу қызметі: қарым-қатынастың өзгеруі, іс-әрекет тәсілдері, өзін-өзі бағалау, жоспар, т.б.

Мүгедек жасөспірімдердің психологиялық консультациясының жалпы бейнесінің негізгі тұғыры мыналар.

  • Мүгедек жасөспірімдердің жыныстық мінездемесі;
  • Кемшілік мінездемсі, консультацияның формасы мен тәсілдері;
  • Жасөспірімдердің жеке тұлғалық және психикалық дамуының жас ерекшелік заңнамасы;
  • Жасөспірімдердің дамуында бұрыс өзгешелік;
  • Жалпы өмірлік, әлеуметтік ортаның мінездемесі;
  • Әлеуметтік педагогикалық және жеке тұлғалық даму мінездемесінің психикалық және жеке тұлғаның денсаулық моделіне сәйкес шешілуі.

Консультация кезінде психолог тепе-теңдік, клиентке деген эмпатияның қарым-қатынасын сақтау керек. Мүгедек жасөспірім жұмысты аяқтаған соң, психолог нәтижені қадағалаудың әр түрлі тәсілдерін қолданады.

  1. Консультация прцессі үстінде қадағалау;
  2. Нақты жағдай аяқталған соң қадағалау;
  3. Барлық консультациялық жұмыстың қорытындысын қадағалау;
  4. Нәтижені қадағалауда мерзімін ұзарту.
  5. Қарым-қатынастың 3-негізгі сипаттамасы бар: позиция, валеттілік және дистанция. Мүгедек жасөспірімдердің арасындағы қарым-қатынасты “ құрбан ету”немесе “ өкпелі бала” деген әлеуметік таңдалған менмендікке бағытталған жағдайларға жатқызуға болады.
    1. Ауруға деген қарым-қатынас. Бұл- аурудың уәйімі, ауруға деген интелектуалдық және эмоционалды реакциясы, емдеулі және ортамен қарым-қатынасының жиынтығы.
    2. Эмоционалдық – еріктік және интелектуалды орта дамуының ерекшелігі. Ең негізгісі-көптеген кемістіктің сақталуы. Әлеуметтік педагогикалық кеңес беру тапсырмалары үшін ең негізгісі – болжамалы факторлардың ерекшеленуі, психологиялық инфантилизм элементтерінің қатысуы немесе қатыспауы, психологиялық қызметтердің кемелдену деңгейін бағалау болып табылады.
    3. Тұлғалардың сипаттамасы. Бұл берілген өлшемдердің негізінде бір немесе бірнеше беталыс бар, тұлғалардың эмоционалды-динамикалық тұжырымдамасы жатыр. Біздің түсініктемеге сәйкс, тұлғалардың индивидуалды түрі берілген құрмалас темпераменті арқылы, сонымен қатар адам өміріндегі әлеуметтік аспктілерінде анықталады. Индивидуалды тұлғалардың типологиялық сипаттамасына М. Люшердің тесті қолданылады. Мұнда түстердің қатарында 1-ші және2-ші орын алатын түстер тұлғалардың қажеттілігін сипаттайды.
    4. Бейімдеулердің түрі және деңгейі. Бұл процесс әлуметтік ортаның шарттары мен талаптарына бейімделумен сипатталады. Клиенттің бейімделу мүмкіндігі М. Люшер тәсілінің негізінде сапалы және сандық болып сипатталуы мүмкін. Негізгі тестің түстаері өмірлік стилін анықтайтын қажеттіліктерге өзекті, әрқашанда бар және ешқашан қанықпайтын қажеттіліктерге әсер етеді. Олардың бар болуы тұлғалардың тұрақтылығын, қуаттылығын және сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынасын сипаттайды. Қосымша түстерді толықтыратын қажеттіліктер қорғау механизмдерімен тығыз байланысты. Олар шиеленіскен және тұрақсыз тұлғаны сипаттайды. Психолог мүгедек жасөспірімдермен жұмыс істеген кезде ауырпалы процеспен келген дамудың ауытқушылықтарын және олардың зардаптарын қарастырады. Ауру дамудың биологиялық жүйесінің бұзылуына әсер ету арқылы әлеуметтік психологиялық дамуға ғайшылықтар туғызады. Психологиялық дамудың екінші бір жағы әлеуметтік бейімделуге қайшы келеді.
    • Тәртіпті және қызметті реттеу деңгейі. Бұл қуатты, динамикалық және мәнді- мазмұнды аспктілер бірлігі. Оған: өмірдің мақсаттарын жоспарлау нысанын көздеуге қабілеттілігі; психологиялық қызметтің аңғарылыуы, жанамлығы; рефлекс деңгейі, айналаның қуаттылығы кіреді. Органикалық кемістік және жүрек қағысы тәртіптің әлеуметтік бұрыстығынан болады. Дизонхогенздің негізгі психологиялық параметрлері дамудың диспармологиясына әкелетін қызметтің бұзылуының оқшаулануы, 1-ші және2-ші кемістік арасындағы қарым-қатынас, қызметтер арасындағылардың бұзылуы болып табылады. Л. Выготскийдің пікірі бойынша, психологиялық зерттеулердің негізгіобьектісі болып 2-ші кемістік жатады. Психологтар үшін мүгедек жасөспірім диологиялық кемістіктің нәтижесі емес, өзінің проблемасын шешудегі жеке ресурсты қабілетін алып келуші болып табылады. Психолог кеңес беру кезінде мүгедек жасөспірімдердің психологиялық денсаулығының әлементтерін қолдауы және дамуы бағытымен қозғалады. Мүгедек жасөспірімдерге психологиялық кеңес беруде позитивті ресурс басталуының жеке салмағын, сақталудың деңгейін, денсаулығы төмендіктің деңгейін көруге болады.

    Мамандар кемшілігі бар адамдардың дамуын ерекше көрсетеді. Мүгедек жасөспірімдердің өзіндік сапалығы үстеме компенсация, компенсацияға ұмтылу және оқылық сезімдер субьектісі арқылы диалектикалық оқылық ағзаға айналу заңымен беріледі.

    Психолгиялық кеңес берудегі компенсация процесін қарастырғанда, оның мәнін және механизмдерін анық көрсететін мына жағдайларды анықтауға болады.:

    1. Кемістік әлеуметтік және ішкі күштің сауығуына кедергі келтіреді.
    2. Кемістікке кез келген көмек оның дамуына , сауығуына мүмкіндік береді.
    3. Компенсация толық бағытта сипатталады. Оның мақсаты, бір жағынан адамның сауығуға деген ішкі талпынуы болса, ал, екінші жағынан- әлеуметтік талаптарға, күтуге байланысты және белгілі бір әлеуметтік түрге жетуге бағыттылығы.