Мәдениеттің реттеуші функциясы

Соңғы жылдары, елімізде ұлт пен ұлысқа қатысты психологиялық мәселелерді зерттейтін арнаулы ғылыми орталық болған мен Осы тарихта біршама жұмыс жүргізілген сияқты. 80 ші жылдардың басында ұлт психологиясының төңірегінде бір докторлық, бінеше кандидаттық диссертация қорғалды, жекелеген еңбектер жарық көрді. Осылардың ішіндк «Қазақстандағы оқу тәрбие ісінің ұлттық астары, — «Қазақ мектептеріндегі оқу тәрбие процестерінің этнопсихологиялық аспектлері», «Қазақстандағы педагогикалық психологиялық ғалымдардың проблемалары» сондай-ақ студенттер үшін ұлттық психология мен тілім тәрбиеге байланысты бағдарламалар (арнаулы курстар үшін,) жинағы жазылып, оқу орындарына жіберілді. Білім министрлігі жоғары оқу орындарында этнопедагогика және этнопсихология кафедраларын ашты, ұлттық тәлім-тәрбиенің бағдарламаларын жасады. Орта мектепте « Әдеп және жантану» пәні енгізілді. Жекелеген университеттер мен пединституттарда ұлт тілінде психалогия кадрлары даярлана бастады. Аспиранттардың зерттеу жұмыстарыны халқымыздың тәлім тәрбиелік мұрасын игеру төңірегіне бағыштай бастауы да құптарлық іс болды.

Өткен жылы Ұлт психологиясы, оның сан алуан тәлім-тәрбиелік астарын зерттеу мақсатында астана жұртшылығын қамтитын «Ұлттық тәлім тәрбие қауымдастығы» дүниеге келді . Ассоцация өз жарғысында осынау ұлан ғайыр жердің ежелден иесі –қазақ этносының, сондай-ақ республиканы мекендеген ұлттар мен ұлыстардың әдет ғұрып ,салт-дәстүр, жөн-жосық, жол жоралғы секілді ерекшеліктерінің психологиялық астарларына бойлап бұлардың қайталанбас белгілерінің дамуы, қалыптасу жолдарын іздестіру мен айналысатындығын паш етті. Мәселен, осы қауымдастық қарастыратын тақырыптарының бірі – халқымыздың кезінде барша жұртты тамсандырған үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу, иманжүзділік, қонақжайлылық, бауырмалдылық, қайырымдылық, суырыпсалмалық, ақынжандылық сияқты тамаша қасиеттерін тереңдете зерттеп, бұларды жас ұрпақтың жан дүниесінде дамыта түсуге келіп тіреледі.

Халқымыз ежелден өз ұрпағын жақсы адам, абзал азамат етіп тәрбиелеуді ерекше қастерлеп, мақсат тұтқан. Қазақ даласындағы жау десе қару жарағын сайлап, ел десе еңіреген ерлер, әділдік пен шындық, адамдықты ту еткен ақын жыраулар, бармағынан бал тамған ісмерлер мен зергерлер, от ауызды, орақ тілді небір шешендер мен ақылман ақсақалдар, еміренген абзал аналар сан ғасырлар бойы қазақы тәрбиенің жемісі екендігі хақ Олар дүниеге іңгәләп келгеннен бастап, ананың ақ сүтін еміп, уызына жарыған, қазіргідей балабақшада «өнегелі» тәрбие алмаса да (Алматыдағы қазақ балабақшаларындағы бөбектер мен оның тәрбиешілері бір-бірімен орыс тілінде шүйіркелесетінінің талай куәсі болдық.-Қ.Ж ) мектеп қабырғасынан өркениетті білім алмаса да,бесік таңбасы белінде,ана сүті ауызында,»Ата көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер»,» Қарт қойнында байлық бар, барар жолыңды соңан қарап сайлап ал» ,»Ата сөзі-бата сөз»деген мектептен өткен,елім,жерім десе жан беруге даяр,ақсақал айтса,бір сөзін де бұлжытпай орындайтын азамат болып өсетін.Олардың адал еңбегі таих тегершігімен біздің заманға жетті де келе-келе бұлар біртұтас өмір мектебіне, бұлжымас қағыдаға, халықтың заңға айналды. Заман ағымына сай жетіле берді, шыңдалды. Өмір қиындығына төзіп бақты, халқымыз небір қиындықтарды көрсе де, өз маржанынан айырылмады, асылын ұмытпады, керегіне жарата алды.

Социализм тұсында теріс бағытта белең алған (үлкенді, ата-ананы сыйламау, алауыздылық, қызғаншақтық, күншілдік, бақталастық, арызқойлық, рушылдық, дүниеқоңыздық, енжарлық, ішімдікке құмарлық, неке бұзарлық т.б) әр түрлі келеңсіз қасиеттердің пайда болу себептері мен олардың қайткен күнде арылуға болатындығы жайлы ізденістерді жүргізу де осы Ұлттық тәлім-тәрбие қауымдастығы жүргізіп жатқан зерттеулердің бір тобы. Жоғарыда аталған ұлттық сананың түрлі көріністерініңбесіктен қалыптасатындығына орай ғылыми ұжым өз жұмысында сәбилер мен бөбектердің, балдырғандар мен жасөспірімдердің үйде де , түзде де, мектеп жағдайында қалайша дамып, қалыптасып отыратындығына ерекше көңіл бөлмекші. Имандылық, инабаттылық, мейірімділік секілді қазақ этносына ерекше тән қасиеттердің түп-төркіні, ілкі бастаулары қалайша шешек атып, өркен жаятындықтарын танып білу, осыған орай эксперименттік зерттеулер ұйымдастыру, кейіннен бұларды, ұлттық тәлім-тәрбие жүйесіне айналдыру мәселесі де қауымдастық айналысатын проблемалардың қатарына жатады. Қоғамдық негізде құрылған ғылыми практикалық ассоциация (ол шағын кәсіпорын статусын иеленбейді) қаладағы ұлтжанды қазақ зиялыларының ынтымақтасуымен бір сыдырғы іс тындырды деп айта аламыз. Мәселен, ол соңғы бірер жыл ішінде орта, арнаулы, жоғары білім беретін оқу орындарына жалпы саны 20 астам этнопедагогика мен этнопсихология дәрістік бағдарламалары («Салт-дәстүр психологиясы», «Этнос психологиясы», «Отбасы және тіл психологиясы», т.б) бірнеше оқу құралдары мен жинақтар құрастырып (екі томдық «Қазақ тәлімінің тарихы», «Қазақтың тәлімдік ой пікірантологиясы» т.б) баспаға ұсынды. Қауымдастық ұлттық тәлім-тәрбие мәселелеріне бағышталған ғылыми-тәжірибелік конференцияның ( Білім министрлігі, Ұлттық Ғылым академиясының философия институты, Алматы облыстық білім басқармасымен бірлесіп ) үш рет өтуіне мұрындық болды. Ассоциациясы мүшелері жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына арнап «Әдеп және жантану» (таралымы 100 мың дана) оқу құралын құрастырды.Қазір олар бастауыш сыныпқа арналған «Әдеп әліппесі», ортаңғы сынып шәкірттері үшін «Әдеп негіздері»атты оқу құралын жазу үстунде.

Қауымдастық алдағы жерде де еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың мақсат мүддесін, жақсы болашаққа деген заңды ұмтылысын, оның мәдениет, ғылым-білімғ салт-дәстүр, әдет ғұрып , дін , тағы басқа да салаларында ғасырлар бойы жинап терген небір асылдарын барынша қолдап, осылардың өркен жая түсуіне бар қажыр-қайратын жұмсайтын болады.

Президентіміз Н.Назарбаевтың жуырда жарық көрген «Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде қазақ ұлтының біріктіруші ролі, әсіресе, азаматтардың қазақстандық патриотизмін тәрбиелеу жөнінде жақсы айтылған. Бұл түйіндердің халқымызға үлкен міндет артатыны хақ. Олай болса, біздер мінез-құлқымыздағы, тыныс-тіршілігіміздегі көлеңкелі көріністерді бет бетіне жібере бермей, ұлт болашағы мен абыройына иненің жасуындай болса да көмек тигізетін саңлау тетіктерді іздестіргеніміз. Осы айтылған шағын ұжымды демеп, жебеп, әр жерден оның үлкенді кішілі ұяларын ашуға қол ұшын берсек, нұр үстіне нұр болар еді