Жалпы қабілеттер туралы түсінік және олардың дамуы
Қабілеттіліктің өлшемі – белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің (музыкалық саңылау, түстерді жақсы ажырата алу, қолдың икемділігі т.б.) қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп айтады.
Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады.
Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Мәәселен, оқушыда техникалық қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін техникалық конструкциялардың құрылысын жақсы білуі, оны тәжірибе жүзінде пайдалана алуы қажет. Баланың білімі тереңдеп, икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, оның қабілеті де ойдағыдай дамып отырады.
Қабілет негізінен екіге бөлінеді. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көріністік өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.
Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының, математик-ғалымның, ақын-жазушының қабілеттерін жатқызуға болады. Соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің үшінші түрі деп практикалық іске қабілеттілікті айтып жүр. Бұған ұйымдастырғыштық, педагогтық, конструктивті-техникалық қабілеттерді жатқызады. Қабілеттердің осы түрлері іс-әрекеттің басты салаларына (ғылым, өнер, практика ) орайлас бөлінеді.
Адам қабілетінің дамуы қоғамдық прогреске, оның әлеуметтік сипатына ғылыми-техникалық прогреске байланысты болып отырады.
Жоғары деңгейде сақтау және даму туралы ойлайтын жалпы қабілеттерді екіге бөлуге болады.Екінші жалпы қабілеттердің тобына төмендегідей: ұғымды нақты анықтау және логикалық ойлау қабілеті, ойында тіке және керісінше қиын іс-әрекеттерді орындау, әлемді бейне түрде көру, ұғымдар құрылымында кескіндеу, ұғымдар мен әрекеттену және ойдағы бейнелер мен манипуляциялау, қолмен нақты координациялық іс-қимылдарды жасау қабілеті,әртүрлі адамдарға және өмірлік ситуацияларға бейімделу, өзара түсініктерге жету, адамдарға ықпал ету.
Екінші қабілеттер біріншілердің негізінде қалыптасады. Оларға зейін, бейнелеу, ойлау, сөйлеу жатады. Жоғары деңгейіне жетіп бірінші және екінші қабілеттіліктер адамның өмір бойы дамуы мүмкін. Солардың көмегімен адамдар іс-әрекеттерде үлкен жетістіктерге жетуі мүмкін. Жалпы қабілеттер жетістіктерге жетуімен қатар іс-әрекет үстінде өздеріде дамиды. Сондықтан жалпы қабілетті жетілдіру үшін әртүрлі іс-әрекеттерге қатысып үнемі оларды ауыстырып тұру керек. Ол теориялық және практикалық жұмыстардың міндетті түрде бірігуіне қатысты. Теория бейнелік және логикалық ойлауды жетілдіреді, ал практика бейнелі — әрекеттік және практикалық ойлауды жетілдіреді. Жалпы қабілеттердің толық дамуының міндетті шарты болып қиын есептердің үнемі шешуі және сол есептердің басқа қабілеттілігі күшті адамдардың шешуін жүйелі түрде байқау болып табылады.
Адамның әртүрлі әрекеттерге кірісуі жанжақты білім алуды, қиын қабілеттіліктерге кіретін көптеген қабілеттерді дамытады. Мысалы, қазіргі заманның машиналарын құрастыру үшін, яғни дамыған техникалық қабілеттерге ие болу үшін , қазіргі физика , математика , техника салаларында терең білімге ие болу керек , жақсы дамыған шығармашылық ойлау (жалпы қабілеттілік) болу керек , компюьтерде жұмыс істей білу керек, сызу сызып, оны оқып білу керек , машиналарды өз қолымен шашып жинауды білу керек т.б. Мысалы, қазіргі хирург немесе бизнесменнің жоғары дамыған қабілеттіліктерге ие болу үшін , жоғарыдағыдай көптеген нәрсені біліп , істей алатын болу керек.
Бұның бәріне адам практикалық жүзінде білу үшін сәйкес салалардағы кәсіпкерлерден үйрену керек. Бұл адамдар басқаларды үйрете білу керек , білімдерін, қабілеттерін басқаларға беру керек.
Жалпы қабілеттіліктерді дамыту үшін шешілетін есептердің қиындық деңгейінің маңызы көп. Бұл деңгей орташадан сәл жоғары болып, адамның интеллектуалдық мүмкіншіліктерді жоғалтпай да төмендетпеуі де керек.
Әрине, осы есептерді шешу кезінде адам жеңілістерден гөрі жетістіктері басым болғанын қалаймыз. Мүмкіншілігінше есептер комплексті болғаны дұрыс болар еді, өйткені олар адамнан қиын, ішкі (ойлы) және сыртқы (практикалық) іс-әрекеттерді талап етеді, қолмен жұмыс істеуді, бейнелермен операциялау және ұғымдар денгейінде логика ережелерімен іс-әрекет жасауды талап етеді. Бұл есептер зейін , жады , бейнелеу және сөйлеу қабілеттеріне салмақ салады.
Біріншілік, немесе элементарлық, жалпы қабілеттер басқалардан тыс арнайы жаттығулардың көмегімен дамиды. Көптеген осындай жаттығулар туралы психологиялық әдебиеттерде жазылған. Әсіресе соңғы 20-30 жылда шыққан әдебиеттерде , практикалық психологияға қызығушылық ол жоғары көтерілген еді. Психологиялық әдебиеттерде берілген нұсқаулар бойынша жоғарыда аталған жалпы қабілеттерді жетілдіруге болады. Зейін, бейнелеу, жады, ойлау, сөйлеудің дамуына қатысты бірнеше нұсқау берейік. Оларды өмірлік әртүрлі жағдайларда қолдануға болады.
Мысалы, зейінді дамыту үшін төмендегі нұсқауларды орындау керек
1.Кез келген жағдайларда бір өзгешеліктерді байқап, өзіне сұрақ қоя білу керек: Бұл жағдайдың ерекшелігі неде? Бұрын болған жағдайлардан өзгешелігі қандай?
2.Егер бұл жағдай сізге таныс болып тұрса , онда болған өзгерістерді байқауға тырысыңыздар.
3.Оқып отырып мәтіннің көп бөлігін қамтуға тырысыңыз, тез оқып, мағынасын ұғып алуға тырысыңыз.
4.Егер мүмкіншілік болса , бірден бірнеше істі бітіру керек. Мұндай жұмыс зейінді жақсы дамытады, әсіресе бір жұмыстан екіншіге ауысады. Өмірлік ситуацияда адам системалық түрде зейінді бір объектіден екіншіге ауыстыру, бір бейнеден басқаға, бір сезу мүшеден басқаға ауыстырып тұру керек, (көруден естуге, иіс білуге,дәм білуге).
5.Бір кездері концентрацияның дамуына және зейінді орналастыруға бағытталған арнайы жаттығуларды орындап тұру керек. Мысалы , көп заты бар бөлмедегі заттардың барлығын бірдей көре біліңіз. Сол бөлмеде ие болып жатқандардың барлығын байқаңыз.
Бейнелеуді дамыту үшін төмендегі нұсқауларды қолданыңыз:
1.Барлық көрген, білген, ойлаған, сезген нәрселерді жадыңызда бейне түрде анықтаңыз.
- Алған білімдерді, мәліметтерді, схема, чертеж белгілі бір символдар түрінде бейнелеу, мүмкіншілігінше фантазияға жүгінгеніңіз жөн.
- Үлкен заттарды әртүрлі жобаларда кескіндеп, оларды жан – жағынан қалай көрінетінін ойша бейнелеу.
- Қабілетіңіз жеткенінше әдеби, техникалық және шығармашылықтың басқа түрлерімен шұғылданыңыз.
- Жоғары сапасына және жылдамдылыққа жетіп бейнелеу қабілеттілігін дамытуға бағытталған арнайы жаттығуларды орындау.
а) Бір таныс затты алыңыз,20-30 секунд қарап,есіңізде сақтаңыз. Осы затты ойша бөлменің басқа жағына қойыңыз да сол жаңа орынды ойша ойлап көріңіз.Егер бірден істей алмасаңыз, жаттығуды қайталаңыз, басқа екі- үш заттарды қолданыңыз.
б) Бір затқа қарап, оны есіңізде сақтаңыз, осы затты 90 градус бұрып,көзіңізге елестетіңіз. 120 градус және 80 градусқа затты ойша бұрып, көзіңізге елестетіңіз. Осы жаттығуды басқа 2 – 3 қиын заттармен орындаңыз.
в) Өзіңізді өз бейнеңіздің қасында тұр деп елестетіңіз.Өзіңіздің позаңызды, бет бейнеңізді, киіміңізді ойша өзгертіп, жаныңыздан бақылап көріңіз.
г) Өз бейнеңіздің қасында басқа бір таныс адамның бейнесін елестетіп көріңіз. В) жаттығуды осы адамға жасап көріңіз. Ойша сіз тек соны ғана емес , өзіңіздің де бейнеңізді елестету керексіз.
д) Екі бейненің сөйлесуін елестетіңіз. Сөйлеу барысында олардың дауысы , беті , денесі , қолының өзгеруін бақылап, бағалаңыз.
- Сенсорлық бейнелеуге бағытталған арнайы жаттығуларды орындау керек.
а) Тамақтанып болғаннан кейін , жеген заттардың дәмін елестетіп көріңіз.
б) Бір тыныштықта алғашта естіген дыбыстарды елестетіп көріңіз.
в) Алдын сезген жағымды иістерді елестетіп көріңіз.
г) Қиын іс-қимылдарды ойша қайталап елестетіп көріңіз.
д) Денеге немесе қолға тиген әртүрлі заттардың тигізгеннен алатын әсерін елестетіп көріңіз.
- Жадыны дамытуға қатысты бірнеше пайдалы нұсқаулар бар.
а) Әртүрлі информацияны (фактілерді, есімдерді, сандарды, телефон номерлерді , сөздерді) ауызша (жазбай) есте сақтауға тырысыңыз.
б) Сезу мүшелері көмегімен қабылданатын жаңа информацияны бірден есте сақтауға тырысыңыз.
в) Информацияны есте сақтау, қайта бейнелеу үшін әртүрлі мнемотехникалық құралдарды қолданыңыз. Бұл құралдар ой өңдеу әдістерінен тұрады.
г) Өзіңіздің практикаңызда басқалармен шығарылған мнемотехникалық құралдарды іздеп , қолданыңыз.
д) Жаңа материалды қабылдап есте сақтаған кезде оның маңызын түсінуге тырысыңыз, белгілі фактілермен ойлармен ассоциация жүргізіңіз.
е) Қайта есте сақталатын материалда эмоционалдық реакцияны туғызатын қызық бір нәрсені таба біліңіз. Жоғарыда аталған нұсқаулар жалпы жадыға қатысты , адамның өмірінде негізгі роль атқаратын жадының бөлек бір түрлеріне ешқандай қатысы жоқ. Осы түрлермен адамның негізгі білімі қабілеті байланысты. Жадының негізгі түрлерінің дамуын жылдамдататын және жетілдіретін арнайы жаттығуларының бірнешеуін ұсынамыз.
- Арнайы қабілеттер.
Адам шұғылданатын қанша іс-әрекеттер болса, сонша арнайы қабілеттер бар. Бұл іс-әрекеттердің ішінде әсіресе қиын және кең таралғаны. Егер осыған сәйкес қабілеттер болса және олар үнемі дамып тұратын болса,осы жағдайда ғана адам осы іс-әрекеттермен шұғылданады. Бұл жерде біз ғылыми, техникалық, көркемсурет – шығармашылық, ұйымдастыру іс-әрекеттері туралы айтамыз.
Адамның әрбір іс-әрекетінің бірнеше түрлері бар, олар белгілі бір қабілеттіліктерді қажет етеді. Мысалы, ғылыми іс-әрекет математикамен ,физика , биология және т.б. пәндермен байланысты , қоғамдық пәндермен (тарих, философия, экономика, құқық және т.б.), гуманитарлық пәндермен (антропология, психология, педегогика және т.б.). Техника саласындағы шығармашылық іс-әрекет әртүрлі машиналарды шығаруға қатысты (ЭВМ, космос аппараттары, байланыс құралдары, транспорт және т.б.).
Көркемдік шығармашылықта түрлер одан да көп: әдебиет, театр, кино, телевидение т.б. Жоғарыда аталған іс-әрекеттердің барлығы адамда жоғары дамыған арнайы қабілеттіліктерді талап етеді.
Осы қабілеттіліктерді жақсы дамытуға арналған жалпы шарттарды қарастырайық.
Бірінші шарт.
Іс-әрекетке сәйкес жүйелі түрде өткізілетін дәрістерге адамда тұрақты қызығушылық үнемі болу керек. Егер бұл мотивация (себеп) болмаса, онда ешқандай қабілеттер дамымайды.
Қызығушылық – адамды белгілі бір іс-әрекетпен шұғылдануға итермелейтін, керекті арнайы қабілеттерді дамытатын негізгі шарт. Бос жерден ешқандай қызығушылық пайда болмайды, тек іс-әрекетке сәйкес өткізілетін дәрістердің барысында пайда болып, дамиды.
Екінші шарт.
Қабілеттілікті тек қатаң мінез, жігерлік пен қиындықты жеңу арқасында ғана дамытуға болады. Қиындықтардың ең негізгісі адамда алғашқы қабілеттердің жоқтығы болып есептелінеді.
Үшінші шарт.
Белгілі бір іс-әрекет түрінің дәрістеріне деген жалпы қабілеттердің болуы. Элементарлық жалпы қабілеттерге жақсы жады мен дамыған интеллект жатады.
Төртінші шарт.
Жұмыс істеу қабілеттілігі. Егер адам жұмыс істей білмесе жоғарыда аталған шарттар негізінде ешқандай қабілеттер жақсы дамымайды.
Бесінші шарт.
Адамда мақсат болу керек, іс-әрекетке сәйкес мотивация. Белгілі бір іс-әрекетте жоғары жетістіктерге жету оған сәйкес қабілеттердің дамуының негізгі факторы. Адам басқалардан алда болу, мақтау есіткен кезде, жетістіктер үшін мадақтау, жоғары нәтижелерге ие болған кезде, осы іс-әрекетте жетістіктерге жету тілегі, мақсаты орындалады.
Алтыншы шарт.
Қол жеткізген нәтижелерге қанағаттанбау. Осы сезім әрі қарай дамуға стимул береді.
Жетінші шарт.
Адамның жетістіктерінің жоғары деңгейі. Адам өзінің мүмкіншіліктеріне, қабілеттіліктеріне қарай белгілі бір жетістіктерді белгілеу керек. Неғұрлым денгейі жоғары болса, соғұрлым жетістіктерге деген құштарлығы күшті болып, керек қабілеттер тез дамиды.
Сегізінші шарт.
Өзіне және өзінің мүмкіншіліктеріне сену.
Тоғызыншы шарт.
Белгілі бір іс-әрекеттерге байланысты жүйелі түрде дәрістер өткізу.
Оныншы шарт.
Қойылған есептердің шешіміне шығармашылықпен қарау. Шығармашылық есептер, жоғары деңгейлі қиындықтар адамда, жай тапсырмалардан гөрі, қызығушылық туғызады. Шығармашылық процесте адам өзіне жаңа мүмкіншіліктермен қабілеттерді ашады. Нәтижеде өзін-өзі бағалау жоғарылайды, әлеуметтік қажеттіліктер жоғары дәрежеде қанағаттандырылады.
Жоғарыда аталған шарттардың негізінде адамның ең маңызды арнайы қабілеттіліктердің оптимальді даму жолдарын қарастырайық: математикалық, лингвистикалық, техникалық, педагогикалық және ұйымдастырушылық.
Матеметикалық қабілеттер – қазіргі математика әртүрлі саланың білімдерінен тұратын кең ұғым, сонымен қатар оларды практикада қолдана білу. Жалпы және арнайы математикалық қабілеттердің құрамына кіретін жекешеленген қабілеттердің ішінде математикалық ұғымды анықтау мен ойды нақты математикалық түрде тұжырымдауды айтуға болады; гипотезаларды құрып, логикалық ретімен оларды дәлелдеу; математикалық ұғымдармен тұжырымдамалардың арасындағы байланысты көре білу; бір математикалық есептің бірнеше шешуін таба білу; сандық қатынастарды анықтап , математикалық түрде сипаттау. Бұл салада жоғары деңгейге жету үшін ерекше қабілеттер барлық адамдарда бірдей табыла бермейді.
Лингвистикалық қабілеттер – тілді білу мен сөйлеудің дамуында көрінеді. Сөйлеуде ауызша және жазбаша түрде, монологиялық және диалогтық түрде анықталатын қабілеттерді қарастыруға болады. Тіл біліміне келетін болсақ, лексика, грамматика, марфология, стилистикаға қатысты информацияны меңгеруді айтамыз.
Ауызша сөйлеу дегеніміз тыңдау, сөйлеу, қарым–қатынас қабілеттерін қажет етеді. Жазбаша түрі стилистикалық дұрыс, көркемді, нақты, рациональды және эмоциональды түрде өзінің ойын жазбаша түрде көрсете алатындықты қажет етеді.
Монологтық сөйлеу ішінен ойлау мен ойды практикалық түрде көрсете білуіне, ал диалогтық- өз ойы мен сезімдерді басқаларға жеткізумен байланысты, бұған ақпарат алмасу қабілеттері де кіреді.
Лингвистикалық қабілеттерді дамыту үшін көп оқып, басқалармен араласып, ауызша және жазбаша мәтіндерді құрастырып, публиканың алдында сөз сөйлеу керек. Егер басқаларды түсініп, олардың өзіңе деген реакцияларын бағалай білсеңіз, тек сол кезде ғана сіз, өз ойларыңызды нақты және қысқа жеткізіп, ауызша сөйлеуді жақсы меңгересіз, егер басқаларды түсініп, өзінің сөздеріне басқалардың реакцияларын бағалап, өз ойларыңызды нақты және қысқа айта білесіз. Сонымен қатар коммуникацияның паралингвистикалық компоненттерін пайдалана білу керек – мимика , пантомимика , қолмен қимылдату (жест)
Техникалық қабілеттердің дамуы көптеген жағдайларға тәуелді: физика заңдарын білуден, әртүрлі материалдарды өңдеу әдістерін және қасиеттерін білуден, әртүрлі приборлар, құралдар, машиналармен қолдана білу, сызу сызып оны оқып білу, техникалық құжаттарды оқып білу және т.б. Бұл қабілеттердің барлығы жас кезінен баланың әртүрлі құралдармен пайдалана білуден басталады: қайшы, пышақ, балға, сызғыш, отвертка және т.б.
Техникалық қабілеттерді дамыту үшін әртүрлі приборлар мен машиналардың істеу принципін, ішкі құрылысын шашып, қайта жинауды білу керек.
Педегогикалық қабілеттер педагогикалық теория мен практиканы білуден, педагогикалық психологияда, әртүрлі жастағы адамдарды дұрыс оқытып тәрбиелеуде көрінеді. Адамда педагогикалық қабілеттер ойындарда дамиды, мысалы бала мұғалім болып ойнайды, мектепте өзінің құрдастары мен мұғалімдермен араласқанда, жанұяда – кіші інілерімен қарындастарымен қарым-қатынасында көріне бастайды.
Ұйымдастыру қабілеті адамның басқалармен бірге әртүрлі есептерді табысты шешу үшін ұйымдастыра білуде көрінеді. Ең алғашқы қабілетті болып, лидер болудағы мақсаты, басқаларды меңгеру, психологиялық ықпал ету болып табылады. Екіншіден, сол адамның практикалық ойлауы шешуші болады. Әрбір қиын жағдайдан тез арада оптимальдық шешім таба білгендігі болады.