Тесттердің сәйкестілігі ( валидтығы) мен сенімділігі. Тесттердің бейімделуі мен құрылу технологиясы. Қарастырылатын мәселелер

  1. Психологиялық — педагогикалық эксперимент -зерттеудің сенімді құралы болуы үшін және одан дұрыс нәтижелерді алу үшін қолданылатын психодиагностикалық әдістемелер ғылыми негізделген болуы керек.Ондай әдістемелер төмендегідей талаптарға сай болуы керек, олар: валидтық, сенімділік, бірегейлік және нақтылық. Әр талапты бөлек –бөлек қарастырып көрейік. «Валидтық» деген термин европа тілдерінен шыққан. Ол «құнды», «жарамды», «сәйкес» дегенді білдіреді. Валидтық психодиагностикалық әдістеме дегеніміз- сол әдістеменің нақты психологиялық сапаны бағалауға жарамды болуы. Валидтық әдістеме өлшейтін заты туралы мәліметтерді ғана емес, сол заттың жағдайы туралы хабарды, оның қолдану салалары туралы мәліметтерді ала алады. Валидтық-теориялық және практикалық (эмпирикалық), ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Теориялық валидтық зерттелетін сапаның нәтижелерінің сәйкестігі анықталады. Бұл нәтижелер нақты әдістемелер көмегімен алынатын, теориялық нәтижелерге негізделген тәуелділігі анықталады. Теориялық валидтықты бір теорияға негізделген әртүрлі әдістемелердің көмегімен бірдей қасиеттің көрсеткіштерінің корреляциясымен тексереді. Эмпирикалық валидтық зерттелетін адамның бақыланатын іс-әрекеттері мен реакцияларға диагностикалық көрсеткіштердің нақты іс-әрекетіне сәйкестілігімен тексеріледі. Мысалы, бір зерттелетін адамның қасиеттерін белгілі бір әдістеме көмегімен бағалаймыз. Бұл әдістеме эмпирикалық валидтық деп айтамыз, тек егер нақты адам өмірде әдістеме болжайтындай өзін ұстайды.

Эмпирикалық валидтықтыың критерийлерімен әдістемені өзінің көрсеткіштерінің адамдардың іс жүзіндегі әрекеттердің көрсеткіштерімен салыстыру жолымен тексеріледі.

Ішкі валидтық — дегеніміз әдістемедегі тапсырмалардың, субтесттердің, әртүрлі ойлардың, пікірлердің әдістеменің жалпы мақсатына сәйкестігі. Егер сұрақтар, тапсырмалар әдістемеге керек нәрселерді өлшемесе, онда ол әдістеме ішкі валидтық болып есептелінбейді.

Сыртқы валидтық— эмпирикалық валидтық сияқты, бірақ бұл жерде зерттелетін адамның іс-әрекетіне қатысты маңызды сыртқы қасиеттерімен әдістеменің көрсеткіштері арасындағы байланысты айтамыз.

Әдістемені құрған кезде оның валидтықтыбірден бағалау өте қиын. Әдістеменің валидтығы оның ұзақ қолданылу процесі барысында тексеріліп анықталады. Валидтықтыңтүрлерінен басқа валидтықтың критерийлері туралы білу керек.

1.Іс-әрекеттің көрсеткіштері – зерттелетін адамның өмірдің әртүрлі ситуациялардағы реакциялар , іс-әрекеттер.

2.Әртүрлі іс-әрекеттердегі зерттелетін адамның жетістіктері:оқу , еңбек , шығармашылық т.б.

3.Әртүрлі бақылау тапсырмаларды орындау туралы мәліметтер.

4.Басқа әдістемелер көмегімен алынатын мәліметтер.

3.Сенімділік өлшеу процедураның нақтылығы ретінде.

Тұрақты көрсеткіштерді алу әдістеменің сенімділігін көрсетеді (бұл жерде зерттелетін адамнан , экспериментатордың іс-әрекеті мен өзгеретін психологиялық қасиеттерінен емес, өлшеу құралына тәуелді тұрақтылық дәрежесі есептелінеді).

Психологиялық тесттің нәтижелері қиын бақыланатын факторларға тәуелді: өлшеу құралының сапасына , психологиялық тесттің ситуациясының релеванттық мінездемелердің тұраұтылығына. Аталған факторлардың біреуі өзгертсе өлшеу сенімділігінің дәрежесі төмендейді. Бірақ іс жүзінде бұл факторларды үнемі тұрақты етіп ұстап тұруға мүмкін емес болғандықтан , кез келген психодиагностикалық әдістеменің сенімділігі жоғары болуы мүмкін емес. Аталған факторлардың ішінде ең маңыздысы болып әдістеменің сенімділігі саналады, өйткені қалғандары алынатын нәтижелердің тұрақтылығына аз мөлшерде әсер етеді.

Психодиагностикалық әдістеменің сенімділігін екі әдіспен анықтауға болады:осы әдістеменің көмегімен әртүрлі адамдармен алынған нәтижелерді салыстыру жолымен және осы әдістемені бірдей жағдайларда қолданғанда алынған нәтижелерді салыстыру жолымен .

Әдістеменің нақтылығы психодиагностикалық эксперимент барысында бағаланатын қасиеттердің аз өзгерістердің өзіне жауап қайтару қабілеттілігі болып есептелінеді. Психологиялық әдістеменің нақтылығын өлшеу техникалық құралдарының нақтылығымен салыстыруға болады. Мысалы , сантиметрге бөлінген метрден , миллиметрге бөлінген сызғыштың ұзындықты әлдеқайда нақтырақ өлшейді. Ал микрометр деген прибор ұзындықты 0,001мм дейін нақты өлшейтін сызғыштан әлдеқайда нақтырақ.

Психодиагностикалық әдістеме неғұрлым нақтырақ болса, соғұрлым нақты градацияларды бағалауға болады. Бірақ практикалық психодиагностикада баға нақтылығының өте жоғары дәрежесі барлық кезде талап етілмейді.Оның қажетті практикалық мерасы дифференциация тапсырмасымен немесе зерттелетін адамдарды топтарға бөлумен анықталады. Мысалы , егер зерттелетін адамдарды екі топқа бөлуге болатын болсақ , сонда қолданылатын әдістеменің нақтылығы осы бөлікке сәйкес болу керек.

Егер зерттелетіндерді бес топшаларға бөлетін болсақ онда бес пункттен тұратын өлшеу шкаласы бар әдістемені қолдануға тура келеді.

Әдістеменің бірігейлігі дегеніміз белгілі бір әдістеме бір қасиетті бағалау үшін осы әдістеменің көмегімен алынған мәліметтер тек сол бір қасиеттің өзгерістерін кескіндейтін дәрежесі. Егер осы қасиетімен қатар алынатын көрсеткіштерде әдістемеге байланысты емес басқа көрсеткіштер кескінделсе , онда әдістеме бірігейлік критерийге сәйкес емес деп саналады, сонымен қатар ол валидтық деп есептеліне береді.

  1. Тесттердің әлеуметтік — мәдени бейімділігі.

Психодиагностикалық тесттерге ерекше талаптар қойылады. Бірінші талап- тесттің әлеуметтік- мәдени бейімділігі. Ол дегеніміз- тест тапсырмалары мен бағаларының сәйкес келуі. Егерде тест басқа елден алынған жағдайда, зерттелетін адам тапсырмаларды орындау барысында олардың мәдени ерекшеліктеріне мән беруі керек. Мысалы, бір елде құрылған тесттің танымдық құрамында сөздік – логикалық емес, бейнелік және практикалық ойлау басым болып тұрса және ол тест Европада пайда болып, басқа елде қолданылса, онда ол міндетті түрде сол елдің әлеуметтік-мәдени жағдайына бейімделуі керек. Керісінше, ол ортаға икемделмеген жағдайда қолданатын болсақ, біз басқа елдің тұрғындарының ойлауының даму деңгейіне сәйкес келмейтін өте төмен нәтижелер аламыз. Егер де ақыл-ой тестінде практикалық ойлауға арналған тапсырмалар көп болып, оны вербальдық танымы басым елде қолданса, біз ол жерде ой дамуының адекваттық емес көрсеткіштеріне ие боламыз. Егер тест қайта қолданған жағдайда, алғашқы құрылған кездегіден өзгеше болса, мұндай жағдайда тестті бірбірімен салыстыру немесе жаңа жағдайға бейімдеу талап етіледі. Әсіресе мұндай жағдай өзге елде құрылып, басқа тілде жазылған бланк тесттерге қатысты. Бір тілден басқа тілге аударма ешқашан нақты болмайды.Ол үшін сөзбе- сөз аударудан гөрі мағынасына қарай аудару нақтырақ болады.

Екінші талап- тұжырымдамалардың қарапайымдылығы мен тест тапсырмалардың бірегейлігі. Бұл талапқа сәйкес сөздік және басқа тапсырмаларды орындау барысында адамдар әртүрлі қабылдайтын нәрселер болмауы керек( мыс: сөздер, суреттер т.б.).

Үшінші талап- тест тапсырмаларын орындауға бөлінген уақыт. Тестті орындау үшін 11,5 сағаттан көп бөлінбеу керек. Өйткені бұдан көп уақыт орындаса, адам өзінің жұмыс істеу қабілетінің жоғары деңгейін сақтай алмайды.

Төртінші талап- тест үшін берілген тест мөлшері. Тест мөлшері дегеніміз- бір топ адамдармен жеке тұлғаның көрсеткіштерін салыстыруды айтамыз. Мұнда жеке тұлғаның психологиялық даму деңгейі бағаланады, яғни мөлшер дегеніміз нақты бір тесттің репрезентативтік орта көрсеткіштері. Тест мөлшері әдеттегідей, зерттелетін адамдардың жасы мен жынысына қарай таңдап алынған тест нәтижелерімен және жасына, жынысына қарай келесі релеванттық дифференциациясы көрсеткіштерінің орташа алынған бағасымен анықталады. Сонымен тест мөлшері дегеніміз-зерттелетін адамға әлеуметтік-демографиялық мінездемелері бойынша ұқсайтын адамдардың үлкен жиынтығы дамуының орта деңгейі. Жылдан жылға адамдардың психологиялық дамуы өзгеріп тұрады, сондықтан тест мөлшері де өзгеріп отырады.

Әрбір норма уақыт өткен сайын адамдарда болатын психологиялық дамуындағы асылда болатын өзгерістермен бірге өзгереді. Ғасырдың бірінші 25-жылдарда анықталған интеллектуалдық дамудың нормалары соңғы 25-жылдарда сай келмейді, өйткені бұл уақыттың ішінде адамдардың ой даму деңгейі өте жоғарлап кеткен. Эмпирикалық анықталған ереже бойынша әр бес жыл сайын тест нормалары , әсіресе интеллектуал , қайта қарастырылып тұруы керек.

Ол былай болуы керек. Белгілі тест көмегімен зерттеу жүргізілген бір топ адал анықталу керек. Әлеуметтік – демографиялық сипаттама бойынша айырмашылығы бар адамдар топшаларға бөлінеді. Әр топша үшін тест көмегімен белгілі адамдар зерттеледі. Алынған көрсеткіштер орталандыру нәтижесінде әр адам тобы үшін тесттік норма анықталады. Тест сипаттамасында қашан, қай жерде, кімге анықталғаны жазылады.

  1. Талаптармен қатар тест жүргізу үшін бірнеше ережелер анықталған.
  2. Белгілі бір тестті қолданудан бұрын , оны өзіне немесе басқа бір адамға жүргізіп көру керек.
  3. Тест алдында зерттелетін адамдар нұсқаулар мен жақсы танысып алу керек.
  4. Тест барысында зерттелетіндер өзінше жұмыс істеу керек , бір-біріне тәуелді болмай, ықпал етпей.
  5. Әр тест үшін нәтижелерді өңдеу және интерпретациялау процедурасы болу керек. Ол , әсіресе, математика-статистикалық өңдеу әдістеріне қатысты.

Практикалық тест өткізу үшін дайындық жұмыс жүргізу керек. Зерттелетіндерге тест ұсынылып, оған тест не үшін керек, қандай мақсаттары үшін, оның нәтижесінде қандай нәтижелер алынуы мүмкін, олар өмірде қалай қолдануға болатынын түсіндіреді. Нұсқау таратылып, барлық зерттелетіндер оны жақсылап түсініп алу керек. Содан кейін барып тест жүргізіледі.