Қазақстан Республикасының экологиялық білім беру тұжырымдамасы қазіргі таңдағы әлемдік, аймақтық, жергілікті экологиялық проблемалар және оларды шешудің маңызды мәселелерімен туындайтын оқушы – жастарға экологиялық тәрбие берудің жаңа, тиімді жүйесін ұсынады. Отандық экологиялық білім жүйесі білімдердің қажетті кешенімен қатар, мақсатқа сай шешімдерді қабылдай алатын заңнамасының бекітілген табиғатты қорғау мөлшерлері мен қалыптарына сәйкес әрекет ету іскерліктерін игерген адамдардың мінез – құлық таптаурын (стереотиптерін) қалыптастыру, дамыту және пысықтауға арналған [1].
Оқушы – жастарға экологиялық білім мен тәрбие берудің жаңа тұжырымдамалық міндеттерін іске асыруда жаңа типтегі экологиялық білім беру жүйесі қызмет ететін нақтылы әлеуметтік, жергілікті жағдайларды ескеру өте маңызды. Әсіресе, ауылдық аумақтарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің бірқатар өзіне тән жақтары, осыған байланысты оңтайлы мүмкіндіктері, сонымен бірге қиындықтарын алдын ала көре білу бұл бағыттағы тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тиімділіктің шарты болып табылады. Атап айтқанда, негізінен оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің мазмұны, формалары мен әдіс — тәсілдері оның нәтижелеріне қойылатын талаптардың жалпы бірдей болғанымен этноаймақтық ерекшеліктерді ескеру принципіне сәйкес қала мен ауыл мектептерінде балалар бойына экологиялық сана — сезім және мінездерді сіңіруді өзіндік айырмашылықтар болуын есепке алу керек. Басқаша айтқанда, ауыл мектептерінде экологиялық білім мен тәрбие беру міндеттерін іс – жүзіне асырудың өзіне тәндігін айқындап алу мәселесі алға қойылады.
Отандық педагог – ғалымдар Н. Сарыбеков, М.Н. Сарыбеков, Ш.Ж. Арзымбетова, А.Б. Айтжанова т.б. еңбектеріне оқушыларға экологиялық тәрбие берудің этномәдени негіздері аясында ауылдық мектепте табиғатты қорғау мазмұндағы білімдер, дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру құнды тұлғалық сапаларды тәрбиелеудің кейбір мәселелері қарастырылған.
А.Б. Айтжанованың зерттеу жұмысында қазақтың отбасылық салт – дәстүрлерінің бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық тәрбие берудегі мүмкіндіктеріне арнайы мән беріледі [2]. Атап айтқанда экологиялық тәрбие біреудің этномәдени бағыттылығы ауыл мектептері жағдайында оқушыларды табиғатты қорғауға баулудың өзекті аспектісіне жатады.
Ауыл мектебі оқушыларына экологиялық білім және тәрбие берудің өзіндік ерекшеліктерін анықтайтын негізгі факторлар қатарына мыналарды кірістіру мүмкін:
- Әлеуметтік-тарихи жағдайлармен анықталатын ауыл адамдарының өмір сүру тәртібі, шаруашылықты жүргізудің ерекше тұрпаты, осы негізде қалыптасқан қарым – қатынасы (уклад жизни сельган);
- Табиғи орта;
- Этномәдени орта, салт — дәстүрлер, әдет — ғұрыптар;
- Қазіргі таңдағы ауылдық тұрмыстың жағдайы, тіршілік құрудың жаңа формалары, ауылды дамытудың, оның экономикалық — әлеуметтік әлеуетінің деңгейі.
Халқымыздың түп – тамыры ауылдан басталады. Әсіресе, ұлттық мәдениетіміздің бесігі де ауыл. Шынайы мағынадағы табиғатқа үйлесімді тәрбие де ауылдан бастау алатындығы, ал халық педагогикасының асыл мұралары да ауылдық өмірде сақталып келгендігіне ешқандай күмән жоқ.
Ғылым – техника дамуының әсерінен қоғамдық санада қалыптасқан табиғатқа үстемділік
Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми, ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, ауылдық аймақтардағы отбасында және жалпы білім беретін мектептерде оқушы – жастарға экологиялық тәрбие берудің жаппай және озық тәжрибесін жан – жақты талдау негізінде ауыл оқушыларын табиғатты қорғау білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру, мінез қалыптарын тірбиелеуге оң жағдай жасайтын мынадай ерекшеліктерді ажыратуға болады:
- ауыл балаларының күнделікті өмір, тұрмыс тіршіліктерінің айналымдағы қоршаған орта, табиғатпен тікелей байланыстылығы;
- бала іс — әрекетінің барлық негізгі түрлерінде (ойын, оқу, еңбек) табиғат пен өзара әсерлесудің айқын көрініс табуы;
- айналадағы қоршаған ортада табиғатқа қастерлі қатынастың, оның байлықтарын қорғау, көбейтудің дұрыс жағымды үлгілерінің болуы;
- бала туған, ол өсіп – ұлғаятын этномәдени ортаның экологиялық мәдениеттің қалыптасуына оң әсері баланы әлеуметтендіретін ортада табиғатқа аса құндылық ретінде назар аударатын ұлттық салт – дәстүрлердің, әдет – ғұрыптардың, ритуалдардың кеңінен пайдаланылуы; қоғамдық іс – шаралар; халық мейрамдары («Наурыз» т.б; баланы табиғатты қорғауға байланысты нақтылы іс — әрекетке баулудың ауылдықтар арасында кең таралған әлеуметтік – педагогикалық механизмдері «Ана мейірімі» деген махабаттың тәрбиеленуі)
- балалар фольклоры, ұлттық ойындардың табиғатқа үйлесімділік сипаты;
- экологиялық тәрбиені практикалық бағыттылығын іске асыру, қоғамдық және өнімді еңбек пен ұштастырудың зор мүмкіндіктері.
Ауыл мектептерінде оқушыларға экологиялық тәрбие берудің оң жақтарымен қатар, балалардың бойына табиғатты қорғау санасына сіңіруге әсер ететін, кедергі жасайтын кейбір факторларды да атап өту керек. Экологиялық проблемалардың пайда болуы ең алдымен әлеуметтік – экономикалық факторларға байланысты. Бұл проблеманың шешімін табу үшін адам ең алдымен қоршаған ортаға өзінің көзқарасын, қатынасын өзгертуі керек [3].
Даму деңгейі төмен ауылдық аймақтарда жергілікті халықтың қалаларға көшуі кейбір ауылдардың тастанды ахуалға келуі табиғат байлықтарының ұтымсыз пайдаланылуы жастардың экологиялық мәдениетіне теріс әсер етуі сөзсіз. Жастарда өз ауылына, оның табиғатына деген күшті сезімдер одан алыстағанда кейін азаюы да мүмкін. Сонымен қатар, ауылды жерлерге ересек адамдардың жұмыссыздық, күн көріс себебінен өсімдіктерге, суға, топыраққа зиян келтіруі біздің заманымызда кездейсоқ ұшырайтын оқиға деуге болмайды.
Ауыл мектептерінің материалдық – техникалық базасының да оқушылар экологиылық білімі мен тәрбиесіне ықпалын ескермеу мүмкін емес. Оқулықтар оқу — әдістемелік құралдар, көрнекіліктер, ақпараттық технология ресурстарымен жеткіліксіз қамтамасыздық, әрине табиғатты қорғау мәселелеріне байланысты ғылыми – негізделген, жаңа білімдерді таралуына экологиялық ақпараттар көлемі, олардың сапасы мен игеру жеделдігін арттыруға жол бермеуі анық.
Ауыл мектептерінде экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің тиімділігіне тек қана оқу материалдық базаның әлсіздігі ғана емес, мұғалімнің бұл бағыттағы тәрбиелік жұмысты іске асыруға кәсіби педагогикалық даярлығы да шамалы әсер етеді. Өйткені оқушы жастар экологиялық тәрбиесінің жаңа, күрделі проблемаларын осы бағыттағы педагогикалық жұмысқа шығармашылықпен қатынас жасайтын, құзыретті педагог-маманға жеткілікті деңгейде шешуге қабілетті. Ауылдық мектептердің балаларын табиғатты қорғауға баулу, тәрбиелеудегі мол мүмкіндіктерін мақсатты түрде пайдалану оқушылардың заман талабына қарай экологиялық білімдер мен іскерліктерді меңгеруіне, бағдар алуына көбірек назар аудару қажет. Дегенмен, өмірдің білімдер тәжірибе мен оқушылардың экологиялық санасын, мәдениетін, оның дамуының ірге тасын қалайтын ғылыми дүниетанымын қалыптастырып болмайды.
Жалпылай айтқанда, ауылдық жерлерде мектеп оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің тиімділігіне оң әсер ететін, оның өзгешеліктерінен туындайтын мүмкіндіктері көп. Сонымен бірге ауыл оқушыларын табиғатты қорғауға баулу мен тәрбиелеуді жоспарлау мен ұйымдастырушы оның жемісті болуына кедергі жасайтын факторларды да ескерту тиіс.
Республика ауыл шаруашылығы министрлігі жүргізген мониторинг қорытындылары ауыл тұрғындарының нарықтық экономика жағдайында тұрмыс – тіршілікке бейімделу мақсатына сәйкес елдің ішіндегі табиғи көші — қон нәтижесінде ауылдық елді мекендердің саны жылдан жылға азая түскендігін көрсетеді. Ал, енді қайсыбір ауылдағы ондағы тіршілік құрудың қиындықтарына, тұрмыстың жағдайсыздығына байланысты халықтың өзі тастап кеткен [4].
Әдебиеттер
- Концепция экологического образования Республики Казахстан //экология устойчивое развитие, 2003, №7, июнь.- с. 51-55
- Айтжанова А.Б. Экологическое воспитание младших школьников средствами народной педагогики казахов в процессе учебно – воспитательной деятельности в школе.
- Шілдебаев Ж. Еліміздің бүгінгі таңдағы экологиялық ахуалын жақсарту үшін не істеу керек? // Атамекен, 2006, 31 қаңтар.
- Әліпбай С. Ауылдың тағы бір белесі. // Егемен Қазақстан
Резюме
Экологическое воспитание сельских школьников имеет ряд особенностей, оказывающих позитивное мнение или создающих определенные трудности в формировании у детей сознания и поведения природоохранного содержания.