Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халқына арналған биылғы Жолдауында 2014 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешенде еңбек өнімділігін кем дегенде екі есеге көтеру, ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеуді шұғыл арттыру, жаңа құрал жабдықтар, жаңа технологиялар алу, әлемдік тәжірибені пайдалану, оны ауылшаруашылығына жедел ендіру арқылы еліміздің азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті алға қойылып отыр.
Республика бойынша асыл тұқымды мал өсіруге ден қойған шарашылықтар қатарында Қызылорда обылысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі «Рза» Акционерлік қоғамы 17.08.2000 жылы құрылған, президенті Имандосов Самұрат Жұманұлы. Білімді де білікті басшының басқаруымен қоғам үнемі дамып, материалдық техникалық базасы нығайып, өнім өндіру мен өңдеу тағы басқа қызмет көрсету аясын кеңейтуде.
«Рза» АҚ-ның негізгі саласы – құрылыс-монтаж жұмыстарын атқару болғанымен, қазіргі нарықтық қатынастар талабына сай ауылшаруашылығы саласымен айналысады,ауылшаруашылығы дақылдарын егу және төрт түлік мал өсіріп, өнімдерін кластерлік жүйеде өндіру, басқа да түрлі кәсіптермен айналысатын көп салалы кәсіпорын. Қоғам агроөнеркәсіп кешенінің дамуына өзінің қомақты үлесін қосып келеді.
2005 жылы мамыр айында лизингілік негізде асыл тұқымды қара ала сүт бағытындағы 100 бас МІҚ малы сатып әкелініп күтімге алынды. Жасалынған келісім – шарт бойынша бастапқы екі жылда сыйақы, ал үшінші жылдан бастап негізгі төлем барлығы 5 жылда қайтарылу қажает болатын.Осы мерзім ішінде барлығы 466 бас бұзау алынған. 2121,5 тн сүт, 71,58 тн тірілей салмақта ет немесе барлығы 208905,5 мың теңгенің өнімі өндірілді. Барлығы 90 бас асыл тұқымды жас малдар сатылды. Бүгінгі күнге қолда 362 бас асыл тұқымды мал басы бар.Осы жылдарда барлығы 146887,4 мың теңге шығын жұмсалды. Барлығы өнім өндіру мен асыл тұқымды жас малдарды өсіруге сатудан екі жүз тоғыз миллион теңгеге жуық табыс түсті.
Осы жергілікті жерде бастау алған сүт бағытындағы кластерді дамыту аясында және Қазақстандық мазмұнды арттыру мақсатында тағы бір маңызды жобаны «РЗА» акционерлік қоғамы қолға алды.
Ел басының Қазақстан халқына жолдауына сәйкес сондай-ақ ҚР Үкіметінің индустрия – иновациялық даму Мемлекеттік бағыдарламасы аясында және ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық Банкі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен жоспарын жүзеге асыру шеңберінде әрекет етуші тауарлы сүт фермасы желісін құру мен дамыту бойынша жұмыстар жүргізуде.
Осы инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында экспортқа бағытталған сүт және ет өнімдерін өндіру бойынша типтік жобадағы тауарлы сүт фермасының кешенді құрылысының I – ші кезеңнің жұмыстары атқарылуда.
Бұл аталған жоба бойынша кешенді құрылыстың құрамында 1200 бас сауын сиырға арналған сауын залы, 654 бас бұзауға арналған қора, төлдеуге арналған зал, әкімшілік – тұрмыстық корпус, тағы басқа қажетті құрылыс нысандары бар.
Осы міндетті іске асыруда «РЗА» акционерлік қоғамының қолға алған тауарлы – сүт фермасы жобасының I–ші кезеңіне жалпы құны екі миллиард екі жүз жиырма сегіз миллион үш жүз он тоғыз мың жеті жүз отыз алты теңге тұрады. Оның бір миллиард сегіз жүз тоқсан екі миллион жеті жүз сегіз мың сегіз жүз қырық үш теңгесі ҚазАгроҚаржы акционерлік қоғамы арқылы қайтарымды несие ретінде алынған, ал үш жүз отыз бес миллион алты жүз он мың сегіз жүз тоқсан теңгесі өз қаражаты есебінен атқарылатын болады. Аталған қаржыға қажетті ғимараттар тұрғызылып ішкі құрал жабдықтарымен, венгер селекциясы бойынша 660 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы мал лизингі негізінде түгелімен шет елдерден сатып әкелінді.
Индустриялық – иновациялық даму жобасындағы бұл кешенді құрылыс толық қуатында жұмыс істегенде күніне 30 мың литрдің үстінде сүт өндірілетін болады.
Осы өндірілген сүттен бірнеше түрлі сүт өнімдерін өңдеп шығару мақсатында жаңадан қуаттылығы бір ауысымда 30 тонналық сүт өнімдерін өңдейтін сүт зауытының құрылысы салынуда. Негізінен сүт зауытының құрлысы биылғы жылдың желтоқсан айында толық бітеді деп күтілуде.Осы жоба құрылысын салу кезінде 150 адамға, кешенді пайдалану кезінде 60 адамға жаңадан жұмыс орны ашылады.
Индустриялық–иновациалық даму жобасындағы бұл кешенді құрылыстың тұтынушыларды отандық өнімдермен және елдің азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызы зор. Жобаның алдағы уақытта елдің әлеуметі мен экономикасына тың серпін беріп, келешегінен көк үміт күтіледі.