Қазақстан Республикасында жоғары білім берудің жолы мына бағытта жүзеге асырылады: институт, университет, академия.
Институт – латын тілінен аударғанда орнату, белгілеу, құру, түзу деген мағыналарды береді. Сондықтан да, институттың басты бағыты, экономикалық, саяси, құқықтық, рухани, қоғамдық өмірді сипаттайтын әлеуметтік және қоғамдық қарым – қатыныстар мен адамдардың мінез – құлық, әлеуметтік өмір сүру ережелері болып табылады.
Унивеситет – ғылым негіздерін құрайтын пәндердің жиынтығы көрніс табатын, құрамында бірнеше факультеттері бар оқу – ғылыми жоғары оқу орыны.
Академия – ғылыми, оқу және көркем өнер сипатындағы ғылыми мекеме.
Жоғарғы білім беру жүйесінде унивеситет, ірі ғылыми – оқу орталығы ретінде республикамызда – барлық жоғарғы білім беру саласына ықпал етуші ғылыми және мәдени маңызы бар жетекші ролге ие. Университет – көп факултетті жүйе болып табылатын жоғарғы оқу орыны. Сол себепті, онда гуманитарлық, жаратылыстану ғылыми, физика – математикалық, инженерлік – техникалық және ауылшаруашылық мамндықтары біріктіріледі.
Ғылымдағы және практикадағы алдыңғы қатарлы ғылыми жетістіктер, қандай да формада болсын тез арада университеттің оқу процесінде орын табады.
Унивеситет құрамына факультеттер, кафедралар және проблемалық зертханалар, салалар бойынша ғылыми – зерттеу инститтутары енді.
Факультет – белгілі бір жүйелі мамандықтар бойынша, ғылыми пәндер шеңберін оқытатын жоғарғы оқу орнының бөлігі.
Кафедра — өзара тығыз байланысты ғылыми пәндер негізінде оқытушы – профессорлар және ғылыми қызметкерлер бірлестігі.
Университеттің жалпы басшылығын ректор жүргізеді.
Ректор – унивеситет және бірнеше басқа да оқу мекемелерінің жетекшісі.
Проректор – ректордың орынбасары (оқу – істері жөніндегі, тәрбие жұмыстары бойынша, ғылыми істер жөніндегі, әлеуметтік – экономикалық мәселелер бойынша және шаруашылық — әкімшілік жұмыстары бойынша).
Декан – латынша басқарушы – жоғарғы оқу орындарындағы факультеттің жетекшісі. Декан университет оқу – істері жөніндегі және тәрбие істері жөніндегі проректорларының ұсынысымен, ректор бұйрығымен бекітіледі. Декан жоғарғы оқу орынының (факультеттің) Кеңісінде профессорлармен, тәжірибесі мол доцентерден жабық дауыспен 3 – 5 жылға сайланады.
Декан – факультет Кеңесінің төреағасы, ол факультеттегі оқу – тәрбиесі және ғылыми жұмыстарының мазмұны мен сапасы үшін жауапты.