«Кәсіби біліктілік, іскерлік, педагогикалық шеберлік»

Педагогикада педагогикалық шеберлік ұғымына аса көп мән береді.десекте, әлі күнге оның мазмұны мен құрлымы жайлы ортақ пікір қалыптастыдеу қиын. Педагогикалық шеберліктің негізгі ерекшеліктері бағдарлық қабілеттігі, педагогтік әдептілік, айқын сөйлеу екпіні, педаготік техника, педагогтік тәуекелдік, бедел болып табылады.

Бағдарлық қабілет адамды қалыптастыру қоғамдық қатынастар жүйесінде, мақсатты тәрбие жолымен жүргізіледі. Мұны дәлелдейтін қағида оқыту мен тәрбие берудің ғылыми теориясының бірден – бір негізі болып табылады. Барлық түйін адамның көргендік негізде деп асаптейтін биологизаторлық қаөзқарас қарама – қарсы педагогика ғылыми тұқым қуалаушылық факторлардың белгісі бар, рөлі барлығын жоққа шығармайды, жеке бастың қабілеттері мен қасиеттерін адамның өмірі мен қызметі процесінде қалыптасып, дамиды деп дәлелдейді.

Табиғат адамға ішкі мүмкіншіліктер негізін сатып береді, олар белгілі бір әлекметтік жағдайларда болмаса, көзге көрінбейді қалуы да мүмкін. Бұл оптимистік педагогикалық концепциясы, тәрбие мен оқыту, ісінің барлық теориясы осыған негізделеді. Олай болса қазіргі кезде интеллектуальдық ерекшеленетін, дарындылық, қабілеттілік бейімділік, байқататын оқушыларды анықтау, оларға қамқорлық, бағыт беруде педагогтің бағдарлық қабілеттілігі маңызды қасиет болып табылады.

Қандай да болмасын іс – шаралар жоспарлы, күн тәртібінде негізделеді. Сондықтанда мұндай іс – шаралардың күн – тәртібінің дұрыс ұйымдастырылуы, босқа уақыт өткізуден, жалаңдықтан, формалдықтан сақтандырады. Мұндай іс – шараларда сөз өнерінің, тілдің маңызы зор. “Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашпас” үшін, сөз сөйлей білушілікті алдымен саналыққа бастайтынын, тіршілікке өмірлік мән әкелетінін, өзара қарым – қатынысымыздың жанды көпірі, — деп түсінген жөн.

Дәмді сөйлеп, дәйекті, бол! – дейтін қағиданың да астарында қарапайым өмірлік сыр –сабақ жатыр. Сөзінің қадір қасиетінің мәнін жоймау себебін адам жаратылысының ұдайы саналыққа ұмтылумен ғана түсінуге болады. Ал сөзбен іс сана мен ақылдан нәр алады.

Мұндайда тіл тазалыған мән берген дұрыс. Өйткені, тіл- халықтың сонау ғасырлық санасы мен зіденісінен сүзіліп өтіп, шыңдалудан танбаған, тарихтың жауындары мен дауылдарынан да желкенін жықпай өтіп, халықпен бірге жасасып кележатқан құдіретті құбылыс, талайды тақымына басып, талайды шыңына көмген тарихтың өзі тәнті боларлық киелі қасиет.