Педагогикалық мәдениетті педагогтік әдепсіздік көз алдымызға келтіру мүмкін емес. Педагогтік әдептілік – мұғалімнің оқтушының, ұстаздың оқушылармен қарым – қатынасына қойылатын талаптардың межесін сақтау, оқу және оқудан тыс уақыттарда олармен дұрыс қатынастың бабын табу білігі.
Педагогтік әдептіліктің негізі – психология және педагогикадан, қоғамның адамға қоятын талаптарына байланысты терең білім. Педагогтік әдептілікті өзекті мәселесі – адамға, оның ар ожданына, құрмет, тұлғаның психикалық қасиеттерін, осы сәттегі психикалық күйін есепке алу. Бұл мұғалім мен оқушының рухани жақындығының пайда болуына және тереңдей түсуіне көмектеседі, тәрбиелік міндеттерді нәтижелі шешуге ықпал жасайды.
Педагогтік көп жағдайда мұғалімнің тұлғалық сапаларына тәуелді болады. Бұларда оның ішкі мәдениеті, жан –жақты теориялық дайындығы, кең саяси көзқарасы, терең сенімі, бай өмір тәжірибесі көрінеді.
Адам неғұрлым білімді, ойлау мәдениеті жоғары, биік парасатты болса, оның ішкі үні солғұрлым бай, терең мәнді, сабырлы, сезімтал, салиқалы болып келеді.
Ішкі үн- дегеніміз былайша айтқанда, ішкі ой. Ондай жан айтар ойын ішінде әбден пісіріп, ойланып, толғанып барып айтады. Ал ондай қабілеті болмаған жан ойын ішінде сақтап тұра алмайды, бірден айтып салады. Сондықтан ондайлардың ойы әсерсіз, таяз, жеңіл болып келеді. Нағыз ойшыл жан ішкі үнмен сыртқы үннің үйлестік табуына қол жеткізеді.
Педагогтік техника. Педагогтік техника педагогикалық шеберліктің еңбір маңызды бөлігі болып табылады. Ол бірінші кезектепедагогтік адамдармен қарым – қатынасы сферасын қамтиды және олтек теориялық білімдерді ғана емес практикалық дайындықты да қажет етеді. Ол өз бастауын педагогикалық теориялардан, басқару теорияларынан алса, күнделікті жұмыс барысында шыңдалады. Педагогтік техника негізгі – адамдардың сапалық қасиеттері мен психологиялық жай – күйін есепке алу.
Егерде тәрбие әдістері жөнінде әңгіме қозғалса – ол педагогтік техника, дауысын реттей алса, қимылын түзей алса, ел алдында өзін- өзі дұрыс ұстай алса – олда техника. Мысалы алдыңа адам өз қайғысымен келсе, оны шын көңілмен, ал ол көңілдің – дауысыңнан, отырысыңнан лебі білініп тұрған жөн.
Кейде біз: “Не қажеті бар осының, бәрін тыңдап отыру, бәрі бір оның мәселесін шешіп беру, көмектесу менің қолымнан келмейтін іс” дейтініміз бар. Бұл жаңсақ пікір. Қиын – қыстау сәттерде адамның ішкі –жан дүниесін ұғынуға, тыңдауға, көңілсіз білдіруге “қажет болса оның қайғысын бөлісуге тырысқан жөн. Тіпті қайғыны бөлісу үшін пенде болсаң да жеткілікті. Ал біреудің қуанышын бөлісу үшін пенде болсаң да жеткілікті. Ал біреудің қуанышын бөлісу үшін періште болу керек. Бұл тек, Алланың ғана қолынан келеді. Десекте, солай болуды алғаұстану керек. Осындайда “Өзіңді ұқпасаңда, өзгені ұқ” – деп бекер айтпаған. Адамдар сенің істеп, жасап жүрген істерінен гөрі,сыпайы мінезіңді жоғары бағалайды.
Педагогтік техниканың бірден –бір маңызды элементтері – сөйлеу, дауыс. Даусыңда сенің көңіл күйіңнің ырғағы көрінбеу керек.
Көңіл –нәзік, сөзбатыр. Көңілге қару, кірбің тудырмау. Біреудің намысына тиіп, жүрген жарамалаудың жанын күзелтпеудің әлеуметтік тұғыдан жағымды нышаны бар екенін ұмытпаған жөн. Көңілі бұзылған адамның жүйкесі жұқарады, еңбек өнімділігі де бәсең тартады. Сол себепті ауыз бағып, әдепті сөйлеуге бесіктен белі шықпай баулуға тиіспіз.
Педагогтік техниканың тағы бір көрнісі, ешқашанда жұрттық көзінше өзінің өзгелерден көп білетініңді көрсетуге әрекет жасамау. Адам өз білімін қойын қалтасына салып жүретін алтын сағат сияқты етіп ұстау керек – деп ағылшын қайраткері Честерфилд бекер айтпаған. Оны жылтылжатып, көрінгенге көрсете беруге болмайды.
Нағыз ғұлама адам өзін емес, өзгелерді көбірек тыңдайды.
Педагогтік тәуекелдік. Тәуекелдік қандай іс — әрекет барысында болмасын орын алуы тиіс. Олбар жерде шығар инициатива бар, шығармашылық бар. Тәуекелдік мейлі сәтсіз болсын, бәрібір қозғалыста жайбасарлықты жоюға себеп болды.