Студенттің практикалық сабағы, лабораториялық жұмыс

Лабораторияда жұмыстардың білім беруде оқу және тәрбюиелік мәні зор. Тәжірибе қою барысында студенттер табиғат заңдары, заңдылықтарына объективті түрде көз жеткізуді, оларды зерттеудегі ғылыми әдістерді меңгереді. Дұрыс ұйымдастырылған лабораториялық жұмыстар студенттің ойлау белсенділігін арттырады, анықталуды қажет ететін мәселеге өзбетінше, тәжірибелік жолмен жауап іздеуге баулиды.

Лабораториялық сабақтар келесі оқу мінтеттерін:

  • оқылып жатқан заңдар, теориялар мен заңдылықтардың шындығын, нақтылығын көрнек түрде дәйектеу;
  • жұмыс орнын ұйымдастыру, өлшеу құралдары мен әдістерін меңгеру;
  • орындалған жұмыс нәтижесін сауатты жазу, оны теориялық мәліметтермен салыстыру және өзбетінше тұжырымдауды қояды.

Лабораториялықсабақтарға дайындық бірнеше кезеңдерді қамтиды.

  1. Бірінші кезекте лабораториялық жұмыс мазмұнымен танысу. Мұнда, жұмыстың мақсаты, көлемі және негізі теориялық мәліметтерді саралап алу қажет. Өйткені мұндай мәліметтер лабораториялық жұмысты қалай жүргізуге қажет болса, оның нәтижесін ұғыну үшінде нақ сондай қажетілігі болады.
  2. Мазмұнына сәйкес лабораториялық тәжірибе жүргізу шартарын ойластыру қажет. Мұндай дайын лабораториялық қондырғылардың болуын немесе оларды жинау, өлшейтін шама параметтірлердің шамаларын алдын – ала жобалау т.с.с.
  3. Лабораториялық жұмыс орындалатын қондырғыларды меңгеру, оларды жинақтау, іске қосу өлшеу приболарын жұмыс істете алу.
  4. Лабораториялық тәжірибе барысында қолданылатын күрделі аппаратуралармен жұмыс істеуге қажетті білім, біліктіліктерді меңгеру. Олармен жұмыс істеу дағдысы тәжірибе барысында қалыптасқанмен, студант жалпы олармен жұмыс жүргізу ережесін білуі тиіс.
  5. Лабораториялық тәжірибе әдістемесі ойластыру. Мұнда тәжірибе кезіндегі орындалатын операциялар ретін, бақылауға қажетті реттілікті және нәтижелерін тіркеуді білуі керек.
  6. Студент ойша лабораториялық тәжірибені, басынан соңына дейін орындалатын операциялар мен бақылауларды «жүргізіп» өте алуы керек.
  7. Кейбір жағдайларда лабораториялық тәжірибе жүргізуге қажетті режимдерді есептеулерді алдын – ала жүргізе алуы тиіс.
  8. Лабораториялық сабаққа дайындық лабораториялық есеп бланксін түзумен аяқталады. Онда жұмыстың мақсаты және қысқаша мазмұны, лабораториялық құрылғылар, қондырғылар схемалары, лабораториялық жұмыс шартына байланысты алдын – ала ендірілетін мәліметтер болуы керек.
  9. Лаборатоиялық жұмысқа дайындықты, сабақтардың басқа түрлеріне сияқты, дайындық барысында түсінксіз болған сұрақтармен аяқтау керек.

Студентті көрсетіліп отырған бригада мүшелері дегеніміз – лабораториялық жұмыстар зерттеу жұмыстары және олар көбіне күрделі қондырғылармен орындалатындықтан 2-3 студент бірігп орындау тапсырылады.

Лабораториялық жұмыстарды орындау барысында төмендегі ережелерді сақтауы тиіс:

  1. Жұмысқа крісер алдын бригада құрамымен жұмыстың мазмұны мен мақсатын талқылау керек.
  2. Егер лабораториялық қондырғыны жинақтау қажет болса, онда оны ұжымдасып жасау керк. Бұл баолық үш бірдей студент бірдесінен жинауы тиіс деген сөз емес. Бригада мүшесінің бірі прибордың бірін, екіншісін т.с.с. жинауы керек. Егерде бір студент қана қондырғыны жұмысқа дайындайтын болса, қалған мүшелері оны мұқият қадағалап тұруы тиіс. Қондырғы жұмысқа дайын болғанда оны қосуға оқытушыдан немесе лаборанттан рұқсат алу керек.
  3. Қондырғыны қосқанға дейін жасалынатын тәжірибені ойша – бірлескен түрде «жүргізіп» алу керек.
  4. Тәжірбиені орындаудан студенттер өзара міндеттерді бөліп алғаны жөн. Десекте, мүмкіндігінше барлық студант приборлармен жұмыс істегені жөн.
  5. Өзара бөлінген міндеттерден тыс, тәжірибе ұжымдастырылған негізде жүргізілуі және алынған нәтижелерді, оларға жазылған хаттамалар бригада мүшелеріне жеке банкілерге толтырылуы тиіс.
  6. Лабораториялық тәжірибе хаттамасы, таза орындалған болуы керек. Егерде тәжірбие барыснда қажеліктерге жол берілген болса, сол жіберілген қателік қана түзетілуі тиіс. Қателіктер кенеттен пайда болатын жағдайларда, «ескерту» жолағына ендірілп қойғаны дұрыс. Және бұл қателік себебін анықтау жұмыс соңында ұжымдасқан түрде талқыланғаны жөн.
  7. Тәжірибе нәтижелерін өңдеу сабақтың соңына дейінгі уақыт ішінде орындалғаны жөн. Көбінесе, тәжірибе нәтижелері график тұрғызумен аяқталады. Сол себепті мұндай жағдайлар үшін алдын – ала миллиметрлік масштабтағы қағазды дайындап алу керек.
  8. Лабораториялық жұмыс бойынша дайындалған есеп жұмысты қолдандырылумен аяқталады.

Қорытынды тәжірибе нәтижелерін талдауды қамтуы тиіс. Мұндай талдауды, қортындылауды әрбір студент өзбетінше жасауы және мұнда кітап көмегімен жүгінбеуі керек.

Студент практикалық сабақта

Парктикалық сабақ барысында қалыптасқан білімдері негізінде студенттердің іс — әрекетін ұйымдастыруға арналады. Мұнда орындалатын іс — әрекет мазмұны, орындалу реті теориялық білім негізінде бақарылады. Сондықтан практикалық сабақтың мақсаты:

  • бар білімді нақтылы жағдайға пайдалану;
  • білімді, оны практикалық іс — әрекетке қалай пайдалану реті бойынша жүйелеу;
  • жұмыс барысында әрекет реттілігін бекіту;
  • студенттердің өзбетінше жұмыс жасауына дайындығын анықтау болып табылады.

Практикалықсабақтарда қолданылатын бірден – бір әдіс жаттығу.

Жаттығудың мәні студент оқытушы жетекшілігінде бірнеше рет алға қойылған міндетті шешеді, бірқатар қажетті әрекеттерді, біліктілікті және дағдыларды меңгереді.

Жаттығу мазмұны және мақсатына байланысты әртүрлі оқыту тәсілдерін пайдалана отырып нақтылы құрлымға ие болады.

Жалпы, барлық жаттығуларға тән құрылым:

  • алдын – ала жеке іс — әрекеттерді оқып үирену;
  • тікелей, не нәрсені меңгеру керектігін бақылау;
  • бірнеше рет меңгеруге тиіс іс — әрекетті оқушының жеткешілігінде қайталау;
  • бір әрекетті бірнеше өзгерген түрде қайталу;
  • негзгі міндетті шешу поцесін жүйелі түрде ретімен қайталау;

Жаттығу студенттен: әрекеті орындау ережесмін; орындау шартарын ескеруді, жеткен нәтижесін ескеруді, жіберліген қателіктерді түсіну және оларды жою жолдарын анықтауды талап етеді.

Парктикалық жұмыс мақсаты студенттерді өндірістік іс — әрекеттерге дайындығын, белгілі әрекеттер мен қажетті дағдылар мен біліктіліктерді қалыптастыру мақсатында жүргізілетін жұмыс.

Семинар. Қоғамдық пәндер бойынша семинар сабақтарында студент өзбетінше оқыған материалдардың құрлымдық логикасын түзуді, яғни оны жоспарын жасау, өзінің ойы мен тұжырымын дәйектеуі қажет.

Есеп шығару. Есептер шығару студенттердің теорияны, формуланы, заңдар мен заңдылытарды тереңірек ұғынуға, логикалық ойлауын дамытуға, жинақтылыққа, инивациялыққа, алға қойылған мақсатқа жетудегі еркі пен жігерді, өзбетінше жұмыстар жүргізуге қажетті дағдыларды қалыптастыруға және өзбетінше пікір түюдегі таптырмайтын бірден – бір құрал болып табылады.

Есептер шығаруға студенттер тікелей алғанг білімдерін өмірде, теориямен практиканың өзара байланысын терңірек ұғынуға септігін тигізеді.

Есептер шығару – студенттер білімін бақылау, бекіту және қайталау құралы.

Практикалық сабақтар – мамандыққа дайындауда студенттердің іс — әрекеттерін өзбетінше ұйымдастыру басты оқыту звеносы қатарына жатады. Оған төмендегідей талаптар қойылады.

14-