Лекция – оқу материалын жүйелі, бірізді айтып беру, оқыту барысының құрамды бөлігі, оқыту әдістерінің бірі. Лекциялар – бағытты сілтейтін, шолу жасайтын, жиынтық және т.б. түрінде болуы мүмкін. Лекцияға қойылатын негізгі дидактикалық талаптар: жоғары теориялық деңгей, тақырыптың біртұтасашылуы, нақты деректер мен құбылыстардың біртұтастық тұрғысында талдануы, олардың жинақталуы, қотындылыр, дәлелдемелердің айқындығы мен ғылыми дәлелденуі. Сондықтан лекциялық сабақтар лектор тарапынан болысын, студент тарапынан болсын белгілі бір бағыттылықа қажет етеді. Студенттердің лекцияға дайындығы ұғымына бірнеше элементтер енеді.
Бірінішіден, студент лекцияда физикалық тұрғыдан сергек болуы керек. Егер студент шаршау, ұйқысы қанбаған, не ертеңгі тағамына үлгермеген болса, олүшін лекция босқа кетеді.
Екеншіден, студент лекйияны ұғуға психологиялық дайындығы болу керек. Бұл үшін ол көлденең, өзге ойлардан арналған жәнежаңа материалды оқып үйренуге бейім болуы тиіс. Психологиялық дайындығы бар студент теріс эмоциялық әсерлер ықпалынан арылған, танып білуге құштарлық танытқан студент.
Үшіншіден, студенттің лекцияға дайындығы, осы сөзге тура мағынада дайын болуы: ол қоңыауға дейін лектордың келуіне дейін өз орнында болуы; қажетті құрал – саймандары сай болуы тиіс.
Лекция – шығармашылық процесс. Сондықтан оған қандай кедергі болса да кері әсер етеді, мейлі студенттің оған кешігіп келуі болсын, мейлі оның лекторға байқатпай орналасуболсын бәрібір лектордың, студенттердің, алаңдаушылығын тудырады.
Студент арасынан сайланған топ жетекшісі алдын ала кезекшілік дайындауы тиіс.
Академиялық топ жетекшісі қоңырауға дейін сабақта жоқ студенттерді анықтауы керек. Кезекші студенттің лектор орнын дайындап қойғаны жөн.
Төртіншіден, бастысы: лекцияға дайындығы бар студент – лекцияны түсінетін студент.
Лекция униаерситетте дайындығы бар аудиторияға арналды.
Жоғарыдағы, лекция мазмұнына қарағанда, лектор кез – келген сұрақтарды ашуда оған дейінгі материалдарға студенттер үшін лекцияны ұғыну қиынға және бос уақыт өткізген мен тең.
Лекция студент тарапынан түсінікті қабылдануы үшін, лекцияда айтылған арнайы терминдерді лекцияларда түсінуі керек. Кері жағдайда, студентке түсініксіз тілдегі әңгіме немесе сөз түрінде қалып қояды. Онанда өрескел, студент тарапынан, хабарланған терминология дұрыс қабылданбаса онда, ол лекция барысындағы жаңа материалдарды толықтыру мақсатында оқу емес, тапсыра алмаған емтихан материалын қайта оқуына тура келеді.
Студенттің өз бетінші оқуы
Жоғарыда студенттердің әр түрлі өзбетінше орындайтын жұмыстарына тоқталдық. Бұлар, сонымен қоса, лекциялық материалдарды жүйелі қайта толықтырып отыру және әртүрлі оқу тапсырмаларын орындау және кезектегі аудиториялық сабақтарға дайындалу.
Студенттердің өзбетінше жұмыстарына сонымен қатар, ғылыми зертте жұмыстары, қоғамдық іс — әрекеттер т.с.с. кіреді. Десекте, өзбетінше орындауға арналған сабақтар студентке белгілі бір жұмыс көлемін орындауға ғана емес, олар өзбетінше білімдерін жәнебіліктіліктерін кітаптың көмегімен толтыруға, ойлау қабілетін дамытуғажәне өзінің шығармашылық потенциалын көтеруге арналады.
Осыншалық көлемді және қиын да міндеттерді өзбетінше орындалатын жұмыстар ауқымына сиғызу оларды тиімді ұйымдастыру, оларды аудиториядан тыс жоспарлау және қатаң ой еңбегінің гигенасын сақтау арқылы іске асады. Ол демалыс, уақытпен де үйлесімділігін табуы шарт. Әрбір студент үшін төрт сағат шамасында күнделікті өзбетінше жұмыс ұйымдастырылуы керек. Десекте, көптеген студенттер, нашар білім деңгейін уақыттың жетіспеуіне саяды. Мұндай шағымдар негізінен өзбетінше орындалатын жұмыстарды дұрыс жоспарлау және таңдаған әдістеменің дұрыс болмауынан деп түсіну керек.