Дағды – еңбек және басқада іс — әрекет барысында белгіленген дәлдікпен және шапшақтықпен ойын, міндеттерін орындауда, қайталау нәтижесінде алған білік негізінде қалыптасқан әрекет. Сондықтанда дағды біліктілікпен тығыз байланысты.
Егер адам қандай да бір нәрсені істей білсе және ол әрекеті жиі қайталаса, ол автоматтандырылады, орындау жеңілдейді, оған кететін энергия шығыны да азаяды. Десекте, мұның бәрі мақсаттылық пен саналылық бақылауы арқылы жүзеге асып отырады.
Көбінесе ұйымдастырушылық жұмыстарына қатысты, жағдайды жылдам,бір сәтте, бағалай алу, соған байланысты мүмкіндіктер шеңберінде әрекеттерді жоспарлау, атқаратын жұмыстарды бөлу, бақылау, жұмыс барысында жәрдем беру, соңында іс — әрекеттерге бағаберу қатысты дағдаларға дұрыс пікрлер айтылады.
Дағды да, біліктілік сияқты практикалық іс – тәжірибе негізінде қалыптасады.