Біліктілік,меңгерілген білім; дағды және тәжірибе негізінде практикалық және теориялық іс — әрекеттерді нақты және саналы түрде орындауға дайындық арқылы анықталады.
Біліктілік қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Күрделі біліктілік тек қана психология, педагогикалық білімдерді ғана емес, басқа да ғылымдарды меңгеруге байланысты болады. Соның бірі педагогтің адамдарды тану біліктілігі.
Адамның, шынын айтқанда, азаматтық позициясын, жетістіктері мен кемшіліктерін байқау, бағалау өте қиын.
Тұлға көбінесе ұжымда, еңбекте, іс — әрекет барысында өмірідің қиын – қыстау сәттерінде ашылды. Десекте, адамдардың шын бет – бейнесін көру барлық уақытта мүмкін де емес. Екі жүзділікпен өмір сүретін адамдар көптеп кезедесді. Осыған байланысты, “Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда ол ең алдымен оны барлық жағынан білуі керек” – деп жазды К.Д. Ушинский.
Тұлғаны зерделей отырып, біріншіден оның психологиялық ерекшеліктерін: бағыттылығын, мінезіндегі басты ерекшелігі – табандылығын, темпераментін, қабілетін, жәнеөмірлік іс – тәжірибесін анықтап алу керек.бұлардан басқа бағыттылығы қаситеттерін: тұтынушылығы мен қызығышылығы, идеялық және практикалық ұстанамын анықтап алу керек.
Мінез – құлыққа адамның жасап, атқарып жүрген іс — әрекетінің әсері мол. Сондықтан, осылай қалыптасқан тұлғаның психолгиялық ерекшеліктерін аңғару әбзел. Мұндай жағдайда педагогтің өзінің мінез –құлқының ерекшеліктері тұлғаныңда, ұжымның не топтардың қалыптасуына әсері сөзсіз.
Мысалы жігерлі, табандылықты қарастырайық. Өр мінезді адам өзінің намысын батыл түрде қорғайды, қойған мақсатына жетуде ерлік көрсетеді. Жігерсіздік орын алған адамда, ұдайы қобалжу, қорқақтық, нақтылы шешімге клек алмау орын алады. Адам жоғары мұратты болуы мүмкін, бірақта табандылық көрсете алмаса оның аталмыш қасиеттерінің практикалық құны бола қоймайды. Сонымен қатар табандылық атаққұмарлық, менмендікпен ұштасып, қалыптасқан бір қатар қайраткерлерде белгілі, оның ішінде, саяси аренда көрініп жүргендері де, аз емес және олардың көбі зияннан басқа келтірері шамалы. Сондықтан, жігерлік пен табандылықты зерделеуде, тұлғаның моралдық бағыттылығы қаситеттерін есепке алу керек. Оның ішінде ең құндысы тұлғаның табандылығының қоғамдық бағыттылығымен ұштасуы құнды.
Халықтардың рухани мәдениеті артқан сайын тәрбиелеушілердің мінез – құлқына талдау жасауды олардың интеллектуальдық және эмоционалдық (сезімталдық) ерекшеліктерін зерделеу және есепке алып отыру керек.
Интеллектуальдық ерекшелігіне, психологтар ой, сана сапасы көрсеткіштерін: талғампаздығы, икемділік, өзін — өзі мінеушілігі т.б. жатқызады. Сезімталдық ерекшеліктері жанжақты болуы мүмкін. Ең жоғары сезім –өмірлік белсенділік ұстанымы арқылы Отанға сүйіспеншілігі, оның алдындағы парызы. Көптеген басшыларға, педагогтерге алдымен парызы. Көптеген басшыларға, педагогтерге алдымен тәрбие жұмысы барысында, сол сияқты өзінің әрекетіне баға беруде, жаңалықты сезіну, әзіл – оспақты, мысқылды түсіне білу жетісе бермейді.
Абайдың: “адамның адамшылдығы істі бастағанынан білінеді, қалайша бітіретіндігінен емес…”, “адам баласын заман өсіреді, кімде – кім жаман болса, замандасының бәрі виноват”, А. Байтұрсыноатың: “… адамның мінезі ойының түрінен, көңілінің күйінен, істеген ісінен білінеді” – деген сөздерін тірішілік қағидасына айналдырған жөн.
Бір айта кететін жәйт, көлденең көз көргіш. Орыс зерттеушісі Ф. Шербиннің пайымдауынша, қазақтың онүш кемшілігі байқалды. 1. Шынайы намысының жоқтығы. 2. Шартты адалдық. 3. Өтірікшілдік. 4. Риялдық. 5. Пайдақорлық. 6. Мылжыңдық. 7. Бейғамдық. 8. Өсекаяңшылдық. 9. Дәукестік. 10. Даңғойлық. 11. Айлакерлік. 12. Нәсіпқұмарлық. 13. Мақтаншақтық. Міне осыған қарағанда, тек басқаны ғана емес, тіпті өзіңді — өзің танудың мүмкіншілігінің шексіз екненін мойындайсыз.
Адамды танып – білу біліктілігі, оны “өз орнына” қоюдағы іс — әрекет, педагог, ұстаз, ұйымдастырушы, маманның басты таланты.