Кіріспе. «Жасөспірім ұрпақты тәрбиелеу, оның мазмұны мен бағыт – бағдары әр дәуір адамдарының ақыл – ойы мен жүрегінен әрқашан лайықты орын алып келді». Қазіргі кезеңде де ақпараттық технологиялардың дамуы, жаһанданудың жеделдеуі және ақпараттың шектен тыс көбеюі білім беру әдістемелерін инновациялауды қажет етіп отыр.
Бұл инновациялық әдістің негізгі ерекшелігі неде болу керек?
Қазіргі кезде бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет жүйесі арқылы студенттердің алып жатқан ақпараттары қайшылықты мазмұнға ие болып, білім беру процесінде бұл жағдайды талдау ерекше мәселе болып саналады.
Сонымен бірге көп жағдайда оқытушылар өздеріне көп күш жұмсамайтын қолайлы жағдайды таңдап, топтағы интеллектуальдық деңгейі «жоғары» студенттермен немесе топшамен ғана жұмыс істейтіні де жасырын емес.
Ал, интеллектуальдық деңгейі « орта » және « төмен » студенттер көп жағдайда сабақ процесінетолық тартылмай қалады.
Білім беру процесіндегі осындайолқылықтарды жою үшінтөмендегі жаңа инновациялық білімберуәдістерін ұсынып отырмыз. Бұләдістердібіз « СШДЖ »
(«сызықтық», «шеңбер», «дөңгелек», «жұлдызша») әдістері деп атадық. Жалпы бұләдістердің элементтері бұрыннанбілім беру процесінде пайдаланылып келеді.
«Өткенді зерделеп, жақсымен жаманды, ақ пен қараны айырып, оны бүгінгі күннің кәдесіне жарату – қоғам алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі». Біз тек бұл әдістердің элементтерін жетілдіріп, нақтылап және жүйелеп« СШДЖ » әдістері деп атадық.
СШДЖ әдістерінің тиімділігіне біз өз тәжірибемізде көз жеткіздік. Студенттердің интеллектуальдық деңгейі « жоғары », « орта » және « төмен »болуымен қатар, бұл деңгейлерге қатысты студенттердің білім алуға ынтасы
« белсенді » немесе « енжар » болуы мүмкін. Ал, « СШДЖ » әдістерібілім беру барысында барлық студенттердің сабақ процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз етеді.
Бұл «СШДЖ » әдістерін сабақ барысындақандай пән болмасын тиімді пйдаланған жағдайда ғана топтағы студенттердіңсабаққа деген қызығушылығын тудыруарқылы белсенділігінарттырып,бағдарламалықматериалдардыжедел және нәтижелі меңгерулерінемүмкіндік береді. « Тәжірибелі оқытушыоқушылардың зейінін қалыптастыруықажет, хабарланғаноқу материалына оларда қызығуды дамыту оқыту үрдісін жемістіұйымдастырудың ең негізі ». Бұл «СШДЖ » әдістерін сабақ процесіндетиімдіпайдалану үшін оқытушыең алдымен топтыңинтеллектуальдық деңгейін, тәртібін сабаққа ынтасын есепке алуы керек ( сурет 1 ). Бұл біздің сабақ процесіндестуденттерменжұмыс істеуіміздіжеңілдетеді және бағдарламалық материалдарды нәтижелі меңгерулеріне оңтайлыәсер етеді.
Белсенді
Интеллектуальдықдеңгейі жоғары
Енжар
Сурет 1. Топ студенттерін жіктеудіңнобайы
« Педагогиканың қазіргі мәселелерін, барлық педагогика тарихына сын көзбен пайымдамайынша, түпкілікті шешу мүмкүн емес ».
Қазақстан Республликасының тәуелсіздік жағдайында білім беру саласыедәуір өзгерістерге ұшырады. Қоғамның саяси — әлеуметтік және мәдени өмірінің жаңа жағдайларына байланысты оқу пәндерінің барлық түрлеріне жаңа талаптар қойылды. Білім беру саласының негізгі мақсаты – қоғамдық құбылыстарды сауатты бағалай алатын, жаңаша ойлай білетін,болашақты дұрыс болжай білетін студенттердің дүниеге саналы көзқарасынқалыптастыру.
Жұмыстың мақсаты. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты жоғарыда айтылған талапқа жауап беретін жаңа инновациялықәдістемені білім беру процесіне енгізу болып табылады.
Мәселенің шешімі. Біз « СШДЖ » әдістерінің ішінен « жұлдызша » әдісіне толығырақ тоқталып, нақты мысалдармен түсінік береміз. Бұл әдіс нобайы 2 – суретте көрсетілген.
Бұл әдіспенинтеллектуальдық деңгейі « жоғары » және білім алуға « белсенді » немесе « енжар » студенттермен қалай жұмыс істеуге болады және оның қандай формалары бар деген сұрақтарға жауап беруге мысалдар көмегінде әрекет жасаймыз.Әр студентке немесе әртопшаға оқытушы дербес тапсырмалар береді. Бұл әдіс әр студентпен жеке жұмыс істеуге де өте тиімді. Бұл әдістің ерекшелігі тапсырмалар негізгісұрақтар, тест сұрақтары түрінде немесе карточкалықформада беріледі.
Біз топтағы интеллектуальдық деңгейі « жоғары » және білім алуға « белсенді » студенттерге немесе топшаға тақырып бойынша алдын – ала дайындалған негізгі сұрақтарды береміз.
Сурет 2. «Жұлдызша» әдісінің нобайы.
Мысалы: 1 – студентке немесе топшаға: 1 – негізгі сұрақ:
- Дүниетанымның қандай түрлері бар?
Студент немесе топша студенттері негізгі сұрақ бойынша жауап бергенде мына мәселелерді : дүниетанымның 4 түрініңбар екендігін, мифологиялық, діни, натурфилософиялықжәне философиялық қамтуы керек. Дүниетанымның 4 түріне қысқаша нақты түсінікберуі қажет.
- Мифологиялық дүниетаным дегеніміз не?
Студентнемесе топша студенттері негізгі сұрақ бойынша жауап бергенде мына мәселелерді: мифологиялық дүниетаным дегеніміз не, К.Маркстің мифологиялық дүниетаным туралы тұжырымдамасы, мифология терминінің этимологиялық мағынасы, мифтің қалай пайда болғандығы туралы, мифологиялық түсіндірудіңбейнелеу – көркем тәсіліне жататындығын және дүниеге мифологиялық көзқарастардың мәні туралы түсінік беруі керек.
Негізгісұрақтар осындай мазмұнда жалғастырылады.
Ал интеллектуальды денгейі « жоғары », бірақ білім алуға « енжер »студенттермен немесе топшамен тест тапсырмалары арқылы жұмыс ұйымдастырамыз?
Мысалы:
- Дүниетанымның неше типі қалыптасқан?
а) 2
ә) 3
б) 4 +
в) 5
- Дүниетанымның алғашқы типі
а)діни
ә)мифологиялық +
б) натурфилософиялық
в) философиялық
- Алғашқы санадағы шындықтың ерте дүниедегі халықтың ауызекі шығармашылығына тән қиял түрінде бейнеленуі
а)фольклор
ә)тарих
б)мифология +
в)дін
- « Миф » сөзінің көне грек тілінен аудармасы
а) ертек
ә) аңыз +
б) мысал
в) өсиет
- Құдайлар, аңызға айналған батырлар, оқиғалар және с.с. табиғат пен қоғамның түрліше құбылыстарын жалпылай түсіндіруге әрекетжасаудан келіп туған
а)тарих
ә)ертек
б)миф +
в)мысал
- Түсіндірудің бейнелеу — көркем тәсіліне жатады
а)мысал
ә)ертек
б)мифология +
в)тарих
Тест сұрақтары осы мазмұнда жалғаса береді. Тапсырмалардың мұндай формаларда түрлендіріп берілуі топтағы білім алуға « белсенді » және « енжар » студенттерді түгел сабаққа жұмылдыра отырып сабақ уақытын тиімді пайдалануға және студенттердің түгел бағалануына қол жеткіземіз. « Жұлдызша » әдісінің ерекшелігі сол, бұл әдісбіріншіден, студенттерді жалықтырмайды, екіншіден, сабақ уақыты тиімді пайдаланылады, үшіншіден, сұрақтарға жауап беруде студенттербір – бірінің жауаптарынан пайдаланаалады т.б.
Қортынды. Міне осылай « жұлдызша » әдісінен тиімді пайдалана алсақ қандай пән болмасынсабақ өткенімізде топтағы студенттерді түгел сабақ процесіне қатыстыра аламыз.
Біріншіден, сабаққа студенттердін қызығушылығын арттырамыз.
Екіншіден, сабақ уақытын үнемдей отырып тиімді пайдаланамыз.
Үшіншіден, топ студенттеріне бағдарламалық материалды меңгерте отырып, оларды түгел бағалай аламыз.