Ертегілердегі тенге түрлері

Ертегі – ауыз әдебиетінің ерте заманнан келе жатқан көне мол мұрасы. Ертегілердің « Бұрынғы өткен заманда», «Баяғы өткен заманда», немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде» деп басталуынан оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес.

Ертегілер қиял –ғажайып ертегі, хайуанаттар жайлы ертегі, шыншыл ертегі болып бөлінеді. Олардың ішіндегі ең көнесі- қиял – ғажайып ертегілері.

Бұларда өмірде болмайтын нәрселер туралы әңгімелер қозғалады.

Қиял- ғажайып ертегілерінің оқиғасы фантазияға (қиялға) құрылады, олар адамзаттың тәтті ой- арманын, өршіл, ізденгіш қиялын танытады.

Ертегінің келесі бір үлкен саласы тұрмыс- салт ертегілері. Бұл ертегілерде көбіне елдің бақташылық тұрмыс –тіршіліктері суреттеледі.

Оларда қойшы –малшы, тазшалардың тұрмысынан алынып, өмірде болуы мүмкін жайттарға, қиял – ғайжайып оқиғалар араластырыла көрсетіледі. ¤мірде болатын нәселер мен болмайтын нәрселердің араласып отыруы – ертегінің өзіне тән қасиеті, ерекшелігі.

Хайуанаттар, жануарлар жайындағы ертектерде халық солардың мінездері арқылы адамдардың бойындағы жақсы мінез – құлықтарды, сол сияқты олардың бойындағы мінін, кемшіліктерін, мінезіндегі ерсілік – оғаштықтарды тұспалдаған.

Қазақ ертегілердің ең мол түрі – шыншыл ертегілер.

Халық өзінің дүниетанудағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы іс- әрекетін, барлық мұң – мүддессін, күрес – тартысын, талап- тілегін осы шыншыл ертегілерге жиып түйген. Мұндай ертегілерде әлеуметтік теңсіздікке қарсы еңбекші халықтың наразылығы, күресі – бәрі айқын көрінеді. Шыншыл ертегіоерде таптық сипат айқын.

Біздің әңгімелеп отырғаанымыз ертегідегі ақша түрлері, олардың аттары, орыс тіліндегі сәйкестігі туралы ойларымыз. Ертегі оқу да өнер, өйткені оны оқып отырып әрбір сөзге, әрбір жазылған жайға көңіл бөліп оқу керек, сөздің мағынасына, жазылуына қарап, ой түйіп оқу дұрыс сияқты. Сонда ғана еретегіні түсініп, оның мән — мағынасында терең ой жатқанын аңғаруға болады. Ертегі неғұрлым көне болған сайын, сөйлем құрылысы ырғақты келеді, көбіне жалаң сөйлемнен құралады. Сондықтан орыс оқушылары оқыған кезде пауза, интонацияны, екпінді дұрыс қойып оқуды талап ету қажет.

«¤нердің күші)

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөрте екен, қырғауыл жүні ұзын екен … деп бастайық.

Өткен заманда бір патшаның Ыдырыс деген ұлы болыпты. Ыдрыс ел аралап жүріп бір диханшының Дүрия деген сұлу, ақылды қызына ғашық болып қалады. Бірақ қыз оған: «Қандай өнерің бар?» – дейді.

Сонда жігіт: «Маған өнердің керегі жоқ. Жақында мен патша боламын,» – деп жауап береді.

«Жоқ, жігітім, өнерсіздің өкініші көп. ¤нерсізге үміт арту қиын» – депті қыз. Ыдырыс ойланып, патша сарайына келіп, шеберлерді шақырып, өзіне.

15 күнде бір өнерді үйретуін тапсырады. Шебер патша ұлына киізден әдемі қалпақ басуды үйретеді.

Өзі басқан (жасаған) қалпақты Дүрияға әкеп көрсетеді. Сонда Дүрия: «Бұл тамаша қалпақ екен. Енді екеуміз әріпке ұқас өрнек салайық,» – дейді.

Кәрі патша ауырып қайтыс болады. Таққа ұлы Ыдырыс отырады. Бір күні жас патша жаман киініп ел аралайды. Жолда оны зұлым адамдар ұстап өлтірмекші болады. Сонда жас патша: «Сендер мені өлтірмендер. Мен сендерге пайда келтіремін. Мен қымбат бөрік тігемін.Сендер оны патшаның әйеліне көрсетіп 3 мың ділді ақшаға сатындар,» – дейді. Патша әсем бөрік тігін, оның шетіне өрнектеп әріппен өзінің қайда екенін жазады. Әйелі оқып, патшаны құтқарады «¤нердің күші деген міне осы,» – депті әйелі.

«Елін, жұртын жиды, жоғарғы еліне шақырады, жорға бие сойды, той жасады. «Қызымды кімде- кім жаман болса беремін, — деді.» «Жаман еркекті қайтіп жақсы қылар екен?» – деді. Жаман жігіттерді жинады. Ең жаман дегеніне қызын берді. Ханның қызы орнынан көшеді. Хан қызы жаман тазшаға жар болды. Бірақ хан өзі шебер екен, бау өріп, үйінің қасынан құдық қазып алды. Құдықтың суы алтын болды. Жаман тазша әйелінің тілін алды, хан қызы күнде бау өріп, киім тігіп, оны сатқызыпты, орнына ділдә алыпты, сөйтіп бай болыпты» (хан қызы) ділдә – золотая монета, золото

… Мужик принялся за работу и насыпал телегу золотом, всё из ямы выбрал до последнего червонца.

«Горе» (228) червонец – золотая монета в 3, 5, 10 рублей.

«Кемпірге балалар мені бес тиынға сатты, кемпір мені үйіне апарды, алдына жем, су қойып, аяғымнан арқандап койды.»

«Ағыбай шал» (118) тиын — ұсақ ақша түрі.

«Я, коварная коза – дереза.»

За 3 гроша – куплена

Под бока луплена.

Топну, топну ногами

«Коза – дереза» (48) грош – старинная медная монета в 2 копейки.

«Жігіт шаћарға келді, бір шабдар атты бір жігіт сатамын деп жетектеп жүр екен.»

Атыңды сатамысың, ағеке? – деді

Сатамын, не бересің?

Екі жүз сом бер

Жүз елу сом берейін

Жүз елу сом беріп, арқасы жауыр

шабдар атты алып үйіне келді.

Түс сатып алған тазша» (134)

жүз елу сом – ақша түрі.

Послушай земляк, дай мне взаймы копеечку

Хочется убогому подать да мелких нету…

К о п е й к а — мелкая металлическая монета, сотая доля рубля.

…Поели с неделю и приели

весь хлеб, что в запасе был

видит старуха, что больше есть нечего,

надо за денежки приниматься,

  • а старик оставил – то им двести рублей.

«Волшебное кольцо» (157)

рубль – основная денежная единица , равная 100 копеек, денежный знак и монета этой стоимости.

… Отсчитала она сыну 100 рублей и говорит:

«Ну, Мартынка, вот тебе 100 целковников

пойди попроси у соседей лошадей.»

Целковник – то же что и рубль.

‡йге кліп кешке темірден етік, таяк соқтырып темір етіктен теңгей, темір таяқтан тебендей қалғанша жүрдім, сөйтіп жүріп сізге душар болдым, соған күлдім (138).

Теңге – ақша түрі.

Әрбір дербес мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін нышандары бар. Мемлекетіміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін өз ақшасын шығаруды қолға алды. Сөйтіп 1993 жылы қараша айынан бастап, өз теңгеміз айналымға түсе бастады.

Ұлттық теңгеміздің ерекшелігі – мықты, тез тозбайтын қағаздан, арнайы тапсырыс арқылы шетелде дайындалған.

Теңгенің шеттері қағаз ою — өрнектерімен безендірілген.

Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды.

Екінші бетінде ою — өрнектер, табиғат көріністері бейнеленгің, Елтаңбамыз салынған.

…Продай, бабушка, это полотно, а деньги возьми себе.

Деньги – металлические и бумажные знаки, являющиеся мерой стоимости при купле – продаже.

Шал жорғалатып базарға салды. Базарда біреу тұрып:

  • Ей, арғымағынды сатасың ба. – деді.
  • Сатамын.
  • Ой, не сұрайсың?
  • Ой, мың ділдә сұраймын.
  • Түсіп, ақшаңды ал, — деді.
  • Бұдан сан мыңдаған жылдар бұрын

адамдар ақшаның не екенін білмеді. Олар бір- бірімен басы артық түрлі заттарын жай ғана айырбасқа салып отырды. Құмырашылар қыш ыдыстары мен құмырасын, ұсталар жебенің кірісін (ұшын), пышақ пен балталарын айырбастады. Егіші диқан астығын, өсімдік майын, шарабын; малшылар өгіздері мен қойларын, жүн – жұртқасы мен былғарысын; жорықтан жеңіспен оралған жауынгерлер тұтқындарын айырбасқа салды.

Дегенмен айырбас жасаудың өзі де оңайлыққа түспейтін еді. ¤йткені заттар мен өнімдердің нарқы әр түрлі болатын. Бұл сол заттары немесе бұйымдарды әзірлеуге қанша еңбек жұмсалғанына орай белгілентін. Ал кейде оларды өңдіру үшін қандай қиындықтарды, тіпті қауіп – қатерді бастан кейруге тура келетіндігі де есепке алынатын. Мәселен, бір қойды екі балтаға немесе бір шалбарға, болмаса төрт құмыраға айырбастауға болушы еді.

Қабыланның азу тісі мен тырнағынан жасалған алқаға қайық немесе екі өгіз келетін – ді. Оның үстіне айырбастың тап осындай түріне заты дөп келетін адамды тауып көріңізші.

Сондықтан да айырбасты оңайлату үшін адамдар оған қолайлы зат іздестіре бастады. Ол үшін көп нәрсені: малды да, астық пен аң терілерін де, топ матаны да байқап көрді. Алайда ақшаның бұл түрі де өте қолайсыз болып шықты. Малды жем – шөп беріп бағу, ал заттарды бүлдірмей сақтау қиындыққа түсті. Аң терісін қара күйе жеп,мата өнің жоғалтты.

Бірте- бірте адамдар ақшаның уақытша ғана емес, ылғи да керек нәрсе екендігін түсіне бастады. Сақтауға келетін, қолдан – қолға өткен кезде бұзылмайтын зат болуы керек екенін байқады. Ол алып жүруге ыңғайлы әрі жеңіл, ал құны жағынан азғантай бөлігінің өзі өгізге де, үйге де, көемеге де, жер сатып алуға да жарай беретіндей болуы шарт еді. Оның үстіне ұсақ бөліктерге оп – оңай бөліне салуы қажет болатын, өйткені кез – келген адам кемені немесе өгізді сатып ала бермейтіні белгілі ғой. Әдетте, адамға күнделікке қажет нәрсе бір кесім ет, нан киім – кешек емес пе …

Бұл арада екінші бір қиындық туады: ақша ең ұсақ бөліктерге бөлінгеннің өзінде оның жалпы құны кемімеуі керек еді. Өйткені, кайталық құндыз немесе түлкі терісін ұсақ бөліктерге немесе түлкі терісін ұсақ бөлітерге паршалап тастасаң, сонда осы бөліктердің құны неге теңелер? Әрине, түкке тұрмайды. Осы талаптардың бәріне аз да болса жауап берген алғашқы ақшаның бірі оңтүстік теңіздерінен алынатын ұлу қабыршағы болды. Оларды тесіп, моншақ сияқты жіпке тізіп алу салты болған. Бірақ ақшаның бұл түрінің құны өте арзан еді,мысалы, бір өгіз үшін мыңдаған ұлу қабыршағын санап беруге тура келетін.

Өмір тәжірибесінің өзі – ақ сауда – саттыққа ең қолайлысы металдан жасалған ақша екенін дәлелдеп берді. Құны әр түрлі шақаларды соғуға: мыстан – арзанырақ, күмістен – қымбаттырақ, ал алтыннан ең қымбатын жасауға мүмкіндік туды.

Металл ақша да кемшіліксіз болмай шықты, олардың салмағы ауыр әрі біраз орын алды.

Шалғайдағы елдермен сауда – саттық жасайтын бай көпестерге мұндай жүкті өзімен бірге алып жүру әрі ыңғайсыз, әрі қауіпті еді. Қай жерге жасырғанымен қарақшылар мен тонаушылар жәшік – жәшік шақаны бірден тауып алатын. Сондықтан да адамдар қиындықтан шығатын жаңа жол тапты: алтынды банкіге сақтауға өткізді де, орнына жолға шыққан кезде алтынына берілген қағаз қолқат алып жүрді.

Дәл осылай алғаш дүниеге қағаз ақша келді. Оған банкідегі сақтаулы алтынның қандай мөлшеріне тең екендігі жазылып қойылатын. Адам еңбегі жұмсалғанның бәрі – заттар, бүйымдар, көрсетілген қызмет ақшамен төленеді. Ақша дегеніміз белгілі мөлшері кез келген басқа товарға теңелген, соған айырбасталына алатын осындай ерекше товар болып табылады.

Ақша кез – келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар ролін атқарады.

Тауар өндірісінің тарихи даму барысында ақшаның ролін әр түолі тауарлар атқарды. Әрбір тауарлы өндіріс тауардың жалпы эквивалентін пайдаланды. Қоғамдық еңбектің бірінші бөлінуі нәтижесінде малшы тайпаларды пайда болып, олар айырбас құралы ретінде малды қолданды. Ақшаның айырбас құралы қызметін мал атқаруы әр халықтың ауыз әдебиетінде сақталу сонша, кейін металдан соғылған ақшаны да мал атауларымен атаған.

Сонымен қатар, көптеген елдерде мысалы, Монғолияда және Тибет, Памир тауларының етегінде мекен еткен халықтарда эквивалент қызметін тері ақшалары атқарған.

Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланған. Мысалы, құл – үш сиырға, алты бұзауға т.с.с. айырбасталған.

Ақша эквиваленті болып металдар да қолдана бастады. Металл ақшалардың артықшылығы — олардың біртектестігі, мықтылығы, оңай бөлінуі. Көп уақытқа дейін олар кетпен, күрек, т.б. пішінде айналыста жүрді. Күміс пен алтын ақшалар сақина, әшекей бұйым ретінде айналыста қолданды.

Ақша – тарихи дамыған экономикалық категория. Ол қоғам дамуының әрбір сатысында өндіріс және айырбас процесінде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетеді. К. Маркстің сөзімен айтқанда: «Айырбас құны, тауарларды бөлініп және сол тауарлармен қатар дербес тауар ретінде жүретін тауар, ол – ақша». Әрбір жеке тауар құны ретінде көрнеді. Оның құны белгісіз, ол тек тауарды ақшаға теңергенде ғана анықталады. Тауар мен ақша айырбас процесінде бірін – бірі алмастырады және біріне – бірі теңгеріледі. Оның айырықша қызметі – барлық тауарларға ортақ эквивалент ролін атқарды.

1992 жылы Генуяда өткен бірінші Халықаралық келісімде ағылшынның фунт стерлингі және АҚШ-тың доллары алтынның эквиваленті деп жарияланып, халықаралық айналымға енгізілді.

1944 жылы Бретон- Вудсте (АҚШ) қабылданып, онда соғыстан кейінгі валюта жүйесінің негізгі бекітілді. Бұл келісім АҚШ-тың долларына және фунт серлингке резервтік валюта статусын берді. Оған кейін дүниежүзілік ақшаның формалары пайда болды. СДР-Халықаралық валюта қорының арналуы есеп айырысу өлшемі (1970 жыл), ЭКЮ – аймақтың халықаралық есеп айырысу өлшемі (1979 жыл), оны Еуропа валюта жүйесіне мүше мемлектер қолданды.

1991 жылы 1 қаңтарда жаңа валюта – еуро өмірге келді.

Қағаз ақшалар – алғашқы қағаз ақшалар XII ғасырда Қытайда пайда болды, Ресейде 1769 (ақша императордың бейнесімен белгіленгендіктен – «катенька» деген ат алды) жылы қолданылды. Ол толық құнды ақшаның айналым және төлем құралы қызметтерін атқаратын, мемлекет өз шығындарын жабу үшін шығаратын және ықтиярсыз көрсеткен құны бар, әдетте металға айырбасталмайтын ақша белгісі. Оның құны жоқ, себебі оны басып шығаруға көрсеткен құнындағыдай шығын кетпейді.

Ақша деген не?

Тауар, әлде қызмет көрсетудің төленімі бола алатын кез – келген зат ақша бола алады. Ерте кезден бері алтын, күміс, әлде, мыс сияқты қымбат металлдар, кең тараған ақшаның бір түрлері болып есептеледі. Ғасырлар бойы әртүрлі қоғамдарда темекі, тұз, балық ұстайтын қармақтар, қауыршақтар, тастар және әртүрлі қағаздар ақша орнына қолданылды.

Ойымызды қорыта отырып, ертегіден байқағанымыз қазақ ертегілерріндегі «ділдә» – ол алтын, яғни алтын айырбас құнына жүрген.

Ертегілердің баланның ойын тұжырымдауға, тілін ширатуға, ойлау қабілетін кеңейтуге, сөздік қорым молайтуға, сөйлеу мәдениетін дамытуға ықпалы зор деп білеміз. Бала ертегілерге үңіліп,ондағы ақша түрлерімен танысады.

Сонымен қатар біздің арғы ата- бабаларымыздың өміріндегі экономикалық астар, сарын сол көне заманда белгілі болған, өйткені біздің бабаларымыз базарға қандай тауар шығаруды жақсы білген. Ол тауарлар, яғни көлік те, тамақ та, ат та базарда біздің бабаларымыз үшін ең жоғарғы тауар болған.

Әдебиеттер

  1. Табылдиев Ә. – Санамақ, мақал-мәтел жаңылтапаш. Алматы «Қазақ унивеситеті»- 1992 ж.
  2. Қазақ халық ертегілері – Алматы «Жазушы» -1998 ж.
  3. Казахская литература. 8-класс- Алматы «Білім» -1979-2005 ж.ж.
  4. Ол кім. Бұл не. -Алматы -1986 ж.