Қазақстанның агроөнеркәсіп платформасының қалыптасуындағы инновациялық бағыт

Қазақстанның агроөнеркәсібінің даму болашағы-ол,кластерлерлік жүйені дамыту деп айтуға болады.

Қазіргі кезде нақты аймақтың, территорияның, салалардың экономикасын бәсекеге қабілетті ету үшін еліміздің экономика салаларын дамытудың негізгі жолы кластерлік тәсілді пайдалану болып табылады. Осы мақсатта республика Үкіметі еліміздің 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық дамуын қамтитын бағдарламада көрсетілген міндеттерді орындау үшін «Қазақстанның бәсекеге қабілеті және кластерлік дамудың болашағы» атты жобаны іске асыруда.

Ол жалпы түрде белгілі бір экономикалық кеңістікте жинақы орналасқан, бірімен-бірі технологиялық байланысқан кәсіпорындардың келісім арқылы тығыз байланыстағы жиынтығы. Сонымен қатар кластерге бірігу аймақтағы әлеуметтік-экономикалық өсуді, халықтың жұмыспен қамтылу ауқымын кеңейтіп, ресурстық әлеуетін тиімді пайдалануды, қалдықсыз өндірісті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Кластерлер аймақтардағы шағын және орта бизнестің дамуына айтарлықтай ықпал ететінін әлемдік тәжірибе дәлелдеді. Кластердің жетекші компаниялары, әдетте басты бағыттарда қызмет ете отырып, аралық өнімдер өндірісін шағын кәсіпорындарға өткізеді. Мұндай шешім, әсіресе, жекелеген аймақтарға тиімді. Себебі ол жергілікті бизнестің бәсекеге қабілеттілігі мен аймақтық кірістің көтерілуіне және халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Кластерлік баптағы негізгі мәселе — кәсіпорындардағы бар ресурстарды дұрыс пайдалану мүмкіндігі және ең маңыздысы, саладағы өндірістің басты құралы болып табылатын жер ресурстарын тиімді пайдалану. Қазіргі кезде республикадағы кластерлік жүйені құрайтын көптеген элементтер қалыптасып үлгерді, бірақ олар жеткіліксіз деңгейде дамыған және өзара байланысы өте төмен. Сондықтан кластерлік шешімдегі барлық күшті нақты белгіленген жұмысты тезірек жетілдіру және жекелеген кәсіпорындарды қолдауға ғана бағыттамай, сонымен қатар заңды тұлғалардың арасындағы өзара қарым-қатынасты дамытуға жұмсаған жөн.

Нарықтық қатынастардың əлемдегі ең озық деген тəжірибелерін батыл қабылдап кележатқан Қазақстан үшін кластерлік жүйе алдағы уақытта инновациялық дамудың негізгі құралына айналғалы отыр. Мемлекет басшысы 2013 жылғы Жолдауында экономиканың бірқатар салаларында кластер жасау мен дамыту жоспарын жасау қажеттігі туралы атап көрсеткен болатын. Соған байланысты «Бəсекелестік қабілетін арттыру жəне кластерлік даму» бағдарламасы жүзеге аса бастады.

Үкімет кезінде өндіріс орындарын ашуға ынталанып, импортты алмастыру бағдарламасын қабылдап, «Сапалы əрі қосымша құны жоғары тауар шығармай, импорты қалай алмастыруға болады?» деген мəселе көтерді. Содан бастап индустриялық жəне инновациялық даму стратегиясы қабылданды. Кез келген құжат ғылыми тұжырымға,теорияға негізделмей жүзеге аспайтыны тағы белгілі. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін кластерлік дамудың ғылыми жобасы таңдалып алынды.

Жалпы, дүниежүзілік тəжірибе көрсетіп отырғандай, кластерлік тəсіл ұлттық экономиканың басымдық саясаттарын айқындап, оның бəсекеге қабілеттілігін арттыруда орасан зор рөл атқарады. Кейінгі кездері кластер ұғымына ғалымдар мен экономист мамандар əрқалай ғылыми түсіндірмелер беріп келе жатқанымен, оның түпкі мағынасы бəсекеге қабілетті салалар жиынтығы дегенді білдіреді.

Жалпы «кластер» термині (ағылшынша «cluster» — шоғыр, пакет, бөлшек) бір үлгідегі нысандардың шоғырлануын білдіреді. Экономикада кластер деп экономиканың белгілі бір саласына қарасты жəне салыстырмалы түрде бір-біріне жақын орналасқан кəсіпорындардың, ғылыми орталықтардың, университеттердің жəне басқа да ұйымдар топтарын айтады. Сонымен бірге кəсіпорындар мен ұйымдар бір-бірімен тығыз байланыста.

Ал оның ғылыми сипаттамаларына тоқталсақ, кластер дегеніміз — бұл қосымша құнды құру процесі барысында өзара байланыста жұмыс істейтін жеткізушілер мен өндірушілер, тұтынушылар мен өнеркəсіптік инфрақұрылым жəне ғылыми зерттеу институттарының біртұтас желісі. Сондай-ақ қалыптасқан терминнің мазмұнына назар аударғанда кластерлер — тізбектелген өндіріс арқылы бірнеше өнім түрлерін шығаратын өнеркəсіптік топ екенін аңғаруға болады. Бір салада жұмыс істейтін компаниялар бір бірімен байланысқанда ғана шетелге жіберілетін бəсекелестікке қабілетті өнім шығаруға болады. Бəсекелестікке қабілеттіліктің кластерлік теориясын американдық ғалым Майкл Портер өзінің «Халықаралық бəсекелестік» атты кітабында енгізген.

Осылайша, жалпылама алғанда, кластер бір-бірімен тікелей (сатып алушы-сатушы) жəне көлбеу (технологиялар, қызметтер, білім) байланысқан, белгілі бір орында шоғырланған компаниялар мен ұйымдардың қызметтестігін бейнелейді.

Кластерлер əлемде мұнай мен газ өндіру, көмір бассейндерін өндіру, түстіметалл өндірісі, сондай-ақ ірі агроөнеркəсіп секторы сияқты салаларда кең қанат жайған.

Мұндай өнеркəсіптік топта компаниялар жоғарыда айтқандай іс-қимылмен бірін-бірі толықтырып отырады.

Кластер іс жүзінде экономиканың кез келген саласында құрылуы мүмкін. Оған туризм саласы нақты үлгі бола алады. Мəселен, шетелдік туристердің бір бөлігін қонақүйге тарту үшін көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын арттырып қана қою жеткіліксіз. Ол үшін шетелдік туриске көрсетілетін қызметтердің қай-қайсысы да олар жүрген жерлердің бəрінде сапа стандартына сəйкес келуге тиіс. Оған əуежайда болу, таксимен жүру,мейманханаларда, дүкендерде жəне басқа да көрнекті жерлерде болу тағы басқалары жатады.

Кластер құрудың артықшылығы, ең алдымен, оған қатысушылардың барлығының өзара тығыз қызметтестікте болуында, ол ресурстар, ақпараттар жəне технологиялар алмасуда жəне ең бастысы, проблемаларды бірлесіп шешуде көрініс табады. Осылайша кластерге қатысушы компаниялар тұтынушылардың үлкен бөлігін тарта жəне табысты молайта отырып, өзінің тиімділігін арттырып, өз өнімдерінің сапасын жақсарта алады.

Кластердің тиімді жұмыс істеуі үшін технологиялық қатардағы барлық элементтер арасындағы байланыстар жүйесінің берік, ретті, айқын болуы керек. Демек кластерлік бағытты қолға алу үшін бірлескен, саналы ынтымақтастық қажет. Əлемдік тəжірибеде дамыған, өркениетті елдер кластерді экономиканы көтерудің, өндіріс ресурстарын ұтымды пайдаланудың құралы ретінде қолданады. Бұған қоса кластердің өзіндік қалыптасу қағидалары да бар.

Біріншіден, сол кластердің нəтижелі жұмыс істеп, табысқа жету үшін соған кіргендердің барлығының мүддесі бір болуы керек. Екіншіден, кластерге бір-бірімен байланысы бар өнім өндіретін шаруа қожалықтарынан бастап, ол өнімді өңдеуші басқалары осы заманға сай жаңа инновациялық технологияны игеруі тиіс, себебі, өндірілетін өнім сапасы əлемдік, халықаралық стандарт талаптарына сай жəне тиісті сапа сертификатын алатындай болуы тиіс.

Өйткені кластердің құрамындағы кез келген талаптардың біреуінде қандай да бір ақау кездессе, онда жұмыс нəтижесі төмендейді. Сондықтан да кластерге кірген барлық кəсіпорындар сапалы да саналы жұмыс істеп, қажетті көрсеткіштерге жетуге бірдей мүдделі болуы қажет. Əлемдік тəжірибе көрсеткендей, бір-бірінен оқшауланған кəсіпорындарға қарағанда, кластерге бірігуге қол жеткізген кəсіпорындар анағұрлым табысты болып келеді.

Кеңестер Одағы кезінде «ғылыми өндірістік кешен», «аумақтық өндірістік кооперация» сияқты шаруашылық субъектілері болғаны белгілі. Экономистер кластерлердің социализм тұсындағы осы өндірістік кешендерге жат емес екенін, тіптен тікелей тамыр тартатынын айтады. Мысалы, Одақ кезінде еліміздің жоспар жасаушы органдары ірі үш аймақтық-өндірістік кешен құрумен айналысты. Олар Павлодар-Екібастұз, Маңғыстау жəне Жамбыл-Қаратау өндірістік кешендері.

Өз кезегінде Қазақстанның ірі ғылыми-зерттеу институттары олардың кешенді түрде дамуын зерттеп келді. Олай болса мұны ұмытыла бастаған ұтымды тəжірибелерді қайта жаңғырту тəсілі деп түсінуге болар еді. Бірақ кеңестік экономикадағы жоспарлы жүйе мен салалық басқару принципі олардың қалыпты жұмыс ырғағын аса қатаң жағдайда шектеп келгенін айта кеткен жөн. Мысалы, жеткізілімді реттеу шаралары кəсіпорындардың келешектегі табысын көздейтін мүддесіне қарай емес, жоғарыдан түскен тапсырма бойынша таңдалды. Соның салдарынан бір өңірге қажетті бөлшектерді ұзақ тасымалдау арқылы келесі республикадан жеткізуге тура келді.

Сонымен бірге жоғары оқу орындары мен техникалық мектептер үшін орталықтан даярланған оқу бағдарламаларында еліміздің жекелеген өңірлерінде ірге қалайтын кластерлердің ерекшеліктері ескерілмегендіктен де олардың қажеттіліктерін өтей алмауы мүмкін.

Халықаралық сарапшылардың пікірінше, экономикасы дамушы елдерде кластерлердің еркін дамуына бірінші кезекте мамандардың білімі мен біліктілігінің төмендігі,тиісті қаржының жеткіліксіздігі жəне қоғамдық институттардың баяу дамуы бөгет болмақ.Бұл тұрғыда ел Үкіметі кластерлерді өркендету үшін жекелеген кəсіпорындар мен салаларға тікелей қолдау көрсетіп қоймай, жеткізушілер мен тұтынушылар, өндірушілер мен үкіметтік институттар арасындағы өзара байланысты нығайтуға күш салу керек деп есептейді отандық экономист мамандар. Олардың айтуынша, кластерлердің кең құлаш жаюына ішкі сауда мен инвестиция ағынының жəне ішкі бəсекелестіктің дамуы да мұрындық болмақ. Соған сəйкес ішкі бəсекелестік жергілікті органдар мен жергілікті институттардың өзіндік дамуына жол ашып, ішкі сауданың қарқын алуы халықаралық сапа деңгейіне көтерілуге серпін бермек.

Осылайша кластерді дамыту Қазақстан экономикасының дамуына тікелей ықпал етеді. Сала алдында тұрған проблемаларды шешу тиімділігі артып, мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдардың іс-қимылдарында үйлесімділік пайда болады.

Экономиканы кластерлеуге деген талпыныс отандық экономиканың бəсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Ал ол мемлекетіміздің экономикалық саясатының,сонымен бірге Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стратегиясының да негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.Сондықтан еліміздің агроөнеркәсібіне жалпы региондарда жан-жақты даму үрдісін беретін АгроКластерПарктер құруды тиімді қолға алу керек.Осының арқасында кәсіпорындар бір бірін өнімдермен, шикізатпен қамтамасыз етуде тығыз байланыста болады.

Шикізатты,бидай дақылдарын,биоөнімдерді және жоғары үстеме бағалы ауылшаруашылық өнім қалдықтарын терең және қалдықсыз өндіру технологиясына негізделген Өнеркәсіптік-аграрлық инновациялық КЛАСТЕР ПАРК –Қазақстан экономикасына стратегиялық маңызды бағыт

Бүгінгі таңда агроөнеркәсіптік кешендерді заманауи талапқа сай жетілдіру, оның өндірістік тиімділігін арттыру негізінде ауылдық аумақтардың әлеуметтік және экономикалық ахуалын арттыру, дамыту мәселесі еліміздің аграрлық саясатының маңызды мәселесі болып саналады.

Ел Президенті экономикалық саясаттың басым бағыттарымен қатар, аграрлық кешеннің де алдына жаңа міндеттер қойып, «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» Жолдауында дағдарыстан кейінгі дамуды қамтамасыз етудің бірінші бағыты – агроөнеркәсіп кешені мен ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту екеніне, ел халқының материалды және әлеуметтік қамсыздандырылу негіздерінің бірі – тиімділігі жоғары агроөндірістік кешен екеніне баса назар аударды. Осыған орай ауылшаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуына негіз болатын жобалардың жүзеге асырылатындығын атап өтті.

Ауылшаруашылығы экономикалық үдерістерінің өзгерісіне сәйкес шаруашылықтың табысты дамуына қажетті талдаулар мен есептеулер жүргізу және соның нәтижесінде тиімді шешім қабылдауды ақпараттық технологиялар көмегімен ұйымдастыру қажеттігі туындайды.Аймақтардың ауылшаруашылығы кәсіпорны деңгейінде қолданыста жүрген ақпараттық технологиялар қазіргі жағдайындағы шаруашылықтың стратегиялық тиімді жоспарлануына бағытталған модельдерді жеткілікті түрде бейнелемейді. , мемлекет тарапынан жаңа реформалардың жүзеге асырылуы мен қолдаудың артуы, өндіріс тиімділігін арттыруда кәсіпорынды басқарудың тәсілдері мен әдістерін жетілдіру, ауылшаруашылығы өнімін өндірушілер мен өңдеу кәсіпорындарының ресурстарды рационалды түрде игере отырып, өзара қарым-қатынасын тиімді жолға қою мәселелерін шешуде кластерлік модельдерді тиімді қолдану қажеттілігі туды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел алдына жаңа стратегиялық міндеттер қойды, «Астана ЕХРО–2017» инфрақұрылымы негізінде ұлттық инновациялық кластерлердің дамуын алға қойды.

Нарықтық қатынастардың əлемдегі ең озық деген тəжірибелерін батыл қабылдап келе жатқан Қазақстан үшін кластерлік жүйе алдағы уақытта инновациялық дамудың негізгі болу керек

Əдебиеттер

  1. Назарбаев Н.Ə. Қазақстан экономикалық-əлеуметтік жəне саяси жедел жаңару жолында. ҚР-ның Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. — Алматы, 2013.
  2. Назарбаев Н.А. Қазақстанның тұрақтану және даму стратегиясы. –Алматы,2005ж.

3.Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазахстан халқысына жолдауы. – Алматы, 2013,2012