Сыртқы экономикалық мәмілелер

Сыртқы экономикалық мәміле бұл халықаралық құқықтағы ең күрделі, ауқымды және маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Себебі, бұл кәсіпкерлік құқық аясында жүргізіледі және мемлекеттің экономикалық дамуына үлкен үлес қосады. Тағы бір айтатын жайт ҚР-ның АК-де көрсетілген, көзделген шарттардың барлығын қамтиды. Осы себептен де сыртқы экономикалық мәмілердің тиімділігі және маңыздылығы арта түседі. Бұл коллизиялық мәселенің өзі де қарастыруға тұрарлық мәселе деп түсінеміз. Сонымен қатар, коллизиялық мәселелер, яғни ережелер және оларды жою шаралары, сондай-ақ тараптардың еркіндік қағидасы және сол еркіндіктің ҚР–ң заңдарымен шектелуі, сонымен қатар өзге елдердің құқығындағы сыртқы экономикалық мәміленің коллизиялық ережелері қарастырылады.Сыртқы экономикалық қызметтің ішіне мемлекеттердің сыртқы сауда қызметі, халықаралық инвестициялық, валюталық және қаржы, несие операциялары, өндірістік кооператив және де өзге қызмет түрлері кіреді.

Сыртқы экономикалық мәмілеге қатысты коллизиялық нормалар негізінен сыртқы саудаға қатысты зерттеледі.

Сыртқы сауда ретінде ғылыми доктриналарда кем дегенде бір тарабы шетел азаматы немесе шетел заңды тұлғасы болып табылатын және тауарларды шекарадан алып өтуге немесе әкелуге байланысты мәмілелер танылады. Аталған анықтамадан біз сыртқы саудаға тән белгілерді көруімізге болады.

Олар:

тараптардың бірі шетел тұлғасы болып табылады және басқа мемлекетте орналасуы керек.

мәміленің пәні сыртқы саудаға байланысты операциялар болып табылады. Мысалы: тауар жеткізу, мүлік жалдау, жүк тасымалдау т.б.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1113-бабының мазмұнынан біз сыртқы экономикалық мәміленің түрлерін көре аламыз.

Олар: сатып алу- сату шарты; сыйға тарту шарты; мүлікті жалға беру шарты; мүлікті тегін пайдалану шарты; мердігерлік шарты; тасымалдау шарты; көлік экспедициясы шарты; қарыз немесе өзге де несие шарты; тапсырма шарты; комиссия шарты; сақтау шарты; сақтандыру шарты; кепілге алу шарты; айрықша құқықтарды пайдалану туралы лицензиялық шарттар.

Бұл шарттар сыртқы экономикалық мәмілені білдіре алады, егер олар мәміле жасаушы тараптар екі мемлекетте орналасса. Сыртқы экономикалық мәміленің жоғарыда аталған түрлері нақты деп айтуға болмайды, олардың қатарыөзгеруі мүмкін.

Енді сыртқы экономикалық мәмілеллерді ішкі мәмілеллерден ажырата білу ерекшеліктеріне келсе, олар мыналар:

Тараптардың коммерциялық кәсіпорындары міндетті түрде екі мемлекетте орналасуы кере.

Олардың екі құқықтық жүйесі болуы керек.

Сатып алу –сату шартына байланысты тауарлар бір мемлекеттен екінші мемлекетке ауысқан жағдайда олар міндетті түрде шекараны кесіп өтуі керек.

Тараптар арасында дау туындаған жағдайда тараптардың здері келісім бойынша қай елде, қандай процедура бойынша және қандай тілде қарастыруға болатынын шешеді.