Қазақстан елінің тәуелсіздік алуы, төл тарихымыздың, тарихнама ғылымының дамуына кеңінен жол ашты. соның ішінде интеллигенция, зиялылар концепциясы төңірегінде жаңаша пайымдаулар пайда болды. академик ғалым м.қ. қозыбаев интеллигенция тарихы мәселелерін жаңа тарихи таным методология тұрғысында зерделеуге үлкен үлес қосты. ғалымның пайымдауынша «еліне елеулі, халқына қалаулы жандар» — зиялылар ел жұртына қызмет етуді бақыт санайтын «ұлттың ұяты мен мияты» — болып табылады[1, 238].
белгілі ғалым к.нұрпейісов төңкеріске дейінгі қазақ интеллигенциясын кәсіби жағынан мамандануына байланысты, бірнеше топқа бөліп қарастырады: 1) өлкені басқару аппаратында қызмет атқарған шенеуніктер; 2) денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері; 3) журналистика, оқу ағарту және мәдениет саласында еңбектенгендер; 4) аз санды инженер-техниктер[2, 122-123 бб.].
1990-шы жылдардың басында интеллигенция тарихын теориялық-методологиялық жағынан жаңаша зерттеген еңбектер тобы жарық көре бастады[3]. бұл еңбектердің арнайы мемлекеттік тапсырыспен орындалғандығы байқалды. қазақстандық интеллигенциясы тарихының тарихнамасында қайтадан жаңаша зерделенген жетілдірілген ғылыми көзқарас пайда болды. академик р.б. сүлейменовтен кейінгі ізбасар шәкірті ғалым х.әбжановтың интеллигенция тарихын әр қырынан зерттеуге байланысты өзіндік мектебі қалыптасты. х.әбжанов пен ә.әлпейісов, л.гуревичтердің интеллигенция тарихына байланысты бірлескен бірнеше еңбектері жарық көрді. х.м. әбжанов пен л.я. гуревич «интеллигенцияны оның қоғамдық прогрестегі қызметі анықтайды, негізгі критериі – сыни шығармашылық, ескіні қолдамай, экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-саяси салада болсын жаңалықты іздеуі қажет. .интеллигенция – элитарлық білім алу» — деп ой қорытады [4].
«интеллигенция дегеніміз ой еңбегімен кәсіби түрде айналысушы адамдар қауымы»-деп пайымдай келіп, интеллигенция еңбегінің күрделігіне ,антропациогенез процесіне әсері және ондағы орнына қарай бірнеше топқа бөліп қарау керектігін қорытындылап, интеллигенциясы үш құрамдас бөлікке бөледі :1)интеллектуалдар; 2)мамандар; 3)жартылай интеллигенттер. деп жаңаша ғылыми пікір айтады[5].
интеллигенция тарихын зерттеп, оған жаңаша серпіліс берген ғалымдар қатарына м.қойгелдиевті жатқызуға болады. оның докторлық диссертациясы мен соның негізінде жазылған монографиясында қазақ демократиялық интеллигенциясының хх ғ. басындағы қоғамдық-саяси қызметі, қалыптасу жолдары, сапалық құрамына талдау жасалған. м.қойгелдиевтің зерттеу еңбегінің интеллигенция феноменін қалыптастыруда алатын орны ерекше [6].
1990 жылдардың басынан бастап, интеллигенцияның жекелеген топтарын зерттеуге көңіл бөліне бастады. қазақстан инженерлік-техникалық интеллигенция тарихын зерттеуде б.ж. абжаппарованың еңбегінің өзіндік орны бар. автор өзіне дейін зерттелген еңбектерге талдау жасай отырып, ғалым х.м.. әбжановтың интеллигенцияға байланысты ой-тұжырымдарын толық қолдайтындығын білдіреді. интеллигенция — ой еңбегімен кәсіби айналысушы әлеуметтік топ деген көзқарасын білдіреді [7].
интеллигенцияның ішіндегі ауылшаруашылық интеллигенциясының тарихта алатын орнын зерттеген еңбектер қатарына х.м. әбжановтың докторлық диссеттациясын, а.и. касабекова, к, төлеубаева, м.т. илеповтордың кандидаттық диссертацияларын жатқызуға болады. онда ауылшарашылығы интеллигенциясының тарихымен қатар теориялық мәселелері де кеңінен қарастырылған [8].
1990-шы жылдардың соңында зерттеушілер ә.пірманов пен а.қапаева «интеллигенция – қоғамның таптық құрылымындағы әлеуметтік категория. бұл категорияға ой еңбегін, дәлірек айтқанда, оның үш түрін: 1) нәтижесі товарға айналып, рухани қазына құратын интеллектуалдық қызметті (жазушылар мғен суретшілердің т.б. шығармалары); 2) еңбектің нәтижесін шығармашылық іздену процесімен ұштастыратын қызметті (ғалымдар, дәрігерлер т.б.); 3) нәтижесінде материалдық қазыналар жасалатын ой қызметін (инженерлердің, агрономдардың және т.б. еңбегі) кәсіп ететін ақыл-ой иелері жатқызылады. демек, әлеуметтік құбылыс ретінде интеллигенция дегеніміз ой еңбегімен кәсіби түрде шұғылданатын, шығармашылық қызметтің нәтижесінде материалдық және рухани қазыналар жасайтын адамдардың қоғамдық құрылымы» деген тұжырымға келген [9, 6-б.]. 6-б.). зерттеуші с.ә. смағұлова «ұлттық интеллигенция және хіх аяғы мен хх ғ басындағы аграрлық мәселе» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, қазақ интеллигенциясының алдыңғы қатарлы бөлігі хх ғасырдың басындағы ресейдегі революциялық күрес, 1905 жылғы бірінші орыс революциясы идеяларының және сол кездегі қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық ықпалымен қалыптасты. осы зиялы топ қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, ұлт-азаттық жолындағы күресте көш бастаушы болды», деген қорытынды жасайды [10, 3-б.].
осы жылдары қорғалған ғылыми еңбектердің бірі – е.т. берлібаевтың «қазақстан интеллигенциясының әлеуметтік-саяси белсенділігі (1985-1995жж) тақырыбындағы кандидаттық диссертациясы. интеллигенция концепциясын қалыптастыруда, оған жаңаша баға беруде бұл еңбектің алатын орны ерекше. еңбекте қазақ интеллигенциясына идеологиядан, партиялық баға берудан таза объективті баға берілген. интеллигенция дегеніміз ұлттық және адамзаттық асыл қасиеттердің тарихи тәжірибеден өткен әр түрлі қырларын бойына сіңірген және оны ой қорыту жүйелері арқылы дамытып нәтижесін халық игілігі үшін жұмсайтын, ой еңбегімен кәсіби айналысушылар. ал оның сапасы бұларды қаншалықты бойына сіңірумен, біліктілік деңгейіне байланысты деген пікірін білдіреді[11, 25-б]. зерттеушінің интеллигенцияға байланысты пайымдауы, анықтамасы жаңа заман талабына сәйкес келеді. әрі интеллигенция концепциясында рухани негіз бар екендігін дәлелдейді. осыған ұқсас пікір зерттеуші с.т. рысбекованың зерттеуінде де кездеседі. интеллигенция қандай болмасын басқа әлеуметтік топ сияқты емес, халықтың жаппай санасына ықпал етеді, сондықтан оның қоғам алдындағы жауапкершілігі зор. қоғамның тұрақтылығы, бірлігі, бірқалыптылыптылығы интеллигенцияға байланысты. сондықтан бұл ой еңбегімен кәсіби айналысушы интеллигенцияның әлеуметтік топ ретіндегі біркелкілігін анықтайды деп атап көрсетеді [12, 6-б.].
интеллигенция тарихнамасында ғалымдар мұсағалиева а.с., т. омарбеков, ш. омарбеков еңбектерінің де өзіндік орны бар[13]. интеллигенция феноменін қалыптастыруға тікелей қатысты болмаса да, тарихнамалық, деректік материалдарының құндылығы ерекшеленеді.
2000-ші жылдардың басында қазақ интеллигенциясы тарихын зерттеуге арналған бірнеше ғылыми диссертациялар қорғалды. солардың ішінде нұрәлиев к.ә, н.у. шаяхметов, бурин т.ғ., рахымжанова г.ж. т.б. бар [14]. авторлар интеллигенция тарихнамасында әр түрлі концепцияларымен емес, бір концепция төңірегінде мәселенің тек жекелеген аспектілерін қарастырумен ерекшеленді. қазір қазақстан интеллигенциясы тарихнамасында оны жаңарту міндеттері тұр. жаңартудың басты принципі – белгілі бір уақытта шыңдалған барлық ең жақсы үлгімен қарулануы керек.
интеллигенцияның тарихын соңғы жылдары зерттеп жүрген ғалымдардың бірі – з.о. дүкенбаева. зерттеуші «зиялылар – уақыт таразысынан өткен адамдар. есімдері ел жадында сақталмаған, шығармалары ұмыт болғандарды зиялы деп атауға болмайды. ел үмітін ақтамаған оқығандар әр кезде де аз болмаса керек. сондықтан бүгінгі күні тарихи әдебиетте аттары аталып жүрген зиялылар ұлттық интеллигенцияның тарих елегінен абыроймен өткен санаулы ғана өкілдері екендігін атап көрсету лазым. тарихымызда зиялы деп есімін мақтан тұтарлық тұлғалардың табылып жатуы заңдылық. біздің түсінігімізше шын зиялы абайдың «өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған» деген жоғары талабына сәйкес келуі қажет» деп пайымдайды [15, 22-б]. зерттеу барысында ұлттық интеллигенцияның өзіндік даму жолы мен кезеңдерінің, құрамындағы өзгерістердің, сан мен сапа жағынан өсу заңдылықтары қалыптасқандығы жөнінде айта келіп, интеллигенцияны орынсыз жіктей бермеу керек екендігін айта келіп, қазақтың ұлттық интеллигенциясы бес құрамды бөліктен тұрады: 1.зиялылар; 2. шығармашыл интеллигенция; 3. мемлекеттік қызметкерлер; 4. мұғалімдер; 5. мамандар деп, ой қорытады.
қазір қоғамтануда интеллигенция анықтамасына байланысты интеллигенция арасында қоғамдық-саяси процестерді зерттеудің теориялық негізіне, атап айтқанда адамдар еңбегіндегі ой еңбегімен айналысу қызметін зерттеуге қызығушылық туындап отыр. бұл қоғамдық өмірдегі байланыстылық, индивидтің қазіргі қоғамдық қатынастарға сай бейімделуін, барлық әлеуметтік топтардың ынтымақтастығын тудырады, адамдардың арнайы идеологиялық қатынастарын жасауға, сананы ұйымдастырып, тәрбиелеуге ықпал етеді. сондықтан интеллигенция дегеніміз әлеуметтік топтардың ішіндегі арнайы идеологиялық байланыстылығы қалыптасқан адамдар тобы. интеллигенция қоғамның «орта топ» өкілдерімен бірге бірлесіп еңбек етіп отырған аралық топ емес, қазіргі қоғам үшін өте қажет ерекше, бір жағынан қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге төзімділікпен қарайтын бөлігі. адамзат құндылығы мен адамгершілік өлшеміне деген артықшылықтың берілуі, утопиялық идеялардан туындап отырған жоқ, уақыт талабы солай.
қоғамның дамуы интеллигенцияның қоғамда атқаратын қызметінің өзгеруіне әкеледі. интеллигенцияның монополиялық жағдайы жойылып,, классикалық мәдениет шеңберіндегі дәстүрлі мәдени-тарихи байланыстары құлдырады. интеллигенция басқа топтар үшін ойлап, оларға абсолюттік шындық пен гуманистік моральді уағыздай алмайды, себебі өзі шындықтың ыдыраған уақытында тұр.
тарихшы-зерттеушілер ұзақ уақыт бойы дұрыс деп келген теориялық-методологиялық ұстанымдарға қанағаттанбай, нақтылы тарихи зерттеулер жасаудың жаңа жолдарын қарастыруда.
қандай қоғамда болмасын, интеллигенцияның көзқарасы оның қоғамдағы жағдайына байланысты. интеллигенция өзінің әлеуметтік және материалдық жағдайына қанағаттанбай отырғандықтан, қоғамда өзінің статусын көтеруге талпынады. өкімет интеллигенцияның бұл талаптарын өз мақсаттары үшін тиімді пайдаланғысы келеді. мемлекет төменгі деңгейдегі интеллигенцияға қатысты мемлекеттік жүйеге ниеті түзу болатындай жағдайда, олардың кәсіби қызметтеріне араласпау саясатын ұстайды. екінші деңгейдегі интеллигенттер – гуманитарлар, қоғамтанушылар, идеологтар — өздерінің кәсіби қызметтеріне мемлекеттің тікелей араласып отырғандығын сезінуде. ал үшінші деңгейдегі интеллигенция қоғамның идеологиялық, мәдени, басқарушы элитасына кіреді, себебі билік қоғамдық санаға, ой-пікірге ықпал ете алатын біліктілігі жоғары кеңесшілердің қажет екендігін сезінеді.
қазақстанда біртұтас өркениетті емес, мәдени евроазиялық кеңістік қалыптасуда, әрі арасында дағдарыс толқыны байқалады. осы дағдарыс кейде дәстүрлі қоғамдық құрылымға ықпал етіп, интеллигенцияны бірде консервативтік, бірде революциялық күштерге қарай тартқысы келеді. оның негізінде интеллигенцияның қоғамның дамуы жолындағы алаңдаушылығы тұр.
интеллигенцияның рөлі мен даму динамикасы қазақстандық қоғамның әлеуметтік-мәдени, экономикалық және саяси түрлеріне байланысты. қазір қазақстан адамзат тарихында күрделі өтпелі кезеңді басынан өткеріп отыр. бұл кезеңнің өзіне тән даму ерекшелігі бір жағынан қазақстандық қоғамның саяси және экономикалық модернизациялану процесі жүріп, оның ескі қалыптасқан дәстүрлермен жаңаның қайшы келуімен айқындалса, екінші жағынан республикада ескі құрылымдардан әлі арыла алмай, дамудың жаңа нормаларын, жолдарын ашу арқылы қоғамдық саяси өмірдің жандануы, қызмет етудің және ойлаудың жаңа түрлері меңгеріліп жатыр. қоғамның модерназициялану процесі барлық халық бұқарасын қамтиды. қазақстан республикасының президенті н.ә. назарбаев «қазір мүлдем жаңа мемлекет пайда болып, мүлдем басқа саяси, экономикалық жүйе жұмыс жасайды» деп атап көрсетті [16, 13],
кеш келген модернизацияда, қоғамға сыртқы тәуелділік қаупі пайда болады. сыртқы саяси-экономикалық ақпараттық модернизация тасқыны ішкі әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіре түсу қаупін ұлғайтады.
қоғамның модернизациялануы жоғарғы әлеуметтік жағынан жұмылдырылғанда ғана бірден орта топтың сан және сапа жағынан өсуімен байланысты табысқа жетеді. бірақ қазақстанда қамсыздандырылған топ баяу өсіп келеді. орта топ қоғам дамуына мән беретін, тұрақты, қалыптасқан топқа айнала алмай отыр.
модернизация орталық өкімет әлеуметтік қайшылықтарды таратпай, бейтараптандырып, өз ықпалына қаратқанда, қатаң бақылау орнатқанда ғана мүмкін болады.
табысты модернизация кең ауқымды әлеуметтік сүйенішті, әлеуметтік потенциалды жұмылдыруды талап етеді.
сондықтан осындай жағдайда мемлекеттік қызметкерлер жүргізіп отырған идеология қазақстанда тұратын әртүрлі топтардың құндылықтарын өздерінің түйінді құндылықтары арқылы әрдайым анықтай алмайды. қазақстан қоғамының идеологиясы посттоталитарлық кезеңнің әртүрлі бағыттарымен айқындалады.
бұл процестің бағыттары мен мәні мынада:
- ерекше мүдделердің рөліне көбірек көңіл бөліп, жалпы мүдделерді елемеу;
- сенімсіздік идеологиясының пайда болуы;
- қандай да болмасын күштеуге қарсылығы және «жоғарыдан көрсетіліп отырған қысымды»бұқараның елемеуі;
- қоғамның демилитаризациялануы;
- ақпараттық плюрализм.
интеллигенцияның қоғамның әлеуметтік құрылымындағы рөлі мен орны өзгерді. интеллигенцияның ішкі құрылымы күрделенді. әсіресе ғылым негізгі өндірістік күшке айналған сайын, материалдық өндірісте оның еңбегінің мазмұны күрделеніп, сан қырлы болу үстінде. интеллигенцияның сипаты қазіргі қоғамның әлеуметтік-мәдени, экономикалық және саяси түрлеріне байланысты. модернизациялану кезеңінде қоғамдағы саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірде интеллигенция өз көңіл күйінің индикаторы болып түсіндірілеі. интеллигенция қобалжыса, өзгерістерге негіз бар деп есептеледі.
интеллигенция – ой еңбегімен айналысатын қызметкерлердің неғұрлым үлкен бөлігі. ой еңбегімен айналысатын қызметкерлер арасынан интеллигенцияның ерекшеленуінің критериі ой еңбегінің күрделену деңгейіне байланысты деп атап көрсетеді әлеуметтанушы ғалым м.с. садырова[17, 45].
интеллигенция дегеніміз әр уақыт кезеңіндегі әлеуметтік топ деп қорытынды жасасақ, жөнсіз болар еді. қоғамның дамуымен байланысты интеллектуалдық топтарда да өзгерістер жүрді. интеллектуалдардың қоғамдық құрылымдағы саны артқан сайын, жалпыөркениет процесіндегіолардың рөлінің артқандығын көрсетсе, бұл өзгеріс интеллигенцияның қоғам үшін маңызды екендігін дәлелдейді. хіх ғ 60-шы жылдарынан бастап, интеллигенцияға оппозициялық күш және өкіметке қарсы тұруы интеллигенттіліктің бір белгісі деп қарауы негізсіз. әрине интеллигенция өкілдері сыни ойлай білуімен ерекшеленсе де, кейде сын өкіметтің түзу реформа жасауына ықпал етсе, бірде билік құрылымын құлатуға шақыратын сипат алды. сондықтан интеллигенция биліктің элиталық құрылымына кіргенде реформаларды жүзеге асырамын деген үмітпен келсе, кейде үкіметке қарсы радикалдық күштермен ымыраласып кетуі де ғажап емес еді. мұны түсінген большевиктік басшылық 1920-шы жылдардың соңында – 1930 жылдардың басында интеллигенцияны әлеуметтік топ ретінде жойды.
қазір интеллигенция тарихын зерттеу оның қоғамдағы атқаратын рөліне тікелей байланысты. интеллигенция тарихын зерттеуші ғалымдардың алдында әлі де болса жаңа теориялық-методологиялық концепциялар жасау міндеті тұр.
пайдаланған әдебиет тізімі:
- қозыбаев м.қ., өркениет және ұлт, алматы, 2001. 238 – б. (369).
- нұрпейісов к., алаш һәм алашорда, алматы, 1993. 122-123бб. (256).
- ауанасова а.м., национальная интеллигенция казахстана в первые годы советской власти (1917-1923)гг), автореф. на соиск. уч. ст. к.и..н. бишкек, 1993.
- абжанов х.м., гуревич л.я., интеллигенция казахстана. история, теория, современность, алматы, 1991.
- әбжанов х.м., әлпейісов ә., қазақ интеллигенциясы мен мәдениеті туралы. республикалық мәдениет қызметкерлерінің маммандығын арттыру институты. алматы, 1992. 28-29 бб.
- қойгелдиев м., алаш қозғалысы, алматы, 1995.
- абжаппарова.б.ж., қазақстан инженер-техникалық интеллигенциясының республика өнеркәсібін дамытудағы рөлі (1961-1970 жж), а., 1993. 156-б.
8әбжанов х.м., сельская интеллигенция казахстана: исторический опыт формирования и социальной практики (1946-1985 гг.), дисс. докт. ист. н. а., 1992. -540 с.;касабекова а.и. қазақстанда ауыл шаруашылығының жоғары және орта білімді мамандарын даярлаудың саяси тарихи тәжірибелері (70-80 жж) т.ғ. к. авторефераты. а., 1993. -25 б.; төлеубаева к.м. қазақстанның ауыл шарушылығы интеллигенциясы (1946-1965 жж) т. ғ к. авторефераты. а., 1995. -28 б.; илипов м.т. қазақстанның ауыл шаруашылық интеллигенциясы. т.ғ.к. авторефераты. а., 1997. 28 бб.
- пірманов ә.,қапаева а. қазақ интеллигенциясы(ұлттық интеллигенцияның қалыптасу тарихынан). монография. – алматы: «атамұра», 1997. – 160 б.
- смағұлова с.ә. ұлттық интеллигенция және хіх аяғы мен хх ғ. басындағы аграрлық мәселе. 07.00.09. отан тарихы.(қазақстан тарихы). а., 1999. 25-б.
- берлібаев е.т. қазақстан интеллигенциясының әлеуметтік-саяси белсенділігі (1985-1995 жж). 07.00.02 – отан тарихы (қазақстан республикасы тарихы). а., 1999. 31-бб.
- рысбекова с.т. история социального развития интеллигенции западного казахстана (1965-1985 гг.). дисс. на соиск. уч. ст. к.и.н. 07.00.02. а., 1999. – 139 с.
- мұсағалиева а.с. халық ағарту комиссариаты қорының құжаттары республика зиялыларының қызметі мен көзқарасы жөніндегі дерек көзі (1920-1936 жж). т.ғ. к. атағын алу үшін дайындаған дисс. а., 2000. — 181 б; омарбеков т.,омарбеков ш. қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. а., 2004. – 388 б.
- нұрәлиев к.ә. қазақстандағы зиялылар қауымы: саны, құрамы, қызметі.(хх ғ. 70-80 жж.). т. ғ. к. ғылыми дәреж. алу үшін дайынд. дисс. авторефераты. 07.00.02. а., 1999. -30 б.; шаяхметов н.у. қазақстанның солтүстік-шығыс аймағындағы қазақ зиялыларының қос төңкеріс пен азаматтық қарсы тұру жылдарындағы қоғамдық-саяси қызметі (ақмола және семей облыстарының материалдары бойынша. 1917-1920 жж). т. ғ. к. ғылыми дәреж. алу үшін дайынд. дисс. авторефераты. 07.00.02. а., 2000. – 29 б.; бурин т.ғ. қазақстанның ғылыми-педагогикалық интеллигенциясы тарихының проблемалары (1970-1990 жж). т. ғ. к. ). т. ғ. к. ғылыми дәреж. алу үшін дайынд. дисс. авторефераты. 07.00.02. а., 2000. -127 б.; рахимжанова г.ж. проблемы истории и историографии науки и научной интеллигенции казахстана (1946-1991 гг). дисс. к. и. н. а., 2002.
- дүкенбаева з.о. қазақ шығармашылық интеллигенциясының тарихы (1917-1941 жж.). т.ғ. докт.дәрежесін алу үшін дайынд. дисс. авторефераты. 07.00.02. а., 2004. -51 б.
- .назарбаев н.ә. қазақстан 2030. а., 1997. с.13.
- садырова м.с. социально-профессиональная мобильность интеллигенции казахстана а., қазақ университеті, 1999. -149 с.