СОТ БАЛЛИСТИКА САРАПТАМАСЫН ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕРІ.

  1. Сот-сарапшылық баллистикалық зерттеу көбінде адамның жеке басына қарсы, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы, конституциялық құрылыс негіздері мен мемлекет қауіпсіздігіне қарсы, меншікке қарсы, қоғамдық қаіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы, халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы, басқару тәртібіне қарсы қылмыстар жөніндегі қылмыстық істер бойынша, сондай-ақ әскери қылмыстар бйынша жүргізіледі.

Сот баллистикалық сараптаманың тақырыбы:

  • заттарды атыс қаруына, оқ-дріге жатқызу фактісі;
  • атыс қаруы данасының жарамдылығын (жарамсыздығын) жне қарудың атуға жарамдылығын;
  • атыс қаруы данасының дайындау тәсілін немесе оның күйінің өзгеруін;
  • атыс қаруының данасының, оқ-дәрілерінің түрі, моделі, маркісі, калибрін;
  • атыс қаруының данасының жекелік тепе-тендігін;
  • атыс қаруы бөліктерінің оның нақты данасына қатыстылығын;
  • атыс қаруы мен оқ-дәрілердің шығу көзін;
  • атыс қаруын пайдалану шарттарын анықтаумен байланысты іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.

Сараптаманың объектілері:

  • бүтіндей атыс қаруы және оның жеке бөліктері;
  • оқ-дәрілер – оқтар, кәртеш, бытыра, гильзалар, тығындар, төсемдер, капсюльдер және басқалары;
  • газды қару;
  • қару мен оқ-дәрілерді қайтаратын заттар – атылған снарядтар (оқтар, бытыра, кәртеш), гильзалар, тығындар, төсемдер, сондай-ақ жәбірленушінің киімдеріндегі зақымдар және оқиға орындағы заттар (тесіп өту жерлері, рикошет іздері);
  • атыс қаруы мен патрондар жарақтары құрауыштарын дайындауға пайдаланылған құрал-саймандар;
  • оқиға орнының заттық күйінің элементтері;
  • салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер;
  • сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары.

Сот баллистика сараптама объектілерінің әр алуандығын ескергенде, ол мына түр тармақтарына жіктелуі мүмкін:

  • атыс қаруының (оның бөліктерінің) сараптамасы ;
  • оқ-дрілер сараптамасы;
  • газды қару сараптамасы;
  • атылыс ісдері мен жағдаяттар.

Қару және оның түсінігі, сондай-ақ оқ-дәрілер түсінігі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы “Қарудың жеке түрлері айналымына мемлекеттік бақылау туралы” №339-І Заңында келтірілген.

Заңның 1-бабы 2) тармақшасында оқты, снарядты, гранатаны ұнғыдан шығару дәрінің немесе өзге зарядтын әсері нәтижесінде блатын қаруды қару деп анықтама берілген.

“Атыс қаруы” деген түсінікке мынадан белгілер кіреді:

  • жалпы шабуыл жасауға немесе белсенді қорғануға (қорғанысқа) және нысананы бұзу арқылы оны зақымға ұшыратуға немесе дене жарақатын (егер нысана тірі организм болса) салуға арналған қару;
  • арнайы:

а) дәрі газдары энергиясын немесе басқа жарылыс заттарын снарядты лақтыруға пайдалану;

б) снарядқа қозғалыс бағытын беруге арналған ұңғының болуы;

в) зарядтың оқ шығаруына арналған құрылғының болуы;

г) снарядтың жеткілікті зақымдау әрекет;

д) бір атылыстан көп атуды қамтамасыз ететін объектінің конструкциясы мен мықтылығының болуы;

  • факультативті-жабу механизмдері мен от шығару зарядының, қаруды ыңғайлы ұстауды және көздеуді қамтамасыз етеін құрылғыларының болуы.

Кінәлі адамдардың іс-әрекеттерін дұрыс жеткізу үшін қарудың тиоптық сипаттамаларын анықтаудың маңызы бар, ал бұл әр түрлі негіздер бойынша қарудың толықытай әзірленген жіктеулерін есепке алған кезде мүмкін болады.

Осы Заңның 9) тармақшасыныда оқ-дәрілер (патрондар) құрылғы немесе қарудың тиісті түрінен атуға және нысанаға тигізуге конструктивті арналған заттар ретінде белгіленген.

Криминалистикада мына тқмендегі қажетті белгілері болағанда:

дәрінің немесе басқа да жарылыс заттарының көмегімен ату не жарылыс жасау арқылы нысанына зақымдауға арналған;

снарядпен (атыс қаруымен оқ атқан кезде), жарқыншақпен не фугастық, термикалық не өзге де әсер ету арқылы зақым келтіредін;

заттың құрылымының және нысананы зақымдауда (дене жарақатын салу, кедергілерді қирату және т.б.) нақтылы мүмкіндікті қамтамасыз ететін жарылғыш затитың зарыд қуыттылығы болатын;

тұтанғыштыққұрылғысы болатын;

бір рет падалану сипаты бар заттар оқ-дәріге жатқызылады.

Демек, криминалистік тұрғыдар қарағанда, нысананы тікелей снарядпен, жарқыншақпен не фугастық, термикалық не өзге де әсер ету арқылы зақым келтіруге арналған, дәрінің немесе тұтанғыштық құрылғысы бар басқа да жарылғыш заттың жарылысы нәтижесінде және өзінің нысананы зақымдауданақтылы мүмкіндікті қамтамасыз ететін құрылымы мен заряд қуаттылығы бар бір реттік әрекет ететін құралдар (затта) оқ-дәрілерге жатқызылады.

Атылыстың негізгі іздері – ол снарядтан пайда болған зақымдаулар. Кедергімен түйісу сәтіндегі снарядта болған энергиясына, оның соққы бағыты мен кедергі қасиеттеріне байланысты объектіде өтпелі немесе өтіп кеткен зақымдар пайда болуы мүмкін. Кедергіге еніп кеткен снарядтар пайда болған зақымдар өтпелі зақымдар болып табылады. Олар тесіп өткен және соқыр зақымдар болуы мүмкін. Тесіп өткен зақымдар снарядтың кедергіден өтіп кетуінен пайда болады. Ол кірген және шығып кеткен тесіктері бар арна түрінде болады. Оқ кедергіде қалып қалған, соқыр зақымдар пайда болады. Олар бір кіру тесігі бар арна ретінде болады. Соқыр арнаның соңында снаряд тұрады.

Кедергіге еніп кеткен снарядтан пайда болған үстінгі беттегі зақымдар өтіп кетпеген зақымдар болып табылады. Оларға аз ғана терендіктегі жаншылу, жанайтиген зақымдар және рикошет іздері жатады. Жанай тиген зақымдарды снаряд объектінің тек шетіне тигенде немесе оның үстіңгі бетімен өткен кезде жасайды. Рикошет іздері снарядтың кедергіге соғылғанын да, оның бір үстіңгі бетке соғылып кері қайтып (кейін қайту) және өзінің бастапқы ұшу бағытын өзгерткенде пайда болады. Атылыстың қосымыша іздері – атылыспен бірге ілесетін құбылыстардыңәрекеті нәтижесінде пайда болатын іздер. Мұндай іздердің пайда болуына дәрі газдары, ауа бағаны, ұңғы жалыны, дәрі ұнтағы, капсюль құрамының жайылу өнімдері, майлау бөлшектері мен басқа да заттар аса елеулі рөл атқарады. Атылыспен бірге ілесетін құбылыстардың әсер ету нәтижесінде кедергіде:жарым-жартылай қирау, шарпу мен күю, дәрі ұнтағының қалуы, ыс, майлар, үйкелу белдеуі, қару бөліктерінің із-таңбалары болуы мүмкін.

Шарпу мен күю ұңғы жалынының жылуы, қатты қызған дәрі газдары мен жанған дәрі ұнтағының әрекеті салдарынан тек қарудың ұнтағы ауызына жақын жерде пайда болады. Кедергідегі дәр ұңтағыныңқалуы мен енуі атылыс сәтінде дәрінің тлықытай жанып кетпеуі салдарынан болуы мүмкін. Ыстың қалуы дәрі заряды жану өнімдерінің ұсақ бөлшектерінің қалуы мен капсюль құрамының жайылуы, сондай-ақ оқ, гильза және ұңғы жасалған металдың ұсақ бөлшектерінің қалуы нәтижесінде пайда болады. Кедергіде майдың қалуы оғы майлы құраммен қапталған патроны бар немесе майланған ұңғылы қарудан ату кезінде пайда болады. Үйкелу белдеуінің негізгі құрауыштары металл бөлшектері болып табылады, сондықтан да оны металданған белдеу деп те атайды. Қару бөліктерінің із-таңбалары тақап айтқанда киімде немесе адам денесінде қалады. Мұндай із-таңбаларды штанц-марка деп айтылады.

Қазақстан Республикасының “Қарудың жеке түрлері айналымына мемелкеттік бақылау туралы” Заңының 1-бабы 4) тармақшасында газ қаруы деп көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттарды пайдалану негізінде қолданыладын қару түсіндіріледі. Осы Заңның 5-бабы 1) тармақшасына сәйкес газды тапаншалар мен револьверлер, сонымен қатар олардың патрондары, механикалық тозандатқыштар, заңнамамен қолдануға рұқсат берілген көздер көзден жас ағызатын не тітіркендіргіш заттармен жабдықтарған аэрозольді және басқа да құрылғылар газ қаруы болып есептеледі.

Жеке қорғану құрпалдары ретінде тітіркендіргіш әрекеттегі уландыру заттары (ТӘУЗ) мен лакриматорлық эффектісі бар табиғи қосылытар кеңінен тарады. ТӘУЗ-ді пайдалану үшін аэрозольді баллондар қол қаруына арналған патрондар кеңінен тарады, оларды “газды тапаншалар мен револьверлер” деп те атайды.

Газды патрондармен ату үшін қолданылатын қару, негізінде, қолдағы бар ойықты қысқа ұңғылы атыс қаруының дәр көшірмесі болып табылады. Көп жағдайларда, мұндай қарудың металл бөлшектері морт сынғыш металдардан жасалады. Газды патрондармен ату үшін қолданылатын тапаншалар автоматты қару болып табылады, өйткені ондағы қайта оқтау мен келесі атуға дайындық бірінші атылыстан соң дәрі газдары газдары әрекеті есебінен жүзеге асырылады.

Тапаншалар мен қатар, өзін-өзі қорғау үшін газды және сигнал беретін патрондармен атуға арналған әр түрлі модельдегі револьверлер пайдаланылады. Газды патрондың мақсаты – кристалды белсенді заттың атуы кезінде 3-метрге дейінгі қашықтыққа лақтыру. Өзінің біршама арзандығы, құрылымының қарапайымдылығы, қолданудың көптігі мен тиімділігі жағынан кең қолданатын, өзінің құрамындаТӘУЗ –і бар аэрозольді баллондар болып табылады.

Сот баллистикалық сараптаманың ғылыми-әдістемелік негіздері атылыс процесі және оқ-дәрі құрауыштары мен кедергілерде іздердің қалыптасу заңдылықтары бар сарапшылық білім саласын құрайды. Сот тбаллистикалық сараптамасы әдістемесіне криминалистік, баллистикалық, физикалық, химиялық және өзге де әдістер кіреді.

Сот баллистикалық сараптаманы тағайындау үшін материалдарды дайындаудың ерекшеліктері. Атыс қаруы сараптамаға сол қолға түсіру сәтінде болған түрде ұсынылады.

Егер қауіпсіздік үшін тасымалдау кезінде қарудың оғы алып тасталынса, онда ондағы патрондардың саны мен орналысуын бұлжытпай сипаттау керек. Сарапшының алдына атылыстың өздігінен болу мүмкіндігі туралы сұрақты қойған кезде қаруды бөлшектеу рұқсат етілмейді.

Хаттамада қару және қолға түсіру мен сақтаудың жағдайлары толық сипаттауы керек.

Қаруды тасымалдау кезінде зақым келмейтін етіп буып-түйген жөн. Бөтен заттардың әсері мен дәрі газдарының шығып кетуін азайту мақсатында қарудың ұңғы жағына қандайда да бір қорғаныс құрылғысы кигізіледі.

Сұрақтарды қою кезінде мынаны ескеру керек: қолдан жасалған қаруға оның жарамдылығы туралы емес, оның атуға жарамды / жарамсыздығы туралы сұрақ қойылуы қажет.

Атыс шүріппесін баспай ату мүмкіндігі туралы сұрақ қойлған жағдайда, тексерілетін ақпараттан шыға отырып, сұрақта нақты шарттары (қару құндағын қатты затқа соқанда, мылтық құлап қалған кезде өздігінен атылу мүмкін бе) көрсету керек.