1.Өрт жағдаяттарын сот-сарапшылық зертеу көбінде азаматтық істер бойынша, сондай-ақ жеке адамға қарсы, экономикалық қызмет аясындағы меншікке қарсы, қоғамдық қауіпсіздік пен қоамдық тәртіпке қарсы қылмыстар, көлік қылмыстары жөніндегі қылмыстық істер бойынша жүргізіледі.
Сот өрт-техникалық сараптаманың тақырыбы:
- жанудың пайда болу және өрістеу себептері;
- өрттің өрістеу механизмін;
- өрттің пайда болуына себебін тигізетін жағдаяттарды анықтаумен байланысты іс жағдаяттарын арнайы ғылым білім негізінде анықтау болып табылады.
Сараптаманың объектілері:
- өрт орны;
- жоғары температура әсеріне ұшыраған ғимараттар мен үй-жайлардың құрылымдық элементтері;
- өрт орнында табылған заттар, материалдар, бұйымдар, жылу құрал-жабдықтары;
- электржылытқыш аспаптары, электр сымдары;
- жану және тез тұтанғыш сұйықтық іздерінің болуы туралы болжам жасалынатын әр түрлі жеткізгіш-заттар;
- балқу іздерібар электр сымдары мен кабельдердің үзінділері;
- аппатық режим белгілері бар электр қорғау құралдары, электр коммутаторлар;
- салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер;
- сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары.
Сот өрт-техникалық сараптаманың ғылыми-әдістемелік негздері жану процесінің пайда болуы мен өрістеуінің заңдылықтары бар сарапшылық білім саласын құрайды. Зерттеу әдістемесіне криминалистік, техникалық, математикалық және өзге де әдістер кіреді.
Өрт-техникалық сараптаманы жүргізу үшін материалдарды дайындаудың ерекшеліктері. Сарапшыға ұсынылатын материалдарда оқиға орнын қарау хаттамасын бірге мына деректер көрсетіуі керек: ғимараттың құрылыс-конструкторлық сипаттамасы; оның мөлшері; жанып кеткен объектінің және оның материалдарының сәулеттік ерекшеліктері; үй-жайдың, есіктердің, терезелердің орналасуы; ғимараттың қай бөліктері жанып кеткені, қай жерде және қалай күйгені, ғимараттың қай бөліктері сақталық қалғаны жөнінде; жылыту трубалары қайда және қандай күйде екендігі, олардан жанған құрылымдарға дейінгі арақашықтық жөнінде; ғимарат құрылымдарындағы еніп күйген жерлердің мөлшері мен көлемі; өрт ошағының белгілерн тлық сипаттағандағы өрт ошағы деп болжанған жердің жағдайы; оттың таралу жолдары; әр түрлі электр қондырғыларының орналасуы, оларды бекіту тәсілдері; басқару және қорғау аппараттарының күйі; рубильниктер, автоматтар, сақтандырғыштар; электр сымдары қалай және қандай сымдардағы, аспаптардағы және объектілердегі балқыған, орналасқан жерлері.
Сондай-ақ: өрт инспекциясының төрағалық етуімен құрылған комиссияның өрт туралы актісі , ондағы өртті байқау уақыты, өрт жөніндегі хабарланған уақыт, өрт болып жатқан жерге келгенде не жанып жатқандығы, өртті сөндіру уақыты, өрттің зардаптары, пайда болуының болжамды себептері, өртті сөндіру кезіндегі негізгі тактикалық әрекеттер, түсіру орнын көрсете отырып, өрттен кейінгі объектінің сызбалары, сұлбалары, фототүсірілімдер; жәбірленушілерден, куәлардан жауап алу хаттамалары; объектілердің электршаруашылығының толық сұлбалары, электр жабдықтау жөніндегі жоба құжаттамасы.
өрт болған жерден алынған объектілерді сараптамаға жіберген кезде сақтау мен тасымалдау процесінде объекті белгілерін жойып алмайтындай буып-түю қажет. Әрбір орамада куәландырылған жазбалар болуы тиіс.
Жеткізгіш-заттардағы бензиннің іздері ашық күйде 2-3 тәуліктен артық; керосин мен дизель отынының іздері 2-3 аптадан артық сақталмайтындығын ескерген жөн, сондақтан да осы айтылған объектілер берік, мықты ыдыста болы керек.
Жанармай және тез тұтанғыш сұйықтықтардың іздері бар деп болжанған талшықтар, мақта, топырақ, мата кесінділері, қағаз және басқа объетілерді қақпағы бар шыны ыдысқа орналастырған жөн.
Жанармай сұйықтықтарының іздері бар деп болжаған киім, аяқкиім, тақтайлар, топырақ, крпіш және басқа объектілер полиэтилен қаптары мен пакеттеріне орналастырылады. Әрбір киім заттары немесе әрбір объекті жеке-жеке салынады.
Балқу, қызу, жекелеудің бұзылу іздері бар электр сымдарының кесінділерін мақтаға, дәкеге, жұмсақ матаға салып, қатиты қағаздан жасалған пакетке буып-түю керек. Сараптамаға сымның зақымданған жерімен бірге, зақымднбаған жекелеу жерлерін де жіберу керек.
Электр қорғағышаппаратураның, электр аратураның және қондырғы бүйымдарының, тұрмыстық электр аспаптары мен аппаратуралардың, электр тоқтың өнеркәсіп тұтынатын әр бір заты жеке орамаға орналастырылады.
Жеткізу немесе шығару сымдары сол табылған күйде сақталуы керек.
Автоматты ажыратқыштарды алу кезінде олардың қандай күйде, “қосылған” не “қосылмаған” болғанын көрсету керек.
Сот-сарапшылық электротехникалық зерттеу
Сот-сарапшылық электротехникалық зерттеу сот өрт-техникалық зертеу секілді сол істер санаттары бойынша жүргізіледі.
Сот электротехникалық сараптаманың тақырыбы:
- электро қондырғыларын пайдалану кезінде техникалық пайдалану ережелерімен қауіпсіздік техникасын сақтауды;
- электр қуатын пайдалану ережелерн сақтауды анықтаумен байланысты іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білм негзінде анықтау болып табылады.
Сараптаманың объектілері өнеркәсіптік және тұрмыстық мақсаттағы электр жабдықтары мен электр аспаптары, электр жарығын беруші құрылғылар, электр бөліп беру жүйелер, энергиямен қамтамасыз етуобъектлер – гидробөлгіш электростанциялары (ГРЭС), гидроэлектрстанциялары (ГЭС), трансформаторлық қосалқы станциялар болып табылады.
Сот электротехникалық сараптаманың ғылыми-әдістемелік негіздері элекрт жабдықтарды әзірлеу және пайдаланумен байланысты технологиялық процестер заңдылықтары бар сарапшылық білім саласын құрайды. Зерттеу әдістемесіне криминалистік, техникалық, математикалық және өзге де әдістер кіреді.
Сот электротехникалық сараптаманы жүргізу үшін материалдарды дайындаудың ерекшеліктері. Оқиға орнын қарау үшін сарапшыны тарту керек және оған бастапқы зертеу жүргізу мүмкіндік беру керек.
Оқиғаны қарау хаттамасында: электр сымдарын орналастыру тәсілі, сондай-ақ оны ғимаратқа енгізу тәсіл, сақтандырғыштар мен басқа да қорғау аппаратурасының типі, олардың күйі, объектідегі қолдан жасалған балқыма кірістірмелер мен шунт сымдарының болуы,; тексеру кезінде рубильниктер, ажыратқыштарды, қосқыштар, тұрмыстық электр және жарықтандыру аспаптарының және басқа электр жабдықтардың күйі, сондай-ақ электр аспаптарындағы іске қосу және басқару батырмаларының жағдайы; қолданылатын сымдар мен кабельдердің типтері, олардың қимасы және объектінің электр сұлбаларына сәйкестігі, сымдарды жалғау тәсілдері; элекрт жабдықтың, коммутациялық және электр жарықтардың, жарықтандырудың, жылыту және басқа да электр аспаптарының құжаттамасы мен техникалы сипаттамасы, олардың бұзылу сипаты, оларды балқудың болуы; электр сымдары мен электр жабдықтарының жақын жердегі жанармай материалдарына дейінгі арақашықтығы көрсетілуі керек.
Объектілерді мөрленген және орамаға буылған түрде ұсыну қажет.
Жекелеу балқыған жері бар зерттеуге ұсынылған сымның ұзындығы 20-см-ден кем болмауы тиіс. Буып-түю кезінде зертеуге жататын жерлері механикалық зақымға ұшырайтын болуы керек.
Эхлектр желісінің ақаулығы туралы сұрақты шешу қажет болғанда, сарапшыға: объектіде жұмыстың аяқталу уақыты, қандай электр қондырғылар қосылғандығы; жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін қандай электр қондырғылары қосылу қалғандығы; ұшқындау, қатты қызып кету, әлсіз түйісулер, жалаңаштанған сымдар, тоқтың азаюы, тоқтың соғуы және сол сияқтылар; электр жарығының болу/болмауы және оның жарамдылығы; электр желісін пайдалану мен қандай да бір жұмыстар жүргізілген/ жүргізілмегендігі; үй-жайда қандай жылыту және электр жылытқыш асапаптардың қолданғандығы туралы деректер ұсынылуы керек.