БУХГАЛТЕРЛІК СОТ САРАПТАМАСЫН ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕРІ

1.Сот-сарапшылық экономикалық зерттеу көбінде материалдық құндылықтар мен ақша қаражатының кем шығуын өдіріп алу туралы, артық төленген соммаларды өндіріп алу туралы, енбек есептеутуралы, кәсіпорын арасындағы кредидтік берешекті өндіріп алу туралы, мұрагерлік туралы азаматтық істер бойынша, сондай-ақ экономика аясындағы меншікке қарсы, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар жөніндегі қылмыстық істер бойынша жүргізіледі.

Сот экономикалық сараптаманың тақырыбы субъектілердің қаржы-шарашылық қызметі мен оның құжаттамалық көрінісінің сипаттарын анықтаумен байланыстыістің мән-жайын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.

Сараптаманың объектілері субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметін көрсететін құжаттамалар, сондай-ақ сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары болып табылады.

Сот экономикалық сараптаманың ғылыми-әдістемелік негіздері экономикалық операциялар және олардың құжаттамалық көрінісімен байланысты заңдылықтар тақырыбы бар сарапшылық білімсаласын құрайды. Зертеу әдістемесіне криминалистік, экономикалық, математикалық және өзге де әдістер кіреді.

Зерттеу тақырыбына байланысты сот-экономикалық зерттеулер мына төмендегі түрлерге бөлінеді:

  • шаруашылық операцияларын сот-сарапшылық зертеу;
  • сот-сарапшылық бухгалтерлік зертеу;
  • сот-сарапшылық қаржы-кредиттік зертеу;
  • сот-сарапшылық қаржы-бюджеттік зертеу;
  • сот-сарапшылық экономикалық-құқықтық зертеу;

Шаруашылық операцияларын сот-сарапшылық зертеу;

Шаруашылық операцияларын сот-сарапшылық зертеу нәтижесінде:

  • Қазақстан Республикасы заңнамасына заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметінің нысаны мен құрылымының сәйкестілігі;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасына қаржы-шаруашылық қызметі субъектінің нысаны мен құрылымының сәйкестілігі;
  • қаржы-шаруашылық қызметі субъектілерінің жасаған келісім-шарттары мен келісімшарт қатынастары құрылымдарының экономикалық мақсатқа лайықтылығы;
  • шаруашылық жүргізуші субъектінің Жарғылық қордағы үлесі анықталуы мүмкін.

Сараптаманың объектілері шаруашылық операцияларын көрсететін құжаттар, бір текті бастапқы құжаттар бойынша операцияларды қорытындылайтын бухгалтерлік жиынтық құжаттар; Мембанктен үзінді көшірме, бас кітап,ордар журналы, шарттар, контрактілер, келісімдер, және сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары болып табылады.

Сот-сарапшылық бухгалтерлік зерттеу

Сот-сарапшылық бухгалтерлік зерттеу нәтижесінде шаруашылық операциялар туралы деректер және олардың бухгалтерлік есеп пен есеп беру жүйесіндегі көріну дұрыстығы:

  • бастапқы құжаттар есебінде, бухгалтерлік регистрлар мен есеп беруіне көрінетін шаруашылық операциялар туралы деректердің, есептік алшақтықтар мөлшерінң, олардың пайда болу механизмінің есептік сәйкессіздігі, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарға жауапты адамдардың ауқымы;
  • құжаттамалық рәсімдеудің сапасы мен бхгалтерлік есепшоттарындағы тауар-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау, сату операцияларының көрінуі, ақша қаражаттарының келіп түсуі мен жұмсалуы;
  • шаруашылық қаражаттары мен операциялары есебі тәртібінің арнайы ережелер талаптарына сәйкестігі;
  • бухгалтерлік есептегі кем шығуды, артық шығуды, шаруашылық қаражаттарыннеегізсіз жұмсауды айғақтайтын деректерді анықтауға қияндық келтіретін мән-жайларпдың болу/болмауы анықталуы мүмкін.

Сараптаманың объектілері:

-бастапқы құжаттар кіретін бухгалтерлік есепті құжаттар; жиынтықтар; механикаландырылған есеп материалдары;

-есептік регистрлар, оларға жататындар: кітаптар, журнал-ордерлер, айналым тізімдемелері, есеп карточкалары және басқалары;

  • бухгалтерлік есеп құжаттары, оларға жататындар: кассирлердің есептері, аванстық есептер, материалдық жауапты адамлардың тауарлық есептері және басқалары;
  • мүлік түгендеу материалдары: тауарлардың мүліктік түгендеу тізбесі, салыстыру тізімдемелері, мүлік түгендеу коммисиясы шешмінің хаттамалары, материалдық жауапты адамдардың түсініктері;
  • ревизия актілері, ол бойынша жоғарыда тұрған органдардың шешімдер, құндылықтармен іс-әрекет, кейбір сараптамаларды енгізу туралы анықтамалар мен жазбаша хабарламалар болып табылады.

Сот-сарапшылық қаржы-кредиттік зерттеу

Сот-сарапшылық қаржы-кредиттік зерттеу нәтижесінде:

  • қаржы-шаруашылық қызметі субъектілерінің қаржы есептік көрсеткіштерінің негізділігі;
  • ақша қаражаттарымен кредиттерді құру, бөліп беру және пайдаланудың негізділігі;
  • берілген кредиттер бойынша пайыздардың есептелу дұрыстығын анықталуы мүмкін.

Сараптаманың объектілері қаржы-кредиттік операцияларды көрсететін құжаттар: экономикалық нормативтер, нормалар, ставкалар, лиметтер, дотациялар, мекемелер арасындағы кредиттік шарттар; әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары, жоспар көрсеткіштердің негізделген есептерімен бірге қаржы жоспары; бухгалтерлік есептің бастапқы және жиынтық құжаттары; өндіріске кеткен шығындар мен тауар өнімінің өзіндік құны бойынша бухгалтерлік және статистикалық есептердің құжаттары; ревизия және тексеру актілері және сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары болып табылады.

Сот-сарапшылық қаржы-бюджеттік зерттеу

Сот-сарапшылық қаржы-бюджеттік зерттеу нәтижесінде бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді толығымен, уақытылы, дұрыс төлеумен байланысты жағдаяттар анықталуы мүмкін.

Сараптаманың объектілері қаржы-шаруашылық операцияларды көрсететін құжаттар; бухгалтерлік жиынтық құжаттары; Мембанктен үзінді көшілмелер, Бас кітап, ордер журналдары, шарттар, контрактілер, кедендік және салық малұмдамалары және сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары болып табылады.

Сот экономикалық сарапта жүргізу үшін материалдарды дайындаудың ерекшеліктері.

Сот-экономикалық сараптама құжаттамалық ревизиялар мен салықтар жүргізгеннен кейін тағайындау керек. Бухгалтерлік есеп толық немесе жартылай болмаған жағдайда, ол толық қалпына келтірілгеннен кейін, сот-экономикалық сараптама тағайындалады.

Сот-экономикалық сараптамалар тағайындау туралы қаулымен бірге сарапшылық зерттеуге: құжаттамаларды алу хаттамалары; ревизиялар, аудиториялық және салықтық тексеру актілері; сараптама түріне сәйкес субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі операцияларын көрсететін құжаттар; тиісті нормативтік құқықтық актілер ұсынылауы қажет.

Құжаттарды реттелген, топтастырылған, жүйеленген, тігілген түрде ұсыну керек.