- Жол көлік оқиғалары мен көлік құралдарына сот-сарапшылық зерттеу көбінде азаматтық істер бойынша, сондай-ақ ЖКО туралы әкімшілік және қылмыстық істер бойынша жүргізіледі.
ЖКО мен КҚ сот сараптамасының тақырыбы:
- ЖКО механизмін;
- ЖКО сәтіндегі жол ситуациясын;
- ЖКО-ға қатысушылардың нақты және тиесілі әрекеттерін;
- КҚ-ның техникалық жадайы мен оның қозғалыс қауіпсіздігі мен пайдаланудың техникалық ережелеріне сйкестілігіне байланысты іс жадаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.
ЖКО мен КҚ сот сараптамасының объектілері:
- көлік құралдары; КҚ-ның жүйелері, агрегаттары, тораптары, бөлшектер мен олардың бөліктері;
- ЖКО орны;
- Сараптама тақырыбына жататын өзге да іс материалдары.
ЖКО мен КҚ сот сараптамасының ғылыми әдістемелік негіздері “жүргізуші-автомобиль-жол-қозғалыс ортасы” (ЖАЖО) жүйесінің шегіне жеткен жағдайы ретінде, оның қалыпты қызмет етуінің тоқтатуын сипаттайтын ЖКО заңдылықтары тақырыбы бар сарапшылық білім саласын құрайды. ЖКО себептерін оны тудыратын факторларды объективті түрде анықтау үшін барлық көрсетілген элементтерді кешенді зерттеу, олардың әрқайсысының жағдайын статистикада анықтау, сондай-ақ олардың құрылымдық өзара байланысын динамикада бағалау талап етледі. Зертте әдістемесіне криминалистк, техникалық, математикалы және өзге де әдістер кіреді.
ЖКО мен КҚ сот сараптамасының міндеттері мен объектілерінің әр түрлләгән ескергенде, оған зерттеудің мына төмендегі түрлері кіреді:
- жол-көлік жағдаяттарын сот-сарапшылық зерттеу;
- сот-сарапшылық көлік-трасологиялық зерттеу;
- көлік құралдарын сот-сарапшылық зерттеу.
Жол-көлік оқиғасы жағдаяттарын сот-сарапшылық зерттеу
ЖКО жағдаяттарын сот-сарапшылық зерттеу нәтижесінде:
- жол-көлік ситуациясында қалыптасқан ЖКО-ға қатысушылар әрекеттерінің Жолда жүрумен КҚ пайдалану ережелерін техникалық талаптарға сәйкестілігін;
- нақты қалыптасқан жағдайды ескергенде оқиға механизмі;
- жүргізушінің ЖКО-ны болдырмауға техникалық мүмкіндігінің болуы анықталуы мүмкін.
Сараптаманың объектілері оқиға орны мен КҚ-ны қарау хаттамалары, тергеу эксперименттерінің хаттамалары, КҚ-ның жағдайына сараптама жүргізу нәтижесі бойынша сарапшыныфң қорытындысы және сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары.
ЖКО жағдаяттарына сот сараптамасын тағайында үшін материалдарды даындаудың ерекшеліктері. Сараптама тағайындау туралы қаулыда мына төмендегі негізгі алғашқы мәліметтер көрсетілуі керек: жолдың жүріс бөлігінің жағдайы; КҚ§ның түрі мен механикалық жағдайы, оның жүгі; жаяу жүргіншінің қозғалыс жылдамдығы мен бағыты, жолдың жүріс бөлігі және жүргізушінің көру аумағы бойынша оның басып кету орнына дейінгі жүрген қашықтығы; КҚ-ның қозғалыс жылдамдығы мен бағыты немесе оның тежелу ізінің мөлшері; көлік құралы тежелу ізінің басталуынан оның қай бөлігімен және қандай қашықтықта жәбірленушіні басып кетті; жолдың бұрылыс радиусы, оқиға орнының координаттары шыны қалдықтарының, шашылған батпақтың орны; жүргізушінің орнына жолдың көрінуі мен шолуы; жүргізуші кедергіне алдын ала қашан көруі және білуі мүмкін еді.
Сот сараптамасының шешуіне жүргізуші немесе жаяу жүргінші Жолда жүру ережесінің қандай талаптарын бұзғандығы туралы, жол-көлік оқиғасының тікелей себептері тралы, жүргізуші кеджергіне алдын ала көре білу керектігі сәті туралы, сондай-ақ дәлелдемелерді бағалауға және қылмысты заңи жіктеушілікке қатысты сұрақтар, жүргізушнің (жаяу жүргіншінің) кінәсінің болу-болмауы тралы сұрақтар қойылмауы керек.
ЖКО жағдаяттарына сот сараптамасын таайындау туралы қалыммен (ұйғарыммен) бірге сараптаманың қарамағына:
- ЖКО орның қарау хаттамасы;
- ЖКО-ның ауқымды сызбасы;
- КҚ-ның техникалық жағдайын қарау мен тексеру хаттамасы;
- егер жүргізілсе, тергеу экспериментінің хаттамасы;
- куәлардан және ЖКО-ға қатысушылардан жауап алу хаттамасы ұсынылады.
ЖКО орның қарау қаттамасында жол төсемінің сипаты мен түрі туралы, жолдың жүріс бөлігі мен жол жағасының ені мен жағдайы, кюветтердің болу-болмауы, көтерілу бұрышының немесе тік еңістің шамасы мен бұрылыс радиусы туралы; жолдың ескерту белгілернің болу-болмауы мен қозғалысты реттеу тәсілі, тежелу ізінің орны, оның ұзындығы мен сипаты, басып кету нүктесі, соқтығысу орны, олардың жол элементтері мен басқа қозғалмайтын бағдарға қатысы; қан іздерінің, тежегіш сүйықтығының; майлардың, сонда-ақ шыны сынықтарымен КҚ-дан бөлініп қалған бөлшектердің болу/болмауы; заттай дәлелдемелер табылған және алынған кездегі жағдаяттар туралы; соқтыысқа дейінгі, соқтығыс кезіндегі және соқтығысқан кейінгі автомобиль қозғалысының бағыты; жол жағдайы заттарында пайда болған зақымдардың сипаты, нысаны, мөлшері туралы; жүргізушінің кабинасынан жол төсемінің көрінуі туралы мәліметтер болуы керек. ЖКО орнын қарау хаттамасына сот фотографиясы ережесі бойынша оқиға орнында түсірілген фототүсірілімдер қоса беріледі.
ЖКО сызбасында: жол элементтерімен жол жағдаяй заттарына қатысты КҚ-ның нақты орналасу орны, тежеу іздерінің және өзге де іздер мен заттай дәлелдемелердің мөлшері мен орны; жәбірленушімен көлік құралының орны, жолды сиппаттайтын деректер, неізінде, жол төсемінің түрі және оның күйі; жол ақауларының болу және орналасқан орны; көтерілу немесе еңіс бұрышының шамасы, бұрыс радиусын дәл көрсетілген жол профилі; жүріс бөлігінің, жол жағасының, кюветтердің ені және жолдың сыртқы айналысы сипаттамасы, шолуды, көрінуді шектейтін заттардың болу-болмауы және олардың дәл орналасқан орны; жол белгілерінің орналасуы ыкөрсетілуі талап етіледі.
КҚ-ның техникалық жағдайын қарау мен тексеру хаттамасында; тежеу жүйесінің, рульдік басқарудың, жүріс бөлігінің, автомобильдің жарық беру және сигнал беру аспаптарының, автопоездардың тіркемелерімен отырғыш құрылғыларының, сондай-ақ басқа қосымша жабдықтардың техникалық жағдайының толық сипаттамасы көрсетілуі керек; агрегаттардың күйін сипаттайтыфн барлық негізгі параметрлері, мсысалы қатты жабында экспериментальді тежеліс кезінде алынған тежелу жолының немесе ең қатты баяулац мөлшері, рульдік бақарудағы люфтінің шамасы, тартым топсаларындағы люфтінің болу-болау, шинадағы ауа қысымының шамасы, пневможүйедегі ауа қысымының төмендеуі және ақаулық болса, олардың себептері көрсетілуі керек.
Сот-сарапшылық көлік-трасологиялық зерттеу
Сот-сарапшылық көлік-трасологиялық зерттеу нәтижесінде ЖКО процесіндегі іздердің пайда болу механизміне, сондай-ақ көрсетілген оқиғаның механизм элементтеріне қатысты жағдаяттар анықталуы мүмкін.
Зерттеу объектілері КҚ және олардың бөлшектері, ЖКО-ға қатысушылардың киімі мен аяқкиімі, сондай-ақ сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары болып табылады.
Көлік-трасологиялық сараптаманы тағайындау үшін материалдардың ерекшеліктері. Негізгі талаптар ЖКО жадаяттарының сот сараптамасында баяндалғанмен шамамен ұқсас.
Жол-көлік оқиғасында пайда болған қираулар, сынықтар мен жаншылған жерлерді сипаттау кезінде олардың мөлшері, дәл орналасқан жері мен жол бетінен биіктігі көрсетілуі керек. КҚ-дағы басқа іздер мен зақымдарды, сондай-ақ осы зақымдарды анықтаудың тәсілін көрсеткен жөн.
Кешенді сот-медециналық және трасологиялық сараптама тағайындау кезінде өзге де матриалдармен бірге, сарапшының қарамағына ЖКО сәтінде КҚ салоныныда болған адамдардың киімі мен аяқкиімін ұсыну керек.
Көлік құралдарын сот-сарапшылық зерттеу
КҚ сот-сарапшылық зерттеу нәтижесінде:
- КҚ-ның техникалық жағдайы;
- КҚ-дағы техникалық ақаулардың пайда болу себептері мен уақыты;
- ЖКО басталу сәтіне дейін КҚ ақаулығын табу мүмкіндігі, сондай-ақ оның ЖКО дамуы әсері анықталуы мүмкін.
Сараптаманың объектілері бүтіндей КҚ, оның жүйелілігі, агрегаттары, тораптары, бөлшектері, олардың бөліктері, сондай-ақ сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары болып табылады.