- Құжаттарды сот-техникалық зерттеу көбінде азаматтық істерді жүргізу кезінде, сондай-ақ адам мен азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы, мемлекеттің конституциялық құрылымының негіздері мен қауіпсіздіктеріне қарсы, экономикалық қызмет аясындағы меншікке қарсы, коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызметтің мүдделеріне қарсы, мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы, басқару тәртібіне қарсы қылмытар жөніндегі қылмыстық істер бойынша жүргізіледі.
Сот-техникалық сараптаманың тақырыбы:
- құжатты дайындаудың тәсілі;
- құжат мазмұның өзгерту фактісі мен тәсілі;
- құжат деректемелерінің аз көрінетін және көрінбейтін мазмұнын;
- құжаттың бастапқы түрін;
- құжатты дайындаудың уақыты;
- құжатты дайындауға қолданылған құралдар мен материалдардың табиғатымен тепе-тендігін немесе құжат мазмұнына өзгертулер енгізуді;
- құжаттық техникалық орындаушысын анықтаумен байланысты іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.
Бұл жерде, Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңы “құжат” деген анықтамаға кеңінен түсініктеме береді. Сондықтан да құжат (лат.dokumentum-дәлелдеме, күәлік) жазбаша акт та сонымен бірге табиғи тіл таңбалары, я болмаса, өзге таңба жүйелерімен ақпарат белгіленген затта (дыбыс жазуға арналған пленка, бейнежазбалар, фотоматериалдар, компьютерлік дискета) болуы мүмкін. Келтірген “құжат” деген анықтаманы ескере отырып, жоғарыда айтылған бірқатар жағдаяттар жекелеген құжат түрлеріне сәйкес өзге де сараптама түрлеріне сәйкес өзге де сараптама түрлері (фототехникалық, бейнефонографиялық) шеңберінде қолданылуы мүмкін.
Сараптама объектілері ақпараттың атериалдық жеткізгішінің біршама кең ауқымы болады, соның ішінде:
- құжаттар (олардың материалдарымен деректемелері);
- құжатты пайдалануда пайдаланылатын техникалық құралдар (толығымен не жекелей фрагменттері) не болмаса, құжаттарға өзгерту еңгізу;
- құжаттарды пайдалануда пайдаланылатын материалдар немесе оларға өзгертулер енгізу.
Құжаттардың деректемелеріне:
- баспа нысандарының бедерлері (баспахана шрифті, машинамен жазылған шрифт, мөртабандар, мөрлер және басқалары);
- жазуды іске асыру (мәтіндер, қолтаңбалар, цифрлік және өзге де таңба-белгілер);
- құжаттардағы фтотүсірілімдер;
- компостерлік белгілер және перфорациямен не өзге механикалық тәсілмен қойылған басқа да куәландырушы таңбалар.
Құжаттарды дайындауда пайдаланылатын (тлығымен не жекелей фрагменттері) немесе бұрын дайындалған құжаттарға өзгертулер енгізуге арналған техникалық құралдар мыналар болып табылады:
- мөрлер, мөртабандар;
- полиграфиялық техникаға жататын баспа құрылғалары;
- ПЭЕМ принтерлері және басқа да таңба басатын аппараттар;
- жазу құралдары (қаламұштар, шарикті және капилляр қаламдардың жазатын бөліктері, қарындаштар);
- компострелер, перфораторлар және с.с.;
- штрихтерді махыникалық аластатуға арналған саймандар.
Құжаттарды дайындауда пайдаланылатын немесе оларға өзгертулер енгізуге арналған заттарға мынадлар жатады.
- қағаз, картон және құжаттың негізі болатын басқа да материалдар;
- бояу заттары (сия, паста,полиграфиялық бояу, тонур, жазу машинасының таспасы, көшірме қағаз және басқалары);
- түзету заттары (аранйы пасталар және басқалары);
- сілтілер, қышқылдар және құжат фрагменттерін кетіру неесе жоюда пайдалануы мүмкін басқа да химиялық заттар.
Сондай-ақ зерттеуге құжаттарды дайындаудың жағдайаттары туралы немесе олардың мазмұнына өзгертулер енгізу туралы мәліметтер, салыстырмалы үлгілер мен сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдар ұсынылады.
Құжаттардың сот-техникалық сараптамасының ғылыми әдістемелік негіздері құжатты қалыптастыру мен сондай-ақ өзгертудің заңдылықтарының тақырыбы бар сарапшылық білім саласын құрайды. Зертте әдістемесіне криминалистік, физикалық, қимиялық, физика-химиялық, химия-физикалық, техникалық, математикалық және өзге де әдістер кіреді.
Құжаттардың сот-техникалық сараптамасын тағайындау үшін материалдарды дайындаудың ерекшеліктері.Құжаттарды қарау кезінде пинцетті пайдалану талап етіледі. Құжаттарды айналдыра сызуға, белгілеуге, астын сызуға болмайды. Ескірген немесе зақымдалған құжаттар жабысқақ лентамен екі шынының (пленканың) арасына салынады. Құжаттарды жеке конверттерде сақтау керек.
Құжаттарды сақтау және тасымалдау кезінде олар ылғалдықтан, жылу және жарық әсеріне ұшыраған құжаттарды папирос қағазымен жабылған мақта ұяшығына, содан кейін қорапшаға орналастыру қажет. Жазу аспаптары горизонтальді күйде, жазу бөліктерін зақымдамайтындай буып-түйіледі.
Құжаттардың сот-техникалық сараптамасының бірқатар міндеттерін шешуде салыстырмалы үлгілерді ұсыну талап етіледі.
Сәйкестендірушілік зерттеулерді жүргізу үшін салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер қажет. Үлгілерді зерттеу әдістемесімен себептелген бірқатар міндетті шарттар ұсынылады.
Экспериментті үлгілер алудың ережелер сарапшының шешуіне қойылған зерттелетін объектілер мен міндеттерге байланысты. Оларды алудың шарттары хаттамада белгіленуі керек.
Салыстырмалы материал ретінде құжатты дайындаудың тәсілін анықтау үшін біраттас құжаттарды ұсынуы керек, олардың шығу деректері (баспаханасы, шығу жылы, басылымы) зерттелетін құжаттағыдай болуы тиіс.
Бедерлері бойынша мөрлер мен мөртабандарды сәйкестендіре кезінде зерттелетін құжаттармен бірге сараптамаға сйкестендіретін мөрлер мен мөртабандардың 20-дан кем емес экспериментті бедерлері жіберіледі. Үлгілер боялудың әр түрлі қарқынды дәрежесінде және әр түрлі қағазда (қатты және әлсіз желімделген) болуы керек. Мөр (мөртабан) бедерінің қойылу механизмін анықтау үшін әр түрлі күшпен және әр бағытта басумен орындалған, сондай-ақ нысаны және үстіңгі беттің қатылығы бойынша әр түрлі (жалпақ, цилиндр тәріздес, жұмсақ, қатты) үлгілер ұсынылуы тиіс.
Машинкамен жазылаған мәтін бойынша жазу машинкаларын сәйкестендіру кезінде зерттелетін құжаттармен бірге сарапшыға шамамен, сол құжат жазу машинкасымен орындалған мәтін үлгілері ұсынылуы керек. Үлгілер ретінде мыналар: зерттелетін құжаттың сол басылған кезеңінде орындалған машинкамен жазылған мәтіндер, мазмұны бойынша зерттелетін мәтінде ұқсас мәтіннің экспериментті үлгілері, сондай-ақ осы машинкада бар машиналық жазу шрифтісінің барлық таңбалары ұсынылуы қажет. Сонымен бірге мәтінді машинкамен шрифті тазалағанға дейн де, кейін де басқан жөн.
Сараптама үшін материалдар мен үлгілерді таңдаудың көп жағдайында мамандардың көмегін пайдаланған жөн. Мамандардың қатысуы электрографикалық көшірмелерді, баспа және полиграфтық бұйымдарды сәйкестендіруге үлгілерді алу, құжаттарды дайындаған кәсіпорынды мақсатында құжат материалдарын зерттеу үшін, сондай-ақ сәйкестендіруге қажетті аппарат тораптары құрылғылары мен жұмыстарының ерекшелігіне көп байланысты болатын белгілер көрінісі жағдайында үлгілерді таңдау кезінде талап етіледі.