ҚОЛ ЖАЗУДЫ САРАПТАМАЛЫҚ ӘДІСТЕРМЕН ЗЕРТТЕУЛЕР

  1. Қол жазуды сараптама жазудың міндеттері

Жазумен қол таңбаларды сот-сарапшылық зерттеу көбнде азаматтық істерді жүргізу кезінде, сондай-ақ көпетеген қылмысты іс санаттары бойыеша, соның ішінде адам мен азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы, мемлекеттің конституциялық құрылымының негіздері мен қауіпсіздігіне қарсы, экономикалық қызмет аясындағы меншікке қарсы, мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы, басқару тәртібіне қарсы қылмыстыр жөніндегі қылмыстық істер бойынша жүргізіледі.

Сот жазутану сараптамасының тақырыбы:

  • жазуды іске асырудағы орындаушының жеке ұқсастығын;
  • жазуды іске асырудағы орындаушының кейбір әлеуметтік-биологиялық сипаттамаларын (жынысын, жасын және т.б.);
  • жазуды іске асырудағы орындаушының психофизиологиялық күйін анықтаумен байланысты іс жағдайяттарын арнайы ғылыми білім негізнде анықтау болып табылады.

Сараптаманың объектілері жазуды іске асыру, (қолжазбалармен олардың фрагменттері, қысқаша жазулар — әріптік, цифрлік, қолтаңбалар), жазуды іске асыруды орындаудың жағдаяттары туралы деректер, салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер және сараптама тақырыбына жататын өзге де с материалдары да болып табылады.

Сот жазутану сараптамасының ғылыми-әдістемелік негіздері жазудың қалыптасу заңдылықтары тақырыбы және жазу прорцесін жүзеге асырудың механизмі бар сарапшылық білім саласын құрайды. Зерттеу әдістемесіне криминалистік физикалық, техникалық, математикалық және өзге де әдістер кіреді.

Сараптаманың шешуіне қойылуы мүмкін сұрақтардың ауқымы:

  1. нақты жазуды іске асыру орындаушының жеке басын анықтауға жарамды ма?
  2. жазуды іске асыруды осы берілген адамдар ішінен кім орындаған?
  3. Әр түрлі құжаттардағы (құжат бөліктеріндегі) жазуды іске асыруды бір адам орындаған ба?
  4. жазуды іске асыруды әдеттен тыс психофизиологиялық күйдегі (аурулық, аффект күйі, алкоголдік немесе есірткілік улану және т.б.) адам орындаған ба?
  5. Жазуды іске асыру сыртқы әсер факторлары әрекет етуімен (қалыпсыз жағдай, қараңғы бөлме, қозғалыстағы көлік) орындалған ба?
  6. Жазуды іске асыру белгілі бір адамның жазуына әдей еліктеумен орындалған ба?
  7. Жазуды іске асыру сол қолмен (егер орындаушы әдетте оң қолмен жазатын болса) орындалған ба?
  8. Жазуды іске асыру әдейі жазуын өзгертіп орындалған ба?
  9. Қолжазба мәтінің қай жыныстағы адам орыныдаған?
  10. Қолжазба мәтінің қай жастағы адам орындалған?

Бұған қоса, соңғы кездері графологиялық зерттеу кеңінен өрістеуде, ол адамның жазуы бойынша оның мінезінің негізгі белгілерін, жеке басы сапаларының көріну дәрежесін, белгілі бір кәсіптік сипаттарын анықтауға мүмкіндік береді. Осы аталған зерттеулердің нәтижелері, көбінде, еңбекке орналастыру мәселесімен айналысатын агенттіктермен қызметтер практикасында пайдаланылады.

Сот жазутану сараптамасын тағайындауда материалдарды дайындаудың ерекшеліктері. Сараптама тағайындау туралы қаулыда (ұйғарымда) зерттеуге жатқызылатын құжатты жекелеу қажет. Онда сондай-ақ, алдағы зерттеу үшін мәні бар:мәтінді орындаудың әдеттен тыс жағдайы туралы, орындаушының жасы туралы, ондағы аурулар мен басқалар туралы мәліметтерді көрсету талап етіледі.

Сарапшылық зерттеуді жүргізу үшін құжаттың түпнұсқасы ұсынылады. өйткені, зерттеуге көшірмені жіберу сараптаманың мүмкіндіктерін барынша шектейді және құжаттың түпнұсқалығына жиі сенімсіздік тудырады, оларды пайдалану тек ерекше жағдайларда, сараптаманы тағаындаған адамның іс жүргізу кепілдігімен рұқсат етіледі.

Зерттеуге жатқызылатын құжатты қарау олардың сақталуын қамтамасыз етілетін белгілі бір ережелерді орандауды қажет етеді: зерттеу объектлері бөтен әсер етуден сақталуы керек, сондықтан да оларды тығыз қағаздан жасалған ковертте сақтау керек. Құжаттарды қағаз парақтарына тігуге және оларды желімдеуге, оларға белгілер салуға блады.

Жазутану сараптамасы үшін ерік, экспериментті және шартты-еркін салыстырмалы үлгілерді дайындау аса маңызды мәселе болып табылады.

Еркін үлгілер – ұсынылған орындаушының іспен байланысты емес жағдайда орындаған қолжазбасы, ол бойынша осы істі қозғағанға дейін сараптама тағайындалады. Оған хат жазу материалдарындағы мәтіндер мен қолтаңбалар, өмірбаяндар, анкеталар, күнделіктер, бухгалтерлік құжаттар жатады. Сонымен бірге, үлгілердің шынайлылығы соны орындаған адамның жеке өзімен расталуы керек.Еркін үлгілер зерттелетін құжатпен жазуы мен тілі бойынша, орындау уақыты бойынша, құжаттың мазмұны мен мақсаты бойынша, жазу материалдары бойынша, орындау шарты бойынша, жазудың жағдайы бойынша, жазу қарқыны бойыншасалыстыруға келетін болуы қажет.

Экспериментті үлгілер зерттелетін құжаттың жобаланған орындаушысымен орындалады және тергеушінің (соттың) қатысуымен хаттама толтырылып, сонымен бірге үлгілерді алудың жағдайы белгілене отырып алынады.

Үлгілерді алу және солқұжаттың орындалуына ең жақын жағдайларда жүзеге асырылады.олар айтып жаздыру арқлы немесе ұсынылған тақырыпқа еркін баяндау арқылы да алынуы мүмкін.

Экспериментті үлгілерді алу барысында орындаушыға әдеттегі жазу жағдайы қамтамасыз етіледі. Мәтін бірқалыпты қарқында 3-4 ретайтып жаздырылады. Егер орындаушы өзінің жазуын өзгертуге тырысса, онда оның өз жазуына өзгерістер енгізуін ұмыттыру үшін, ұзақ уақытқа үзіліс жасаған жөн немесе айтып жаздыру қарқының тездеткен лайық.

Экспериментті үлгілерді алу кезінде зерттелетін мәтінді көшіріп жазуға рұқсат берілмейді, өйткені мұндай жағдайда мәтін немесе қолтаңба еліктеумен, яки жазуды өзгертумен орындалуы мүмкін.

Еркін және экспериментті үлгілерге қосымша ретінде істі жүргізуге байланысты орындалған, бірақ арнайы сараптамаға арналып жаылмаған шартты-еркін үлгілер ұсынылуы мүмкін. Оған өз қолымен жазған түсініктемелер, жауап алу хаттамаларе мен беттестіру, өтініштер және басқалары жатады.

Сараптамаға жіберілген салыстырмалы материалдардың саны мен сапасы сарапшының шешетін міндеттерімен тікелей байланысты болады.

Онда, сараптамаға әдеттегі жағдайларда орындалған үлкен (1 парақтай) және орташа (0,5 парақтай) көлемдегі мәсіндерді жіберген кезде, еркін үлгілер ретінде мазмұны бойынша әртүрлі 5-6 қолжазбаларды ұсынған жеткілікті. Экспериментті үлгілердің саны 12 парақтан кем болмауы тиіс.

Сараптамаға аз көлемдегі мәтіндерді (4-9 сөз) немесе қысқа жазбаларды (1-3 сөз) жіберегн кезде, салыстырмалы материал еркін үлгілер үшін 8-10 құжаттан және экспериментальді үлгілер үшін 15 парақтан кем болмауы тиіс. Қысқа жазбаларға сараптама та-айындалған жағдайда әріптік құрам бойынша зерттелетін мәтінмен салыстыруға келетіндей экспериментті үлгілердің саны 30 парақтан кем болмауы керек (әр парақта бір үлгіден). Цифрлік жазудың үлгілері зерттелетін құжаттағы цифрларданбөлек те, сондай-ақ сәйкес те болуы керек, ал экспериментті үлгілер 10-15 параққа алынады. Ұқсас жазуларды зерттеу кезінде салыстыру үшін 20 парақ мәтіннен кем болмауы тиіс. Әдеттен тыс жағдайларда орындалған жазбаларға қатысты сұрақтарды шешу үшін сараптамаға еркін үлгілер ретінде мазмұнымен мақсаты әр түрлі мәтіндер ұсынылады. Әсіресе, жылдам қарқында орындалған (алғашқы жазылған жазбалар, конспектілер) жазбалардың бағалығы зор. Экспериментті үлгілердің әдеттегі жағдайларда және зерттелетін жазбаны орындау жағдайына мейлінше жақындатылған жағдайлардағы екі түрі алынады. Жасанды әсер ету факторларының әрекетімен орындалған (мысалы, жазуды әдейі өзгерту) мәтіндерді зерттеу кезінде арнайы экспериментті үлгілерді алу қажет, олар өзгерту тәсіліне қарай алынады. Зерттеудің күрделілігіне қарай, оларды жүргізу 40 парақтан кем емес еркін және экспериментті үлгілер талап етіледі.

Қолтаңбаларды зерттеу әдістемесінің өзгешілігі салыстырмалы материалды дайындаумен ерекшеленеді салыстырмалы үлгілер ретінде мыналар ұсынылады:

  • зерттелетін құжаттағы жазуды орындаған адамның қол таңбалары (10-15үлгі) мен жазуының (3-5 парақ) еркін үлгілері;
  • жазуды орындаған деп жобаланған адамның қолтаңбалары (10-15 үлгі) мен жазуының (8-10 парақ) еркін үлгілері;
  • зерттелетін қолтаңбаларды орындаған адамның қолтаңбалылының экспериментті үлгілер (5-7 парақта немесе 12-15 бланкіде 1 параққа 8-10 қолтаңбадан);
  • зерттелетін қолтаңбалады орындаған адамның 3-5 парақтағы аты-жөні жазылып көрсетілген жазуының экспериментті үлгілері (5-7 парақта немесе 12-15 бланкіде 1 параққа 8-10 қолтаңбадан);
  • жазды жазылған деп жобаланған адамның 5-7 жазбадан 3-5 парақтағы аты-жөні жазылып көрсетілген жазуының экспериментті үлгілері.

 

Материалдарды қолтаңбалар сараптамасына дайындаған кезде еркін және экспериментті үлгілерге жалпы талаптар қойылады. Сонымен бірге, әріптік құрам бойынша зерттелетіндермен салыстыруға келетіндей болуы керек. Жасы үлкен және қарт адамдардың қолтаңбаларына сот жазутану сараптамасынжүргізуге материалдарды рәсімдеудің өзгешелігі, оларда қозғалысты үйлестірудің бұзылуымен көрінетін организмнің физиологиялық қартаю белгілерінің көрінуімен себептеледі. Бұл жағдайларда сараптаманы тағайындау туралы қаулыда адамның жасы, білімі, кәсібі мен қолтаңбаларды орындау жағдалары туралы мәліметтер егжей-тегжейлі айтылуы қажет. Егер құжатта қол қою сәтінде организмге қандайда бір фармакологиялық препараттардың әсері белгіленген болса, онда бұл жағдай да айтылу керек. Зерттелетін қолтаңбалармен үлгілердің арасындағы орындалу уақытының үзілісі қалыпты физиологиялық қартаю кезінде 2-3 жэылдан аспауы тиіс. Өзге жағдайларда, жазудың едәір сапалы өзгеруіне байланысты, үлгілердің орындалу уақыты бойынша олар зерттелетін жазбаларға мейлінше жақын болуы керек.

Көп объектілі сараптамалар бойынша материалдарды әр топқа бөлген жөн және қаулы шығару қажет. Топтау мына негіздер бойынша жүргізіледі: зерттелетін қолтаңбаларды орындаған адамдар; зерттелетін құжаттар; жобаланған орындаушылар.