- Сот сараптама процесіне қатысушылардың құқықтық тәрбиесі
Кең аспектіде сот сараптамасының түсінігі – ол қылмыстық процесті жүргізуші органның оны тағайындау, жүргізу, сарапшының қорытындысын бағалау деген үш сатыдан тұратын күрделі іс жүргізу іс-әрекеті.
Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес сараптама қылмыстық істі қозғау барысында, іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде, істі бірінші және апелляциялық сатыдағы сотта қарау кезінде тағайындалуы мүмкін.
Сараптаманы тағайындаудың негізі нақты және заңды (іс жүргізу) деп бөлінеді.
Сараптаманы тағайындаудың нақты негізі іс бойынша іс жүргізу барысында, бір жағынан, қылмыстық процесті жүргізуші органның қарамағында бар іс бойынша ақпаратты, екінші жағынан, оның істің мән-жайларын арнаулы ғылыми білім негізінде анықтау қажеттілігін сипаттайтын проблемалық танымдық ситуациялардың туындауы болып табылады.
Сараптаманы тағайындаудың заңды негізі арнаулы ғылыми білімдерді пайдалануды мәселелерді шешудің қажеттілігі расталатын с материалдары болып табылады.
Заңға сәйкес сараптаманы анықтаушы, анқытау органы, тергеуші, прокурор, сот (судья) тағайындауы мүмкін. Тергеуші сараптаманы қылмыстық істі қозғау сатысында және алдын ала тергеу жүргізу кезінде тағайындайды. Анықтау органы, анықтамашы сараптаманы қылмыстық істі қозғаусатысында және алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес ол істер бойынша анықтау жүргізу кезінде (ҚІЖК-нің 64-бабы 2-б; 67-бабы; 3,5-б.), қылмытық істі қозғау туралы мәселені шешу үшін оның нәтижелеріқажет болған жағдайларда прокурор тағайындауға құқылы (ҚІЖК-нің 197-бабы 1 бөлігі 1-тармағы). Сот сараптамасын бірінші және апелляциялық сатыда тағайындаудың ережелері ҚІЖК-нің 354-бабы және 410-бабының 1-бөлігіне сәйкес белгіленеді.
ҚІЖК-нің 141-бабында көзделген сараптаманы міндетті тағайындау жағдайларын қоспағанда, аталған лауазымды адамдардың әрқайсысы қажетті деп танығанда сараптама тағайындайды.
Сараптама тағайындау ҚІЖК-нің 32-тарауымен көзделген тергеу әрекеті, ол заң белгілеген негіздер мен шарттарды сақтаған кезде іске асырылады. Сондықтан ол тиіст қаулы шығаруды белгілейді және оның нысаны мен мазмұның ҚІЖК-нің 202-бабы және 242-бабының 1-бөлігімен реттемелейді.
Сараптаманы тағайындау туралы қаулы кіріспе, сипаттау және қара шығару бөлімдерінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде қаулының шыққан орны мен күні, оны шығарған лауазымды тұлға туралы мәлімет, сондай-ақ қаулының қандай іс бойынша шығарылғандығы көрсетіледі.
Сипаттау бөлімінде істің мән-жайы, сараптаманы тағайындаудың негізі, сараптама жіберген объектілер туралы (олардың қай жерде және қашан, қандай жағдайда табылғаны және алынғаны); сарапшының қарауына ұсынылған өзге материалдар туралы мәліметтер; сарапшының қорытындысы негіздеуі мүмкін істегі мәліметтер келтіріледі.
Қаулының қарар шығару бөлімінде тағайындалатын сараптама түр, сарапшының алдына қойылған мәселелер; сараптама жүргізу тапсырылған сот сараптамасы органының атауы немесе адамның тегі, сондай-ақ сарапшының қарауына берілген материалдардың тізбесі көрсетлген.
Қаулыны шығару кезінде анықтамалық әдебиеттерді пайдаланған жөн, алайда нақты қылмыстық іс бойынша сұрақтарды шынайы қажеттілігін ескермей, оларды тұтастай көшіруге жол берілмейді.
Қаулыда зерттеу жүргізу үшін ұсынылатын қылмыстық іс материалдарын міндетті түрде көрсетілуі керек. Барлық қылмыстық істі ұсыну негізсіз тоқтата тұруға әкеп соқтыратын жағдайларда, мақсатқа лайықсыз және заңмен негізделмеген. Сарапшының қарауна ұсынылатын заттар мен құжаттардың орамадағы деңгей, сондай-ақ елеулі белгілері және сипатталуы керек.
Қаулыда сараптама жөнінде айыпталушының, адвокаттың өтініштері бар /жоқтығы, олардың қалай шешілгендігі, сараптаманы жүргізу кезінде айыпталушының немесе процесті жүргізуші адамның қатысу мүмкіндігі көрсетілуі тиіс.
Алайда сараптаманы тағайындау қаулыны шығарумен шектеліп қалмайды. Қылмыстық процестің кезендеріне байланысты сараптама тағайындаудың өзіндік ерекшелігі болады және ол арнаулы қаруды қажет етеді.
- Сот сарапшының құқығы мен міндеттері
ҚІЖК-нің 241-бабына сәйкес сараптаманы тағайындау:
- өлімнің себептерін анықтау үшін;
- денсаулыққа келтірілген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесін анықтау үшін;
- іс үшін маңызды болып, бірақ жасы туралы құжаттар болмағанда немесе күмән туғызғанда сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің жасын анықтау үшін;
- ақыл есінің дұрыстығы немесе қылмыстық іс жүргізуде өз құқықтарымен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілеті жөнінде анықтау органы, тергеуші немесе сот күмән тудырғанда сезіктінің, айыпталушының психикалық немесе тәннің жай-күйін анықтау үшін;
- іс үшін манызы бар жағдайларды дұрыс қабылдау және олар бойынша айғақтар беру қабілетіне күмән туған жағдайда жәбірленушінің, күйнің психикалық немесе тәнінің жай-күйін анықтау үшін;
- қылмыстық заңда өлім жазасы түріндегі жаза көзделген қылмысты жасаған айыпталушының психикалық жәй-күйін анықтау үшін;
- істің өзге мән-жайы басқа дәлелдермен дәл анықталмайтын өзге мән жайларды анықтау үшін міндетті.
Өлімнің себептерін анықтау сот медециналық сараптама тақырыбына жатады. Тек мәіт болмаған жеке жағдайларда, өлімнің фактісі мен себептерін анықтау өзге өзге тергеу әрекеттері негізінде жүргізіледі.
Сот медециналық сараптаманы жүргізу тән жарақаты сипатымен бірге (жаралар, көгерген, қан ұйыған жерлер), денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлық дәрежесін анықтауда да міндетті.
Адамның психикалық жәй-күйін анықтау сот психиатриялық сараптама тағайындау жолымен жүргізіледі. Ол: а) тергеуші кабинетінде, б) амбулаториялық жолмен, в) стационарлық жолмен, г) сот отырысында, д) сырттай, е) өлгеннен кейін жүргізілу мүмкін.
Сот медециналық немесе сот психиатриялық сараптаманы амбулаториялық не стационарлық зерттеу жолымен жүргізу тәсілін сарапшының (сарапшылардың) пікірін ескере отырып қылмыстық істі жүргізуші орган шешеді. Адамды стационарлық байқау үшін тиісті медециналық мекемеге жібері туралы шешеім сараптама тағайындау туралы қаулыда көрсетіледі. Ол сарапшы (сарапшылар) үшін де, сондай-ақ медециналық мекеме әкімшілігі үшін де міндетті. Адамды медециналық мекемеге жіберу туралы мәселе сараптама жүргізу барысында туындаса, онда ол туралы сарапшының өтініші негізінде ерекше қаулы шығарылады.
Амбулаториялық зерттеуге шақыру күәдан, жәбірленушіден жауап алу үшін белгіленген ережелер бойынша жүзеге асырылады.
Іс мән-жайлары тек сараптама жүргізу нәтижесінде анықталуы мүмкін жағдайлардың мысалы есірткілерді заңсыз айналымымен баланысты қылмыстық істер бойынша іс жүргізу болып табылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты пленумының 1998 жылғы 14 мамырдағы №3 “Есірткілердің, психотороптық, күшті әсері бар және улы заттардың заңсыз айналымымен байланысты істер бойынша заңнаманы қолдану туралы” қаулысына сәйкес заңсыз айналымдағы табылған аталған заттардың нақты түрін, атауын, мөлшерін анықтау үшін, сондай-ақ оларды әзірлеу үшін пайдаланылатын аспаптар мен құрал-жабдықтардың жарамдылық фактісін анықтау үшін криминалистік сараптама жүргізу қажет.
- Сот сарапшыны таңдау (отвод)
Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сараптама істі қозғау туралы шешім қабылданған кезде, сондай-ақ анықтау немесе алдын ала тергеу сатысында тағайындалады. ҚІЖК-нің 242-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық істі қозғау туралы шешімді сараптама жүргізбейінше қабылдау мүмкін болмайтын жағдайда, ол қылмыстық іс қозғалғанға дейін тағайындалуы мүмкін.
Айтылғандар көбінде есірткілердің заңсыз айналымымен, сондай-ақ қару және оқ-дәрілерді заңсыз сақтау, тасымалдау немесе алып жүрумен байланысты қылмыстық істерді қозғау кезінде болады. Істі қозғау туралы мәселені шешу сатысында, негізінде, өлім себептерін анықтау үшін сондай-ақ сот медециналық сараптамалар тағайындалады.
Сарапшылық зертеу үшін үлгілерді алу іс жүргізу әрекеті және оны жүргізу тек іс қозғалғаннан кейін мүмкін болғандықтан, қылмыстық іс қозғалғанға деін сараптама тағайындаудың міндетті шарты ҚІЖК-нің 33-тарауында көрсетілген салыстырмалы үлгілерді пайдаланбай жүргізу мүмкіндігі болып табылады.
Сараптама тағайындау рәсімін процесті жүргізуші органның әрекетін ұйымдастыру, жоспарлау, оларды жүзеге асыру амалдарын, бағалау және мінез-құлықтық сәттер секілді элементтері не тән криминалистік тактика ережелерін ескере отырып қарастырған орынды болмақ. Аталған ережелер ҚІЖК нормаларына негізделеді.
Сараптаманы тағайындау: дайындық және сараптама жүргізуді тапсыру екі кезеңіне бөлінеді.
Дайындық кезеңіне мына элементтер кіреді: 1) сараптама тағайындау туралы шешім қабылдау; 2) осыған байланыфсты процесті жүргізуші органның өз іс-әрекеттерін жоспарлауы; 3) сот сараптамасының түрлерін анықтау; 4) сарапшыға (сарапшыларға) сұрақтарды қою; 5) сараптама жүргізуді тапсыру жоспарланған сот сараптамасы органын немесе адамды (адамдарды) тану; 6) сараптама жүргізу үшін сарапшыны алғашқы мәліметпен қамтамасыз ету.
Сараптаманы жүргізуді тапсырудың екі негізгі элементі бар:
- сараптама тағайындау туралы қаулыны шығару;
- алғашқы ақпаратты сарапшыға немесе сот-сараптама мекемесінің басшысына тапсыру.
Процесті жүргізуші орган зерттеуге жататын барлық материалдың дұрыстығына кепілдік беруге міндетті. Мұнда: і материалдарындағы бірдей объектілерге қатысты әр түрлі болуына, дәлелдемелерді жинау мен бекіту кезіндегі іс жүргізу кемшіліктеріне, заттай длелдемелерді пайдаланудың ережелерін бұзуға, оларды ауыстыруға жол бермеу керек.
Сараптама жүргізу үшін материалдарды беру бірқатар жағдайларға байланысты болады, олар: материалдар жеке адам арқылы (нарочный арқылы), поштамен немесе олардың тікелей сақталу, болу жерлері бойынша жіберіледі. Зерттеу объектілері өте үлкен, не тез бұзылатын болғанда, оларды сарапшыға ұсынуға мүмкіндік болмайтын ерекше жағдайлар туады. Бірінші жағдайда процесті жүргізуші орган сарапшыны объектілерді сақтау орнына жеткізуді, оларға бөгетсіз қол жеткізуді және сарапшылық зертеу жүргізу үшінқажетті шарттарды қамтамасыз етуге міндетті.
Объектілерді өткен уақиға жағдайында сақтау қажеттілігі болған жағдайда, процесті жүргізуші орган құзірет ұйымдастыруға және заттай дәлелдемелерді сақтауға шара қолдануға міндетті, бұл қарау хаттамасы мен сипаттама тағайындау туралы қаулыда көрсетіледі.
Сараптаманы жүргізу барысында процесті жүргізуші орган мен сарапшы өзара іс-әрекетті жүзеге асыра алады, ол олардың шешетін міндеттері тұрғысында тергеуші мен сарапшының мүмкіндіктерін кеңейтеді. Процесті жүргізуші орган дер кезінде қосымша материалдарды ұсыну қажеттілігін, жаңа дәлелдемелерді табуды белгілейді, сарапшы қорытындысын әрі қарай бағалау кезінде пайдалы ақпарат алады.
Сараптама тағайындау кезінде процесті жүргізуші органға елеулі көмекті тиісті профильдегі маман бере алады. Іс-жүргізу заңы маманның құзіретін кеңейту жолына қадам басты. Тиісті норма маманды соттың, тергеушінің, анықтаушының тергеу және өзге де іс жүргізу іс-әрекеттеріне немесе сот талқылауына дәлелдемелерді жинауға, зерттеуге, бағалауға көмектесу, мақсатында шақыртқан арнаулы білімі мен дағдылары бар бар адам ретінде белгілейді. Сот сараптамасын тағайыдау терегеу әрекеті болып табылатындықтан, оны дайындау және нәтижелерн бағалау барысында тиісті өкілеттілікке ие болады. Заң (ҚІЖК-нің 84-бабы 2-б.) сараптаманы тағайындау үшін материалдарды тайындауға маманның қатысу құқығын тікелей көрсетеді. Қылмыстық іс материалдарымен танысқаннан кейін маман сараптама түрін, сарапшының шешуіне қойыылу тиіс сұрақтарды анықтау кезінде кеңес бере алады.
Маман объектілер, соның ішінде сарапшылық зерттеу үшін үлгілер, сарапшыға ұсынылатын материалдардың жеткіліктігі жайлы ұсыныстар бере алады. Маман объектілер, соның ішінде сарапшылық зерттеу үшін үлгілер, сарапшыға ұсынылатын материалдардың жеткіліктігі жайлы ұсыныстар бере алады. Сондай-ақ маман сараптама тағайындау туралы қаулыны және оны жүргіз үшін объектілерді дайындауда тікелей қатыса алады. Маман ұсыныстарының міндетті мәні блмайды, бірақ олардыескеру сараптаманың тиімділігін едәуір үлкейтуге мүмкідік береді.
4. Сот сараптамаға объектілер алу және оны сараптамаға дайындау
Сараптаманы бірінші сатыдағы сотта тағайындаудың қажеттілігі істі алдын ала тындау барысында да, сондай-ақ тікелей басты сот талқылауында да анықталуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының 2004 жылға 26 қарашадағы “Қылмыстық іс бойынша сот сараптамасы туралы” №16 Нормативтік қаулысының 4-тармағына сәйкес істі алдын ала тындау барысында сараптама тағайындау дәлелдемелерді бағалаумен баланыссыз, ал оны жүргізу ҚІЖК-нің 241-бабыны сәкес міндетті болғанда, тараптардың өтініші бойынша сот сараптама тағайындау туралы қаулы шығарады.
Басты сот талқылауын тағайындау туралы мәселені шешу кезінде судья өзінің бастамасы немесе процеске қатысушылардың өтініштері бойынша баста сот талқылауына сараптаманы тағайындау қажеттілігі туралы мәселені шешеді. Егер алдын ала тергеу барысында арнаулы ғылыми білімді пайдаланумен зерттеуді қажет ететін мән-жайларды анықтау үшін сараптама жүргізілмеген болса, онда сотта сараптаманы тағайындау және басты сот отырысына сараптама жүргізу тапсырылатын хабардар адамды (адамдарды) шақыру туралы шешім қабылдайды. Тиісті әрекеттердің мүмкіндігі ҚІЖК-нің 354-бабы талаптарын ескере отырып ҚІЖК-нің 32-тарауында баяндалған ережелер бойынша жүзеге асырылады.
Басты сот талқылауы барысында дәйектілігінен шыға отырып, ең алдымен, осы істі жүргізуге бұрын қатыспаған адамды сарапшы етіп тағайындау туралы мәселені шешіп алу керек, өйткені ҚІЖК-нің 341-бабына сәйкес сарапшының құқықтарымен міндеттерін түсіндіру сот тергеуінің және тисінше сотта сараптаманы тағайындаудың алдында болуы керек.
Төрағалық етуші сараптаманы кімге тапсыратындағын хабарлады десек, содан кейін осы аталған адамға қарсылық білдіру және өз-өзіне қарсылық білдіру жөнінде өтініш болмаған кезде, сот іс бойынша адамды сарапшы ретінде тарту туралы қаулы шығарады. Мұндайқаулы соттың кеңесу бөлмесіне кетпей-ақ шығарылуы мүмкін . Әрі қарай сарапшыға оның іс жүргізу өкілеттілігі түсндіріледі, оған ҚК-нің 352-бабы бойынша көрінеу жалған қорытынды берудің қылмытық жауапкершілігі туралы ескертіледі.
Сот тергеуін жүргізу кезінде сарапшыға дәлелдемелерді зерттеуге қатысу құқығы берілген. Сарапшы сот отырысында төрағалық етушінің рұқсатымен сараптама мәніне қатысты мән-жайларды зерттеуге қатысуға: жауап алынатын адамдарға сұрақ беруге, қылмыстық істің материалдарымен танысуға, сараптама мәніне қатысты барлық сот іс-әрекеттеріне қатысуға құқығы бар (ҚІЖК-нің 354-бабы 4-б.).
Сарапшының дәлелдемелерді зерттеуге қатысуы ол жүргізетін сараптаманың негізіне салынатын алғашқы мәліметтердің барынша толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етуге үлкен маңызы бар.
Төрағалық етуші сарапшының барлық аталғанг құқықтарының сақталуы және оның сот тергеуіне белсенді қатысуын қамтамасыз етуі керек, өйткені дәл осыдан сарапшылық зерттеудің объективтілігі, толықтығымен негізділігі көрінетін болады.
Дәлелдемелерді зерттеуге сарапшының қатысуы белсенді және мақсатқа лайықты болуы керек. Сонымен бірге, оның дәлелдемелерді қабылдау түсінігінің бағыттылығы оны оны сараптама тақырыбына жатпайтын эпизодтарды қарау ақытысында, сот тергеуіне қатыспауға мүмкіндік береді.
Сарапшы сот тергеуіне қатыса отырып, өзінің арнаулы ғылыми білім шеңберінен шықпауы, құқықтық сипаттағы сұрақтардщы қоймау (әрекеттің біліктігі туралы, әрекеттердің құқыққа сәйкестілігі немесе сәйкестсіздігі туралы) керек.
Сотта сараптама жүргізудің практикасы сарапшының іс мән-жайларын зерттеуге қатысуы, негізінде, заттай дәлелдемелер мен құжаттарды және сот отырысында жауап алынатын адамдарға қойылатын сұрақтарды қарауға қатысуы арқылы іске асырылатындығын айғақтайды. Сарапшының қоятын сұрақтарыныңбағыттылығының жалпы ұқсастығы кезінде олар жүргізілетін сараптама түрлеріне байланысты белгілі бір шеңберде түрленуі мүмкін.
Іс бойынша сотқа дейін іс жүргізу барысында қорытынды берген сарапшы сотқа шақырылған жағдайда, сот қорытындыны жария еткен соң, егер ол күмән келтірмесе, сараптама тағайындамауға және сарапшыдан жауап алумен шектелуге құқылы (ҚІЖК-нің 354-бабы 11-б.).
Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңы апелляциялық сатыда сараптама тағайындаудың мүмкіндігін қарасытырады, ол ҚІЖК-нің 410-бабы 1-бөлігінде көрінеді.
Тиісті мәселелер Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы “Қылмыстық істер бойынша сот сараптамасы бойынша сот сараптамасы туралы” №16 Нормативтік қаулысында түсіндірілген.
Аппеляциялық сатыдағы сот сараптардыңөтініші немесе өз бастамашылығы бойынша, егер іс бойынша: сотталшының ақыл-есінің дұрыстығына немесе қылмыстық іс жүргізуде өз құқықтарыв мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілетіне күмән туған жағдайда, жәбірленушінің, куәнің психикалық жай-күйін анықтау қажет болғанда сот-психиатриялық сараптама тағайындауға құқылы.
Егер істегі бар және сот отырысында зерттеуді қажет етпетін қосымша ұсынылған материалдар бойынша сараптама жүргізу мүмкін болған жағдайларда ғана апелляциялық сатыдағы сот өзге сараптама тағайындауы мүмкін.
Егер апелляциялық тәртіпте істі қорғау кезінде сарапшылық зерттеу қажет деп анықталса, бірақ оны жүргізу үшін бір мән-жайларды анықтау немесе қосымша материалдар, сарапшылықзерттеу объектілер жинау талап етілсе, онда мұндай жағдайларда сот актісін қайтарылғаннан кейін тек бірінші сатыдағы соттың жаңадан қарауы кезінде сараптама тағайындалуы мүмкін.
- Сот сараптамасындағы қайта, қосымша коммисиялық көпшілік (комплекс) жүргізудің ерекшеліктері
Комиссиялық, кешенді, қосымша және қайталама сараптама тағайындаудың өзіндік ерекшелігі аталған сараптама түрлерін тағайындаудың тәртібін белгілейтін қылмыстық іс жүргізу заңымен анықталады.
Комиссиялық сараптама бір мамандықтағы сарапшылардың күрделі сарапшылық зерттеу жүргізу қажеттілігі жайында тағайындалады. Егер сараптама тағайындаған органның қаулысында ол комиссиялық болып белгіленбесе, комиссиялық сараптама жүргізу туралы шешімді сот сараптамасы органының басшысы қабылдауға құқылы.
Практикада зерттеуге біртекті объектілердң бірақ мөлшерін ұсынған кезде, көбіне комиссиялық сараптама қату тағайындалатындығына назар аудару керек. Бұл жағдайларда сот сараптамасы органының басшысы немесе жетекші сарапшы объектілерді комиссия мүшелеріне бөліп береді, ал олар бөлінген топтар ауқымында оларды жеке зерттейді және ортақ тұжырым шығарады. ҚІЖК-нің 249-бабы 2-4 бөліктерінің мазмұнында комиссиялық сараптаманы тағайындаудың шарты оның күрделілігі және шешімді қабылдаудағы алқаластығы айтылған, демек әрбір сарапшы барлық объектілерді толық көлемде зерттеуге және зерттеу нәтижелері бойынша тұжырым шығаруға қатысуы керек.
Кешенді сараптама іс бойынша бір мән-жайды анықтау үшін әртүрлі сарапшылық мамандардың негізінде зерттеулер жүргізу қажет болғанда кезде тағайындалады. Кешенді сараптама тағайындау туралы қаулы, егер ол сараптама тағайындаған органмен дұрыс белгіленбесе, ст сараптамасы органының басшысы үшін міндетті болып табылмады (мысалы, егер кешенді зерттеулерді сараптаманың бір түрі ауқымында немесе бірнеше істің мән-жайын анықтау үшін әр түрдегі бірнеше сараптаманы жүргізу қажеттілігі жөнінде сөз болып отыр). Егер сараптама тағайындаған органның қаулысында сараптама кешенді болса да, олай болып белгіленбесе, онда кешенді сараптаманы жүргізу туралы шешімді сот сараптамасы органының басшысы қабылдауға құқылы.
Қосымша сараптама қорытынды толық және жеткілікті түрде ақын болмаған., сондай-ақ осының алдында зерттеумен байланысты туындаған қосымша мәселелер туындаған жағдайда негізі жүргізілгеннен кейін тағайындалады. Қосымша сараптама тағайындау кезінде сарапшыға барлық алдынғы сараптамалардың қорытындылары ұсынылуы тиіс.
Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде !негізді болмағанда не оның дұрыстығы күмәнді болған не сараптама тағайындау мен жүргізудің іс жүргізудің іс жүргізу нормалары елеулі түрде бұзылған жағдайларда дәл сол объектілерді зерттеу және сол мәселелерді шешу үшін тағайындалады. Қайталама сараптаманы тағайындау дәлелді болуы керек. Қайталама сараптама тағайындау кезде сарапшыға барлық алдыңға сараптамалардың қорытыныдылары ұсынылуға тиіс.
Практикадақайталама сараптамаларды тағайындау іс-жүргізу кемшіліктеріне қатысты болады, олардың ең кең тарағаны мыналар:
- бұрын пайдаланғандардан айрықшаланатын алғашқы мәліметтер зерттеуге ұсынылған жағдайларда қайталама сараптама тағайындалады (мысалы, жол-көлшік оқиғасы туралы істер туралы істер бойынша сараптама кезінде ішінара өзгертілген алғашқы мәліметтер);
- қайталама сараптама тағайындадың іс жүргізу негіздері болмайды: қайталама сараптама айыпталушының алдыңғы сараптама нәтижелеріне келіспеуі туралы шағымының негізінен айырылу кезінде, сондай-ақ оны тағайындаған адамның онымен ешбір дәлелсіз келіспеуі кезінде қайталама сараптама тағайындалады.
Сот сараптамасының теориясы мен практикасында бастапқы сараптама қорытындысымен келіпеу жағдайларында оларды тағайындау міндетті ме деген мәселе талқылануда.
Қайталама сараптама дәлелдемелерді сот бағалауы тұрғысынан бастапқыны бағалау мақсатын қоятын “бақылау”, “тексеру” дегенмен ешбір байланысы болмаса да, ҚІЖК-нің 241-бабында көзделген жағдайлардан басқа, оны тағайындау міндетті болып табылмады. Тиісті мәселені шешу кезінде сараптама тақырыбы болып табылатын мән-жайларо боынша істегі өзге дәлелдемелердің болуын, сондай-ақ зерттелетін объектілерді жоғалту немесе олардың елеулі өзгеріске ұшырауы кезінде қайталама сараптама өткізудің практикалық мүмкіндігн ескеру керек. Айтылғандарға қосымша Т.А.Лилуашвили, өзінің позициясы тұрғысынан, сарапшының қорытындысы жалғыз ғана дәлелдеме болуы мүмкін және соның негізінде іс бойынша сот шешім шығара алады деп қолдай отырып, ымырашылық нұсқаны ұсынады: егер істе басқа дәлелдемелер болмаса немесе сарапшының қорытындысы жол берілетін жалғыз дәлелдеме болса, сол қайталама сараптама тағайындауға міндетті.