Қай халықта болмасын өзінің атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақтап, қымбат қазынасына айналдырған ұлттық дәстүрлі музыка өнері болады. Ол негізінен вокалды және аспапты болып екі түрге бөлінеді. Ол ұлттық өнердің негізін қалаушылар – халық арасынан шыққан дарын иелері, халық композиторлары.
Қазақ халқының аспапты музыкасына күйлер жатады. Күйлер қазақтың ұлттық болмыс бітімімен, сана сезімі мен тығыз байланысып өмірінен қуат алған, рухани өнердегі дәстүрлі өнердің ішіндегі ең күрделі, тоқсан толғаулысы да осы күй шығармашылығы. Ұлттық мәдениетіміздің құнарлы арнасына жататын күй өнері өзінің өміршеңдігі, халыққа етене жақындығы мен ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келді. Күйлер ел арасынан шыққан құйма – құлақ дарын иелері арқылы толыса дамып, ұлттық өмір тіршілігі мен тығыз байланысып, ел өмірінің рухани серігі болды.
Музыка саласында күй өнері өз алдына күй жанры болып қалыптасты.
Күйлер адамның ішкі сезім-дүниесін, оның жеке басының көңіл-күйін, қуанышымен қайғы күйін, аңсаған арманын, өмір сүрген қоғамын, тіршілік дүниесін, қорщаған табиғат анасын — өзен-суын, орман-тоғайын, асқар таулары мен байтақ даласын паш етіп жырлайтын шығармашылық жанрға айналды. Көптеген күйлерді алайық «Ақсақ құлан», «Ботасы өлген бозінген», «Саймақтың сары өзені», «Нар идірген», «Ертіс толқыны», «Аңшының зары» т.б тарихи оқиғаларды баяндаса, енді бір қатары әлеуметтік өмір тынысына үн қатып, ел өмірінің қайғысымен қуаныш сезімдерін толғады. Сондықтан да күй шығармашылығы өзінің тақырыбымен мазмұнына қарай өз тыңдаушысының көңіл-күйіне, жүрек тебірелісіне, сезім сырына айналып, ішкі жан дүниесінен терең орын алып отырады. Күй композитордың ішкі жан сырының айнасы десек, күй деген атының өзінде үлкен қуат, шабытты құдырет бар.
Қазақ елі ортасына кеңінен қанат жайған халық күйлері мен әуендерін дыбыс арқылы жеткізу тәсілінде оны орындайтын ұлттық саз аспаптары болды. Ол ұлт мәдениетінде өзінің құрылымы, дыбыс ерекшеліктері жағынан басқа халықтарға ұқсамайтын төл аспап болып тарихи және мәдени кеңістікте сақталып келді.
Қазақтың саз аспаптары жалпы ұлттық және фольклорлық болып екі топқа жіктеледі. Ел ішінде кеңінен пайдаланып халық күйлері мен саз әуендерін орындап ұрпақтан-ұрпаққа қалдыру барысында домбыра, қобыз, сыбызғы аспаптары негізгі орынды иеленеді. Күй жанрында да бұлар домбыра күйлері, қобыз күйлері, сыбызгы күйлері болып жекеленіп айтылады. Ал, көбіне фольклорлык кеңістікте сақталған уілдек, сазген, дабыл, даңғыра, шыңдауыл, дауылпаз, дудығы, желқобыз, желбуаз, тоқылдақ, тұяқтас, асатаяқ, керней, адырна, шыртылдауық, сақпан, дүңгіршек фольклорлық аспаптар тобына енеді. Бұлардын қатарына сырнай, кепшік жетіген, бұғышақ, шаңкобыз, ауызсырнай аспаптарында жатқызамыз.
Күйлер және оны орындаушылық міндетін атқарушы төл аспабымыз: домбыра, қобыз, сыбызғы аспаптары халқымыздың өмір кернеуі мен бірге жасап келеді. Әр күйдің шығушы әуен иелері болған. Күйлерді халық күйі және халык композиторлары деп шығарушының аты мен атап жүрміз. Халық күйлері жылдар, ғасырлар өткен сайын шығарушының аты ұмытылып, ел ішіндегі дарын иелерінің орындап жалғастыруы арқылы күйдің аты сақталып, бара-бар халық күйі болып сақталған.
Аты аңызға айналған күй атасы Қорқыттан бастап өмірдің қыр мен сырын күй тілімен сөйлетіп кеткен халық композиторларының күйлері мен есімдерінің ел арасында сақталып келуі халқымыздың өнерге сүйіспеншілігін, өнерпаз ұлт екендігін және күйдің құдіреттілігін көрсетеді.
Тарих шежіресінен сыр шертер күй өнеріне добрыра, қобыз, сыбызғы аспаптары тым көнеден ұлтпен бірге жасасып келген. Қобыз аспабын, қобыз күйлерін сөз еткенде күй атасы Қорқытты алдымен ауызға аламыз. Түркі тілдес халықтарға ортақ аныз болған Қорқыт VIII-IX ғасырларда Сырдарияның жағасында өмір сүргендігі мәлім.
Қазіргі кезде Қорқыт күйлері аталып жүрген күйлер саны жиырмаға жуық.
1987 жылы Мусабек Жарқынбеков «Қорқыт-Елім-ай» атты жинақта 11 күйі жарық көрді. Мусабек Жарқынбеков Қорқыттың күйлерін үйреніп нотаға түсіру бағытында Қорқыт туралы аңыздар естіп, оның қобызды тартуы бойынша «Желмая», «Ұшардың ұлуы», «Елім-ай», «Халқым-ай», «Әуппай», «Аққу», «Кілем жайған», «Тарғыл тана», «Байпаш» күйлерінің шығу тарихын тындап, осы және басқа күйлерді магнитофонга жазып алып «Қорқыт-Елім-ай» кітабында жарияланды. Осылайша күй атасы Қорқыт күйлері ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа жағасын тауып біздерге жетіп отыр [1, 86-б.].
Қазақтың күйшілік өнеріндегі көне күйлердің бірі — халық күйі “ақсақ құлан”. бұл күйдің шығу тарихы қазақтың төл аспабы домбыра мен байланысты. Бізге жеткен, осы күнде айтылып, әртүрлі басылымдарда жаряланып жүрген бұл күйдің аңызы бойынша ертеректе домбыра үш ішекті, көмей тесігі болмаған деп жазылып келеді. Күйші Кетбұқа хан алдында күй тартқанда домбыраның үнінен “балаң өлді, жошы хан” деген сөздер естілді деп келтіріледі. Ақсақ құлан күй-аңызының көп айтылмайтын, ұмытылып бара жатқан бұл нұсқаны белгілі күйші-зерттеуші Тымат Мерғалиев 1965 жылы күйші Сапар Жұмағалиевтан жазып алып, 1972 жылы шыққан өзінің “Домбыра сазы” атты еңбегінде жарялаған.
Күйді жеткізуші оның мазмұнын былай деп баяндаған екен: ертеде жошы ханның үлкен баласы аңға шығып, құлан атуға барғаннан қайтып оралмапты. баласын бірәз күндер күтіп, ақыры келмеген соң, оның тірі емес екенін әкесі сезеді. енді не болса да жаман хабарын естігісі келмеген хан:
— кімде-кім менің баламның қайғылы хабарын естіртсе, соның көмеиіне қорғасын ерітіп құямын, — деп халыққа жар салыпты. халық ханның баласын құлан теуіп өлтіргенін біледі, бірақ әкесіне айтуға батылдары бармайды. Күндердің күнінде ел аралап жүрген бір домбырашы бұл хабарды естіп, ханның ордасына барыпты. бірақ күзетшілерден асып ордаға кіре алмай далада, қақпа алдында отырып, домбырасынан бір күйді күңіренте тарта беріпті. кешқұрым саңқылдап шыққан домбыра үні сол маңайды тегіс шарлап, орда ішіндегі ханның да құлағына шалынады. тақта мүлгіп отырған хан сәл басын көтеріп:
— мынау ненің үні? барып біліңдерші? егер менде шаруасы бар адам болса мында алып келіңдер! — деп уәзірлерінің біріне әмір етеді.
уәзір әлгі домбырашыны ханның алдына алып келеді. хан оған:
-қайдан жүрген адамсың? мұнда келу мақсатыңды айт! — дегенде домбырашы:
— тақсыр! көптен көңілімде жүрген бір күйім бар еді, соны сізге сынатқалы келіп едім, — депті.
— е, олай болса домбыраңды тарт! — депті хан.
Бұл сөзді естуі сол-ақ екен, күйші домбырасының бұрауын қоңыр дауысқа келтіріп, әрбір қағысын салмақпен қағып, бір күйді тарта беріпті. күйдің алғашқы дыбысынан басталған қатал үн, бірте-бірте қоюланып, “мені естисің бе, хан ием, қайғылы хабар айтамын” дегендеи, алдын ала негізгі тақырыбынан, айтпақ ойынан хабар береді. Домбыраның күңіренген үнінен сезіктенген уәзірлерінің бірі:
— тақсыр! мынау не дегелі отыр өзі? — дегенде, хан айнала отырғандарға, домбырашыға қарап:
— мына бастағаның, сенің тартатын, менің естіп, тыңдайтын күйім емес екен. бірақ әдеиілеп келген екенсің тарт, тарт! — депті. ханнан рұқсат алған домбырашы күйін боздата тартқанда, домбыраның көмеиінен
Ақсақ құлан шошыған,
Қырда еркін жосыған.
Тынышын бұзып құланның,
Оқ атқан сіздің ұлыңыз,
Опат болды осыдан.
Хабарын соның айтуға,
Арып-ашып алыстан,
Келіп тұр мынау домбыра,
Болған істің барлығын,
Қалдырмай түгел баяндар.
Үніне оның құлақ сал,
Қаумалаған, халайық,
Хан бастаған жараңдар,
— деген қайғылы үн күңіреніп естіледі. Әсіресе, домбыраның әрбір буынында: “опат болды” деген сөздер адам айтқандай ап-анық естіліп, қайталанып тұрады. мұны естігенде төрде отырған хан егіліп жылайды. Ханның шешесі мен әйелі, қызы қатты қапаланып зарлайды. домбыраның “сиқырлы сазы” мен қайғылы үнінен есі кетіп әлсіреген хан:
— ұстаңдар мына күйшіні! — деп, уәзірлеріне әмір етіпті. сонда күйші ханға қарап:
— уа, тақсыр! мен аузымды ашып, ештеме де айтқан жоқ едім ғой, жазығым — өзіңіздің рұқсатыңызбен күй тартқаным ба? барлық сырды ашып, айтып берген мынау домбыра емес пе? — депті. хан осы жерде сөзден жеңіліп, берген жарлығын орындау үшін: “кім болса да бәрібір, қаралы хабар әкелгеннің үні өшіп, жазасын алсын!” деп бұйырып, домбыраның қақпағынан көмеи тесігін жасап, қорғасын ерітіп құйғызыпты. содан бастап домбыраның көмеи тесігі пайда болған екен деседі.
Бұл күй ел арасына “ақсақ құлан”, кей жерлерде “ақсақ құлан, жошы хан” деген әтпен тарап кеткен. күйші-зерттеуші тымат мерғалиевтың жазып алған бұл нұсқасының ноталық үлгісі 1982 жылы “қазақтың музыкалық фөлклөрі” атты ғылыми жинақта да жарық көрді. Күйдің басқа нұсқалары кеиінгі ұрпаққа атақты күйшілер оқап қабиғожин, қали жәнтілеуөв, шәміл әбәлтәйев, нұрғиса тілендиевтер арқылы жетті. қазыргы кезде бұл күй барлық шебер орындаушылардың репертуәрләрінән орын алған шығарма.
Халқымыздың тарихында небір бұлбұл әншілер мен күші саңлақтар өмір сүріп, белгілі бір музыка аспаптарының сүйемелімен туған елінің өткендегісі мен бүгінгі тұрмысын жырлайтын, оның арман-қиялын көрсететін тамаша эпопеялар, көрнекті туындылар жасады. Олар қашанда халықтың мақсат-мүддесінен жырлап онымен бірге жүріп, біте қайнасып өтті. Қазақ халқының музыка мұрасы да сондай озық ойлы, өнерпаз өкілдерінің үлгі-өнегесінің арқасында сақталып келді.
Көзі хат танымайтын, колы жазу-сызуды білмейтін кездің өзінде қазақ халқы әнімен күйін рухани азық етті. Бір орыннан екінші орынға, жайлаудан қыстауға көшіп-қонып жүріп те, олар ердің басына іліп алған домбырасын кез келген уақытта ат үстінде шертіп, ән шырқай беретін-ді. Шілдехана, қыз ұзату, келін түсіру басқада түрлі жиын-тойларда ән айтып, қүй тарту қазақ халқының ежелден келе жатқан ата дәстүрі. Алайда музыка тек ойын-сауық, көңіл көтеру үшін ғана керек десек, өнердің бұл түрінің маңызын әлсіретіп, маңызын кетіріп, мәнін кеміттіп жіберген болар едік.
Ұрпақтан ұрпаққа жетіп, дамып келе жатқан халық әні мен күйі адам баласының айырылмайтын жан серігі. Басқа халықтар тәрізді қазақ халқының да әнсіз, өлеңсіз өмір сүрмейтінін, ән, өлеңнің адам баласын дүниеге келгенінен бастап өлгенге дейінгі ажырамас досы екен:
Туған дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең,-
— деп, данышпан Абай айтып кеткендей, қазақ халқын қанына сіңген әні мен күйісіз ойлау мүмкін емес [2, 119-б.]. Резюме
Народные песни и кюи, передаваемые из поколения в поколение, неразлучими с человеком. Также как и другие народи, казахи не ободется без песни. Она сопровеждает их и самого рождения и на ротяжении всей жизни. Как говорил Великий Абай:-«Без народной песни пропитаной с кровью и молоком, нельзя представить казахский народ.
Summary
Kazakh national music and quy is getting and developing from relashionship is a friend of people. Music and quy i important in kazakhs life and twi cant live without them. Our great poetry Abay said that we cant imagine future of kazakh nation witnout national music and quy.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Бекенов Уәли. Күй керуені. Ғылыми-көпшілік кітап.- Алматы;»Өнер», 2002 ж.
- Балтабаев М., Б. Өтемуратова .- Әсем саз : бастауыш сыныптарға арналған музыка әліппесі. Алматы: Атамекен, 1993 ж.