- Элементар бөлшектер физикасы пәні материяның табиғатын және өзгерістерін субядролық деңгейде немесе элементар бөлшектер деңгейінде үйренетін пәнге айтылады. Сол пәнді өте кіші қашықтықтар мен өте кіші энергиялар сипаттайды. Ал оны физиканың жоғарғы энергиялы физикасы бөлімі үйренеді. Атом құрамының өте күрделі процесте екендігі бекітілген соң оның ядросының құрамыда басқа деңгейде ғылыми жағынан үйәненіле бастаған. Ядроның бөлінбейтін 3 бөлшектен (протон, электрон, нейтрон) тыс басқа да микробөлшектер барлығы анықтала бастады. Фотон қосылды. Олардың әр біреуі өзінше дискрет болуына сәйкес оларды элементар бөлшектер деп атайды.
Элементар- қарапайым.
Ал табылып жатқан бөлшектер мысалы, миюондар, пиондар және нейтринолар қарапайымдылық ролін атқармайды.
Қазіргі күндегі элементар бөлшектер немесе атомдар Менделеев элементіне қарағанда өте көп екендігі анықталды. Сонда протон және нейтрон элементарлық бөлшектерден шығып кетті. Элементар бөлшектер термині ішінде жататын материялар өте көп кіші топтарға немесе микро объектерге бөлінеді.
Нақты элементар бөлшектер деп-барлық фундаменталь бөлшектер және субъбөлшектерге айтылады. Ал физикада барлығын жай ғана элементар бөлшектер деп атайды.
- Барлық жаңа ашылып жатқан бөлшектер серпімсіз шашылу реакциясы нәтижесінде пайда болып жатыр. Олардың бірі нейтрино. Оны жүзеге келтіруде үлкен энергиялы бөлшектер өзара бөлшектер өзара соқтығысып, кейін олардан арнайы детекторлар арқылы нейтриноның шашылуын үйренеді. Бірінші бөлшектердің негізгі көзі 1950ж космостық сәулелер болса кейін жасанды түрде немесе үдеткіштер жәрдемінде басқарылатын жоғарғы энергиялы интенсивті бөлшектер жиынтығы жүзеге асырылды. Олардың тізімі кестелерде беріледі. әр екі жылда бір рет жаңаланып арнайы комиссия көріп шығады. Комиссияның аты –Particle Data Group. Қазіргі күнде 400-ге жуық элементар бөлшектер анықталған және олардың саны ай сайын өсуде. Төменде олардың хронологиялық ретімен келтірілген кестесі болады. Олардың бірнешеуімен бізде танысамыз:
- Электрон – е—. 1897ж Дж. Дж Томсон , М. Фарадей, Е Вихерд ашқан. Сөзсіз электронды 1911ж тәжірибеде Милликен анықтаған.
- Протон белгісі р. Ол сутегі атом ядросы болып, 1919ж элементар бөлшектер жүйесіне Резерфорд енгізген.
- Фотон белгісі — . 1922-23жж М Планк А Энштейн және Комптон тарапынан енгізілген. Ал оны нағыз фотон деп атаған 1926ж Г Льюис. Фотон ерікті электромагниттік өрістер кванты болуымен бірге электромагниттік өзара әсерді тасушылар болып табылады.
- Гравитон G ол да фотон сияқты функцияны атқарады. Бірақ гравитациялық қатынасында эксперименте оны күзету өте қиын болған. Себебі олардың гравитациялық өзара әсерлері өте кіші болған. Гравитонның интенсивтігі 10-38, әсер ету радиусы шексіз, жасау уақыты белгісіз.
- Нейтрон белгісі- n. Теория жүзінде 1920ж Резерфорд айтып келсе, 1932ж Чедвик оны ашқан.
- Антибөлшектер. 1930ж Дирак тарапынан айтылған. 1932ж позитрон заряды е+, е— анти ашылған.
- Пиондар (пи-мезондар) белгісі-. 1935ж Х. Юкаба жағынан табылған. Ал 1947ж С. Пауэлл, Акиолини жағынан зарядталған пиондар ашылған. Ал 1950ж Р. Верхлунд жағынан зарядсыз пиондар ашылған.