Қазақ халқының басынан кешкен қоғамдық формациялары сол халықтың әдебиетінде мәдени тілінде, сөз өнерінде ізін қалдырып отырады. Қазақ халқының біздің заманымыздан бұрынғы бірнеше жылдар бұрын өмір сүрген сақтар мен ғұндардың ұрпақ жалғасуы деген қазақ жері ең алғашқы адамдардың пайда болған жері деген. Қазақ жері ең алғашқы адамдардың пайда болған жері десек көне түркі шешендігі әдебиеті мен мәдениеті қазақ халқына тиесілі. Көршілес отырған туыстас ұйғыр, өзбек, башқұрт, түркімен, әзербайжан, түрік халықтары өз әдебиеті мен мәдениеті тарихын ұлт болып қалыптасқан шақтан емес ертедегі бәрімізге ортақ дәуірден бастайды. Түркі халықтарына ортақ көне түркі әдебиеті мен мәдениетіне сөз өнеріне Орхон ескерткіштері (ҮІІғ), Қорқыт (ҮІІІғ), Оғыз наме (ІХғ) жәдігерлері жатады.
Орхон ескерткіштері мен түркі халықтарының мәдениеті ғана емес бүкіл дүние жүзі мәдениеті қазақ тарихының орын алатын ежелгі мәдениет ескерткіштерінің ең бір бағалылысы. Бұл ескерткіштердің ежелгі қазақ жерінде жасауында белгілі дәрежеде біздің халқымыздың иемденуіне толық қақысы бар екенін көрсетеді. Орхон ескерткіштері Орхон-Селенгі өзендерінің бойынан табылған. Орхон өзені өтінен таулы Алтай мен жоңғар ертедегі түркілердің мекені болған.
Түркі халықтарының әдетте хан басқарған. Ханның ордасында әрқашан ақылшы жыраулар болған. Өз заманының ақылшы жыраулары ханға ақылшы болып қана қойған жоқ ел басына түскен ауыртпашылықты қабырғасы қайыса жырлады. Қуанышты жайларды қанаттана жырлап халықтың көңілін көтерді.
Түркі қағанаты өмір сүрген қағанның қатарында Тоныкөк пен Иолықтегін болған. Тоныкөк білгір кеңесші, ұлы қолбасшы, ақылды сөз иесі еді. Иолығ Білге қағанның баласы тегін Иолығтегін ханның өз мұрагерін атаған. Білге қаған әскерін білімді, айла тәсілге жетік Құтлұғ қағанға тапсырған. Құтлұғ қаған билік құрған мемлекет басына әкесі Құтлұғ (Елтесріс) және оның інісі Қапаған қайтыс болғаннан кейін отырады. Інісі Күлтегін әскер басы болады. 731 жылы Күлтегін қайтыс болады. Батырлығының куәсі ретінде оның басына мәңгілік ескерткіш орнатылады. Көп кешікпей 734 жылы дүниеден Білге қағанда өтеді. Таққа отырған Білге қаған басына зәулім ескерткіш орнатады. Сөйтіп ағасына, әкесіне арнап тасқа қашап олардың ескерткіштерін, ерліктерін жоқтап дәріптеген мадақ жырын жазады.
Көне түркі шешндігін көрсетер ғаламат жырлардың қатарына “Манас” жыры мен Қорқыт ата жырлары жатады. Қорқыт шешендігі арнайы зерттелмесе де, қазақ шешендік өнерінің тарихын бес кезеңге бөлген Б. Адамбаев Қорқытты Майқы би мен Аяз биге қосып қазақ шешендік өнерінің ьірінші кензеңіне (XI – XIII) жатқызады. Қорқыт зерттеушілеро пікіріне оғыз-қыпшақтардың Баят-қият руынан шығып, VIII – IX ғасырларда өмір сүрген.