Сұлтанмахмұт романдары

Сұланмахмұттың талантты көсемсөздері мен прозалық шығармаларынан да танылады. С. Торайғырұлы қоғамның,заманның өзекті мәселелерін көтерген “Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?”, “Өлең һәм айтушылар”, “Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан”, “Жаңа кітап” мақалалары бар.

С. Торайғырұлының “Зарландым” әңгімесі 1912 жылы жазылған. Тақырыбы – XX ғасырдың басындағы көкейкесті мәселе болған – оқу-білімге ұмтылу. Шығарманың тілі, құрылымы әңгімелен гөрі көсемсөзге көбірек келеді.

“Ауырмай есімнен жаңылғаным”, “Жазықсыз тамған қан”, “Сақып пен Жантұрсын” — өз кезеңі үшін де, жалпы, әдебиеттегі прогзалық шығармалар деңгейімен өлшесек те көркем туындылар.

“Ауырмай есімнен жаңылғаным” (1913) әңгімесінің тақырыбы — әйел тағдыры.

“Жазықсыз тамған қан” (1915) әңгімесі махаббат тақырыьына арналған. 1913-1914 жылдары жазған “Қамар сұлу” романының тақырыбы да шын сүйіскен жандар махаббаты дегенімізбен де Сұлтанмахмұт қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті негізге алады. Қалың малға, байлыққа адам сатып алу, еркінен тыс өзіне меншіктеу, зорлық-зомьылықты әдет еткен қараңылықты сынайды. Бұрынғы салтқа көнгісі келмеген, азаттық іздеп, ьақытын тапқысы келген ғашықтардың әдет салт құрбанына айналғанын жазады.

“Қамар сұлу” – XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамын неғұрлым кең суреттеген шығармалардың бірі. Жазьа әдебиеттің алғашқы туындыларының бірі ретінде де мәні зор.

“Кім жазықты?” романы (1915) қоғам өзгерісі кезіндегі әлеуметтік қайшылықтарды көрсетуді мақсат еткен. XX ғасырдың басы саяси оқиғаларға толы екені белгілі. Сұлтанмахмұт саяси оқиғалардың рухани өмірге әсерін бейнелеген. Романда үш ұрпақ өкілдерінің өмірі, өзгерісі алынады. Тасьолат Әжібай, Қабыштардың ортасын, тіршілік-тынысын суреттеу арқылы ьайлыққа, атаққа құмартқан пенделердің ұнамсыз бейнесін жасайды. Тәрбиесіздік пен қараңғылықты сынға алады. Зорлық-зомбылық пен жамандықтың түбі неде деген сұрақ қойып, Сұлтанмахмұт “Кім жазықтыға”жауап іздейді.

“Кім жазықты?” — өлеңмен жазылған алғашқы роман. Өмір құбылыстары, кейіпкерлердің көркем ьейнесін, ішкі сырларын ашуда өлеңмен түсіндіреді. Оқиғалардың бір желіге тұтасуы роман жанрының ерекшелігін көрсетеді.