Сұлтанмахмұт Торайғырұлы (1893-1920)

Сұлтанмахмұт Торайғырұлы 1893 жылдың 28 қазанында қазіргі Көкшетау облысының Қызылту ауданында дүниеге келген. Анасы өліп бір жасында жетім қалады. Сонан кейін оны қарт анасы тәрбиелейді. Сұлтанмахмұттың туған әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) момын, қулық – сұмдықты білмейтін, ақ көңіл, қолындағысын адамнан аямайтын жомарт, айтөқанынан қайтпайтын қайратты, қазақша хат білетін кедей адам болады.

Сұлтанмахмұт алты жасар кезінде әкесінен оқып хат таниды. Осыдан соң Шоқпыт кейде өзі, кейде ауыл арасындпағы молдаларға оқытып, баласын оқудан үзбейді.

1911 жылы Шоқпыттың көрші ауылы Нұрғали деген молданы ұстайды. Сұлтанмахмұт осы Нұрғалидан сабақ алады.

Сұлтанмахмұттың ақындығын, талантын, білімге құштарлығын таныған Нұрғали болашақ ақынға үлкен қалалардан білім алуға кеңес береді. 1912 жылы Сұлтанмахмұт оқу іздеп, Омбыға жетеді. Одан әрі қиыншылықпен Троицк қаласына келеді.

Троицк қаласында сол кезде қазақ, башқұрт, татар сияқты түркі халықтары оқығандарының бір тобы жиылған, түрлі мәдени, әдеби қоғамдар жұмыс істейтін. Ақынның осындай қоғам ісіне түрлі кештерге қатысуы, ең бастысы сол кездегі әдеби – қоғамдық “Айқап” журналымен байланысты Сұлтанмахмұттың шығармашылықпен айналысуына, талантының ашылып, шабытының шарықтануына игі ықпал еткені сөзсіз. Сұлтанмахмұт бұл журналда 1913-1914 жылдары ғана істейді.

Сұлтанмахмұттың бізге мәлім, кең тараған поэмалары – “Адасқан өмір”, “Кедей”, Ал Сұлтанмахмұттың “Айтыс” деп аталатын поэмасы аяқталмай қалған. “Қайғы” поэмасының небәрі 28 жолы ғана жеткен.

“Адасқан өмір” поэмасы 1918 жылдың орта шенінде жазылған. Лирикалық “мен” көркем бейненің өмірін бес кезеңге: “Мен — бала”, “Мен — жігіт”, “Мен — тоқтадым”, “Мен – кәрі”, “Мен — өлік” деген бөліктерге бөледі.

Сұльанмахмұттың “Кедей”, “Адасқан өмір” поэмалары – философиялық мәселелерді, заманның түйінді проблемеларын қозғайтын революциялық идеяны суреттейтін терең пікірлі, жаңа мазмұнды лирикалық-филочодиялық шығармалар.