Ұлы Қазан социалистік төңкерісіне дейінгі дәуірде азды-көпті өлең жазып, кітап бастырып, халық арасында атағы шыққан ақын-жазушылардан Ақмолда, Әбубәкір, Нұржан, МәшһүрЖүсіп, Шәһді, Мақыш сияқтылар мұсылманша, ескіше оқыған, діни тәлім-тәрбие алғандар еді. Бұлардың кейбірі Бұхара, Ташкент, кейбірі Уфа, Қазанда, кейбірі Орынбор, Троицкіде мектеп, медресе бітірген, Кейбірі Мекеге барып қайтқан молда, қажылар болатын да, ал көьі ел арасында молда, қажы болып жүрген діни көзқарастаға адамдар еді.
Олардың әдеби мектебі, оқып үлгі нәр алған әдебиеті, ертедегі арап, парсы, қазақ, татар, азербайжан, Орта Азия халықтарының ескі әдебиеті, шығыстық әдеби дәстүр болатын.
Бұлардың бірсыпырасы күнделікті өмірден алып, өз тұстарында болып жатқан қоғамдық оқиғаларға байланысты өлең, жыр жазды; оларын қазақтың бұрынғы ауыз әдебиеті, жеке ақындар дәстүрінде жазды. Ол шығармаларында қайсібір кездерде дүниеқоңыз байларды, надан молдаларды, парақор би-болыстарды, ел арасындағы жолсыздықты сынады; оларды Шариғат, низамы жөнімен түзетуді ойлады. Сөйте тұрса да бұлардың бұлардың бірқатары кейде қазақ халқының бұрынғы ру-ақсақалдық, хандық заманын дәріптеп жазды; өз тұстарындағы буржуазияшыл-ұльшылдыққа, реакцяшыл панисламизм, пантюркизмге іш тартты, қат-қабат қайшылықтар мен қателіктерге ұрынды.