Өлең сөз адамға өзінің ішкі мазмұнымен, суреттілігімен, бейнелілік мәнімен ғана емес, айтылу қалпы, әсем үнділігімен де әсер етеді.Сөздің ұғым түсінік беретін мәнін, бейнелі мағынысын оның өлеңдегі ырғақ үнділігі , әуезділігі сан түлі рең беріп толықтыра түседі. Тіпті өлоеңді сөйлеп айтпай, іштей оқығанда да, оның үні, әуезділігі, ырғақ-интонациясы, үйлесі адам жанына қалай да әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан олар өлең сөздің Абай айтқандай “тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп”, “айналасы теп-тегіс, жұмыр” келуін өз қадарынша құнттайды.
Әрине, өлең сөздің әуезділігін арттыруға ұмтылу – құр әсемдік қуу емес. Ол үшін өлең сөздің ырғағын мөлшерден тыс өрнектеп, дыбыс үндестігін бірыңғай қуып кетуге де болмайды.
Өлең сөздің көркем құралы сөзден құрылыс жағына не айырмасы – онда мөлшерлі ырғақ болады. Және ол қара сөзден де бола беретін, сөйлем не сөйлемшелердің біткен жеріндегі тыныс алу немесе дауыс толқынының құбылып, өзгеріп, тиянақталып отыруынан туатын ырғақ қана емес. Өолең сөзге тән өлшемділіктен туатын, өлеңнің өзінеде ғана болатын ырғақ. Яғни, өлең ырғағы – поэзияның өз еншісіне тиген сипат, өлең сөзде белгілі, қалыптасқан өлшем, өрнекті сақтаудан туатын, әрбір өлең тармағының көлемінде мөлшерлі шек болатындықтан туатын ырғақ. Мұны аңғару үшін әр сөздің буынын ежіктеп санап жапту қажет емес, ырғағын, әуезділігін айқын сезіну жеткілікті.
Өлең сөздің табиғаты, оның қара сөзден бөлек, мөлшерлі ырғақ, өрнегі болатыны, осындай өлшеуліліктің сыры, қажеттілігі жайлы талай ғалым-зерттеушілер, әдебиетші-ойшылдар пікір қозғаған.
“Сөз адамның ойын, шцындықты білдіріп, рухын танытатындықтан, ол өте маңызды нәрсе, ал енді оған әкеліп өлшем,ырғақ, ұйқасты кіргізуге тырысу, сөйтіп сөздің айқындығы мен қарапайымдылығына нұқсан келтіру сөздің қадірін кетрушілік және мұның
өзі соқамен жер жыртып келе жатып, би билеп, түзу жүрмеу секілді жөнсіз қылық”, дейді Л. Толстой.
Өлең жүйесі тіл құрылысына негізделе отырып, мүлде жаңа сапа, қасиетке ие болады. Өлең сөздің өзіне ғана тән белгілі заңдары қалыптасқан. Мысалы, сөздерді буын санына қарай қолдану, мөлшерлі буын сақтазу өлеңінде ғана бар. Ал қара сөзде мұндай заңдылық жоқ.
Өлең сөздегі кейбір қарапайым ырқғақ-өрнектер жай сөйлеу тілінде де кездесетіні болады. Бірақ күрделі өлең өрнектерінің әр түрлі қырлары, әр сатылы сипаттары бар. ТОлардың тілмен қарым – қатынасы да біркелкі емес. Ұйқастың құрылысы тілдің дыбыстық құрылысымен, ал ұйастың кезектесу реті тілдің синтаксистік құрылысымен көірек байланысты. Айталық, орыс поэзиясы мен қаз-ақ поэзиясындағы ұйқастың дыбыстық құрылысы мүлде бөлек болыпкеледі. Ал бірақ ұйқастың кезектесу реті кейде бір-бірімен жақын бола береді. Мысалы, шалыс ұйқас — абаб орыс поэзиясында да, қазақ поэзиясында да көп қолданылады.
Шығармада қолданылатын өлшемді, оның құрылыс-кестесіне сәйкес туатын өлең ырғағын өлең сөздегі сан құбылып тұратын дауыс толқынының негізгі арпқауы ғана деп қарау керек. Белгілі өлдшеммен жазылған өлеңнің өзіндк ырғағы, әуенділік сипаты болғанымен, олар дауыстың, үннің мазмұн-мағына, сезім-әсер байлығына сай түрленіп, еркін өзгеріп отырады.
Қай елдің поэзиясында болсын өлеңдегі ырғақты туғызатын — өлең сөздің қайталанып келіп отыратын мөлшерлі бөлшектері десек, қазақ поэзиясында ырғақ туғызатын — өлең сөздің буын саны тұрақты бөлшектері.
Осындай бөлшектердің негізгісі, бастысы – тармақ, яғни өлең жолы.
Өлең яки “поэзия — өмірдің әрі мен нәрі, қайнап қорыған жамбысы. Поэзия бақшада құлпырған роза гүлін сипаттамайды, оның дөрекі заттық жақтарын лақтырып тастап, хош иісін, әсем құбылғыш бояуын алады да, осылардан жаратылыстағыдан да әсем өз розасын жасайды. Поэзия – сәбидің күнәсіз ажары, жарқын жанары, күміс күлкісі, жандық қуанышы.
Өлең – еркін сөйленетін жай сөздер тіркесі емес, ырғағы мен ұйқасы белгілі қалыпқа түскен, шумағы мен бунағына дейін белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі, Абайша айтсақ, сөз патшасы, сөз сарасы. Өлеңдегі әр сөз адамның жан дүниесі мен, көңіл – күйімен сезім толқындарымен өзекті байланыста ; ұйқас пен ырғақта, шумақ пен бунақта – бәрі де осыдан туған. Өлеңдегі әр бір тыныс, үн, үзіліс адам жанын тебірентпей қоймайды. Өлеңнің әр ырғағы мен бунағы да көл – көсір сыр ұялап, сезім шалқып жатады.
Ырғақ, яки ритм (грекше rhytmos – шамалас, мөлшерлес, сайма — сай) – қимылдың, құбылыстың, үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануы. Ырғақ – жасанды емес, табиғаи нәрсе, өнерге ғана емес, өмірдің өзіне де тән нәрсе : мезгілі мен келіп, мерзімімен кетіп тұратын жаз бен қыс, көктем мен күз, күннің шығу мен батуы, толқынның жағаға соғуымен қайтуы, — Тютчевше айтсақ, мәңгілік тасу, тартылу – түп – түгел ырғақты құбылыстар. Адамның аяқ алысы, жүрек соғысы…. – бәрі ырқақ. Міне, осылар секілді, өлең де, бәрінен бұрын, ырғаққа негізделеді.
Өлеңнің түрін белгілейтін де, негізнен, ырғақ. Сырт көзге поэзиялық шығарманың сырт пішінінің өзі прозалық шығармадан өзгеше, бөлек: кесте – кесте, тақта – тақта….. әр кесте, яки әр тақта – шумақ, әр шумақтың әр жолы – тармақ, әр тармақтағы дауыс толқынының соқпа – соқпасы – бунақ….Әрине, мұның бәрі шартты нәрсе. Мысалы, кестесіз де, тақтасыз тұтаса беретін ұзақ – ұзақ өлеңдер бар. Бірақ бәрібір, шумақтардың жік – жігін ажыратуға әбден болады. Өйткені әр шумақ – аяқталған синтаксистік ой, жинақталған синтетикалық шындық. Ал шумақ бар жерде тармақ, тармақ бар жерде бунақ болатыны сөзсіз. Әр бунақты біз тағы да тек ырғақ арқылы ғана ажырата аламыз.
/Қабақ түйіп// қара бұлт/ /тұрды сәл – ақ/
/Өте шықты/ /селімен // қырды сабап/
/Көкжүзіне / / керіліп / /келе қалды /
/Мәңгні бақи / /тозбайтын/ / сырлы садақ/
(І. Мәмбетов)
Бүкіл әлем әддебиетіндегі өлеңдер де халықтың тіл ерекшеліктеріне лайық әр түрлі жүйеде жазылады. Ең көне түрі – метрикалық (грекше metron — өлшем) өлең жүйесі. Бұл жүйе тұңғыш рет көне Грецияда – б. э. б. VIII ғасырда пайда болғанда, кейін (б. э. б. III ғасырда) латын әдебиетіне ауысқан.
Метрикалық жүйе — әуезді жүйе, оның арқауында да ән жатады. Көне дүние әдебиетіндегі өлеңдер әрқашан әнмен айтылған, жай оқылмаған, музыкалы мақаммен оқылған.
Метрикалық өлең жүйесіндегі негізгі өлшем — ән; ал ендідігі өлшем не болмақ ? Ендігі өлшем — әр тармақтың аяғына айырықша ырғақ әкелетін үндестік, дыбыс қайталау : ұйқас осылай туады. Жә, аяқтары ұйқасқан өлең тармақтарының өн бойындағы ішкі өлшем не болмақ ? Ішкі өлшем – буын; өлең жолдарының буынын санау осылай туды.
Әр елдер әдебеиітндегі силлабикалық (грекше sillabe — буын) өлең жүйесінің туу тарихы осындай.
Силлабикалық өлең өлшеміндегі ең шешуші нәрсе – буын : ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ, бәрі де буынға негізделеді.
Квалитативті (сапалы) топтың силлабикадан басқа басты жүйелерінің бірі – орыс поэзиясындағы Тредиаковский реформасынан “XVIII ғ.” Кейін ресми ат алып айдар таққан тоникалық (грекше tonos — еркін), яки акцентті (латынша — accentus — екпін) өлең. Бұл өлеңнің өлшемі – екпін : ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ – бәрі де екпінге негізделеді. Егер силлабикалық өлеңдер буын атаулының бәрі есепке алынатын болса тоникалық өлең де екпін түсетін буындар есепке алынады да, екпін түспейтін буындар есептелмейді.
Силлабикалық өлең атаулының бәріндегі, оның ішінде қазақ өлеңіндегі, поэзиялық қасиеттің көптен – көбі буында жатыр. Өлеңді өлең ететін ырғақ болса, қазақ өлеңіндегі күллі ырғақ буынмен үндес. Керек десеңіз, тіпті ұйқассыз (ақ) өлеңнің өзінін өлеңге айналдыратын бірден –бір күш, құрал осы — буын.