Көркем әдебиет не өлең, не көркем қара сөбен жазылады. Өлеңмен жазылған көркем шығармаларды поэзия, көркем қара сөзбен жазылған шығармаларды проза деп атайды. Драмалық шығармалар өлеңмен №де, қара сөзбен де жазылады.
Өлеңмен көркем қара сөздің өзара жақындығымен қатар, айырмасы да өлкен. Мұның еккеуі де образ арқылы жасалады. Мысал үшін, Мұхтардың әңгімесіндегі кешті суреттеген жерінен бір үзінді келтіріп, дәл сол сықылды кешті суреттеген Асқардың өлеңімен исалыстыралық.
«Жаздың жайлы кеші. Бойды сершгіткен қоңыр салқын леп тынық ауада біліне бастаған. Зәрі қайтқан күн әлсізденіп, таудан асып ұясына кіріп барады. Жұқалаң ұзынша көк бұлыт, қызыл сеңдей болып батар күнге ентелеп, қамап тұр.
Қара көк аспан күнбатысқа тақалған жерінде қызыл торғындай жайнайды. Күннің ақырғы сәулесі түсіп тұрған тау бастары, көлеіке басқан қоңыр жердің алтын шатырындай нұрланып, қызғылттанады.»
Осы кешті скуреттеген Асқардың өлеңінен үзіді келтірелік.
Жайқалған жаздың салқын қоңыр кеші,
Құлпырып масатыдай таудың түсі,
Жұрт үстін қоңыр желмен желпіндіріп,
Көсілген көлегейлеп көлеңкесі.
Көлеңке көңілді жер, көгал төсек,
Табиғат тамылжытып қойған төсеп,
Отырып осы жерде өңкей жастар,
Комсомол хатшысынан тыңдайды есеп,
Талас жоқ екі үзіндіде де жазғы кештің әдемі суреті. Бар, біңрақ сол сурет оқырманның көз алдына екі үзіндіде екі түрлі, екі тәсілмен екі сирпатта елестеп тұр. Салыстырып қарасақ, соңғы үзіндіде, яки өлеңде белгілі бір тәртіп, жүйе, тізбек, нақыс барын байқаймыз. Сырт түрінің өзінде айрықша сипат – кестелі шумақ бар,; оқи жөнелсек, тілді үйіңріп, сана-сезімді баурап, желірте жетелеп әкететін ырғақ бар; тіл ғана емес, үнге сән, сұлу мақам беретін ұқсас бар.
Сөйтіп, өлең – еркін сөйленетін жай сөздер тіркесі емес, ырғағы мен ұйқасы белгілі құалыпқа түскен, шумағы мен бунағына дейін белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі, Абайша айтсақ, сөзпатшас ы, сөз сарасы. Өлеңдегі әр сөз адамның жан жүйесімен, көңіл күйімен, сезім толқындарымен өзекті байланыста; ұйқас пен ырғақ та, шумақ пен бунақ та — бәрі де осыдан туған.
Қара сөздерде буын, бунақтарының белгілі тәртіпке бағынып отыруы шаорт емес. Бір сөйлемдегі буын, бунақтар бір түрлі болса, екінші сөйлемде мүлде басқаша болуы мүмкін. Ол қара сөздің көркемдік қасиетіне ешбір нұқсан келтірмейді.
Ырғақ, жалпы алғанда, белгілі бір мезгілде бірдей қайталанатын қимыл. Ол қимылдың бір мезгілдің ішінде бірдей қайталайтындығын көзімізбен көруге, құлағымызбен есітуге, д\енемізбен сеінуге болады. Жүрек ырғақпен соғады.
Ырғақ деген не? Ырғақ, яки ритм (грекше rhytmos – шамалас, мөлшерлес сайма-сай) – қимылдың, құбылыстың, үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануы. Ырғақ – жасанды емес, табиғи нәрсе, өнергше ғана емес, өмірдің өэзіне де тән нәрсе: мезгілмен келіп, мерзіммен кетіп тұратын жаз бен қыс, көктем мен күз, күннің шығуы мен батуы, толқынның жағаға соғуы мен қайтуы, — Тютчевше айтсақ, мәңгілік тасу, тартылу – түп-түгел ырғақты құбылыстар. Адамның аяқ алысы, жүрек соғысы… — бәрі ырғақ. Міне осылар секілді өлең де ырғаққа негізделеді.
Өлең жолдарындағы белгілі бір бөлшектің бірыңғай дәлме-дәл қайталаушылығын өлеғңнің ырғағы дейді. Мысал ұшін он бір буыннан құралатын өлеңнің бір-екі жолын алалық:
/Жұр үстін/ / қоңыр желмен / /желміндіріп,/
/Көсілген/ /көлегейлеп/ /көлеңкесі./т.б.
Біз бұл жүзіндіден әр жолдда дауыс үш рет кідіріс жасайтынын және бір үш ибуынды, екі төрт буынды бөлшектерщден құралғандығын, сонымен қатар бірінші жолдағы дауыс кідіріс, бөлшектер екінші жолда дәлме-дәл қайталайтынын көреміз. Осылар тәрізді өлең жолдарындағы белгілі бір бөлшектердің бірыңғай қайталануын өлеңнің ырғағы деп ұғынуымыз керек.
Көркем әдебиет не өлеңмен не көрокем қара сөзбен жазылады дедік. Бір елдің әдебиетінің ер жеткендігінің, проесионалдық әдебиет дәрежесіне көтерілгендігінің негізгі бір белгісі деп поэзиясымен қатар, үлкен прозасы, бой жеткен драмасының барлығы саналады. Ол дұрыс. Бірақ көп елдердің тарихын алсақ, прозаның да, драманың да жұмысын көп ғасырлар бойы өлең – поэзия – атқарып келген. Көркем әдебиет дегенде тек поэзияны ғана атауға болатын дәурді де көркем әдебиет бастан кешірді. Өйткені проза, драмалар одан анағұрлым кеш туды.
Әр елдің өлең құрылысы, тіршіліктеріне, әр түрлі шаруашылық сатысына, тіл ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болады. Дауысты дыбыстары ұзын, қысқалы болатын тілдер бар. Бұл тілддерде дауысты дыбыстың ұзыны, жай дауысты дыбыстың екеуіне тура келеді. Мұндай тілдегі өлең құрылыстары, созымды дыбысы бар сөздер мен созлымсыз дыбысы бар сөздерді реттеп құрастыру арқасында жасалады. Мысалы, арап, парсы, латын тілдері сияқты тілдер. Мұндай өлең құрылысын м е т р и к а л ы қ өлең құрылысы дейді.
Екінші бір тілдерде буын екпін заңымен құралады. Мысалы: орыстың өлең құрылысы. Орыс тіңлінде екпінді буын(екпін тұрған буын) бір сөздің басында келсе, екінші сөздің ортьасында, үшінші сөздің аяғында, тіпті бір сөздің өзінде де бір №жерде тұрмай, әр буынға кэөшіп жүреді. Мұндай бтілдерде екпінді буын, екпінсіз буындарды реттеп орналастыру арқасында құралады. Мұны т о н и к а л ы қ өлең құрылысы дейді. Орыс өлең құрылысын тонникалық немесе силлабо-тонниаклық өлең құрылысы деп атайды.
Үшінші бір тілдерде екпінді буындар сөздің бәрінде де, не көбінесе не біроыңғай баста, не бірыңғай аяқта келеді. Мұны с и л л б и к а л ы қ өлең құрылысы дейді.
Мысалы: франсуз, чех тілдерінде де екпін аяққы буында келеді. Бұлардың өлщеңдері екпінмен емес, буынмен иөлшенеді. Бұлардың өлеңғ құрылысын силлабикалық өлең құрылысы деп атайды. Қазақ тілінде екпін буыны сөздің аяғында не аяғына жалғас буында келеді. Екпін буын аяғында келетіндігіне қарағанда, қазақтың өлең құрылысы франсуз өлең құрылысына ұқсас.
Силлабикалық өлең атаулының бәріндегі, оның ішіндегі қазақ өлеңіндегі, поэзиялық қасиеттің көптен-көбі буында жатыр. Өлеңді өлең ететін ырғақ болса, қазақ өлеңіндегі күллі ырғақ буынмен үндес. Керек десеңіз, тіпті ұйқасыз-ақ өлеңнің өзін өлеңге айналдыратын бірден-бір күш, құрал осы – буын.
Күмәнданудың керегі жоқ; қазақ өлеңі – қашананан силлабикалық өлең, қазірде де солай.