Жазушының өмірдегі ұсақ-түйек, кездейсоқ жайлардан аулақ биік талғамы арқылы жинақтау және даралау әрекетінен әдеби бейне туады. Әдеби бейненің өмірдегі модельдерін өзгерте, құбылта, құлпырта келгенде суреткердің шығармасындағы әр кейі пкердің болмыс-бітіміндебір адамның емес, бір алуан адамның сыр-сипаты жатады.
Типтендіру проблемасы секілді типтің өзі де тым кесек һәм күрделі нәрсе. Неге десеңіз, мінез, бітім, әрекет, ұғым, рух, парасат жағынан байыптап қарасақ, нағыз суреткердің қолынан туған әрбір әдеби тип — әрі әбден жинақталғағн, сондықтан өзі секілділердің бәріне ұқсайтын жалпы тұлға, әрі әбден дараланған, сондықтан өзінен өзге ешкімге ұқсамайтын жалқы тұлға. Демек, типтің түрі мен мазмұнында “жалпы” мен “жалқының”бірлігі жатыр. Оның көркем образ ретіндегі кесектігі де, күрделілігі де осында.
М. Әуезовтің “Абай жолында” ондаған, жүздеген кейіпкер бар; көбі – тип. Мысалға бір ғана Құнанбайды алып қарасақ, ол аса — күрделі мәселе. әбден дарраланған, бүкіл ішкі -тысқы бітімі өзінен өзге ешкімге ұқсамайды. Мінезі де, ақыл-парасаты да ерекше, іс-әрекеті де бірегей, бөлек. Бұл ретте Құнанбайда – жалқы тұлға. Сонымен қатар, ол әбден жинақталған, бір Құнанбайда сол дәуірде өмір кешкен кіллі құнанбайлардың бәріне ортақ мінез, бітім әрекет бар. Бұл ретте Құнанбай – жалпы тұлға, бүтін бір әлеууметтік ортаның әр қилы өзгешеліктерінің жиынтығы.
Типтік образ жасаудың осы шарттары, түптеп келгенде, көркем әдебиеттет ақиқат шындықтың ең негізгі заңдылықтарын көрсету үшін керек. Мәселен, әдебиеттегі бір байдың образы өмірдегі бірнеше байдың, бір кедейдің образы бірнеше кедейдің ең елеулі ерекшелікетерінен құралады да , тип болады. Сол арқылы ақиқат шындықтағы байлар ортасы мен кедейлер ортасындағы тіршілік – тағдыр заңдылықтары танытылмақ. Итбай мен Игілік, Амантай иен Дәркембай солай жасалған.
Демек, тип шындықта жиі қайталанатындардың жиынтығы ғана емес, бүгін сирек, аз болғанымен, ертең молығатындар мен толығатындардың да бедерлі бейнелері деп білген жөн.
Шындықты көркем жинақтау жайлы әр тарап пікірлер бар. Жинақтау дегеннің өзі — әдеби тип жасау әрекеті.
Демек, типтендіру – мөлшерлі “сфераға” енетін өлшеулі “формулаға” көнетін әрекет емес, ақиқат өмірдегі тірі кісілерден әдщеби шығармадағы жанды бейнелер туғызудың аса қиын, күрделі және әрқашан тың тынымсыз харекеті. Суреткер өзі жасаған көркем бейненің құны мен қасиетін қасаң қағидаға қарап белгілемейді, оның өмрдегі жанды дерегіне арап бағалайды.
Ол – ол ма, әдеби типтің негізінде бүгінгі бар мен ертеңгі болатын мінездер ғана емес, ертеңгі жоқ, бүгіннің өзінде тарих сахнасынан ығысып шығып, не аласталып бара жатқан мінездер алынуы мүмкін.
“Образ” – деген сөз әдебиетте негізінде екі түрлі қолданылады. Бірінші көркем сөз мағанасында, екінші – адам образы — тип мағанасында.
Көркем сөз ұғымында – образға теңеу де, эпитет те, троп, фигуралардың түрлері де жатады. Кейде сөз образы немесе бейнелеу деп. те айтамыз.
Екінші “адам образы”- тип мағанасында қолданамыз. Бұрын образ деп. ұнамды қаһармандарды ғана атап, ұнамсыз қаһармандарды тип дейтін. Ал соңғы кездерде көбіне образ бен типтің арасына ондай шек қойылмайды.
Көркем шығармаларда адамның өмірі, олардың өзара қарым-қатынастары, наным-сенімдері, ой-сезімдері, мінез-құлықтары суреттеледі. Бірақ жазушы шығармасында өзіне белгілі бір адамның ғана сипатын көрсетіп қана қоймайды, сол адамның өмір сүрген кезіне, өскен орнтасы дәл келетін көп адамдарға тән іс әрекет, мінез-құлық, наным-сенімдердің ең коректі, екшенділерін теріп алып, бір адамға тән сипат етіп, көрсетеді және солай болуы мүмкін екендігіне оқушыларын сендіреді. Міне, адам образы – тип деп. осыны айтамыз.
Әдебиетте адам бейнесін жасаудың амалы алуан түрлі. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік материялды жинақтаудан әдеби тұлған ы даралауға дейін барады.
Шындықты көркем жинақтау жайлы әр тарап пікірлер бар. Жинақтау дегеннің өзі — әдеби тип жасау әрекеті.
Көркем бейне, яки әдеби қаһарман дейік, я болмаса шығарма геройы не кейіпкері немесе персонажы дейік, бәрібір осылардың бәрі – бір-ақ ұғым – образ. Бейнелеу – образдылық болса, бейне образ. Әдебиеттегі адам, сөздегі сурет, шығармада өмір шынндығын жинақтау, адам мінезін даралау, сайып келгенде, осылардың бәрінің сарқып құяр сағасы біреу, ол – образ. Ал “образ –эстетикалық мәні бар, ойдан шығару арқылы әрі нақты, әрі жинақты жасалғанадам өмірінің әсем суреті”. Образ жасау – тек таланттыға тән әрекет. Ал “талантты жазушының әр образы — тип” дейді Белинский.
Көркем әдебиеттегі жинақтау – типке әкелсе, даралау – мінезге әкеледі. Образ осылай туады. Мұның өзі, шын мәніндегі өнер адамы үшін әрі әдемі, қызық әрекет те, әрі “инемен құдық қазғандай” қиын әрекет. Суреткерлік, шеберлік те осы әрекет үстінде көрінбек.
Жазушыға тип жасау әрекетінің үстінде керегі – типтілік туралы “қисын”емес, тірі мүсін – прототип.
Әр жазушының творчестволық лабараториясын зерттеген адам оның өмір шындығын көркем жинақтау, яки әдеби бейнелерді типтендіру әрекеті, көбіне, әр типке прототип табудан басталғанын байқар еді. М. Әуезов эпопеясының әр типінің өмірде моделі – прототипі болған. С. Мұқановтың Амантайының түп төркіні Аманкелдіде жатса, Балуан шолағы – Балуан Шолақтан, Шоқаны – Шоқаннан, Сәкені – Сәкеннен туды. Ғ . Мүсіреповтың Ақаны мен Қайрошы да солай. Ал Х. Есенжановтың трилогиясындағы типтер ше? Бәрінің негізінде прототип жатыр. Задында, прототип реалистік шығармалардағы көркем бейнелерді нанымды етудің, шындықты шынайылаудың құралы секілді.
Дәл осы себептен болуға тиіс, қылқалам шеберлері мен сөз зергерлерінің бірқатары өздері өнерде жасамақ болған типтерге өмірден әдейі прототипін іздеген. Мәселен, Леонардо до Винчи Иуданың прототипін іздеп, Флоренцияның түкпір-түкпірін түгел тінтіп шыққан. Федотовтың “Майор құдалығына”, Репиннің “Бурлактарына” прототиптер іздеуі де осыған ұқсас. Ибсен суретшіге қандай керек болса, драматурга да сондай керек екенін айтқан. Лесков көркем шығарма жазбас бұрын өзінің әрқашан “жан дүниесімен көз тартып, көңіл ұйытар тірі кісілер” іздеп жұретінін мойындаған.
Мұндай әрекет реализмге дейін шынында да сирек ұшырасады: классицизм мен романтизм өкілдері прототипті көп пайдалана қоймаған. Типтің түп нұсқасын протиптен табу – шыншыл суреткерге тән мінез.