1.А. Сүлейменов ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосқан жазушы. Оның шығармаларындағы терең психологизм, кейін керлеу әлемінің сан түрлі, иірімге тола қатпарлары жазушыға үлкен абырой әперді.
Қазақ әдебиетінде өзіндік қол таңбасы бар А. Сүлейменовтың прозасы хақында белгілі жазушы Ғ. Мүсірепов жылы пікір білдірді. Ол жазушы шығармаларының әрбірі кейіпкердің жан дүниесін терең зерттеуге арналғанын ашып айтқан-ды.
- Бұған деген, А. Сүлейменовтың «Адасқан» атты көркем шығармасы. Кітап әңгімелерден, повестен тұрады. «Адасқан» атты Біржан салдың кейбір кездерінен алынып, көркем шығармаға негіз болған бес диалог- әңгімелер циклында серінің өмірі, бөлім шығармаға өзек болған. Әңгімелер – бас кейіпкердің мінез-құлқы мен характерін көрсетуде бірқатар әдеби процестерді арқау еткен. Әңгімелер циклында адам өмірі және тағдыр, тұрмыс және сана, ұлттық ерекшелік және мінез секілді мәселелер қаламгерлік талант қуатымен өз шешімін тапқан.
Әдебиеттегі поэзия, көркемдік әлементтер ақын бейнесін толықтыра түседі. Кітаптағы сондай-ақ «Қара шал», «Ақ кемпір» атты әңгімелерде де ауыл өмірі сипатталса деп қаламгердің шығармашылық тәсіл ретінде реализм суарылған жазу әдісін айқын көре аламыз.
Өмір шындығынан ауытқымау,ақынның мінез-құлқын түсінуге ұмтымз-қаламгердің балта нысанасы.
- Жазушының «Ситуация» повесі қаламгер өміріне арналған. Роман жазған автордың хал-ахуалы, жан дүниесі, ішкі психологиялық сезімі, әрине, жазушыға жете түсінікті. Сондықтан да болар, повесть күрделі, сан қырлы болғанымен романистің ішкі әлемін ашуда үлкен шеберлік танытқан.
А. Сүлейменов тілге, сөз тіркестері мен кейіпкерлердің тіліне өте ұқыпты, үлкен жауапкершілікпен қараған стилист жазушы әдебиетті туған тілдің қамқоршысы, қозғаушысы деп білген. Сондықтан да, оның көркем шығармалары күрделі ойдың, мінез құлықтың үлгісіндей танылады.
Әдебиетті ардың ісі деп ұғынған жазушы қазақ әдебиетін нығайтуға, дамытуға ерен еңбек қалты деп білеміз. Туған әдебиетке, оның әдеби үдерісінежаңа леп әкелген А.Сүлейменовтың прозасы түрінде зерттеуге зәру. Әдебиетте зиялы қауым мен ауыл адамдарын суреттеген жазушы шығармалары жай қатардағы шығармалар емес, нағыз көркем әдебиет үлесіндегі дара туындылар деп білеміз.